Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки для рассасывания
Саудалық атауы
Граммидин® нео
Әсер етуші зат
Прочие препараты
Мақсаты
Ауыз қуысы мен тамақтың инфекциялық-қабыну ауруларында: баспа, жедел фарингит, тонзиллит, пародонтоз, гингивит, стоматит
Өндіруші
Валента Фарм
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар – грамицидин С дигидрохлориді – 3,20 мг (грамицидин С шаққанда – 3,00 мг), цетилпиридиний хлориді моногидраты – 1,05 мг (цетилпиридиний хлориді шаққанда – 1,00 мг);
қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, калий ацесульфамы, жалбыз хош иістендіргіші, сорбитол, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, бір жағында бедерленген «GR» жазуы бар ақ түсті таблеткалар.
Ауыз қуысы мен тамақтың инфекциялық-қабыну ауруларында:
• баспа, жедел фарингит, тонзиллит
• пародонтоз
• гингивит
• стоматит
ATX коды R02AА20
Әсер ету механизмі
Тамақ және ауыз қуысының инфекциялық-қабыну ауруларын емдеуге арналған біріктірілген препарат. Препараттың құрамына микробқа қарсы грамицидин С және антисептикалық дәрі – цетилпиридиний хлориді кіреді.
Грамицидин С әсер ету механизмі микробтар жасушасының цитоплазмалық жарғақшасы өткізгіштігін жоғарылатуымен байланысты, бұл оның тұрақтылығын бұзып, жасушаның қырылуына әкеледі.
Грамицидин С ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық ауруларының қоздырғыштарына қатысты микробтарға қарсы айқын әсер етеді. Цетилпиридиний хлориді антисептикалық дәрілерге жатады. Ауыз қуысы инфекциялық аурулары қоздырғыштарының көбеюі мен өсуін басады.
Фармакодинамикалық әсерлері
Препарат қабынуды азайтады, микробтарға қарсы әсер етеді, тамақтағы жағымсыз сезінуді басады, жұтынуды жеңілдетеді, сорғанда ауыз қуысы мен жұтқыншақты микроорганизмдерден механикалық тазалауға ықпал ететін гиперсаливацияны туындатады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Клиникалық зерттеулерде алынған маңызды деректер жоқ.
Балалар
Балалар популяциясы үшін маңызды деректер жоқ (4.3 бөлімін қараңыз).
Дозалау режимі
Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға күніне 3-4 рет 1 таблеткадан.
6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға: күніне 1-2 рет 1 таблеткадан.
Енгізу әдісі мен жолы
Шайнамай, ауызда сору арқылы, тамақтан кейін қабылданады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 5-6 күн.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Жекелеген дозларды өткізіп алғанда препараттың қосарлы дозасын қабылдау қажет емес.
• әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
• 6 жасқа дейінгі балалар
• жүктілік (I триместр)
• бала емізу кезеңі
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препаратты ұсынылғаннан жоғары дозаларда қолдану жүрек айнуына, құсуға, диареяға әкелуі мүмкін.
Емі: препаратты қолдануды тоқтату керек.
Препаратты қолданғаннан кейінгі 1-2 сағат ішінде тамақ пен сусын ішуден бас тарту керек.
Препаратты қабылдаған 7 күн ішінде емдік әсері болмаған жағдайда дәрігерге жүгіну ұсынылады.
Препаратты ауыз қуысында ашық жаралар болған кезде қолдануға болмайды, өйткені цетилпиридиний хлориді жараның жазылуын баяулатады.
Арнайы ескертулер
Арнайы ескертулер жоқ.
Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану.
Препаратты жүктілік кезінде қолдануға талапқа сай бақыланатын зерттеу жүргізілмеген. Препаратты жүктіліктің I триместрінде қолдануға болмайды. Препаратты жүктіліктің II-III триместрінде қолдану, егер анасы үшін ықтимал пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіптен асып түскенде, мүмкін болады.
Препарат компоненттерінің емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ. Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Препарат автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер көрсетпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Граммидин® нео жергілікті және жүйелік әсер ететін микробқа қарсы басқа дәрілердің әсерін күшейтеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.