Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли назальные
Дозасы
10000 МЕ/мл
Саудалық атауы
Гриппферон®
Әсер етуші зат
Интерферон альфа-2b
Мақсаты
Балалар мен ересектердегі тұмау мен ЖРВИ профилактикасы және емдеу
Өндіруші
Фирн М
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл препараттың құрамында:
белсенді зат: адамның рекомбинантты альфа-2b интерфероны кемінде 10000 ХБ;
қосымша заттар: динатрий эдетататы дигидраты, натрий хлориді, натрий гидрофосфат додекагидраты, калий дигидрофосфаты, повидон, макрогол 4000, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе ашық сары ерітінді.
Балалар мен ересектердегі тұмау мен ЖРВИ профилактикасы және емдеу.
Әсер ету механизмі: организмге тыныс алу жолдары арқылы енетін вирустардың репликациясының алдын алуға негізделген.
Фармакодинамикалық әсерлері: Интерферонның спецификалық жасушалық рецепторларға әсері бірнеше жүздеген гендердің (ISG) экспрессиясын (белсенді күйін) тудырады, бұл жасушаның спецификалық емес вирусқа қарсы қорғанысының қалыптасуын, сондай-ақ адаптивті (пайда болған) иммунитет механизмдерінің қосылуын қамтамасыз етеді. Интерферонның вирусқа қарсы әсерін жүзеге асырудың маңызды буыны R (PKR) протеинкиназа және олигоаденилатсинтетаза (OAS) синтезінің индукциясы болып табылады, бұл вирустық ақуыздың трансляциясының (биосинтезінің) тежелуіне және вирус жұқтырған организм жасушаларының апоптоз (жойылуы) индукциясына әкеледі. Инфекцияланған өлген жасушалар интерферонмен белсенділенген ЕК-жасушалардың көмегімен жойылады. Интерферонның жасушалық рецепторлармен өзара әрекеттесуі инфекцияланбаған (сау) жасушаларды вирустардың енуінен қорғау механизмін іске қосады. Интерферон айқын иммуномодуляциялаушы әсерге ие, ол макрофагтардың, цитоуытты Т-жасушалардың, NK-жасушалардың (табиғи киллер) іске қосылуымен, фагоцитоздың күшеюімен және гистоүйлесімдіктің негізгі кешенінің антигендерінің экспрессиясымен, сүйек кемігі жасушаларының пролиферациясын және саралануын стимуляциялаумен көрініс табады, бұл вирусқа қарсы қорғаныстың тиімділігін едәуір арттырады. Интерферонның әсері оның вирусқа қарсы әсеріне төзімді вирустардың пайда болуын тудырмайды.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі: Профилактикалық мақсатта Гриппферон® дәрілік препаратын уақтылы тағайындау тұмау мен ЖРВИ ауруының жиілігін төмендетуге мүмкіндік береді. Науқастанған пациенттерде Гриппферонд® терапиялық мақсатта қолдану аурудың ауырлығы мен ұзақтығын төмендетеді, сондай-ақ күрделі асқынулардың дамуына жол бермейді. Гриппферонды® пациенттер жақсы көтереді. Препарат барлық жас топтарындағы пациенттерде, оның ішінде өмірінің алғашқы жылындағы балаларда, жүкті және бала емізетін әйелдерде, егде пациенттерде, қатар жүретін фондық аурулары бар пациенттерде, созылмалы инфекциялардан зардап шегетін адамдарда, сондай-ақ иммундық статусына қарамастан аллергоздың түрлі нұсқалары бар пациенттерде өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеді. Дәрілік түрі (мұрынға тамызатын дәрі) қолданудың ыңғайлылығын қамтамасыз етеді және мұрын қуысының шырышты қабығының эпителий жасушаларының тиісті рецепторларына тиімді әсер етуді қамтамасыз ете отырып, препаратты респираторлық вирустардың бастапқы енген және көбейген орнына тікелей енгізуге мүмкіндік береді.
Дозалау режимі
Аурудың алғашқы белгілері кезінде Гриппферон® 5 күн бойы қолданылады:
• 0 жастан 1 жасқа дейін әрбір мұрын жолына күніне 5 рет 1 тамшыдан (бір реттік доза 1000 ХБ, тәуліктік доза 5000 ХБ);
• 1 жастан 3 жасқа дейін әр мұрын жолына күніне 3-4 рет 2 тамшыдан (бір реттік доза 2000 ХБ, тәуліктік доза 6000-8000 ХБ);
• 3 жастан 14 жасқа дейін әр мұрын жолына күніне 4-5 рет 2 тамшыдан (бір реттік доза 2000 ХБ, тәуліктік доза 8000-10000 ХБ);
• ересектерге әрбір мұрын жолына күніне 5-6 рет 3 тамшыдан (бір реттік доза 3000 ХБ, тәуліктік доза 15000-18000 ХБ).
ЖРВИ және тұмаудың профилактикасы мақсатында:
• науқаспен қатынас кезінде және / немесе салқындаған кезде препаратты күніне 2 рет бір реттік жас дозасында тамызады. Қажет болса, профилактикалық курстар қайталанады;
• аурудың маусымдық жоғарылауы кезінде препаратты жасқа қатысты дозада таңертең 24-48 сағат аралықпен бір рет тамызады.
Енгізу жолы және тәсілі
Интраназальді. Әрбір тамызғаннан кейін препаратты мұрын қуысына біркелкі бөлу үшін мұрын қанаттарын саусақпен бірнеше минут уқалау ұсынылады.
- интерферон препараттарын және препарат құрамына кіретін компоненттерді жекелей көтере алмау;
- аллергиялық аурулардың ауыр түрлері.
Жағымсыз реакциялар жиілігінің параметрлері былайша анықталады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100, бірақ < 1/10); сирек (≥ 1/1000, бірақ < 1/100); сирек (≥ 1/10000, бірақ < 1/1000); өте сирек (< 1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Жиілігі белгісіз
- аллергиялық реакциялар.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz .
Гриппферон® дәрілік препаратын қолдану тәсілін түсіндіру қажет болғанда, Сізге кеңес алу үшін емдеуші дәрігерге жүгінуді ұсынамыз.
Гриппферон® препаратын қолданар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Гриппферон® көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Гриппферон® бүкіл жүктілік барысында және бала емізу кезеңінде қолдануға рұқсат етілген.
Гриппферонмен® интраназальді тамыр тарылтатын препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл мұрынның шырышты қабығының қосымша құрғауына ықпал етеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл, алғаш ашқаннан кейін-30 күн.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Құтыны ашқаннан кейін 30 күннен артық сақтауға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.