Анамнезінде аллергиялық реакциялары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Декскетопрофенді басқа ҚҚСП, оның ішінде циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерімен бір мезгілде қолданудан аулақ болу қажет.
Жағымсыз жанама әсерлерді ауыру синдромын басу үшін қажетті ең аз қолдану ұзақтығымен дәрілік препаратты ең аз тиімді дозада қолданған кезде барынша азайтуға болады.
Асқазан-ішек жолының тарапынан бұзылулар
Асқазан-ішектен қан кету, ойық жаралану немесе тесілу, кейбір жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін, ескертуші симптомдарының болуына немесе АІЖ тарапынан анамнезде күрделі патологияның болуына қарамастан, емдеудің әртүрлі кезеңдерінде барлық ҚҚСП қабылдаған кезде байқалады. ДЕКС дәрілік препаратын қабылдау аясында асқазан-ішектен қан кету дамыған жағдайда, оны қабылдауды тоқтату керек
Асқазан-ішектен қан кетудің, ойық жараның пайда болуының немесе тесілуінің пайда болу қаупі анамнезінде ойық жарасы бар пациенттерде, әсіресе қан кету немесе тесілу түріндегі асқынулармен, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде ҚҚСП дозасын арттырған кезде артады, сондықтан пациенттердің осы санатын емдеуді ең төмен ұсынылған дозадан бастаған жөн.
Анамнезінде эзофагит, гастрит және/немесе ойық жаралы ауруы бар пациенттер декскетопрофенді қолданар алдында, басқа ҚҚСП қабылдаған жағдайдағыдай, бұл аурулардың ремиссия фазасында екендігіне көз жеткізу керек. Ас қорыту жолы патологиясының айқын симптомдары бар және анамнезінде ас қорыту жолы аурулары бар пациенттерде дәрілік препаратты қабылдау кезінде ықтимал бұзылуларды, әсіресе бұл асқазан-ішектен қан кетуге қатысты, анықтау мақсатында ас қорыту жолының жай-күйін бақылау қажет
ДЕКС дәрілік препаратын анамнезінде асқазан-ішек аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені бұл аурулар өршуі мүмкін. Жоғарыда аталған санаттағы пациенттерге, сондай-ақ ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларын немесе АІЖ тарапынан асқынулардың пайда болу қаупін арттыратын басқа да препараттарды бір мезгілде қолдануды қажет ететін пациенттерге қосымша гастропротекторларды (мизопростол немесе протонды помпа блокаторлары) бір мезгілде қолдану ұсынылады.
Дәрілік препаратты антиагреганттарды (мысалы, ацетилсалицил қышқылы) немесе антикоагулянттарды (мысалы, варфарин), кортикостероидтарды, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштерді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, өйткені асқазан-ішектен қан кетудің немесе ойық жараның пайда болу қаупі артады.
Бүйрек тарапынан бұзылулар
Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерге дәрілік препаратты сақтықпен тағайындау керек, өйткені ҚҚСП қабылдау аясында бүйрек функциясының нашарлауы, организмдегі сұйықтықтың іркілуі және ісіну болуы мүмкін.
Диуретиктерді бір мезгілде қолданатын пациенттерде және нефроуыттылықтың жоғары қаупіне байланысты гиповолемияның дамуы мүмкін пациенттерде дәрілік препаратты қолдану кезінде сақ болу керек.
Емдеу кезінде организм сусыздануды болдырмау үшін жеткілікті сұйықтықты алуы керек, бұл бүйрекке уытты әсердің күшеюіне әкелуі мүмкін.
Басқа ҚҚСП сияқты, ДЕКС дәрілік препараты қан плазмасындағы креатинин мен азот концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Простагландиндер синтезінің басқа тежегіштері сияқты, ДЕКС дәрілік препараты несеп шығару жүйесіне жағымсыз әсер етуі мүмкін, бұл гломерулонефриттің, интерстициялық нефриттің, папиллярлық некроздың, нефроздық синдромның және жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына әкелуі мүмкін.
Бүйрек функциясының бұзылуының ең көп саны егде жастағы пациенттерде пайда болады.
Бауыр тарапынан бұзылулар
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге сақ болу керек. Басқа ҚҚСП қолдану кезіндегідей, ДЕКС дәрілік препаратымен емдеу аясында «бауыр» ферменттері белсенділігінің аздап өтпелі жоғарылауы байқалуы мүмкін. Егде жастағы пациенттерде бауыр мен бүйрек функциясын бақылау қажет. Тиісті көрсеткіштер елеулі жоғарылаған жағдайда ДЕКС дәрілік препаратын қолдануды тоқтату керек.
Жүрек-қантамыр жүйесі және ми қан айналымы тарапынан бұзылулар
Дәрілік препарат организмде сұйықтықтың іркілуін туындатуы мүмкін, сондықтан анамнезінде артериялық гипертензиясы, бүйрек және/немесе жүректің ауырлық деңгейі жеңілден орташаға дейінгі жеткіліксіздігі бар пациенттерде ДЕКС дәрілік препаратын ерекше сақтықпен қолдану керек. Жай-күйі нашарлаған жағдайда ДЕКС дәрілік препаратын қолдануды тоқтату қажет.
Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, жүректің ишемиялық ауруы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, шеткері артериялардың аурулары және/немесе цереброваскулярлық аурулары бар пациенттерде дәрілік препаратты сақтықпен қолдану керек. Осындай тәсіл жүрек-қантамыр ауруларының (артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, темекі шегу) даму қаупі факторлары бар пациенттерге де қолданылады.
ДЕКС дәрілік препаратын анамнезінде жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерге, әсіресе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге, үдеудің ықтимал қаупіне байланысты тағайындағанда сақ болу қажет. Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық деректер ҚҚСП, әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ уақыт қолданғанда, жедел миокард инфарктісінің немесе инсульттің дамуының елеусіз қаупіне әкелуі мүмкін деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Декскетопрофенді қолдану кезінде осы оқиғалардың қаупін болдырмау үшін деректер жеткіліксіз.
Селективті емес ҚҚСП тромбоциттер агрегациясын төмендетуге және простагландиндер синтезін тежеу есебінен қан кету уақытын ұлғайтуға қабілетті. Сондықтан гемостазға әсер ететін дәрілік препараттарды, мысалы, варфарин немесе басқа кумариндер немесе гепариндер қабылдайтын пациенттерге декскетопрофенді тағайындау ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттер әсіресе жүрек-қантамыр жүйесінің функциясына дәрілік препараттардың әсеріне бейім.
Декскетопрофенді қолдану кезінде осы препаратқа аллергиялық реакция белгілері, оның ішінде тыныс алудың қиындығы, бет пен мойынның ісінуі (ангионевроздық ісіну), кеуденің ауыруы байқалды. ДЕКС препаратын қабылдауды дереу тоқтатыңыз және егер сіз осы белгілердің бірін байқасаңыз, дереу дәрігерге немесе шұғыл медициналық қызметке жүгініңіз.
Тері тарапынан реакциялар
ҚҚСП қолдану кезінде тері реакцияларының сирек жағдайларының (эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз сияқты) пайда болуы туралы деректер бар. Тері бөртпесінің алғашқы көріністерінде, шырышты қабықтардың зақымдануында немесе аллергиялық реакцияның басқа белгілерінде ДЕКС дәрілік препаратын қабылдауды дереу тоқтатып, дәрігерге жүгіну керек.
Басқа ақпарат
Дәрілік препаратты порфирин метаболизмінің туа біткен бұзылуы бар пациенттерге, сусыздануы бар пациенттерге, сондай-ақ тікелей елеулі хирургиялық араласулардан кейін тағайындау кезінде сақ болу қажет.
Декскетопрофенді ұзақ уақыт қолданған жағдайда бауыр мен бүйрек функцияларын үнемі бақылап отыру керек.
Өте сирек жағдайларда аса жоғары сезімталдықтың (мысалы, анафилаксиялық шок) ауыр реакцияларының дамуы мүмкін. ДЕКС дәрілік препаратын қабылдағаннан кейін ауыр аллергиялық реакцияның алғашқы белгілері кезінде емдеу тоқтатылуы тиіс.
Созылмалы ринитпен, созылмалы синуситпен және/немесе мұрын полиптерімен бірге демікпеден зардап шегетін пациенттер басқа тұрғындарға қарағанда ацетилсалицил қышқылына және/немесе ҚҚСП аллергиясына жоғары қауіпке бейім. Осы дәрілік препаратты енгізу, әсіресе ацетилсалицил қышқылына немесе ҚҚСП аллергиясы бар пациенттерде демікпе ұстамаларын немесе бронх түйілуін туындатуы мүмкін.
Кейбір жағдайларда желшешек аясында тері мен жұмсақ тіндердің ауыр инфекциялық асқынуларының дамуы мүмкін. Бүгінгі таңда ҚҚСП осындай инфекциялық асқынулардың дамуымен өзара байланысы ықтималдығын толығымен жоққа шығару мүмкін емес. Сондықтан, желшешекте ДЕКС дәрілік препаратын қолданудан аулақ болу керек.
Қан түзудің бұзылуы, жүйелі қызыл жегі және дәнекер тіннің аралас аурулары бар пациенттерге ДЕКС сақтықпен қолдану керек.
Басқа ҚҚСП сияқты, декскетопрофен инфекциялық аурулардың симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректердің болмауына байланысты дәрілік препаратты балаларға тағайындауға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ДЕКС дәрілік препаратын қабылдау бас айналу мен шаршауды туындатуы мүмкін, сондықтан көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әлсіз немесе орташа әсер етуі мүмкін.