Анамнезінде бауыр аурулары, бауыр порфириясы (жедел ұстамалы порфирияны қоса), бүйректің созылмалы ауруы, 2 сатысы (ШСЖ 60-89 мл/мин/1,73 м2), жүректің созылмалы жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, сусыздану, айналымдағы қан көлемінің едәуір төмендеуі (оның ішінде хирургиялық араласудан кейін), тікелей ауқымды хирургиялық араласулардан кейінгі пациенттерде, қан түзілуінің бұзылуы, 65 жастан асқан егде жастағы пациенттерде (оның ішінде диуретиктер алып жүрген, әлсіреген пациенттер және дене салмағы төмен пациенттер), бронх демікпесі, глюкокортикостероидтарды (оның ішінде преднизолон), антикоагулянттарды (оның ішінде варфарин), антиагреганттарды (оның ішінде ацетилсалицил қышқылы, клопидогрел), серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштерді (оның ішінде циталопрам, флуоксетин, пароксетин, сертралин) бір мезгілде қолдану, жүректің ишемиялық ауруы, цереброваскулярлық аурулар, дислипидемия/гиперлипидемия, қант диабеті, шеткері артериялар аурулары, шылым шегу, Helicobacter pylori инфекциясының болуы, жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) және дәнекер тіннің басқа жүйелі аурулары, ұзақ уақыт ҚҚСП қолдану, туберкулез, айқын остеопороз, алкоголизм, ауыр соматикалық аурулар.
Арнайы сақтандырулар
Дексалгин® таблеткалары анамнезінде аллергиялық реакциялар бар пациенттерде сақтықпен қолданылады.
Препаратты басқа ҚҚСП, оның ішінде ЦОГ-2 селективті тежегіштерімен бір мезгілде қолданбаған дұрыс.
Препараттың қолайсыз құбылыстарын симптомдарды бақылауға қажетті мүмкіндігінше ең қысқа кезең ішінде ең төмен дозаларда қолдану жолымен барынша азайтуға болады.
Асқазан-ішек жолына қатысты қауіпсіздігі
Емдеу барысындағы кез келген сәтте барлық ҚҚСП қолданылғанда, сақтандыру симптомдары мен анамнезде күрделі асқазан-ішек құбылыстарына көрсетілімдер болғанына немесе болмағанына қарамастан өліммен аяқталуы мүмкін асқазан-ішек қан кетуі, ойық жарасы немесе тесілуі байқалды. Анамнезінде, әсіресе, қан кетумен немесе тесілумен асқынған ойық жарасы бар пациенттерде және егде жастағы адамдарда ҚҚСП дозаларын арттырғанда асқазан-ішек қан кетуі, ойық жарасы немесе тесілуінің туындау қаупі артады. Егде жастағы пациенттерде ҚҚСП қолайсыз реакцияларының, әсіресе, өліммен аяқталуы мүмкін асқазан-ішек қан кетуі мен тесілуінің туындау жиілігі артады. Осындай пациенттерді емдеуді ең төмен болжамды дозадан бастау керек.
Барлық ҚҚСП жағдайындағы сияқты, декскетопрофен трометамолымен емді бастар алдында олардың толық жазылғанына көз жеткізу үшін эзофагит, гастрит және/немесе пептидтік ойық жарасы туралы кез келген көрсетілімдер тұрғысынан анамнезді зерттеу қажет.
Асқазан-ішек жолы тарапынан симптомдары немесе асқазан-ішек жолының созылмалы аурулары бар пациенттер ас қорытудың бұзылуын, әсіресе, асқазан-ішектен қан кетуді бақылап отыру керек.
Анамнезінде асқазан-ішек жолының аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерге, олардың жай-күйі өршіп кетуі мүмкін екендіктен, ҚҚСП сақтықпен қабылдану керек.
Осындай пациенттер үшін асқазан-ішек жолына қорғағыш әсерін көрсететін препараттармен (мизопростол, протонды помпа тежегіштері) біріктірілген ем тағайындауға болады. Бұл төмен дозаларда ацетилсалицил қышқылын немесе асқазан-ішек жолы тарапынан асқынулардың даму қаупін арттыратын басқа дәрілерді біріктіріп қолдану қажет болатын пациенттерге де қатысты.
Анамнезінде асқазан-ішек жолының уыттылығы бар, әсіресе, егде жастағы пациенттер, әсіресе, емдеудің бастапқы сатыларында кез келген дағдыдан тыс абдоминальді симптомдар (әсіресе, асқазан-ішектен қан кету) туралы мәлімдеуі тиіс.
Ішуге арналған кортикостероидтар, варфарин сияқты антикоагулянттар, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер немесе ацетилсалицил қышқылы сияқты антитромбоциттік препараттар сияқты ойық жаралану немесе қан кету қаупін арттыруы мүмкін қатарлас препараттар қабылдап жүрген пациенттерде сақ болу керек
Бүйрекке қатысты қолдану қауіпсіздігі
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге препаратты сақтықпен тағайындау керек, өйткені осындай пациенттерде ҚҚСП қолдану бүйрек функциясының нашарлауын, организмде сұйықтық іркілуін, ісінудің пайда болуын тудыруы мүмкін. Дексалгин® диуретиктерді қабылдап жүрген пациенттерге және гиповолемияның даму қаупі бар пациенттерге, нефроуыттылықтың жоғары даму қаупі болатындықтан, сақтықпен тағайындалады.
Емдеу кезеңінде сусыздануды және, болжамды түрде, онымен байланысты жоғары нефроуыттылықты болдырмау үшін талапқа сай сұйықтық ішу қамтамасыз етілуі тиіс.
Декскетопрофен, басқа да ҚҚСП сияқты, қан плазмасындағы мочевина азоты мен креатинин деңгейін арттыруы мүмкін. Простагландиндер синтезінің басқа тежегіштері сияқты, декскетопрофенді қолдану бүйрек тарапынан болатын жағымсыз реакциялармен қатар жүруі мүмкін, олар гломерулонефрит, интерстициялық нефрит, папиллярлы некроз, нефроздық синдром мен бүйректің жедел жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін.
Егде жастағы тұлғалар өздерінде бүйрек функциясы бұзылуының дамуына ерекше бейім.
Бауырға қатысты қолдану қауіпсіздігі
Дексалгин® бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге сақтықпен тағайындалу керек.
Декскетопрофен бауырдың кейбір параметрлерінің қысқа мерзімді мардымсыз артуын, сондай-ақ айтарлықтай АсАТ және АлАТ артуын тудыруы мүмкін. Аталған көрсеткіштер тиісті жоғарылаған жағдайда емдеу тоқтатылуы тиіс.
Егде жастағы тұлғалар өздерінде бауыр функциясының бұзылуының дамуына ерекше бейім.
Жүрек-қантамыр жүйесіне және ми қан айналымына қатысты қолдану қауіпсіздігі
Гипертензия және/немесе анамнезінде жеңілден орташа дәрежеге дейінгі жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін тиісті мониторинг қажет. Препарат анамнезінде жүрек аурулары бар, әсіресе, жүрек жеткіліксіздігінің көріністері болған пациентерге тағайындалғанда жүрек жеткіліксіздігінің туындау қаупі жоғары екендіктен, ерекше сақ болу талап етіледі, әрі ҚҚСП емдеуіне байланысты сұйықтық іркілуі мен ісіну хабарланды.
Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық деректер кейбір ҚҚСП қолдану (әсіресе, жоғары дозаларда және ұзақ уақыт емделу кезінде) артериялық тромбоз асқынулары (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) қаупінің сәл артуымен байланысты болуы мүмкін екенін айғақтайды. Декскетопрофен үшін осындай қауіпті жоққа шығару үшін жеткілікті ақпарат жоқ.
Бақыланбайтын гипертензия, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялардың зақымдануы және/немесе цереброваскулярлық бұзылулары бар пациенттерге декскетопрофен тек пайда мен қауіп арақатынасын мұқият бағалаудан кейін тағайындалады. Осы қағида бойынша гиперлипидемия, гипертензия, қант диабеті сияқты жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары бар пациенттерде және егер пациент шылым шеккен жағдайда декскетопрофенмен ұзақ уақыт емдеуді тағайындаудың мақсатқа сай болуы бағаланады.
Декскетопрофенмен емделген пациенттерде Коунис синдромы жағдайлары туралы хабарланды. Коунис синдромы коронарлық артериялардың тарылуына байланысты аллергиялық реакция немесе аса жоғары сезімталдық реакциясы салдарынан болатын және миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін жүрек-қантамырлары симптомдарының жиынтығы ретінде анықталады.
Барлық селективті емес ҚҚСП простагландиндер синтезін тежеу жолымен тромбоциттер агрегациясын тежеуі және қан кету уақытын ұзартуы мүмкін. Осылайша, варфарин немесе басқа кумариндер немесе гепариндер сияқты гемостазға ықпал ететін препараттармен ем алып жүрген пациенттерде декскетопрофенді қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы тұлғалар өздерінде жүрек-қантамыр жүйесі функциясы бұзылуының дамуына ерекше бейім.
Тері реакциялары
ҚҚСП қолданумен байланысты эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермалық некролизді қоса, тері реакциялары (кейбірі өліммен аяқталатын) өте сирек хабарланды. Бәрінен жиірек жағымсыз реакциялар емдеудің басында; көптеген жағдайларда емдеудің алғашқы айында дамиды. Тері бөртпесінің, шырышты қабық зақымдануының немесе аса жоғары сезімталдықтың алғашқы көріністерінде декскетопрофен қолдануды дереу тоқтату керек.
Негізгі инфекциялардың симптомдарын бүркемелеу
Декскетопрофен инфекция симптомдарын бүркемелеуі мүмкін, бұл тиісті емдеу басталуының кідіруіне әкелуі және сол арқылы инфекция нәтижесін нашарлатуы мүмкін. Бұл ауруханадан тыс бактериялық пневмония мен желшешектің бактериялық асқынуларында байқалды.
Осы препарат инфекциямен байланысты ауырсынуды жеңілдету үшін қолданылғанда инфекция ағымын мониторингтеуге кеңес беріледі. Стационармен байланыссыз жағдайларда, егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, пациент дәрігерге қаралуы тиіс.
Қосымша ақпарат
Препарат пациенттерге тағайындалғанда ерекше сақтану шаралары талап етіледі:
- порфирин метаболизмінің туа біткен бұзылуымен (мысалы, жедел ұстамалы порфирия);
- сусызданумен;
- тікелей ауқымды хирургиялық араласулардан кейін.
Ұзақ мерзімді ем қажет болса, қан көрінісіне, бауыр мен бүйрек функциясына бақылау жүргізілуі тиіс.
Өте сирек жағдайларда аса жоғары сезімталдықтың ауыр жедел реакциялары (мысалы, анафилаксиялық шок) байқалды. Декскетопрофен қабылдаудан кейін аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакцияларының бірінші белгілерінде емдеу тоқтатылуы тиіс.
Симптомдарға байланысты, барлық медициналық емшараларды дәрігер- мамандар жүргізуі тиіс.
Созылмалы ринитпен, созылмалы синуситпен және/немесе мұрын полиптерімен біріккен демікпеден зардап шегіп жүрген пациенттерде ҚҚСП және/немесе ацетилсалицил қышқылына аллергияның жоғарырақ даму қаупі болады. Декскетопрофен қабылдау, әсіресе, ҚҚСП және/немесе ацетилсалицил қышқылына аллергия бар пациенттерде демікпе немесе бронх түйілу ұстамаларын тудыруы мүмкін. Айрықша жағдайларда желшешек терінің және жұмсақ тіндер инфекцияларының күрделі асқынуларына себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта атап көрсетілген осы инфекциялар ағымының нашарлауында ҚҚСП атқаратын рөлді жоққа шығаруға болмайды. Сол себепті, желшешек жағдайында Дексалгин® таблеткалар препаратын қолданбауға кеңес беріледі.
Дексалгин® таблеткаларын гемопоэз бұзылулары, жүйелі қызыл жегі немесе дәнекер тіннің аралас аурулары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Басқа да ҚҚСП сияқты, декскетопрофен инфекциялық аурулар симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Препарат құрамында таблеткасына 1 ммоль мөлшерінен аз (23 мг) натрий бар, яғни шын мәнінде «натрийсіз».
Балаларда қолдану
Балалар мен жасөспірімдерде қолдану қауіпсіздігі анықталмаған.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Декскетопрофенді қабылдау кезінде бас айналу, көрудің бұзылуы немесе ұйқышылдық сияқты жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін, сондықтан ол ұйқышылдық немесе бас айналу пайда болуы мүмкін екендіктен реакция беруге және көлік құралын басқару мен механизмдер қызметін көрсету қабілетіне әлсіз немесе орташа ықпалын тигізеді.