Электролиттердің өзгеруі, ісінудің пайда болуы, артериялық қысымның жоғарылауы ықтимал, жүректің тоқтауы, жүрек ырғағының бұзылуы немесе құрысулар, сондай-ақ қысқа мерзімді емдеу кезінде байқалуы мүмкін инфекциялардың клиникалық көріністері байқалатын парентеральді жоғары дозалы емді қоспағанда, дексаметазонмен қысқа мерзімді емдеу кезінде жағымсыз әсерлердің даму қаупі төмен болып табылады. Асқазан мен ішектің ықтимал ойық жараларының болуына назар аудару керек (көбінесе стресстен туындаған), өйткені кортикостероидтармен емдеу симптомдардың көріністерін азайтып, глюкозаға төзімділікті төмендетуі мүмкін.
Дозаға және емдеу ұзақтығына айқын тәуелділігі бар мынадай жағымсыз әсерлердің дамуы мүмкін, сондықтан олардың жиілігін анықтау мүмкін емес.
Инфекциялар және инвазиялар
Инфекцияларды бүркемелеу, вирустық инфекциялардың, зеңді инфекцияларының, бактериялық, паразиттік және оппортунистік инфекциялардың байқалуы және асқынуы, стронгилоидоздың белсенуі.
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Қалыпты лейкоцитоз, лимфоцитопения, эозинопения, полицитемия.
Иммундық жүйенің бұзылулары
Аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, дәрі-дәрмектік экзантема), аритмия, бронх түйілуі, гипо- немесе гипертензия, қан айналымы жеткіліксіздігі, жүректің тоқтауы, иммунитеттің төмендеуі сияқты ауыр анафилаксиялық реакциялар.
Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар
Кушинг синдромы (тән симптомдары: ай тәрізді бет, орталық типті семіздік, артық салмақ), бүйрек үсті безі функциясының бәсеңдеуі.
Зат алмасу және тамақтанудың бұзылулары
Ісіну кезінде натрийдің іркілуі, калий экскрециясының жоғарылауы (аритмияның даму қаупі), дене салмағының артуы, глюкозаға төзімділіктің төмендеуі, қант диабеті, гиперхолестеринемия және гипертриглицеридемия, тәбеттің жоғарылауы.
Психика тарапынан бұзылулар
Депрессия, ашушаңдық, эйфория, құштарлық, психоз, мания, елестеулер, эмоциональді тұрақсыздық, үрейлену, ұйқының бұзылуы, суицидтік мінез-құлық.
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Мидың жалған туморы, латентті эпилепсияның көрінісі, манифестті эпилепсия кезінде құрысулық дайындықтың жоғарылауы.
Көру ағзасы тарапынан бұзылулар
Катаракта, әсіресе артқы субкапсулярлық бұлыңғырлану кезінде, глаукома, мөлдір қабықтың ойық жаралануымен байланысты симптомдардың асқынуы, көздің вирустық, зеңді және бактериялық инфекцияларының пайда болуының жиілеуі, мөлдір қабықтың бактериялық инфекцияларының асқынуы, птоз, мидриаз, хемоз, ақ қабықтың ятрогенді тесілуі, хориоретинопатия. Дексаметазонды субконъюнктивалық қолданғаннан кейін қайтымды экзофтальмның сирек жағдайлары, сондай-ақ герпестік кератит, бұрыннан бар кератит жағдайында мөлдір қабықтың тесілуі, анық көрмеу.
Жүрек тарапынан бұзылулар
Шала туылған нәрестелердегі гипертрофиялық кардиомиопатия (Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары бөлімін қараңыз).
Қантамырлар тарапынан бұзылулар
Артериялық гипертензия, атеросклероз бен тромбоздың жоғары даму қаупі, васкулит (ұзақ емнен кейін тоқтату синдромы сияқты), капиллярлардың жоғары үзілгіштігі.
Асқазан-ішек жолының тарапынан бұзылулар
Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралары, асқазан-ішектен қан кету, панкреатит, асқазан аймағындағы жайсыздық, ықылық.
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Стриялар, атрофия, телеангиэктазиялар, петехиялар, экхимоз, гипертрихоз, стероидиндукцияланған безеу, розацеа тәрізді (периоральді) дерматит, тері пигментациясының өзгеруі.
Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тіндер тарапынан
бұзылулар
Миопатия, атрофия және бұлшықет әлсіздігі, остеопороз (дозаға тәуелді, қысқа мерзімді қолданғанда да мүмкін), асептикалық сүйек некрозы, сіңір аурулары, тендинит, сіңірдің үзілуі, эпидуральді липоматоз, балалардағы өсудің бәсеңдеуі.
Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылулар
Жыныстық гормондар секрециясының бұзылуы (нәтижесінде: аменореяға дейінгі тұрақсыз етеккір, гирсутизм, импотенция).
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы реакциялар
Жарақаттың баяу жазылуы.
Жергілікті қолдану: жергілікті тітіркену мен жақпаушылық реакциялары болуы мүмкін (ысыну сезімі, ұзақ уақыт бойы ауыру), әсіресе офтальмологияда қолданған кезде. Егер кортикостероидтар буын қуысына абайлап енгізілмесе, тері атрофиясын және инъекция орнындағы тері асты шелінің атрофиясын жоққа шығаруға болмайды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz