Дексаметазонмен емдеу кезінде туындауы мүмкін жағымсыз әсерлер туындау жиіліктері тәртібімен келесі топтарға жіктеледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 - < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
Орын басатын гормондық ем
Ұсынылған дозаларды қолданған кезде жағымсыз әсерлердің даму қаупі төмен болып табылады.
Фармакотерапия
Жағымсыз реакциялардың дамуы дозаға және емдеу ұзақтығына байланысты, осыған байланысты олардың жиілігін анықтау мүмкін емес. Келесі жағымсыз реакциялар дамуы мүмкін:
Инфекциялар және инвазиялар — Инфекция симптомдарын бүркемелеу, вирустық инфекциялардың, зеңді инфекциялардың, бактериялық, паразиттік және оппортунистік инфекциялардың көрінісі және өршуі, стронгилоидоздың белсенуі
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар — Орташа лейкоцитоз, лимфоцитопения, эозинопения, полицитемия.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар — Аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, дәрі-дәрмектік экзантема), аритмия, бронх түйілуі, гипо - немесе гипертензия, қан айналымы жеткіліксіздігі, жүректің тоқтауы, иммунитеттің төмендеуі сияқты ауыр анафилаксиялық реакциялар.
Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар — Бүйрек үсті безі функциясының бәсеңдеуі және Кушинг синдромы (типті симптомдар: ай тәрізді бет, орталық тип бойынша семіздік, артық салмақ).
Зат алмасудың және тамақтанудың бұзылулары — Ісіну кезінде натрийдің іркілуі, калийдің жоғары экскрециясы (аритмияның даму қаупі), дене салмағының артуы, глюкозаға толеранттылықтың төмендеуі, қант диабеті, гиперхолестеринемия және гипертриглицеридемия, тәбеттің жоғарылауы
Психика тарапынан бұзылулар — Депрессия, ашушаңдық, эйфория, құштарлықтың жоғарылауы, психоз, мания, елестеулер, эмоциялық тұрақсыздық, үрейлену, ұйқының бұзылуы, суицидтік мінез-құлық.
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — Мидың жалған туморы, латентті эпилепсияның көрінісі, манифестті эпилепсия кезінде құрысулық дайындықтың жоғарылауы.
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар — Катаракта, әсіресе артқы субкапсулярлық бұлыңғырлану кезінде, глаукома, мөлдір қабықтың ойық жаралануымен байланысты симптомдардың өршуі, көздің вирустық, зеңді және бактериялық инфекцияларының пайда болуының жиілеуі, мөлдір қабықтың бактериялық инфекцияларының өршуі, птоз, мидриаз, хемоз, ақ қабықтың ятрогенді тесілуі, хориоретинопатия. Қайтымды экзофтальмның сирек жағдайлары, дексаметазонды субконъюнктивалық қолданғаннан кейін, герпестік кератит, бұрыннан бар кератит жағдайында мөлдір қабықтың тесілуі, көрудің көмескіленуі.
Қантамырдар тарапынан бұзылулар — Артериялық гипертензия, атеросклероз бен тромбоздың жоғары даму қаупі, васкулит (ұзақ емнен кейін тоқтату синдромы сияқты), капиллярлардың жоғары сынғыштығы.
Асқазан-ішек жолының тарапынан бұзылулар — Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралары, асқазан-ішектен қан кету, панкреатит, асқазан аймағындағы жайсыздық, ықылықтау.
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар — Стриялар, атрофия, телеангиэктазиялар, петехиялар, экхимоз, гипертрихоз, стероидиндукцияланған безеу, розацеа тәрізді (периоральді) дерматит, тері пигментациясының өзгеруі.
Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тіндердің тарапынан бұзылулар — Миопатия, атрофия және бұлшықет әлсіздігі, остеопороз (дозаға тәуелді, қысқа мерзімді қолданғанда да мүмкін), асептикалық сүйек некрозы, сіңір аурулары, тендинит, сіңірдің үзілуі, эпидуральді липоматоз, балалардағы өсудің бәсеңдеуі. Ескерту: Ұзақ емдеуден кейін дозаны өте жылдам төмендету бұлшықет пен буынның ауыруы сияқты симптомдарды туындатуы мүмкін.
Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылулар — Жыныстық гормондар секрециясының бұзылуы (нәтижесінде: аменореяға дейінгі тұрақсыз етеккір, гирсутизм, импотенция).
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы реакциялар — Жарақаттың баяу жазылуы.
Ауыр жағымсыз әсерлері дамыған жағдайда, емдеуді тоқтату керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz