ATХ коды H02AB02
Дексаметазон монофторланған глюкокортикостероид болып табылады, ол айқын аллергияға қарсы, қабынуға қарсы және жарғақшаны тұрақтандыратын қасиеттерге ие, көмірсулар, ақуыз және май алмасуына да әсер етеді.
Дексаметазонның глюкокортикоидты әсері бар, ол преднизолон мен преднизонның әсерінен 7.5 есе көп, гидрокортизонмен салыстырғанда дексаметазонның тиімділігі 30 есе жоғары, бұл ретте минералокортикоидты әсерлер жоқ.
Дексаметазон сияқты глюкокортикоидтар өздерінің биологиялық әсерін кортикостероидтарға сезімтал гендердің транскрипциясын белсендіру арқылы көрсетеді. Қабынуға қарсы, иммуносупрессивті және антипролиферативті әсерлері, сонымен қатар, қабыну медиаторлары түзілуінің, бөлінуінің және белсенділігінің төмендеуіне және қабыну жасушаларының спецификалық функциялары мен көшуінің тежелуіне байланысты. Сонымен қатар, кортикостероидтар сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер мен макрофагтардың нысана жасушаларға әсерін тежей алады.
Егер кортикоидты препараттарды ұзақ уақыт қолдану қажет болса, бүйрекүсті безі қыртысының транзиттік жеткіліксіздігінің ықтимал индукциясын ескеру қажет. Гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безінің қыртысы жүйесінің тежелу қаупі, соның ішінде жеке факторларға да байланысты.
COVID-19 емдеу
RECOVERY зерттеуі (COVID-19 емдеу тәсілдерін рандомизацияланған зерттеу) – бұл COVID-19-бен ауруханасына жатқызылған пациенттерді емдеудің ықтимал әдістерінің әсерін бағалау үшін зерттеушілер бастаған жеке рандомизацияланған, бақыланатын, ашық, бейімделетін платформалық зерттеу.
Зерттеу Ұлыбританияның 176 ауруханасында жүргізілді.
6425 пациент рандомизацияланды, оның 2104 пациенті стандартты емдеуге дексаметазон ала бастады, ал 4321 пациент стандартты емдеу тобына тағайындалды. Пациенттердің 89% -ында SARS-CoV-2 инфекциясы зертханада расталды.
Рандомизация мезетінде пациенттердің 16% - ы өкпені инвазиялық желдету әдісімен респираторлық демеу алған немесе экстракорпоральді жарғақшалық оксигенацияда болған; 60% - ы оксигенацияда болған (инвазиялық емес желдетуді қолдану арқылы немесе онсыз); 24% - ы респираторлық демеу алмаған.
Пациенттердің орташа жасы 66.1+/-15.7 жасты құрады. Пациенттердің 36% - ы әйелдер болды. Пациенттердің 24% -ында анамнезінде диабет болған, 27%-ында жүрек-қантамыр аурулары және 21% -ында өкпенің созылмалы аурулары болған.
Бастапқы соңғы нүкте
Дексаметазон тобында 28 күндік өлім-жітім деңгейі айтарлықтай төмен болды: дексаметазон қабылдаған 2104 пациенттің 482-сінде (22.9%) және сәйкесінше стандартты емдеу (салыстырмалы қауіп [СҚ]: 0.83; 95% сенімді аралық [СА]: 0.75-0.93; P<0.001) тобындағы 4321 пациенттің 1110-інде (25.7%) өліммен аяқталған жағдайлар тіркелді.
Қосалқы топтарды талдау кезінде дексаметазон тобында өкпені инвазиялық жасанды желдету арқылы емделген пациенттер арасында өлім-жітім деңгейі стандартты емдеу (против 41.4%-ға қарсы 29.3%; СҚ: 0.64; 95% СА: 0.51-0.81) тобына қарағанда төмен болғандығы атап өтілді. Ұқсас нәтиже стандартты еммен салыстырғанда инвазиялық емес ӨЖЖ пациенттер арасында да алынды (26.2%-ға қарсы 23.3%; СҚ: 0.82; 95% СА: 0.72-0.94).
Алайда, рандомизация кезінде респираторлық қолдау алмаған пациенттерде өлім-жітімге қатысты дексаметазонды қолдану кезінде айқын әсер байқалмады (14.0%-ға қарсы 17.8%; СҚ: 1.19; 95% СА: 0.91-1.55).
Екінші соңғы нүктелер
Дексаметазон тобындағы пациенттер стандартты ем тобындағы пациенттерге қарағанда қысқа уақыт ішінде ауруханаға жатқызылды (медиана 13 күнге қарсы 12 күн) және 28 күн ішінде ауруханадан шығу ықтималдығы жоғары болды (СҚ: 1.10; 95% СА: 1.03-1.17).
Бастапқы соңғы нүктеге сәйкес, 28 күн ішінде ауруханадан шығуға қатысты ең үлкен әсер рандомизациядан кейін өкпені жасанды желдету арқылы емделген пациенттерде (СҚ: 1.48; 95% СА: 1.16-1.90) байқалды, содан кейін тек оттегі алған топ (СҚ: 1.15; 95% СА: 1.06-1.24) болды. Оттегін алмаған пациенттерде оң әсер байқалмады (СҚ: 0.96; 95% СА: 0.85-1.08).
Нәтижесі — Дексаметазон (N=2104) — Стандартты ем (N=4321) — Салыстырмалы қауіп (СҚ) (95% СА) *
Саны /пациенттердің жалпы саны (%)
Бастапқы соңғы нүкте
Көрсеткіш 28 күндік өлім-жітім — 482/2104 (22.9) — 1110/4321 (25.7) — 0.83 (0.75-0.93)
Екінші соңғы нүктелер
28 күн ішінде ауруханадан шығу — 1413/2104 (67.2) — 2745/4321 (63.5) — 1.10 (1.03-1.17)
Инвазиялық ӨЖЖ немесе өліммен аяқталған жағдай † — 456/1780 (25.6) — 994/3638 (27.3) — 0.92 (0.84-1.01)
Инвазиялық ӨЖЖ — 102/1780 (5.7) — 285/3638 (7.8) — 0.77 (0.62-0.95)
Өлім-жітім — 387/1780 (21.7) — 827/3638 (22.7) — 0.93 (0.84-1.03)
* Салыстырмалы қауіп 28 күндік өлім-жітім мен ауруханадан шығу көрсеткіштерін ескере отырып, жас бойынша стандартталған. Салыстырмалы қауіп өкпенің инвазиялық жасанды желдетудің немесе өлімнің және оның құрамдас бөліктерінің нәтижесін ескере отырып, жасына қарай стандартталған.
† Рандомизация кезінде өкпенің инвазиялық жасанды желдетуде болған пациенттер осы санаттан шығарылды.
Қауіпсіздік
Зерттеу емдеуге байланысты төрт күрделі жағымсыз құбылысты (КЖҚ) тіркеді: гипергликемиямен екі КЖҚ, стероидты-индукцияланған психозбен бір КЖҚ және асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлігінен қан кетумен бір КЖҚ. Барлық оқиғалар басылды.
Қосалқы топтарды талдау
Дексаметазонмен жүргізілетін емнің жас шамасына және рандомизация кезінде тыныс алуды демеу тәсіліне байланысты 28 күндік өлім-жітім көрсеткіштеріне әсері 2
Дексаметазон — Стандартты ем — СҚ (95% СА)
Оттегінсіз (𝛘1𝟐 =0,70; p=0,40)
< 70 — 10/197 (5,1%) — 18/462 (3,9%) — 1,31 (0,60-2,83)
≥70 < 80 — 25/114 (21,9%) — 35/224 (15,6%) — 1,46 (0,88-2,45)
≥80 — 54/190 (28,4%) — 92/348 (26,4%) — 1,06 (0,76-1,49)
Аралық қорытынды — 89/501 (17,8%) — 145/1034 (14,0%) — 1,19 (0,91-1,55)
Тек оттегі (𝛘1𝟐= 2,54; p=0,11)
<70 — 53/675 (7,9%) — 193/1473 (13,1%) — 0,58 (0,43-0,78)
≥70 <80 — 104/306 (34,0%) — 178/531 (33,5%) — 0,98 (0,77-1,25)
≥80 — 141/298 (47,3%) — 311/600 (51,8%) — 0,85 (0,70-1,04)
Аралық қорытынды — 298/1279 (23,3%) — 682/2604 (26,2%) — 0,82 (0,72-0,94)
Жасанды желдету (𝛘1𝟐= 0,28; p=0,60) 𝟏
< 70 — 66/269 (24,5%) — 217/569 (38,1%) — 0,61 (0,46-0,81)
≥70 < 80 — 26/49 (53,1%) — 58/104 (55,8%) — 0,85 (0,53-1,34)
≥80 — 3/6 (50,0%) — 8/10 (80,0%) — 0,39 (0,10-1,47)
Аралық қорытынды — 95/324 (29,3%) — 283/683 (41,4%) — 0,64 (0,51-0,81)
Барлық қатысушылар — 482/2104 (22,9%) — 1110/4321 (25,7%) — 0,83 (0,75-0,93) p <0,001
Дексаметазон жақсы — Стандартты ем жақсы
Дексаметазонмен жүргізілетін ем рандомизация кезінде тыныс алуды демеу әдісіне және созылмалы аурулардың тарихына байланысты 28 күндік өлім-жітім көрсеткіштеріне әсері 3
Дексаметазон — Стандартты ем — СҚ (95% СА)
Оттегінсіз (𝛘1𝟐= 0,08; p=0,78)
Алдында болған ауру — 65/313 (20,8%) — 100/598 (16,7%) — 1,22 (0,89-1,66)
Алдында аурудың болмауы — 24/188 (12,8%) — 45/436 (10,3%) — 1,12 (0,68-1,83)
Аралық қорытынды — 89/501 (17,8%) — 145/1034 (14,0%) — 1,19 (0,91-1,55
Тек оттегі (𝛘1𝟐 =2,05; p=0,15)
Алдында болған ауру — 221/702 (31,5%) — 481/1473 (32,7%) — 0,88 (0,75-1,03)
Алдында аурудың болмауы — 77/577 (13,3%) — 201/1131 (17,8%) — 0,70 (0,54-0,91)
Аралық қорытынды — 298/1279 (23,3%) — 682/2604 (26,2%) — 0,82 (0,72-0,94)
Жасанды желдету (𝛘1𝟐= 1,52; p=0,22)
Алдында болған ауру — 51/159 (32,1%) — 150/346 (43,4%) — 0,75 (0,54-1,02)
Алдында аурудың болмауы — 44/165 (26,7%) — 133/337 (39,5%) — 0,56 (0,40-0,78)
Аралық қорытынды — 95/324 (29,3%) — 283/683 (41,4%) — 0,64 (0,51-0,81)
Барлық қатысушылар — 482/2104 (22,9%) — 1110/4321 (25,7%) — 0,83 (0,75-0,93) p <0,001
Дексаметазон жақсы Стандарт. ем жақсы
2 Дереккөз: (Quelle: Horby P. et al., 2020; https://www.medrxiv.org/content/10.1101/2020.06.22.20137273v1; doi: https://doi.org/10.1101/2020.06.22.20137273)
3 Дереккөз: (Quelle: Horby P. et al., 2020; https://www.medrxiv.org/content/10.1101/2020.06.22.20137273v1; doi: https://doi.org/10.1101/2020.06.22.20137273)