Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Аэрозоль для наружного применения
Дозасы
(1,38 мг + 0,28 мг)/ г
Саудалық атауы
Дексаполькорт Н
Әсер етуші зат
Дексаметазон в комбинации с антибиотиками
Мақсаты
Дексаполькорт Н қабынуға қарсы және (немесе) қышынуға қарсы ем қажет болған жағдайларда неомицинге сезімтал бактериялар туғызған тері инфекцияларын жергілікті емдеу үшін…
Өндіруші
Тархоминский фармацевтический завод "Польфа" Акционерное Общество
Ел
Польша
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір баллонның ішінде
белсенді заттар: 22.50 мг неомицин сульфаты (неомицинге шаққанда),
4.50 мг дексаметазон,
қосымша заттар: сорбитан триолеаты, лецитин, изопропилмиристат,
пропеллент (пропан/бутан/изобутан).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті бір текті суспензия.
Дексаполькорт Н қабынуға қарсы және (немесе) қышынуға қарсы ем қажет болған жағдайларда неомицинге сезімтал бактериялар туғызған тері инфекцияларын жергілікті емдеу үшін қолданылады.
Әсер ету механизмі
Дексаполькорт Н, сыртқа қолдануға арналған аэрозоль, құрамында екі әсер етуші зат – неомицин сульфаты және дексаметазон бар.
Неомицин бактерияға қарсы әсер ету ауқымы кең аминогликозидті антибиотик болып табылады; көптеген грамоң және грамтеріс бактерияларға әсер етеді.
Дексаметазон – қабынуға қарсы, қышынуға қарсы, аллергияға қарсы орташа әсер ететін және тамыр тарылтатын кортикостероид.
Фармакодинамикалық әсерлері
Препарат терінің қабыну ошақтарында болатын неомицинге сезімтал бактерияларға әсер етеді, сондай-ақ жергілікті қабыну үдерістерін редукциялайды, эритема мен қышынуды азайтады.
Дозалау режимі
Препарат тек сыртқа қолдануға (теріге) арналған.
Қолданар алдында баллонды бірнеше рет сілку керек.
Терінің ауырсынулы өзгерістері бар жерлерге баллонды 1-3 секунд бойы 15 см-ден 20 см дейінгі қашықтықта бүріккіштің басын жоғары қарата тік ұстап тұрып, суспензияны ағындата бүркіп шашады.
Ескертпе:Бүріккен заттан көзді қорғау керек.
Бүріккен затты деммен ішке тартпаған жөн.
Препаратты әр бүркуден соң қолды сабындап сумен мұқият жуу қажет.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Ересектер
Тең уақыт аралықтарында тәулігіне 2-ден 3 ретке дейін қолдану керек.
• неомицинге, дексаметазонға немесе препараттың қандай да бір қосымша затына жоғары сезімталдық
• терінің вирустық, зеңдік немесе туберкулездік аурулары
• кәдімгі және эритематозды (қызғылт) акне
• периоральді дерматит
• вакцинация кезеңі
• тері обыры және обыр алдындағы жай-күйлер
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
• Дексаметазон - препараттың стероидты компоненті, мына жергілікті жағымсыз симптомдардың пайда болуын туындата алады: препаратты бүріккен жердегі ашыту, қышыну, тітіркену, шектен тыс құрғау, терінің атрофиялық өзгерістері, теленгиэктазиялар, фотосенсибилизация, пурпура, жанаспалы дерматит, периоральді дерматит, тері мацерациясы, акне тәрізді өзгерістер, стриялар, баздану, бөртпе, шамадан тыс шаш өсуі, терінің пигментті өзгерістері (депигментация), терінің салдарлы инфекция жұқтыруы және фолликулит
• препаратты ұзақ уақыт қолдану кезінде және (немесе) оны терінің ауқымды беткейіне қолданғанда дексаметазон қанға өтіп, кортикостероидтарға тән типтік жүйелі жағымсыз симптомдарды, соның ішінде бүйрек үсті бездері функциясының бәсеңдеуін, гипергликемия, глюкозурия, Иценко-Кушинг синдромын, артериялық гипертензия, шеткергі ісінулер, иммунитеттің төмендеуін туындатуы мүмкін
• препарат құрамындағы неомицин терінің жергілікті тітіркенуін, аллергиялық реакцияларды, естудің және бүйректің зақымдануын туғызуы мүмкін
Егер қандай да бір жағымсыз симптомдар, соның ішінде нұсқаулықта сипатталмаған кез келген болжамды жағымсыз әсерлер пайда болса, дәрігерге қаралу керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ
http://www.ndda.kz
Препарат ұзақ уақыт қолданылған жағдайда, сондай-ақ ол терінің ауқымды беткейіне, көп дозаларда, окклюзиялық таңғыш астынан немесе зақымданған теріге қолданылғанда ол қанға өтіп, кортикостероид немесе неомициннің жүйелі әсерін туғызуы мүмкін («Арнайы ескертулерді» қараңыз).
Кортикостероидпен созылмалы уланған жағдайда препарат қолдануды біртіндеп тоқтату ұсынылады.
Препарат кездейсоқ ішке қабылданғанда дереу дәрігерге немесе таяудағы жедел медициналық жәрдем бөлімшесіне қаралу керек. Медицина мамандары қандай дәрілік препараттың қолданылғанын дәл анықтау үшін түпнұсқалық қаптамасындағы препаратты өзімен бірге алып жүру қажет.
Өте жеңіл тұтанатын аэрозоль. Ашық оттың немесе басқа да тұтану көздерінің жанында бүркуге болмайды.
• Препарат тек сыртқа (теріге) қолдануға арналған.
• Бүріккен заттан көзді қорғау керек.
• Бүріккен затты деммен ішке тартпау керек.
• Препаратты әр бүркуден соң қолды сабындап сумен мұқият жуу қажет.
• Қолданар алдында баллонды бірнеше рет сілку керек.
Арнайы ескертулер
• Аэрозоль түріндегі Дексаполькорт Н препараты тек қана теріге қолдануға арналған.
• Бүріккен затты деммен ішке тартпау керек.
• Бүріккен заттан көзді қорғау керек. Препараттың көзге түсіп кетпеуін қадағалау қажет, өйткені бұл глаукоманы туғызуы мүмкін. Суспензия көзге түсіп кеткен жағдайда оны жылы сумен мұқият жуып-шаю қажет.
• Бет терісі мен шап аумағына, жоғары сіңуін және жағымсыз әсерлердің (телеангиэктазиялар, периоральді дерматит) даму қаупінің артуын ескеріп, аса қажет болған жағдайларда ғана қолдану керек.
• Препараттың шырышты қабықтармен жанасуына жол бермеген жөн.
• Теріасты шелі атрофиясының жай-күйлері бұрыннан бар пациенттерде, әсіресе, жасы ұлғайған тұлғаларда абайлап қолдану керек.
• Егер препарат қолданылған жерде терінің тітіркенуі немесе аллергиялық реакциялары (қышыну, ашыту немесе қызару) пайда болса, оны қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Препаратты ұзақ уақыт қолданудан немесе терінің ауқымды беткейіне қолданудан аулақ болу керек, сонымен бірге оны окклюзиялық таңғыштардың астында қолдануға болмайды, өйткені бұл эпидермис атрофиясына, стриялар мен суперинфекцияға әкелуі мүмкін, сондай-ақ дексаметазонның қанға өту қаупі артады. Мұндай жағдайларда дексаметазон гипоталамды-гипофизарлы-бүйрек үсті бездері жүйесі функциясының бәсеңдеуін қоса, кортикостероидтарға тән жүйелі жағымсыз әсерлерін (атап айтқанда, Кушинг синдромы симптомдары, ісінулер, артериялық қысымның көтерілуі, иммунитеттің төмендеуі, глюкозурия, гипергликемия) көрсетуі мүмкін. Кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз симптомдары білінгенде препаратпен емдеуді тоқтатып, несептегі кортизол концентрациясын бақылау қажет.
Дексаметазон тері арқылы қанға өтіп, иммуносупрессиялық әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан препаратты қолдану кезінде пациент вирустық инфекциялық аурулар (желшешек, қызылша) жұқтырып алмауы тиіс.
Инфекция өршіген жағдайда бактерияға қарсы немесе зеңге қарсы қосымша ем қолданылады. Егер инфекция симптомдары қалса, инфекцияны емдеуге дейін препаратты пайдалануды тоқтату қажет.
Неомициннің отоуытты және нефроуытты әсеріне орай, препаратты терінің ауқымды беткейіне немесе зақымданған теріге ұзақ уақыт қолдануға болмайды. Препарат бүйрек функциясының бұзылулары және естудің бұзылуына алып келген есту мүшесінің функционалдық (мысалы, қабынудан кейінгі) өзгерістері бар пациенттерде қолдануға болмайды.
Препаратты ұзақ уақыт қолдану неомицинге төзімді бактериялар штаммдарының өсуіне, сондай-ақ неомицинге болатын аллергияға әкелуі мүмкін.
Неомицинге сезімтал емес бактериялар немесе зеңдер туғызған инфекциялар пайда болған жағдайда бактерияға қарсы немесе зеңге қарсы тиісті ем қолданылады.
Препараттың көлік құралдарын және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік заттың көлік құралдарын басқару және механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне ықпал етуі жөнінде деректер жоқ.
Жүктіліктің I триместрінде қолдануға болмайды. Препаратты жүктіліктің едәуір кешірек мерзімдерінде анасы үшін әлеуетті пайдасы ұрыққа төнетін болжамды қауіптен асып кететін жағдайларда ғана қолдануға болады. Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болса, бала емізуді тоқтату керек.
Препаратты тағайындалған көрсетілімдеріне және дозалау тәсіліне сай жергілікті қолдану кезінде өзара әрекеттесулер анықталмаған.
Бір мезгілде екі немесе одан көп препаратты жергілікті қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл қолдану кезінде әсер етуші заттардың концентрациясына ықпал етуі немесе терінің тітіркенуін туғызуы мүмкін.
Препаратты бір мезгілде нефро- және отоуытты әсер ететін препараттармен (мысалы, гентамицин, этакрин қышқылы, колистин) ұзақ уақыт қолдану неомицин уыттылығын күшейте алады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Препаратты ашық оттың жанында қолдануға болмайды.
Баллонды тесуге және қыздыруға болмайды.
Қысымдағы баллон.
Толық босаған баллонды тастау керек.
ПРЕПАРАТ ЖЕҢІЛ ТҰТАНАДЫ. БАЛЛОНДЫ ОТТАН САҚТАУ КЕРЕК!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.