Әсер ету механизмі
Дексмедетомидин фармакологиялық қасиеттерінің ауқымы кең альфа2рецепторлардың жоғары селективті агонисі болып табылады. Симпатикалық жүйкелер ұштарынан норадреналин босап шығуының төмендеуіне орай симпатолитикалық әсерге ие болады. Седация әсері ми діңінің көгілдір дағындағы (норадренергиялық нейрондары басым болатын ядро) қозуды төмендетумен жүзеге асады. Дексмедетомидиннің ауыруды басатын әсері және анестетик/ анальгетик жинақтау әсерлері бар. Жүрек-қантамырлық әсерлері дозаға байланысты сипатта болады: инфузия жылдамдығы төмен болғанда орталық әсері басым түсіп, бұл жүректің жиырылу жиілігінің және артериялық қысымның төмендеуіне әкеледі. Жоғары дозаларын пайдаланғанда жалпы тамыр кедергісінің, артериялық қысымның жоғарылауына және брадикардияның әріқарай күшеюіне алып келетін шеткері вазоконстрикция басым болады. Дені сау пациенттер монотерапия түрінде қолданғанда дексмедетомидиннің тыныс тарылтатын қабілеті мүлде жоқ деуге болады.
ҚЕБ-де болатын ересек пациенттердегі седация кезінде
Операциядан кейін ҚЕБ-де жататын, бұрын мидазолам немесе пропофол көмегімен интубация жасалған және тыныштандырылған пациенттерде жүргізілген плацебомен бақыланатын зерттеулерде дексмедетомидин 24 сағат бойы қосымша седацияның (мидазолам немесе пропофол) және апиындардың қажеттілігін едәуір төмендетті. Дексмедетомидин қабылдаған пациенттердің көпшілігіне қосымша седация қажет болмады. Пациенттерге дексмедетомидин инфузиясын тоқтатпай сәтті экстубация жасау мүмкін болды. ҚЕБ-нен тыс жүргізілген зерттеулер талапқа сай мониторинг өткізу талаптары болған кезде трахея интубациясын жасамай дексмедетомидинді пациенттерге қауіпсіз енгізуге болатынын растайды.
Дексмедетомидин көбінесе 14 күн бойы жеңілден орташаға дейін ұзақ уақыт седация (RASS 0-ден -3 дейін) қажет болатын ҚЕБ емі жүргізілетін пациенттердің мақсатты седация диапазонында болуы уақыты бойынша мидазоламмен (қауіптер қатынасы 1,07; 95 % СА 0,971, 1,176) және пропофолмен (қауіптер қатынасы 1,00; 95 % СА 0,922, 1,075) ұқсас болды; мидазоламмен салыстырғанда өкпені жасанды желдету ұзақтығын және мидазолам немесе пропофолмен салыстырғанда трахея экстубациясына дейінгі уақытты қысқартты. Дексмедетомидин қабылдаған пациенттер, мидазолам немесе пропофол қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, оңай оянды, персоналмен үздік ынтымақтастық танытты және ауыру қарқындылығы туралы хабарлауы жақсы болды.
Дексмедетомидин қабылдаған пациенттерде, мидазолам қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, гипотензия мен брадикардия жиірек, бірақ тахикардия сирек дамыды, бірақ, пропофол қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, гипотензияның даму жиілігі ұқсас болды. Зерттеуде CAM-ICU шкаласы көмегімен бағаланатын делирий даму жиілігі мидазоламмен салыстырғанда төмен болды, ал делириймен байланысты жағымсыз құбылыстар пропофолмен салыстырғанда дексмедетомидин тобында сирек дамыды. Седацияның жеткіліксіз деңгейімен байланысты седация тоқтатылған пациенттер пропофол немесе мидазоламға ауыстырылды. Седация деңгейінің жеткіліксіз болу қаупі басқа седация әдісіне тікелей ауыстырар алдында стандартты әдістермен седация қиын болатын пациенттерде жоғары болды.
Балалардағы тиімділік әдістері 1 айдан ≤ 17 жасқа дейінгі операциядан кейінгі ауқымды қауымда ҚЕБ-де дозаны бақылау зерттеуінде анықталды. Дексмедетомидин қабылдаған пациенттердің 50 % шамасына 20,3 сағат емдеу, бірақ 24 сағаттан аспайтын кезең бойына мидазолам көмегімен қосымша седация қажет болмады. Препаратты 24 сағаттан асырмай қолдану жөніндегі деректер жоқ. Препаратты жаңа туған нәрестелерде қолдану жөніндегі ақпарат (2844 жүктілік аптасы) өте шектеулі және тек төмен дозалар (≤ 0,2 мкг/кг/сағат) пайдалану сипатталады. Жаңа туған нәрестелер де гипотермия болғанда және жүрек лықсытуы жүректің жиырылу жиілігімен айқындалатын жай-күйлерде дексмедетомидиннің брадикардиялық әсеріне ерекше сезімтал болуы мүмкін.
ҚЕБ-дегі салыстыру препаратының салыстырмалы жасырын бақыланатын зерттеулерінде дексмедетомидин қабылдаған пациенттерде (n=778), мидазолам (n=338) немесе пропофол (n=275) қабылдаған пациенттердегі 0 %-бен салыстырғанда, бүйрек үсті бездерінің қыртысы бәсеңдеуінің туындау жиілігі 0,5 % құрады. Осы жайсыз құбылыстың ауырлығы 1 жағдайда жеңіл, ал 3 жағдайда орташа сипатта болды.
Анестезиологиялық шара жасау кезінде седация/саналы күйдегі седация
Хирургиялық және диагностикалық араласуларға дейін және/немесе араласулар кезінде интубация жасалмаған пациенттер үшін дексмедетомидиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын көп орталықтық екі зерттеу шеңберінде бағаланды.
1 зерттеу. 1 зерттеуде бақыланатын анестезиямен және жергілікті/аймақтық анестезиямен белгілі бар операциялар/емшаралар орындалған, 10 минуттан көп уақыт ішінде дексмедетомидиннің 1 мкг/кг (n=129) немесе 0,5 мкг/кг (n=134) жүктеме дозасын немесе плацебо (физиологиялық ерітінді) (n=63) қабылдаған, ал артынан жылдамдығы 0,6 мкг/кг/сағат демеуші инфузия жасалған пациенттер рандомизацияланды. Зерттелетін препаратпен жасалатын демеуші инфузия жылдамдығы 0,2 мкг/кг/сағаттан 1 мкг/кг/сағатқа дейін титрленді. Нысаналы седация деңгейіне жеткен пациенттер саны (ояу және седация күйін бағалау шкаласы, Observer’s Assessment of Alertness/Sedation Scale – ОАА/S ≤ 4), мидазолам резервтік седация препаратын енгізу қажеттілігінсіз, плацебо тобындағы пациенттердің 3 %-мен салыстырғанда, 1 мкг/кг дексмедетомидин қабылдаған топта пациенттердің 54 %-ын және 0,5 мкг/кг дексмедетомидин қабылдаған топта пациенттердің 40 %-ын құрады. Қауіптер айырмашылығы 1 мкг/кг дексмедетомидин тобына және 0,5 мкг/кг дексмедетомидин тобына рандомизацияланған және мидазолам резервтік седация препаратын енгізу қажет болатын пациенттер санында, тиісінше, плацебомен салыстырғанда, 48 % (95 % СА: 3757 %) және 40 % (95 % СА: 2848 %) құрады. Мидазолам резервтік седация препаратының орташа дозасы (диапазон) 1,0 мкг/кг дексмедетомидин тобында 1,5 (0,57,0) мг, 0,5 мкг/кг дексмедетомидин тобында 2 (0,58,0) мг және плацебо тобында 4,0 (0,514,0) мг құрады. Мидазолам резервтік дозасының орташа мәндер айырмасы 1 мкг/кг дексмедетомидин тобында және 0,5 мкг/кг дексмедетомидин тобында, плацебомен салыстырғанда, дексмедетомидин пайдасына, тиісінше, -3,1 мг (95 % СА: -3,8 2,5) және -2,7 мг (95 % СА: -3,3 2,1) құрады. Резервтік мидазоламның бірінші дозасын енгізуге дейінгі орташа уақыт 1,0 мкг/кг дексмедетомидин тобында 114 минут, 0,5 мкг/кг дексмедетомидин тобында 40 минут және плацебо тобында 20 минут құрады.
2 зерттеу. 2 зерттеуден кейін жылдамдығы 0,7 мкг/кг/сағат тұрақты демеуші инфузияға ұласатын 10 минуттан артық уақыт бойы 1 мкг/кг дозада дексмедетомидиннің жүктеме инфузиясын (n=55) немесе плацебо (физиологиялық ерітінді) (n=50) қабылдау үшін жергілікті анестезиямен трахеяның фиброоптикалық интубациясы сананың сақталуымен жасалған пациенттер рандомизацияланды. Пациенттерге, қажет болса, Рамсей седация шкаласы бойынша (Ramsay Sedation Scale – RSS) ≥ 2 седация деңгейіне жету және/немесе демеу үшін мидазоламмен резервтік ем қолдануға рұқсат етілді. Тиімділік нәтижелері дексмедетомидиннің интубация жасалмаған пациенттерді седация кезінде плацебомен салыстырғанда өте тиімді екенін көрсетті. Мидазоламмен резервтік ем қажет болмаған, дексмедетомидин қабылдаған пациенттер саны, плацебо тобындағы 14 %-бен салыстырғанда, 53 % болды.