Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Гель
Дозасы
12.5 мг/1г
Саудалық атауы
ДЕКСТАНОЛ
Әсер етуші зат
Декскетопрофен
Мақсаты
Шығу тегі ревматизмдік немесе жарақаттық бұлшықет, сүйек немесе буынның ауыруын жергілікті емдеуде: мысалы, соғылулар, байламдардың созылуы, бұлшықеттің созылуы, бұлшықет пен…
Өндіруші
Акционерное общество "Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика"
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Препараттың бір грамм құрамында: белсенді зат - 12.5 мг декскетопрофенге баламалы 18.50 мг декскетопрофен трометамол;
қосымша заттар: Карбопол 974 Р, диэтиленгликоль моноэтил, полиэтиленгликоль 8000 Р, лаванда хош иістендіргіші, 96% этил спирті, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Лаванда иісі бар мөлдір гель
Шығу тегі ревматизмдік немесе жарақаттық бұлшықет, сүйек немесе буынның ауыруын жергілікті емдеуде: мысалы, соғылулар, байламдардың созылуы, бұлшықеттің созылуы, бұлшықет пен мойынның сіресуі
Декскетопрофен қабынуға қарсы стероидты емес, ыстықты түсіретін және ауырғанды басатын дәрілік заттар тобына жатады. Декскетопрофеннің негізгі әсер ету механизмі простагландиндер синтезін реттейтін циклооксигеназа 1 және 2 белсенділігін басумен байланысты. Атап айтқанда, арахидон қышқылының PGE1, PGE2, PGF2а, PGD2 просталангиндері, сондай-ақ простациклин PGI2 және тромбоксандар ТхА2 және ТхВ2 түзілетін PGG2 және PGH2 циклдық эндопероксидтерге қайта түзілуін тежейді. Буын синдромы кезінде препаратты пайдалану тыныш күйде және қозғалыс кезінде ауырғанды азайтуға, таңертеңгі сіресуді, буындар домбығуын азайтуға мүмкіндік береді. Тиімді ауыруды басатын, қабынуға қарсы және ыстықты түсіретін болып табылатын кетопрофеннің фармакологиялық әсері тек S-(+) энантиомерінің немесе декскетопрофеннің конфигурациясында болатындығы дәлелденді. Циклооксигеназаны тежеуге арналған тесттер R - (-) энантиомердің толығымен белсенді емес екенін және S - (+) энантиомердің рацематтың фармакологиялық белсенділігіне жауап беретінін көрсетеді. Тәжірибелік жануарларға да, адамдарға да in vivo зерттеулері осы нәтижелерді растайды.
Дозалау режимі
Әрқашан препаратты дәрігер ұсынғандай қабылдаңыз. Егер сіз препаратты қабылдауға күмәндансаңыз, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Гельді күніне 2-3 рет қолдану керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Қолданылатын гель мөлшері өңделетін аймаққа байланысты, оны жақсы сіңіру үшін жеңіл уқалай отырып жағу керек
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Жалпы тәуліктік доза 7,5 г аспауы керек, бұл шамамен 14 см гельге сәйкес келеді.
Емдеу ұзақтығы
Қолдану ұзақтығы 7 күннен аспайды
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Егер Сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен кеңесіңіз.
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- аса жоғары сезімталдықтың белгілі реакциялары, мысалы, демікпе симптомдары, аллергиялық ринит, есекжем немесе кетопрофен, фенофибрат, тиапрофен қышқылы, ацетилсалицил қышқылы немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД), парфюмер өнімдерін қолданғанда туындаған тері аллергиясының білінуі
- күн сәулесінің (жарығы шашыраңқы болса да) немесе солярийдегі УФ-сәулеленуді гельмен емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейінгі 2 апта бойы
- суланатын дерматоздар, экзема
- инфекция жұқтырған сыдырулар
- ашық жаралар, көз, шырышты қабықтар (ауыз, мұрын, гениталий)
- анамнездегі кез келген фотосенсибилизация реакциялары
- жүктілік және лактация кезеңі
Жиі емес
- дерматит (эритема, қышыну, қабыну, күйдіру)
Сирек
- буллезді немесе фликтенулезді экзема сияқты жайылуға қабілетті және жайылған сипатта болатын ы ауыр реакциялар
Өте сирек
- аса жоғары сезімталдықтың жүйелік реакциялары (есекжем және бронх түйілуі)
Белгісіз
- фотосезімталдық реакциялары (эритема, қабыну, кейбір жағдайларда жеңіл везикуляциялар)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: Препарат сыртқы қолдануға арналған болғандықтан, артық дозалану ықтималдығы аз
Емі: ішіндегісін кездейсоқ жұтқан жағдайда асқазанды шаю және симптоматикалық ем тағайындау керек.
Декскетопрофен диализге жатады
Ашық жаралар мен қабынған теріге жағуға болмайды!
Көзге (конъюктива тітіркенуінің қаупі бар) және шырышты қабықтарға тигізбеуге тырысу керек.
Сонымен қатар, сақтанудың мынадай шараларын ұстанған дұрыс:
• препаратты әрбір қолданудан кейін қолды мұқият жуу керек
• гельмен емдеуді қандай болсын, оның ішінде құрамында октокрилен бар өнімдерді қатар қолданумен байланысты тері реакциялары дамуында дереу тоқтату керек
• фотосенсибилизацияның дамуын болдырмас үшін – емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін екі апта ішінде препарат жағатын аймақтарды киіммен қорғау ұсынылады
• окклюзиялық (ауа өткізбейтін) таңғыш тағумен бірге гельді қолданбаған жөн
• зақымдану белгілері, мысалы, экзема, акне, инфекциялық процесс немесе ашық жаралары бар тері бөліктеріне гельді қолданбаған жөн
• кросс-реакциялар кейбір күн қорғанысымен, фенофибратпен және химиялық құрылымына бензофенонды қосатын басқа өнімдермен бірге пайда болуы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Балаларда декскетопрофен гелін қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ДЕКСТАНОЛ гелі көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік
ДЕКСТАНОЛ гелін жүкті әйелдерге пайдаланудың қауіпсіздігі анықталмаған, сондықтан жүктілік кезінде қолданбаған жөн
Бала емізу
Декскетопрофеннің емшек сүтімен бөлінетіні белгісіз. Сондықтан ДЕКСТАНОЛ гелі препаратын бала емізу кезінде тағайындауға болмайды
Этанол құрамы:
ДЕКСТАНОЛ гелі құрамында этанол бар және терінің зақымдалған аймағында жану сезімін тудыруы мүмкін.
Басқа препараттармен өзара әрекеттесуі екіталай, өйткені жергілікті қолданғанда сарысудағы концентрациялар өте төмен
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.