Дельтиба® дәрілік препаратымен емдеуді көп түрлі дәрілік төзімділігімен (КДТ-ТА) Mycobacterium tuberculosis тудырған туберкулезді емдеу тәжірибесі бар дәрігер бастауы немесе бақылап отыруы тиіс. Дельтиба® дәрілік препаратын үнемі КДТ-ТА емдеуінің оңтайлы біріктірілген сызбасының құрамында тағайындау керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) нұсқаулығына сәйкес, деламанидпен 24-апталық емдеу кезеңі аяқталған соң оңтайлы біріктірілген сызба бойынша ем жалғастырылуы тиіс. Емдеуді тікелей қадағалаумен (ТҚЕ) жүргізуге кеңес беріледі.
Арнайы сақтандырулар
Деламанидті мыналарды емдеу үшін қолдану жөнінде клиникалық деректер жоқ:
- өкпеден тыс туберкулез (мысалы, орталық жүйке жүйесі, сүйектер);
- микобактериялардың басқа түрлері тудырған инфекциялар, M. Tuberculosis кешенін қоспағанда;
- M. Tuberculosis тудырған жасырын инфекция.
Дәріге сезімтал M. tuberculosis штаммдары тудырған туберкулезді емдеудің біріктірілген режимі құрамында деламанидті қолдану жөнінде клиникалық деректер жоқ.
Деламанидке төзімділік
ДДҰ нұсқауларына сәйкес, деламанидке төзімділік қалыптасуын болдырмау мақсатында деламанид тек қана КДТ-ТА біріктірілген емінің тиісті режимі құрамында қолданылуы тиіс.
QT аралығының ұзаруы
Деламанид қабылдаған пациенттерде QT аралығының ұзаруы байқалды. QT аралығы емдеудің алғашқы 6-10 аптасы ішінде уақыт өте біртіндеп ұзарады, ал кейіннен тұрақты күйде қалады. QT аралығының ұзаруы DM-6705 негізгі метаболитінің мөлшерімен нақты өзара байланысты болады. Қан плазмасының альбумині мен CYP3A4 изоферменті DM-6705 түзілуі мен метаболизмін реттейді («Айрықша нұсқаулар» қосалқы бөлімін қараңыз).
Жалпы нұсқаулар
Емдеу басталғанша және деламанидпен бүкіл емдеу курсы бойына ай сайын электрокардиограмманы (ЭКГ) тіркеу ұсынылады. Егер деламанидтің алғашқы дозасын қабылдар алдында немесе емдеу кезінде QTcF > 500 мс байқалса, деламанидпен емдеу басталмайды немесе препарат тоқтатылады. Егер деламанидпен емделу кезінде QTc аралығының ұзақтығы (450 мс ерлерде)/470 мс (әйелдерде) мәндерінен асып кетсе, осындай пациенттерге жиірек ЭКГ мониторингін өткізу қажет. Емдеуді бастар алдында қан сарысуындағы электролиттер, мысалы, калий деңгейлерін анықтау және егер олар бар болса, қалып шегінен ауытқуларын түзету де ұсынылады.
Айрықша нұсқаулар
Жүрек ауруларын дамытатын қауіп факторлары
Егер оны қолданудан болуы мүмкін пайдасы ықтималды қауіптерінен асып кетсе, келесі қауіп факторлары бар пациенттерге деламанидпен емдеу тағайындауға болмайды. Осындай пациенттер деламанидпен емдеудің бүкіл кезеңі бойына өте жиі ЭКГ мониторингтеуін қажет етеді.
- QTc аралығы ұзаруының анықталған тұқым қуалайтын синдромы немесе QTc аралығының ұзаруына немесе > 500 мс QTc аралығына алып келуі мүмкін кез келген клиникалық жай-күйлер.
- Анамнездегі жүрек ырғағының клиникалық мәнді бұзылулары немесе клиникалық мәнді брадикардия.
- Ауыр артериялық гипертензия, сол жақ қарынша гипертрофиясы (оның ішінде гипертрофиялық кардиомиопатия) немесе сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясының төмендеуімен іркілісті жүрек жеткіліксіздігі сияқты аритмиялардың дамуына бейімдейтін жүректің кез келген аурулары.
- Электролиттер деңгейлерінің ауытқулары, әсіресе, гипокалиемия, гипокальциемия немесе гипомагниемия.
- QTc аралығының ұзаруын тудыруға қабілетті дәрілік препараттарды қолдану. Оларға мыналар жатады (атап көрсетілгендермен шектелмей):
- Аритмияға қарсы препараттар (мысалы, амиодарон, дизопирамид, дофетилид, ибутилид, прокаинамид, хинидин, гидрохинидин, соталол).
- Нейролептиктер (мысалы, фенотиазиндер, сертиндол, сультоприд, хлорпромазин, галоперидол, мезоридазин, пимозид, тиоридазин), антидепрессанттар.
- Микробқа қарсы кейбір препараттар, оның ішінде:
- макролидтер (мысалы, эритромицин, кларитромицин);
- моксифлоксацин, спарфлоксацин;
- бедаквилин;
- зеңге қарсы препараттар, триазол туындылары;
- пентамидин;
- саквинавир.
- Тыныштандыру әсері жоқ кейбір антигистаминдік препараттар (мысалы, терфенадин, астемизол, мизоластин);
- QT аралығының ұзаруын тудыруға қабілетті безгекке қарсы кейбір
препараттар (мысалы, галофантрин, хинин, хлорохин,
артесунат/амодиахин, дигидроартемизинин/пиперакин)
- Цизаприд, дроперидол, домперидон, бепридил, дифеманил, пробукол,
левометадил, метадон, қабіршөп алкалоидтары, мышьяк триоксиді.
ГипоальбуминемияКлиникалық зерттеуде деламанид қабылдаған пациенттерде гипоальбуминемияның QTc аралығы ұзаруының өте жоғары қаупімен қатар жүретіні анықталды. Деламанид альбумин концентрациясы < 2,8 г/дл пациенттерге қарсы көрсетілімді. Деламанид қабылдауды қан сарысуы альбуминінің < 3,4 г/дл концентрациясында бастаған немесе альбумин концентрациясының жоғарыда көрсетілген емдеу кезіндегі деңгейіне дейін төмендеуі болған пациенттерге деламанид қабылдаудың бүкіл кезеңі бойына өте жиі ЭКГ бақылауы қажет болады.
CYP3A4 изоферментінің қуатты тежегіштерімен бір мезгілде қолдану
Деламанидті CYP3A4 изоферментінің қуатты тежегішімен (лопинавир/ритонавир) бірге қолдану DM-6705 метаболиті экспозициясының 30% ұлғаюымен қатар жүрді, онымен QTc аралығының ұзаруы қатарласты. Демек, егер деламанидті CYP3A4 изоферментінің қандай да бір қуатты тежегішімен бір мезгілде тағайындау қажет болса, деламанид қабылдаудың бүкіл кезеңі бойына өте жиі ЭКГ мониторингтеу ұсынылады.
Деламанидті хинолондармен бір мезгілде қолдану
QTcF аралығы 60 мс мәнінен артық ұзару жағдайларының бәрі фторхинолондармен бір мезгілде қабылдау кезінде білінді. Сондықтан, КДТ-ТА емімен бір мезгілде фторхинолондар қолдану қажет болса, деламанидпен емдеудің бүкіл кезеңі бойына өте жиі ЭКГ мониторингтеу ұсынылады.
Бауыр функциясының бұзылуы
Дельтиба® препаратын бауыр жеткіліксіздігінің ауырлығы орташа және ауыр дәрежедегі пациенттерге тағайындау ұсынылмайды.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде деламанидті қолдану деректері жоқ, осы жағдайда препаратты қолдану ұсынылмайды.
Парадокстық реакциялар
Тіркеуден кейінгі кезеңде парадокстық реакциялардың даму жағдайлары (бұрын тиісті микобактерияға қарсы емдеу кезінде ауруды емдеудің оң динамикасы болған пациенттердегі клиникалық немесе рентгенологиялық нашарлау немесе жаңа зақымдану ошақтарының дамуы) хабарланды. Парадокстық реакциялар өтпелі сипатта жиі болады және емдеуге жауаптың болмауы ретінде қате түсіндірілмеуі тиіс. Парадокстық реакцияның дамуына күмән туындағанда тағайындалған біріктірілген емді жалғастыру, ал қажет болса, айқын иммундық реакцияны басу үшін тиісті симптоматикалық емді тағайындау ұсынылады.
Қосымша заттар
Дельтиба®, 50 мг, үлбірлі қабықпен қапталған табелткалар құрамында лактоза бар. Бұл препаратты сирек кездесетін, тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, жалпы лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге қабылдауға болмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы (> 65 жас) пациенттер
Препаратты егде жастағы пациенттерде қолдану деректері жоқ.
Балалар
Дене салмағы 30 кг-ден аз педиатриялық пациенттерде Дельтиба®, 50 мг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар препаратын қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер шектеулі. Осындай пациенттерді дозалау режимі бойынша ұсынымдар жоқ.
Биотрансформациясы және шығарылуы
Адамда деламанидтің толық метаболизмдік бейіні әзірге анықталмады. Демек, деламанидті пайдалану кезінде клиникалық тұрғыда мәнді дәрілік өзара әрекеттесудің даму ықтималдығын және QTc аралығына әсерінің толық бағасын қоса, осындай өзара әрекеттесуден болуы мүмкін зардаптарды сенімді жорамалдау мүмкін емес.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор мехнаизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дельтиба® препаратының көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне орташа әсер етеді деп болжанады.
Пациенттерге осы әрекеттерді орындау қабілетіне ықтималды ықпал ететін кез келген жағымсыз реакциялары болғанда (мысалы, бас ауыру мен тремор өте жиі туындайды) механизмдерді жүргізуден және олармен жұмыс істеуден бас тартуға кеңес беру керек.