Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутримышечного и внутривенного введения
Саудалық атауы
Демотон-Б Нео
Әсер етуші зат
Витамины группы B
Мақсаты
В тобындағы дәрумендердің жеткіліксіздігімен байланысты жағдайлардың профилактикасы және емдеу, парентеральді қоректендіруде жүрген пациенттер
Өндіруші
ДЕМО С.А. Фармасьютикал Индастри
Ел
Греция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір ампуланың ішінде
белсенді заттар: тиамин гидрохлориді 10 мг
пиридоксин гидрохлориді 4 мг
рибофлавин натрий фосфаты 5.47 мг
рибофлавинге баламалы (4 мг)
никотинамид 40 мг
декспантенол 6 мг,
қосымша заттар: фенол, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар сары түсті мөлдір ерітінді.
- В тобындағы дәрумендердің жеткіліксіздігімен байланысты жағдайлардың профилактикасы және емдеу, парентеральді қоректендіруде жүрген пациенттер.
Әсер ету механизмі
Демотон-Б Нео, инъекцияға арналған ерітінді - В1-В2-В3-В5-В6 дәрумендерінің тиімді біріктірілімі.
В1 дәрумені (тиамин гидрохлориді) аденозин трифосфатымен (АТР) біріктірілімде пирофосфат тиаминнен коэнзим түзеді. Оның көмірсутектер метаболизміндегі рөлі пируваттар мен -кетоқышқылдарын декарбоксилденуінде жатыр. В1 дәрумені жасушалардың энергияға деген қажеттіліктерін жабу үшін қажетті энергияны өндіруде және таратуда маңызды рөл атқарады.
В2 дәрумені (Рибофлавин) организмде Флавин Аденин Динуклеотид (ФАД) және Флавин Мононуклеотид (ФМН) түрінде коэнзим ретінде әрекет етеді, олар тыныс алу жүйесі тіндерінің метаболизмінде маңызды рөл атқарады.
В3 дәрумені (Никотинамид) денеде никотин қышқылының ресурсы ретінде қолданылады. Бұл маңызды дәрумен липидтердің, тыныс алу жүйесі тіндерінің метаболизмінде және гликогенолизде маңызды рөл атқарады.
В5 дәрумені (Декспантенол) коэнзим-А (СоА) түзу үшін қажет және көмірсулар, ақуыздар мен майлардың метаболизмі мен синтезінде маңызды болып табылады.
В6 дәрумені (пиридоксин гидрохлориді) протеиндердің, көмірсулар мен майлардың метаболизмінде коэнзим ретінде әрекет етеді. Протеиндер метаболизмінде барынша спецификалы, ол аминқышқылдарының декарбоксилденуіне, триптофанның ниацинге немесе серотонинге айналуына және аминсізденуіне, сондай-ақ аминқышқылдарының сульфирлеуіне қатысады.
Жалпы, дәрумендердің бұл кешені көмірсулар алмасуына катализдік әсер етеді және орталық жүйке жүйесінің, қалқанша безінің, бауырдың және гемопоэздік ағзалардың, асқазан-ішек жолының, терінің және шырышты қабаттардың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Зерттеулер негізінде В тобы дәрумендерінің жеткіліксіздігі организмнің инфекцияларға қарсыласуының күрт төмендеуіне әкелетіні анықталды.
Дозалау режимі
Препараттың дозасын аурудың ауырлығына байланысты күніне 1 рет 1 немесе 2 ампуладан жеке таңдайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Бұлшықет ішіне, вена ішіне инъекция немесе инфузия түрінде енгізіледі.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы пациенттің клиникалық жағдайын бағалауға байланысты.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңеске жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолдану дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- Леводопамен бір мезгілде қолдану
- жүктілік және лактация кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Тіркеуден кейінгі кезеңде препаратты қолдану барысында келесі жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар алынды. Бұл реакциялар туралы ақпарат өздігінен келіп түскен хабарламалардан алынғандықтан, олардың пайда болу жиілігін сенімді түрде бағалау мүмкін емес.
- асқазан-ішек жолдарының ауыруы және абдоминальді ауырсыну, жүрек айнуы, құсу, іш қату және диарея
- аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық реакциялар, анафилаксиялық шок
-бронх демікпесін қоса алғанда, аса жоғары сезімталдық реакциялары, сондай-ақ терінің, тыныс алу жолдарының, асқазан-ішек жолының және/немесе жүрек-қантамыр жүйесінің зақымдануымен орташа айқын реакциялар; симптомдарға бөртпе, есекжем, беттің ісінуі, қышыну, ентігу, эритема, кардио-респираторлық дистресс және анафилаксиялық шокты қоса алғанда, ауыр реакциялар кіруі мүмкін
Аллергиялық реакция кезінде емдеуді дереу тоқтату және дәрігермен кеңесу керек.
- бас ауыруы
- хроматурия: препаратты қабылдаған кезде несептің шамалы боялуы мүмкін, мұның клиникалық маңызы жоқ және препараттың құрамында рибофлавиннің болуына байланысты
- инъекция орнындағы шамалы реакциялар.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары - препараттың ұсынылған дозаларда қолданылған кезде артық дозалануға әкелуі мүмкін екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ.
Басқа көздерден де дәрумендер қабылданатын болса, ұсынылатын тәуліктік дозаларды сақтау керек.
Артық дозаланудың жалпы симптомдарына сананың шатасуы, іш қату, диарея, жүрек айнуы және құсу сияқты асқазан-ішек бұзылыстары жатады.
Егер қолданғаннан кейін мұндай симптомдар пайда болса, емдеуді тоқтатып, дәрігерге қаралыңыз.
Егер С дәруменімен немесе В6 дәруменімен бір мезгілде емдеу жүргізілсе, препараттың жедел немесе созылмалы артық дозалануы (яғни ұсынылған дозадан 10 есе көп) уыттылықты тудыруы мүмкін.
Клиникалық белгілері мен симптомдары, зертханалық талдаулардың нәтижелері және артық дозаланудың салдары әртүрлі және пациенттердің қабылдағыштығына және қатарлас жағдайларға байланысты.
Егер артық дозалануға күдік болса, емдеуді тоқтатып, клиникалық көріністерді емдеу үшін медициналық кеңес алу мүмкіндігін қарастыру керек.
Емі - симптоматикалық ем.
Ұсынылған дозадан асырмаңыз.
Препаратты бұлшықет ішіне және вена ішіне қайта енгізу аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму қаупін арттырады. Сондықтан мүмкіндігінше пероральді қабылдауға басымдық беру керек.
Жедел немесе созылмалы артық дозалану жағымсыз әсерлердің даму қаупін арттырады.
Осы дәрумендерді басқа көздерден, соның ішінде байытылған тағамдардан, диеталық қоспалардан және басқа да қатарлас емшаралардан алған кезде препараттың тәуліктік дозасымен алынатын дәрумендердің мөлшерін ескеру қажет.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге (ШСЖ 30 мл/мин) препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек. Дозаны түзету қажет болуы мүмкін. В6 дәруменінің дозасына ерекше назар аудару керек.
В1 және В6 дәрумендері зертханалық тесттерге кедергі келтіруі және нәтижелерді қате түсіндіруге әкелуі мүмкін. Егер зертханалық зерттеулер жүргізу керек болса, дәрігерге немесе басқа медициналық қызметкерге осы емнің жүргізілгені туралы хабарлаңыз.
Арнайы сақтандырулар
Егер Сізде белсенді заттарға немесе препараттың кез келген қосымша затына аса жоғары сезімталдық болса, Демотон - Б Нео препаратын қабылдамаңыз.
Педиатрияда қолдану
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті және ықтимал қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Препараттың әрбір белсенді заты туралы көптеген өзара әрекеттесу жайлы хабарланды. Дәрумендердің препараттарын немесе басқа емдеуді қабылдап жүрген пациенттер емдеуді бастамас бұрын дәрігермен кеңесуі керек.
Препаратты ұсынылған дозаларда қолданған кезде спецификалы өзара әрекеттесу анықталмады.
Қолдануға болмайтын біріктірілімдер
+Леводопа
Допадекарбоксилазаның шеткері тежегішінсіз қолданған кезде леводопа белсенділігін тежеу.
Допадекарбоксилаза тежегіштері бір мезгілде тағайындалмаса, құрамында пиридоксин бар кез келген препараттарды қолданудан аулақ болыңыз.
Ескерілуі керек біріктірілімдер
+ Уробилиноген
B1 және B6 дәрумендерін қолданған кезде Эрлих реактивін пайдаланып уробилиногенді анықтаған кезде жалған оң нәтижелер байқалуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.