Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Концентрат для приготовления раствора для инфузий
Саудалық атауы
Демотон - Т
Әсер етуші зат
Поливитамины
Мақсаты
Операция алдындағы және кейінгі кезеңде, асқазан-ішек жолының ауруларында, ойық жаралы колитте
Өндіруші
ДЕМО С.А. Фармасьютикал Индастри
Ел
Греция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
10 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар: 25 мг пиридоксин гидрохлориді
75 мг тиамин гидрохлориді
0.75 мг цианокобаламин
15000 ХБ ретинол пальмитаты (ретинолға баламалы)
17 мг рибофлавин натрий фосфаты
(10 мг рибофлавинге баламалы)
125 мг никотинамид
30 мг декспантенол
1000 ХБ эргокальциферол
10 мг dl-альфа-токоферол ацетаты,
қосымша заттар: бензил спирті, гентизин қышқылы этаноламиді, полисорбат 80, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар, қызғылт сары-сарғыш түсті мөлдір ерітінді.
Кешенді ем құрамында
-операция алдындағы және кейінгі кезеңде
-асқазан-ішек жолының ауруларында, ойық жаралы колитте
-полиневриттерде, невралгияларда
-инфекциялық аурулардан кейін иммунитетті арттыру мақсатында реконвалесценция кезеңінде
-гиповитаминозды емдеу және профилактикасы, дәрумендерге қажеттілік жоғарылағанда (гипертиреоз, созылмалы маскүнемдік, тамақтанудың бұзылуы)
Әсер ету механизмі
Пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) ақуыздар, көмірсулар мен майлар метаболизмінде кофермент ретінде әсер етеді. Әсіресе, ақуыздар метаболизмі кезінде амин қышқылдары декарбоксилденуіне, триптофан ниацинге қайта өзгергенде немесе серотонин және амин қышқылдарының дезаминделуіне, аминделуіне және сульфитенуіне қатысады.
Тиамин гидрохлориді (В1 дәрумені) аденозинтрифосфатпен бірге (АТР)
тиамин пирофосфатын, кофермент түзеді. Оның рөлі пируват және ацетоқышқылдар декарбоксилденуінде болатын көмір қышқылдары метаболизмінде болып табылады. В1 дәрумені жасушаларға қажетті қуатты алу үшін қажет етілетін қуат түзуде және босап шығуда маңызды рөл атқарады.
Цианокобаламин (В12 дәрумені)) трансметилдену үдерістеріне, сутегі тасымалына, метионин, нуклеиндік қышқылдардың, холиннің, креатиннің түзілуіне қатысады. В12 дәрумені орталық жүйке жүйесі қызметіне оң әсерін тигізеді, ми қызметін жақсартады, миелиндік тіндегі липопротеид өніміне қажетті ферменттің түзілуіне қатысады.
Рибофлавин (В2 дәрумені) организмде Флавин Аденин екінуклеотид (Flavine Adenine Dinucleotide) (FAD) және Флавин мононуклеотид (Flavin Mononucleotide) (FMN) түріндегі кофермент ретінде әсер етеді, ол тыныс алу жүйесі тіндерінің метаболизмінде маңызды рөл атқарады. Никотинамид (В3 дәрумені) организмде ниацин көзі ретінде пайдаланылады. Бұл маңызды дәрумен липидтердің, тыныс алу жүйесі тіндерінің метаболизмінде және гликогенолизде маңызды рөл атқарады.
Жалпы алғанда, бұл дәрумендер кешені көміртектер алмасуына катализдік әсер етеді және орталық жүйке жүйесінің, қалқанша бездің, бауыр мен қан түзу ағзаларының, асқазан-ішек жолының, тері және шырышты қабықтардың қалыпты қызмет атқаруы үшін қажет.
В тобы дәрумендерінің жеткіліксіздігі организмнің инфекцияларға қарсыластығының төмендеуіне алып келеді.
Декспантенол (В5 дәрумені) - ацетил-КоА коферментінің құрамдас бөлігі болып табылатын D-пантотен қышқылының спирттік аналогы, ол барлық жасушалардың метаболизмінде маңызды рөл атқарады.
Ретинол пальмитаты (А дәрумені) эпителий жасушалары өсуінің кідіруін болдырмайды және бүтіндігін сақтайды.
Эргокальциферол (D дәрумені) кальций және фосфор сіңуінің белсенділігіне ықпал етеді, сүйекке минералдардың сіңу жылдамдығын арттырып, фосфаттың бүйрек өзекшелерімен қайтадан сіңуіне ықпал етеді және магний метаболизміне қатысады.
dl-α-токоферол ацетаты (Е дәрумені) тотықтануға қарсы қасиеттері бар, жасушалар компоненттерін тотықтанудан қорғайды және тотықтанудың уытты өнімдері қалыптасуынан сақтандырады; қан қызыл жасушалары қабырғаларының тұтастығын сақтайды және гемолизді болдырмайды.
Дозалау режимі
Күнделікті 500 мл кем емес 0.9% натрий хлориді немесе 5% декстроза ерітіндісінде сұйылтылған 1 - 2 ампула.
Препаратты тағайындағанда барлық жерден түсетін дәрумендердің (тамақтану, басқа дәрумендік қоспалар немесе құрамында белсенді емес ингредиенттер ретінде дәрумендер болатын препараттар) жалпы күнделікті тұтынылуын ескерген жөн.
Емдеу курсының ұзақтығы пациенттің клиникалық статусын бағалауға байланысты. Ұсынылған емдеу курсы екі апта бойы жүргізіледі. Қажет болса емдеу курсы үш аптадан аспайтын мерзімге ұзартуға болады.
Қолдану тәсілі
Вена ішіне баяу енгізілетін инфузия арқылы (ең жоғары жылдамдығы 250 мл / сағатына)!
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінеің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолдану дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек.
- препараттың жекелеген компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, жүрек өткізгіштігінің ауыр бұзылулары
- препараттың құрамындағы дәрумендердің біреуінің гипервитаминозы
- препараттың белсенді компоненті декспантенол гемофилия жағдайындағы және механикалық кедергіден туған мықын ішегінің бітелуі бар науқастарға қарсы көрсетілімді
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар.
- аллергиялық реакциялар
Сирек
- тершеңдік
- тахикардия
- безеу бөртпесі, қышыну, есекжем түріндегі тері реакциялары, анафилаксиялық шоктың пайда болуы
- бас айналуы, аритмия, құрысулар (препаратты өте жиі енгізгенде)
Болуы мүмкін
- А және Д гипервитаминозы (жоғары дозаларда қолданғанда).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары – дәрілік заттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі мүмкін.
Жоғары дозаларын пайдаланғанда А және D дәрумендерінің гипервитаминозы туындау ықтималдығы бар.
Тәулігіне 500 мг аздау дозасы қауіпсіз болып саналады.
Пиридоксинді тәулігіне 200 мг дозада ұзақ қабылдау сенсорлық невропатияның себебі болуы мүмкін. Пиридоксин пайдалануды тоқтатқаннан кейін симптомдар азаяды. Сезімталдықты қалпына келтіру үшін 6 ай қажет болуы мүмкін.
Емі – симптоматикалық ем.
Препаратты өте тез енгізген жағдайларда жүйелі реакциялар мүмкін (бас айналуы, аритмия, құрысулар) туындауы, олар артық дозалануының салдары да болуы мүмкін.
Егер препаратты инфузиялық ерітінділермен араластырғанда, көзге көрінетін өзгерістер туындайды, мысалы, түсінің өзгеруі, бұлыңғырлануы немесе шөгінді түзілуі, қоспа қолдануға жарамсыз.
Шеткері допа-декарбоксилаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану жағдайларын қоспағанда, препарат леводопамен қолданылмайды.
Демотона-Т қабылдағанда несептің сары-қызғылт сары түске боялуы мүмкін, мұның клиникалық мәні жоқ және препарат құрамында рибофлавиннің (В2 дәрумені) болуына негізделген.
B6 дәруменінің жоғары дозаларын ұзақ қолданғанда шеткері неврологиялық реакциялар, атап айтқанда, парестезия, сезім түйсігінің төмендеуі және ұйқышылдық байқалады.
Егде жастағы пациенттерге арнайы сақтандырулары жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы мәліметтер жоқ.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Изониазид, циклосерин, пеницилламин, гидралазин және антикоагулянттар В6 дәруменіне мұқтаждығын арттырады
Пиридоксин гидрохлориді фенобарбитал және фенитоиннің емдік әсерін 50%-ға төмендетеді.
Пиридоксин гидрохлориді допа-декарбоксилазаны белсендіреді. Препаратты қабылдау шеткері допа-декарбоксилаза тежегіштерін қабылдаумен үйлеспейтін болса, леводопамен бір мезгілде тағайындамаған жөн.
Тиамин гидрохлориді (В1 дәрумені) тотығу-тотықсыздану субстанцияларымен үйлеспейді және бейтарап және сілтілі ерітінділерде (яғни карбонаттарда, цитраттарда, барбитураттарда, эритомицин лактобионаты IV) тұрақсыз. Құрамында гипосульфат тұзы бар ерітінділер тиамин гидрохлоридімен үйлеспейді.
Никотинамид (В3 дәрумені) гипертонияға қарсы дәрілік заттардың әсерін күшейтеді және изониазид агонисі болып табылады.
Сақтау мерзімі
18 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.