Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Пленки диспергируемые в полости рта
Дозасы
60000 МЕ
Саудалық атауы
ДЕНЬВИТ D3 ИММУНО
Әсер етуші зат
Колекальциферол
Мақсаты
Д3 дәруменінің гиповитаминозы
Өндіруші
ЗИМ ЛАБОРАТОРИЕС ЛИМИТЕД
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір үлбірдің құрамында:
белсенді зат – колекальциферол (D3 дәрумені) 0.080 мг (2000 ХБ);
қосымша заттар: гипромеллоза (15 cps), симетикон, пропиленгликоль, глицерин, полисорбат 80, сукралоза, титанның қостотығы (Е171), жалбыз майы (дементолданған жалбыз майы), бутилденген гидроксианизол, бутилденген гидрокситолуол, неотам, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Тік бұрышты пішіндегі, ақ түсті, мөлдір емес, жабысқақ емес үлбір, ұзындығы 30.00 1.00 мм, ені 20.00 0.25 мм, қалыңдығы 0.070 ± 0.010 мм.
-Д3 дәруменінің гиповитаминозы
-остеомаляция, остеопороз, рахит сияқты Д3 дәруменінің тапшылығынан туындаған ауруларды емдеу
- жүкті және бала емізетін әйелдерде Д3 дәруменінің тапшылығын емдеу
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Ересектер, егде жастағылар және жасөспірімдер үшін: күніне бір үлбір, дұрысы тамақтан кейін.
Д3 дәрумені ауыз қуысында ұсақталатын үлбірлер 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.
Емдеу D дәруменінің қолдау дозасына ауысумен жалғасатын нақты емдік әсер алынғанға дейін жүргізіледі.
Ұзақ мерзімді емдеу кезінде қандағы және несептегі кальций деңгейін үнемі анықтап, сондай-ақ креатининнің сарысулық деңгейін өлшеу арқылы бүйрек функциясын анықтап отыру керек. Қажет болса, дозаны қан сарысуындағы кальций деңгейін ескере отырып түзету керек.
Енгізу әдісі және жолы
Пероральді қолдану үшін.
Жыртуға арналған қатпар-линяны шешу үшін пакетті құрғақ қолмен пункттелген линияның жанына қойыңыз. Пакетті линия бойымен абайлап тартып ашыңыз және пакеттен үлбірді шығарып алыңыз. Үлбірді бірден тілге қойыңыз және ол ерігенше күтіңіз. Үлбір ерігеннен кейін сұйықтықпен немесе онсыз жұту керек.
Д3 дәрумені тапшылығының қаупі жоғары пациенттердің белгілі бір топтары анағұрлым жоғары дозаларды қажетсінуі мүмкін, мысалы:
•институционализацияланған немесе ұзақ уақытқа ауруханаға жатқызылған адамдар
•қара нәсілділер, әсіресе анағұрлым жоғары кеңдікте
•қорғағыш киімге немесе күннен қорғайтын кремді тұрақты пайдалануға байланысты инсоляциясы жеткіліксіз адамдар
•семіруден зардап шегетін адамдар
•диагностикаланған остеопорозы бар адамдар
•дәрілік препараттарды (мысалы, құрысуға қарсы препараттар, глюкокортикоидтар) қатар қабылдайтын адамдар
•мальабсорбциядан, оның ішінде ішектің қабыну ауруларынан және глютендік энтеропатиядан зардап шегетін адамдар
•Д дәруменінің тапшылығынан емделіп жүрген, демеуші ем қажет болатын адамдар
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Сұрақ туындаған жағдайда дәрілік препаратты қабылдамас бұрын кеңес алу үшін дәрігерге жүгініңіз.
- белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық
- Д гипервитаминозы
- несеп-тас ауыруы
- нефрокальциноз
- гиперкальциемияның және/немесе гиперкальциурияның (мысалы, миелома, сүйек тініндегі метастаздар немесе сүйек тінінің басқа қатерлі аурулары, бастапқы гиперпаратиреоидизм) дамуына әкелетін аурулар немесе жағдайлар
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
- 12 жасқа дейінгі балалар
Жиі емес
- гиперкальциемия
- гиперкальциурия
Сирек
- қышыну
- бөртпе
- есекжем
Белгісіз
- жоғары сезімталдық реакциялары
- жүрек айнуы
- құсу
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Д3 дәруменімен жедел және созылмалы артық дозаланудың ең ауыр салдары гиперкальциемия.
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, полиурия, анорексия, әлсіздік, апатия, шөлдеу, іш қатуы, ұйқышылдық және бас айналуы. Созылмалы артық дозалану гиперкальциемия салдары ретінде қантамырлар мен ағзалар кальцинациясының дамуына әкелуі мүмкін.
Емі: Д3 дәруменін қабылдауды тоқтату және регидратация (су теңгерімін қалпына келтіру) жүргізу қажет.
Д дәруменін бүйрек функциясы бұзылған және бүйрек тастары бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Дәруменнің қандағы кальций және фосфаттар деңгейлеріне әсерін бақылау қажет. Жұмсақ тіндер кальцификациясының ықтимал қаупін ескеру керек. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде кальциферол түріндегі Д дәрумені тиісінше метаболиздене алмайды, сондықтан мұндай пациенттерге Д дәруменінің басқа түрлерін қолдану керек.
Д3 дәруменін саркоидоздан немесе басқа да гранулематоздық аурулардан зардап шегетін пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту керек, себебі Д дәруменінің белсенді формасына дейін метаболизм қаупі жоғарылайды. Мұндай пациенттерде қан сарысуындағы және несептегі кальций мөлшеріне мониторинг қажет.
Д дәруменімен емдеуді бастапқы гиперпаратироидизмді бүркемелеуге қабілетті. Осыған бейім пациенттерде қан сарысуындағы кальций деңгейін бақылау керек. Егер кальций деңгейі жоғарыласа, Д дәруменінің бастапқы гиперпаратироидизмді бүркемелеу қабілетін ескеру керек.
Ұзақ емдеу уақытында қан сарысуындағы кальций деңгейін және бүйрек функциясын (плазмалық креатинин деңгейін өлшеу жолымен) бақылау қажет. Мұндай мониторинг, әсіресе жүрек гликозидтерімен немесе несеп айдайтын препараттармен бірге ем алатын егде жастағы пациенттер үшін, сондай-ақ тастардың түзілуіне жоғары үрдісі бар пациенттер үшін маңызды. Гиперкальциурия (300 мг, 7.5 моль/24 сағ. асатын) немесе бүйрек функциясының бұзылуы белгілері жағдайында Д дәруменінің дозасын төмендету, не емді тоқтату керек.
Ауыз қуысында ұсақталатын Д3 дәруменін үлбірлер түрінде құрамында Д дәрумені бар басқа препараттармен тағайындағанда Д дәруменінің дозасын ескеру және тиісінше түзету керек.
Д3 дәруменін орнын толтыру немесе емдеу үшін тағайындағанда кальций деңгейін және оның жеке-жеке пациенттерде тамақпен алынуын ескеру керек.
Д дәруменіне сезімталдығы жоғары пациенттерде мониторинг талап етілуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Ауыз қуысында ұстақталатын үлбірлер, Д3 дәрумені, 2000 ХБ 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ДЕНЬВИТ D3 ИММУНО автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Д3 дәруменін жүкті әйелдер үшін ұсынылған тұтынылуы тәулігіне 600 ХБ құрайды. Алайда, егер жүкті әйелде Д3 дәруменінің жеткіліксіздігі байқалса, анағұрлым жоғары доза талап етілуі мүмкін. Жүктілік уақытында әйелдер емдеуші дәрігердің нұсқауларына еруі тиіс, себебі Д3 дәруменіне қажеттілік оның жеткіліксіздігіне және емге деген реакцияға байланысты болуы мүмкін. Емдік дозаларда Д3 дәрумені адамда тератогенді әсер тудырмайды.
Д3 дәрумені және оның метаболиттері емшек сүтімен шығарылады. Сәбилерде бала емізетін аналардың дәруменді қабылдауынан туындаған артық дозалану байқалмады. Алайда, Д3 дәруменін емшектегі сәбилерге тағайындағанда бала емізетін аналарға тағайындалған Д3 дәруменінің дозасын ескеру керек.
Фенитоинды немесе барбитураттарды бір уақытта қолдану Д дәруменінің әсерін метаболизм жылдамдығының жоғарылау нәтижесінде азайтуы мүмкін.
Холестирамин сияқты ион алмасу шайырларын немесе парафин майы сияқты іш жүргізетін дәрілерді бір уақытта қабылдау Д дәруменінің асқазан-ішек абсорбциясын төмендетуі мүмкін.
Глюкокортикоидтарды бір уақытта қолдану Д дәруменінің әсерін төмендетуі мүмкін.
Құрамында дигиталис бар препаратармен немесе басқа жүрек гликозидтермен емдеу жағдайында Д дәруменін бір уақытта қолдану олардың уытты әсерін (аритмия) күшейтуі мүмкін. Қатаң дәрігерлік бақылау, сондай-ақ қан сарысуындағы кальций концентрациясына мониторинг және, қажет болса ЭКГ қажет.
Тиазидтік диуретиктер кальцийдің несеппен шығарылуын азайтады. Д дәруменінің көп мөлшерін диуретиктермен бірге қабылдау гиперкальциемияға әкелуі мүмкін. Кальцийдің несеппен шығарылуын азайтатын тиазидтік диуретиктермен бір уақытта емдеген жағдайда қан сарысуындағы кальций концентрациясына мониторинг жүргізу ұсынылады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.