Ескертулер
Жүктіліктен сақтану бағдарламасы Вальпроаттың жоғары тератогенді қуаты бар, ал құрсақ ішінде вальпроат әсеріне ұшыраған балаларда туа біткен даму ақауларының және жүйке-психикалық даму бұзылуларының қаупі жоғары болады. Вальпроатты, басқа емдеу әдістері тиімсіз немесе пациенттерге жағымсыз болған жағдайларды қоспағанда, ұрпақ өрбіту қабілеті бар қыз балалар мен әйелдерге тағайындауға болмайды. Егер ешқандай басқа емдеу мүмкіндігі болмаса, төменде ұсынылған Жүктіліктен сақтану бағдарламасы бойынша әрекеттену қажет. Депакин® препараты келесі оқиғаларда қарсы көрсетілімді: - жүктілік кезінде, сай келетін баламалы емдеу болмаған жағдайларды қоспағанда; - ұрпақ өрбіту қабілеті бар әйелдерде, Жүктіліктен сақтану бағдарламасының шарттары орындалатын жағдайларды қоспағанда. Жүктіліктен сақтану бағдарламасының шарттары Препаратты тағайындайтын тұлға (емдеуші дәрігер) көз жеткізуі тиіс: әр жағдайда пациент әйелмен талқыласу жолымен, оның қатыстырылуына, емдеу нұсқаларының талқылануына кепілдік бере отырып және пациент әйелдің қауіптер мен қауіптерді барынша азайтуға қажетті шараларды түсінуін қамтамасыз етумен жекелеген жағдаяттар бағаланды; пациент әйелдердің бәрінде жүктілік ықтималдығы бағаланады; пациент-әйел құрсақ ішінде вальпроат әсеріне ұшыраған балалар үшін бұл қауіптер шамасын қоса, туа біткен даму ақаулары мен жүйке-психикалық даму бұзылуларының қауіптерін түсінеді және растайды; пациент әйел, қажет болса, емдеу басталуына дейін және емдеу кезінде жүктілікке тестіден өту қажеттілігін түсінеді; пациент әйелге контрацепция жөнінде кеңес берілген, әрі пациент әйел вальпроатпен емдеу жалғасқан бүкіл кезең бойына үздіксіз тиімді контрацепцияны қадағалауға қабілетті; пациент әйел эпилепсияны емдеу тәжірибесі бар маманның емдеуді жүйелі түрде (кем дегенде, жыл сайын) қайта қарауы қажеттілігін түсінеді; пациент әйел өзі жүктілікті жоспарлаған бойда бірден ұрықтануға дейін және контрацепция пайдалануды тоқтатуға дейін дер мезгілінде талқылауды және баламалы емдеу нұсқаларына ауысуды қамтамасыз ету үшін өз дәрігерімен кеңесу қажеттілігін түсінеді; пациент әйел жүкті болып қалған жағдайда шұғыл дәрігерге қаралу қажеттілігін түсінеді; пациент әйелге пациентке арналған нұсқаулық берілген; пациент әйел өзінің вальпроатты қолданумен байланысты қауіптерді және қажетті алдын ала сақтану шараларын түсінгенін растайды (жыл сайынғы қауіптермен танысу нысаны). Бұл шарттар, емдеуді тағайындайтын тұлға жүктілік қаупінің жоқ екенін растайтын дәлелді себептер бар деп санайтын жағдайларды қоспағанда, қазіргі уақытта жыныстық қатынасқа түспейтін әйелдерге де қатысты болады. Қыз балалар Препаратты тағайындайтын тұлға (емдеуші дәрігер) көз жеткізуі тиіс: қыз балалардың ата-аналары/қамқоршылары вальпроат қабылдап жүрген қыз балада менархе басталуынан кейін бірден маманға қаралу қажеттілігін түсінеді; менархе басталған қыз балалардың ата-аналары/қамқоршылары құрсақ ішінде вальпроат әсеріне ұшыраған балалар үшін осы қауіптер шамасын қоса, туа біткен даму ақауларының және жүйке-психикалық даму бұзылуларының қауіптері туралы жан-жақты толық ақпарат алған; менархе басталған пациент қыздарда вальпроатпен емдеу қажеттігі жыл сайын қайта бағаланады және баламалы емдеу нұсқалары қарастырылады. Егер вальпроат бірден бір сай келетін емдеу нұсқасы болса, тиімді контрацепцияны пайдалану қажеттілігін және Жүктіліктен сақтану бағдарламасының басқа шарттарының бәрін талқылау керек. Емдеуші дәрігер қыз балаларды жыныстық жетілуге немесе кәмелет жасына жетуге дейін баламалы емдеуге ауыстыру үшін бар күш-жігерін жұмсауы тиіс. Жүктілікке тест Вальпроатпен емдеу басталуына дейін жүктілік жоққа шығарылу керек. Жүктілік кезінде алдын ала көздеусіз пайдалану болғанын жоққа шығару үшін денсаулық сақтау жүйеснің қызметкері растаған 25 мХБ/мл кем емес сезімталдығы белгіленген плазманы пайдаланумен жүктілікке тест теріс нәтижесін алмаған ұрпақ өрбіту қабілеті бар әйелдерде вальпроатпен емдеу басталмауы тиіс. Жүктілікке осы тест емдеу кезінде жүйелі уақыт аралықтары сайын қайталану керек. Контрацепция Вальпроат тағайындалатын ұрпақ өрбіту қабілеті бар әйелдер вальпроатпен бүкіл емдеу кезеңі бойына үздіксіз тиімді контрацепцияны пайдалануы тиіс. Осы пациент әйелдерге жүктіліктен сақтану туралы толық ақпарат берілуі тиіс, ал егер олар тиімді контрацепцияны пайдаланбаса, оларды контрацепция мәселелері бойынша кеңес алуға жіберу керек. Контрацепцияның, кем дегенде, бір тиімді әдісін (дұрысы, жатырішілік спираль немесе имплантат сияқты автономды түрін) немесе бөгеттік әдісін қоса, контрацепцияның екі қосымша әдісін пайдалану керек. Контрацепция әдісін таңдау кезіндегі әр жағдайда пациент әйелмен оның түсінгенін және таңдалған шараларды қадағалағанын кепілдеу үшін талқылау арқылы жекелеген жағдаяттар бағалануы тиіс. Тіпті аменорея кезінде пациент әйел тиімді контрацепция жөнінде берілген бүкіл кеңесті қадағалауы тиіс. Құрамында эстроген бар препараттар Құрамында эстроген бар гормондық контрацептивтерді қоса, құрамында эстроген бар препараттармен бір мезгілде қабылдау вальпроат тиімділігінің төмендеуіне ықтималды алып келуі мүмкін. Құрамында эстроген бар препараттарды тағайындау немесе тоқтату кезінде клиникалық жауапты мониторингтеу (ұстамаларды бақылау) қажет. Дегенмен де, вальпроат гормондық контрацептивтер тиімділігін төмендетпейді. Дәрігердің емдеуді жыл сайын қайта қарауы Емдеуші дәрігер вальпроаттың пациент әйелді емдеу үшін ең көп сай келетін препарат болуын-болмауын, кем дегенде, жылына 1 рет тексеруі тиіс. Емдеуші дәрігер жыл сайынғы қауіптермен танысу нысанын әр жыл сайын қайта қараудың басында және барысында талқылауы және пациент әйелдің оның мазмұнын түсінгеніне көз жеткізуі тиіс. Жыл сайынғы қауіптермен танысу нысанын емдеуші дәрігер мен пациент әйел (немесе оның заңды өкілі) тиісті үлгіде толтыруы және қол қоюы тиіс. Жүктілікті жоспарлау Егер әйел жүктілікті жоспарласа, эпилепсияны емдеу тәжірибесі бар маман вальпроатпен емді қайта бағалауы және баламалы емдеу нұсқаларын қарастыруы тиіс. Ұрықтануға дейін және контрацепция пайдалануды тоқтатуға дейін тиісті баламалы емдеуге ауысу үшін бүкіл күш-жігерді жұмсау қажет. Егер ауысу мүмкіндігі болмаса, әйел өзінің отбасын жоспарлауға қатысты негізделген шешімінің қабылдануын қамтамасыз ету үшін вальпроат қолданудың келешек сәби үшін қауіптеріне қатысты қосымша кеңес алуы тиіс. Жүктілік жағдайында Егер вальпроатты пайдаланып жүрген әйел жүкті болып қалса, оны вальпроатпен емдеу қажеттілігін қайта бағалау және баламалы нұсқаларын қарастыру үшін дереу маманға жолдау қажет. Вальпроатты пайдаланып жүріп жүкті болып қалған пациент әйелдерді және олардың жұптастарын вальпроат әсеріне ұшыраған жүктілікке қатысты бағалау және кеңес беру үшін тератологиядан тәжірибесі бар маманға жолдау керек. Фармацевт мынаған көз жеткізуі тиіс: - пациент картасы вальпроат әр жолы берілген сайын беріледі және пациенттер оның мазмұнын түсінуі тиіс; - пациенттерге вальпроатпен емдеуді өз бетінше тоқтатпауға тиістігінен және егер олар жүктілікті жоспарласа немесе жүкті болу күмәні болса, дереу дәрігер-маманға қаралу керектігінен хабарлануы тиіс. Білім беру материалдары Денсаулық сақтау жүйесінің мамандарына және пациент әйелдерге жүктілік кезіндегі вальпроат әсерінен сақтануға көмектесу үшін Тіркеу куәлігінің ұстаушысы вальпроат тератогенділігі (туа біткен даму ақаулары) және фетоуыттылығы (жүйке-психикалық даму бұзылулары) туралы алдын алу шараларын күшейту үшін білім беру материалдарын ұсынады және ұрпақ өрбіту қабілеті бар әйелдерде вальпроатты пайдалануға қатысты нұсқаулар мен Жүктіліктен сақтану бағдарламасы туралы толық мәліметтер береді. Пациентке арналған нұсқаулық және пациент картасын вальпроатты пайдаланып жүрген ұрпақ өрбіту қабілеті бар әйелдердің бәріне ұсыну керек. Вальпроатпен емдеу басталған уақытта және емдеуді әр жыл сайын қайта қарау барысында емдеуші дәрігер мен пациент әйел (немесе оның заңды өкілі) тиісті үлгіде толтыруы және қол қоюы тиіс болатын жыл сайынғы қауіптермен танысу нысанын пайдалану керек.
Вальпроаттарды ұрпақ өрбітуге қабілетті жасөспірімдер мен ерлерде қолдану Ретроспективті зерттеу деректері ұрықтануға дейін 3 ай бойы вальпроаттармен емдеу қабылдаған ерлерден туған балаларда, ламотриджинмен немесе леветирацетаммен емдеу қабылдаған ерлерден туған балалармен салыстырғанда, жүйке-психикалық даму бұзылуларының жоғары қаупін көрсетеді. Алдын ала сақтану шарасы ретінде препаратты тағайындайтын дәрігер ұрпақ өрбітуге қабілетті жасөспірімдер мен ерлерді осы ықтималды жоғары қауіптен хабардар етуі және пациентпен мыналарды талқылауы тиіс: жұптастарын қоса, емдеу кезінде және оны тоқтатудан кейін, кем дегенде, 3 ай бойы тиімді контрацепция қажеттілігі; вальпроатпен емдеу кезінде және оны тоқтатудан кейін, кем дегенде, 3 ай бойы шәуһет донорлығына рұқсат етілмеуі. Вальпроаттың ең көп сай келетін емдеу болып қала беруін анықтау үшін препаратты тағайындайтын дәрігер ұрпақ өрбітуге қабілетті жасөспірімдер мен ерлерді вальпроатпен емдеуді жүйелі бағалауы тиіс. Балалы болуды жоспарлап жүрген ер жынысты пациенттер үшін дәрігер емдеудің баламалы нұсқаларын қарастыруы және пациенттермен талқылауы тиіс. Бөлек оқиғалар әркімде жеке тәртіпте бағалануы тиіс. Эпилепсияны емдеуге мамандандырылған дәрігерден кеңес алу ұсынылады. Қауіпті төмендету бойынша құжаттар медициналық қызметкерлер үшін, сондай-ақ ұрпақ өрбітуге қабілетті жасөспірімдер мен ерлер үшін де қолжетімді. Вальпроатпен емдеу басталған уақытта және емдеуді әр жыл сайын қайта қарау барысында емдеуші дәрігер мен пациент әйел (немесе оның заңды өкілі) тиісті үлгіде толтыруы және қол қоюы тиіс болатын жыл сайынғы қауіптермен танысу нысанын пайдалану керек. Вальпроат алып жүрген ұрпақ өрбітуге қабілетті жасөспірімдер мен ерлерге пациентке арналған нұсқаулық берілуі тиіс.
Ұстамалардың жаңғыруы
Эпилепсияға қарсы басқа препараттармен болған жағдайдағы сияқты, вальпроатты қабылдау жақсарудың орнына ұстамалар (эпилепсия статусын қоса) жиілігінің және ауырлығының қайтымды жаңғыруына немесе ұстамалардың жаңа типтерінің пайда болуына алып келуі мүмкін. Ұстамалар жаңғырған жағдайда пациенттер емдеуші дәрігермен дереу кеңесу керек. Бұл ұстамаларды фармакокинетикалық әрекеттесу, уыттану немесе артық дозалану салдарынан туындауы мүмкін ұстамалардан дифференциялап алу керек.
Аталған дәрілік препараттың вальпрой қышқылына метаболизденуіне орай, вальпрой қышқылымен артық дозалануға жол бермеу үшін оны дәл сол трансформациядан өтетін басқа да дәрілік препараттармен (мысалы, семинатрий вальпроаты, вальпромид) біріктіруге болмайды.
Бауырдың ауыр зақымдануы
Пайда болу жағдайлары
Бауыр зақымдануының ағымы ауыр және кейде өліммен аяқталған бірлі-жарым жағдайлары болды. Жоғары қауіп тобын ауыр эпилепсиясы, оның ішінде мидың зақымдануымен, ақыл-ой дамуының кідіруімен және/немесе тұқым қуалайтын метаболизмдік бұзылулармен байланысты эпилепсиясы (бастапқы гипокарнитинемия, мочевина циклының бұзылуы, митохондриялық фермент γ-полимеразаны кодтайтын ядролық гендегі (POLG) мутациялар сияқты митохондриялық бұзылуларды қоса) немесе генетикалық дегенеративтік аурулары бар сәбилер мен 3 жасқа дейінгі балалар құрайды. Осындай асқынулар жиілігі 3 жастан асқан шамада едәуір азаяды және жас өсуімен біртіндеп төмендейді.
Көптеген жағдайларда бауырдың зақымдануы алғашқы 6 ай емделу кезінде, әдетте, 2 және 12 апталар арасында, әрі бәрінен жиірек эпилепсияға қарсы біріктірілген емдеу кезінде байқалады.
Сақтандыру белгілері
Клиникалық симптомдардың ерте диагностикалау үшін маңызы зор. Атап айтқанда, сарғаюдың алдында болуы мүмкін симптомдардың екі жағдайы, әсіресе, қауіп тобының пациенттеріне қатысты ескерілуі тиіс:
• біріншіден, әдетте, кенеттен пайда болатын астения, анорексия, сылбырлық, ұйқышылдық сияқты, кейде қайталамалы құсумен және іштің ауыруымен қатар жүретін спецификалық емес симптомдар;
• екіншіден, емдеуді тиісті ұстанудың қадағалануына қарамастан эпилепсия ұстамаларының жаңғыруы.
Пациенттерді, ал егер бұл балалар болса, олардың отбасыларына осы тектес кез келген белгілер пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу керектігінен мағлұматтандыру кеңесі беріледі. Клиникалық тексеруден басқа, бірден бауыр функциясына зертханалық талдаулар орындалу керек.
Анықтау
Бауыр функциясының зертханалық зерттеулерін, әсіресе, қауіп тобындағы пациенттерде ем басталуына дейін және алғашқы 6 ай емделу кезінде жүйелі өткізу қажет.
Өзінің гепатоуыттылығымен белгілі қатарлас ем өзгертілгенде (дозаны арттыру немесе жаңа емдеу) бауыр функциясының зертханалық зерттеулерін қайталап жүргізу қажет.
Классикалық тестілер арасында бауырдағы ақуыз синтезін, әрі, атап айтқанда, протромбин уақытын (ПУ) көріністейтін тестілер ең көп орынды болады. Протромбиннің аномалиялық төмен деңгейі расталған жағдайда, әсіресе, егер зертханалық талдауларда басқа да аномалиялық ауытқулар (фибриноген концентрациясының және ұю факторларының елеулі төмендеуі, билирубин концентрациясының және бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы) білінсе, емдеу тоқтатылуы тиіс (алдын ала сақтану шарасы ретінде біріктірілген тағайындау кезінде салицилат туындыларымен емдеуді де үзу керек, өйткені олар бірдей метаболизм жолдарын пайдаланады.
Панкреатит
Өте сирек жағдайларда кейде өліммен аяқталуға алып келуі мүмкін панкреатит білінді. Бұл жағдайлар пациенттің жасына және емдеу ұзақтығына байланыссыз байқалды, осы орайда кішкентай жастағы балалар ерекше қауіп тобына кірді.
Жайсыз аяқталатын панкреатит, әдетте, кішкентай жастағы балаларда немесе ауыр ұстамалары, неврологиялық бұзылулары бар немесе эпилепсияға қарсы бірнеше дәрімен емдеуден өтетін пациенттерде білінді.
Егер панкреатит бауыр жеткіліксіздігімен қатар пайда болса, өліммен аяқталу қаупі артады.
Іштің қатты ауыруы немесе асқазан-ішек жолы тарапынан жүрек айну, құсу және/немесе анорексия сияқты белгілер пайда болған жағдайда панкреатитті диагностикалауды қарастыру керек, ал ұйқы безі ферменттерінің деңгейі жоғарылаған пациенттерде емдеуді тоқтату және қажетті баламалы емдеу шараларын қабылдау керек.
Суицидтік ойлар және мінез-құлық
Суицидтік ойлау және мінез-құлық бірнеше көрсетілім бойынша эпилепсияға қарсы дәрілермен емделген пациенттер арасында білінді. Эпилепсияға қарсы дәрілердің рандомизацияланған, плацебо-бақыланатын зерттеулерінен алынған деректердің мета-талдауы да суицидтік ойлау мен мінез-құлықтың пайда болу қаупінің аздап артуын көрсетті. Осы қауіптің себептері белгісіз, ал қолжетімді деректер вальпроатты қолдану кезіндегі жоғары қауіпті жоққа шығару мүмкіндігін бермейді.
Демек, пациенттер суицидтік ойлар мен мінез-құлық белгілерінің пайда болуы тұрғысынан мұқият қадағалауда болуы тиіс және тиісті емдеу қарастырылуы тиіс. Пациенттер (және олардың қамқоршылары) суицидтік ойлау мен мінез-құлық пайда болған жағдайда өздерінің дәрігерге қаралуы тиіс екенінен хабардар болуы тиіс.
Белгілі немесе болжамды митохондриялық ауруы бар пациенттер
Вальпроат митохондриялық ДНҚ мутацияларынан туындаған негізгі митохондриялық аурулардың, сондай-ақ POLG митохондриялық ферменті γ-полимеразаны кодтайтын ядролық генінің клиникалық белгілерін туындатуы немесе нашарлатуы мүмкін.
Атап айтқанда, бауырдың жедел жеткіліксіздігі және бауыр ауруларынан өліммен аяқталған оқиғалар POLG геніндегі мутациялар тудырған тұқым қуалайтын нейрометаболизмдік синдромдары, мысалы, Альперс-Гуттенлохер синдромы бар пациенттерде вальпроатпен емдеудің өте жоғары жиілігімен байланысты болды.
Отбасылық анамнезінде POLG болған немесе түсініксіз энцефалопатия, рефрактерлік эпилепсия (фокальді, миоклонустық), бастапқы қарап тексеру кезіндегі эпилепсиялық статус, даму кідірісін, психомоторлық регрессия, аксондық сенсомоторлық нейропатия, миопатия, мишық атаксиясын, офтальмоплегия немесе желке аурасымен асқынған бас сақинасын қоса, бірақ онымен шектелместен POLG-мен байланысты бұзылуларының болжамды симптомдары бар пациенттерде POLG-мен байланысты бұзылулардан күмәндану керек.
POLG мутациясына тестілер өткізу осындай бұзылуларды диагностикалық бағалауға арналған ағымдағы клиникалық практикаға сәйкес орындалуы тиіс.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары және ангионевроздық ісінуВальпроатпен емдеуге байланысты Стивенс-Джонсон синдромы (SJS), уытты эпидермалық некролиз (TEN), эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен бірге дәрілік аса жоғары сезімталдық синдромы (DRESS-синдром), көп пішінді эритема сияқты терінің ауыр жағымсыз реакцияларының (SCARs) жағдайлары, сондай-ақ ангионевроздық ісінудің дамуы хабарланды. Пациенттер терінің күрделі көріністерінің белгілері мен симптомдары туралы мағлұматтануы тиіс және олар мұқият қадағалауда болуы тиіс. Терінің ауыр жағымсыз реакцияларының немесе ангионевроздық ісіну белгілері пайда болғанда шұғыл тексеруден өтіп, егер терінің ауыр жағымсыз реакцияларының немесе ангионевроздық ісіну диагнозы расталса, емдеуді тоқтату қажет.
Когнитивтік немесе экстрапирамидалық бұзылыстар
Когнитивтік немесе экстрапирамидалық бұзылыстар нейрокөріністеу нәтижелері бойынша анықталған ми атрофиясымен байланысты болуы мүмкін. Осылайша, клиникалық көріністің бұл типін деменциямен немесе Паркинсон ауруымен шатастыруға болады. Бұл бұзылулар емдеу тоқтатылғанда қайтымды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пациенттерге, әсіресе, көлік құралдары мен механизмдерді басқаратындарға, әсіресе, конвульсияға қарсы біріктірілген ем немесе Депакин препаратының ұйқышылдықты күшейтуге қабілетті басқа препараттармен біріктірілімі жағдайында ұйқышылдықтың туындау қауіптілігі туралы ескерту керек.