Ескертулер
Жүктіліктен сақтану бағдарламасы Вальпроаттың жоғары тератогенді қуаты бар, ал құрсақ ішінде вальпроат әсеріне ұшыраған балаларда туа біткен даму ақауларының және жүйке-психикалық даму бұзылуларының қаупі жоғары болады. Вальпроатты, басқа емдеу әдістері тиімсіз немесе пациенттерге жағымсыз болған жағдайларды қоспағанда, ұрпақ өрбіту қабілеті бар қыз балалар мен әйелдерге тағайындауға болмайды. Егер ешқандай басқа емдеу мүмкіндігі болмаса, төменде ұсынылған Жүктіліктен сақтану бағдарламасы бойынша әрекеттену қажет. Депакин® Хроно препараты келесі оқиғаларда қарсы көрсетілімді: • жүктілік кезінде, сай келетін баламалы емдеу болмаған жағдайларды қоспағанда; • ұрпақ өрбіту қабілеті бар әйелдерде, Жүктіліктен сақтану бағдарламасының шарттары орындалатын жағдайларды қоспағанда. Жүктіліктен сақтану бағдарламасының шарттары Препаратты тағайындайтын емдеуші дәрігер көз жеткізуі тиіс: • әр жағдайда пациент әйелмен талқыласу жолымен, оның қатыстырылуына, емдеу нұсқаларының талқылануына кепілдік бере отырып және пациент әйелдің қауіптер мен қауіптерді барынша азайтуға қажетті шараларды түсінуін қамтамасыз етумен жекелеген жағдаяттар бағаланды; • пациент әйелдердің бәрінде жүктілік ықтималдығы бағаланады; • пациент-әйел құрсақ ішінде вальпроат әсеріне ұшыраған балалар үшін бұл қауіптер шамасын қоса, туа біткен даму ақаулары мен жүйке-психикалық даму бұзылуларының қауіптерін түсінеді және растайды; • пациент әйел, қажет болса, емдеу басталуына дейін және емдеу кезінде жүктілікке тестіден өту қажеттілігін түсінеді; • пациент әйелге контрацепция жөнінде кеңес берілген, әрі пациент әйел вальпроатпен емдеу жалғасқан бүкіл кезең бойына үздіксіз тиімді контрацепцияны қадағалауға қабілетті; • пациент әйел эпилепсияны емдеу тәжірибесі бар маманның емдеуді жүйелі түрде қайта қарауы (кем дегенде, жыл сайын) қажеттілігін түсінеді; • пациент әйел өзі жүктілікті жоспарлаған бойда бірден ұрықтануға дейін және контрацепция пайдалануды тоқтатуға дейін дер мезгілінде талқылауды және баламалы емдеу нұсқаларына ауысуды қамтамасыз ету үшін өз дәрігерімен кеңесу қажеттілігін түсінеді; • пациент әйел жүкті болып қалған жағдайда жедел дәрігерге қаралу қажеттілігін түсінеді; • пациент әйелге пациентке арналған нұсқаулық берілген; • пациент әйел өзінің вальпроатты қолданумен байланысты қауіптерді және қажетті алдын ала сақтану шараларын түсінгенін растайды (жыл сайынғы қауіптермен танысу нысаны). Бұл шарттар, емдеуді тағайындайтын емдеуші дәрігер жүктілік қаупінің болмауын растайтын дәлелді себептер бар деп санайтын жағдайларды қоспағанда, қазіргі уақытта жыныстық қатынасқа түспейтін әйелдерге де қатысты болады. Қыз балалар Препаратты тағайындайтын емдеуші дәрігер көз жеткізуі тиіс: • қыз балалардың ата-аналары/қамқоршылары вальпроат қабылдап жүрген қыз балада менархе басталуынан кейін бірден маманға қаралу қажеттілігін түсінеді; • менархе басталған қыз балалардың ата-аналары/қамқоршылары құрсақ ішінде вальпроат әсеріне ұшыраған балалар үшін осы қауіптер шамасын қоса, туа біткен даму ақауларының және жүйке-психикалық даму бұзылуларының қауіптері туралы толық ақпарат алған; • менархе басталған пациент қыздарда вальпроатпен емдеу қажеттігі жыл сайын қайта бағаланады және баламалы емдеу нұсқалары қарастырылады. Егер вальпроат бірден бір сай келетін емдеу нұсқасы болса, тиімді контрацепцияны пайдалану қажеттілігін және Жүктіліктен сақтану бағдарламасының басқа шарттарының бәрін талқылау керек. Емдеуші дәрігер қыз балаларды жыныстық жетілуге немесе кәмелет жасына жетуге дейін баламалы емдеуге ауыстыру үшін бар күш-жігерін жұмсауы тиіс. Жүктілікке тест Вальпроатпен емдеу басталуына дейін жүктілік жоққа шығарылу керек. Жүктілік кезінде алдын ала көздеусіз қабылданғанын жоққа шығару үшін денсаулық сақтау жүйесінің қызметкері растаған 25 мХБ/мл кем емес сезімталдығы белгіленген плазманы пайдаланумен жүктілікке тест теріс нәтижесін алмаған ұрпақ өрбіту қабілеті бар әйелдерде вальпроатпен емдеу басталмауы тиіс. Жүктілікке осы тест емдеу кезінде жүйелі уақыт аралықтары сайын қайталану керек. Контрацепция Вальпроат тағайындалатын ұрпақ өрбіту қабілеті бар әйелдер вальпроатпен бүкіл емдеу кезеңі бойына үздіксіз тиімді контрацепцияны пайдалануы тиіс. Осы пациент әйелдерге жүктіліктен сақтану туралы толық ақпарат берілуі тиіс, ал егер олар тиімді контрацепцияны пайдаланбаса, оларды контрацепция мәселелері бойынша кеңес алуға жіберу керек. Контрацепцияның, кем дегенде, бір тиімді әдісін (дұрысы, жатырішілік спираль немесе имплантат сияқты автономды түрін) немесе бөгеттік әдісін қоса, контрацепцияның екі қосымша әдісін пайдалану керек. Контрацепция әдісін таңдау кезіндегі әр жағдайда пациент әйелмен оның түсінгенін және таңдалған шараларды қадағалағанын кепілдеу үшін талқылау арқылы жекелеген жағдаяттар бағалануы тиіс. Тіпті аменорея кезінде пациент әйел тиімді контрацепция жөнінде берілген бүкіл кеңесті қадағалауы тиіс. Құрамында эстроген бар препараттар Құрамында эстроген бар гормондық контрацептивтерді қоса, құрамында эстроген бар препараттармен бір мезгілде қабылдау вальпроат тиімділігінің төмендеуіне ықтималды алып келуі мүмкін. Препаратты тағайындайтын дәрігерлер құрамында эстроген бар препараттарды тағайындау немесе тоқтату кезінде клиникалық жауапты бақылап отыруы (эпилепсия бақылауы) тиіс. Дегенмен де, вальпроат гормондық контрацептивтер тиімділігін төмендетпейді. Дәрігердің емдеуді жыл сайын қайта қарауы Емдеуші дәрігер вальпроаттың пациент әйелді емдеу үшін ең көп сай келетін препарат болуын-болмауын, кем дегенде, жылына 1 рет тексеруі тиіс. Емдеуші дәрігер жыл сайынғы қауіптермен танысу нысанын әр жыл сайын қайта қараудың басында және барысында талқылауы және пациент әйелдің оның мазмұнын түсінгеніне көз жеткізуі тиіс. Жыл сайынғы қауіптермен танысу нысанын емдеуші дәрігер мен пациент әйел (немесе оның заңды өкілі) тиісті үлгіде толтыруы және қол қоюы тиіс. Жүктілікті жоспарлау Егер әйел жүктілікті жоспарласа, эпилепсияны емдеу тәжірибесі бар маман вальпроатпен емді қайта бағалауы және баламалы емдеу нұсқаларын қарастыруы тиіс. Ұрықтануға дейін және контрацепция пайдалануды тоқтатуға дейін тиісті баламалы емдеуге ауысу үшін бар күш-жігерді жұмсау қажет. Егер ауысу мүмкіндігі болмаса, әйел өзінің отбасын жоспарлауға қатысты негізделген шешімнің қабылдануын қамтамасыз ету үшін вальпроат қолданудың келешек сәби үшін қауіптеріне қатысты қосымша кеңес алуы тиіс. Жүктілік жағдайында Егер вальпроат қабылдап жүрген әйел жүкті болып қалса, оны вальпроатпен емдеу қажеттілігін қайта бағалау және баламалы нұсқаларын қарастыру үшін дереу маманға жолдау қажет. Вальпроат қабылдап жүріп жүкті болып қалған пациент әйелдерді және олардың жұптастарын вальпроат әсеріне ұшыраған жүктілікке қатысты бағалау және кеңес беру үшін тератологиядан тәжірибесі бар маманға жолдау керек. Білім беру материалдары Денсаулық сақтау мамандарына және пациент әйелдерге жүктілік кезіндегі вальпроат әсерінен сақтануға көмектесу үшін Тіркеу куәлігінің ұстаушысы вальпроат тератогенділігіне (туа біткен даму ақаулары) және фетоуыттылығына (жүйке-психикалық даму бұзылулары) қатысты алдын алу шараларын күшейту үшін білім беру материалдарын ұсынады және ұрпақ өрбіту қабілеті бар әйелдерде вальпроат қабылдауға қатысты нұсқаулар мен Жүктіліктен сақтану бағдарламасы туралы толық мәліметтер береді. Пациентке арналған нұсқаулық және пациент картасын вальпроат қабылдап жүрген ұрпақ өрбіту қабілеті бар әйелдердің бәріне ұсыну керек. Вальпроатпен емдеу басталған уақытта және емдеуді әр жыл сайын қайта қарау барысында емдеуші дәрігер мен пациент әйел (немесе оның заңды өкілі) тиісті үлгіде толтыруы және қол қоюы тиіс болатын жыл сайынғы қауіптермен танысу нысанын пайдалану керек.
Вальпроаттарды ұрпақ өрбітуге қабілетті жасөспірімдер мен ерлерде қолдану Ұрықтануға дейінгі 3 ай бойы вальпроаттармен емдеу қабылдаған ерлерден туған балаларда, ламотриджинмен немесе леветирацетаммен емдеу қабылдаған ерлерден туған балалармен салыстырғанда, жүйке-психикалық даму бұзылуларының жоғары қаупін көрсететін деректер бар. Алдын ала сақтану шарасы ретінде препаратты тағайындайтын дәрігер ұрпақ өрбітуге қабілетті жасөспірімдер мен ерлерді осы ықтималды жоғары қауіптен хабардар етуі және пациентпен мыналарды талқылауы тиіс: жұптастарын қоса, емдеу кезінде және оны тоқтатудан кейін, кем дегенде, 3 ай бойы тиімді контрацепция қажеттілігі; вальпроатпен емдеу кезінде және оны тоқтатудан кейін, кем дегенде, 3 ай бойы шәуһет донорлығына рұқсат етілмеуі. Вальпроаттың ең көп сай келетін емдеу болып қала беруін анықтау үшін препаратты тағайындайтын дәрігер ұрпақ өрбітуге қабілетті жасөспірімдер мен ерлерді вальпроатпен емдеуді жүйелі бағалауы тиіс. Балалы болуды жоспарлап жүрген ер жынысты пациенттер үшін дәрігер емдеудің баламалы нұсқаларын қарастыруы және пациенттермен талқылауы тиіс. Бөлек оқиғалар әркімде жеке тәртіпте бағалануы тиіс. Эпилепсияны емдеуге мамандандырылған дәрігерден кеңес алу ұсынылады. Қауіпті төмендету бойынша құжаттар медициналық қызметкерлер үшін, сондай-ақ ұрпақ өрбітуге қабілетті жасөспірімдер мен ерлер үшін де қолжетімді. Вальпроатпен емдеу басталған уақытта және емдеуді әр жыл сайын қайта қарау барысында емдеуші дәрігер мен пациент әйел (немесе оның заңды өкілі) тиісті үлгіде толтыруы және қол қоюы тиіс болатын жыл сайынғы қауіптермен танысу нысанын пайдалану керек. Вальпроат алып жүрген ұрпақ өрбітуге қабілетті жасөспірімдер мен ерлерге пациентке арналған нұсқаулық берілуі тиіс.
Ұстамалардың жаңғыруы
Эпилепсияға қарсы басқа препараттармен болған жағдайдағы сияқты, вальпроатты қабылдау жақсарудың орнына ұстамалар (эпилепсия статусын қоса) жиілігінің және ауырлығының қайтымды жаңғыруына немесе ұстамалардың жаңа типтерінің пайда болуына алып келуі мүмкін. Ұстамалар жаңғырған жағдайда пациенттер емдеуші дәрігермен дереу кеңесу керек.
Бұл ұстамаларды фармакокинетикалық әрекеттесу, уыттылық (бауыр зақымдануы немесе энцефалопатия) немесе артық дозалану салдарынан туындауы мүмкін ұстамалардан дифференциялап алу керек. Аталған дәрілік препараттың вальпрой қышқылына метаболизденуіне орай, вальпрой қышқылымен артық дозалануға жол бермеу үшін оны дәл сол трансформациядан өтетін басқа да дәрілік препараттармен (мысалы, семинатрий вальпроаты, вальпромид) біріктіруге болмайды.
Бауырдың ауыр зақымдануы
Бейімдеуші факторлар
Бауырдың ауыр зақымдануының кейде өліммен аяқталған бірлі-жарым жағдайлары болды. Жоғары қауіп тобын ауыр эпилепсиясы, оның ішінде мидың зақымдануымен, ақыл-ой дамуының кідіруімен және/немесе тұқым қуалайтын метаболизмдік бұзылулармен байланысты эпилепсиясы (бастапқы гипокарнитинемия, мочевина циклының бұзылуы, митохондриялық фермент γ-полимеразаны кодтайтын ядролық гендегі (POLG) мутациялар сияқты митохондриялық бұзылуларды қоса) немесе генетикалық дегенеративтік аурулары бар сәбилер мен 3 жасқа дейінгі балалар құрайды. Осындай асқынулар жиілігі 3 жастан асқан шамада едәуір азаяды және жас өсуіне қарай біртіндеп төмендейді. Көптеген жағдайларда бауырдың зақымдануы алғашқы 6 ай емделу кезінде, әдетте, 2 және 12 апталар арасында, әрі бәрінен жиірек эпилепсияға қарсы біріктірілген емдеу кезінде байқалады.
Сақтандыру белгілері
Ерте диагностикалау үшін клиникалық симптомдар маңызы зор. Атап айтқанда, сарғаю алдында болуы мүмкін симптомдардың екі типі, әсіресе, қауіп тобының пациенттеріне қатысты ескерілуі тиіс («Бейімдеуші факторларын» қараңыз):
• біріншіден, әдетте, кенеттен пайда болатын астения, анорексия, сылбырлық, ұйқышылдық сияқты, кейде қайталамалы құсумен және іштің ауыруымен қатар жүретін спецификалық емес симптомдар;
• екіншіден, емдеу режимін қадағалауға қарамастан эпилепсия ұстамаларының жаңғыруы.
Пациенттерді, егер бұл балалар болса, олардың отбасыларына осындай кез келген белгілер пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу керектігінен хабардар ету кеңесі беріледі. Клиникалық тексеруден басқа, бірден бауыр функциясына зертханалық талдаулар орындалу керек.
Анықтау
Бауыр функциясын мониторингтеуді, әсіресе, қауіп тобындағы пациенттерде ем басталуына дейін және алғашқы 6 ай емделу кезінде жүйелі өткізу қажет.
Өзінің гепатоуыттылығымен белгілі қатарлас ем өзгертілгенде (дозаны арттыру немесе жаңа емдеу) бауыр функциясына қайталап биологиялық мониторинг өткізу қажет.
Классикалық тестілер арасында ақуыз синтезін, әрі, атап айтқанда, протромбин уақытын көрсететін сынақтар ең көп ақпарат беретін сипатта болды. Протромбиннің аномалиялық төмен деңгейі расталған жағдайда, әсіресе, егер зертханалық талдауларда басқа да аномалиялық ауытқулар (фибриноген концентрациясының және ұю факторларының елеулі төмендеуі, билирубин концентрациясының және бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы) білінсе, Депакин® Хроно препаратымен емдеу тоқтатылуы тиіс (алдын ала сақтану шарасы ретінде біріктірілген тағайындау кезінде де салицилат туындыларымен емдеуді үзу керек, өйткені олар бірдей метаболизм жолдарын пайдаланады).
Панкреатит
Өте сирек жағдайларда кейде өліммен аяқталған панкреатит болды. Бұл жағдайлар пациенттің жасына және емдеу ұзақтығына байланыссыз байқалды, осы орайда кішкентай жастағы балалар ерекше қауіп тобына кірді.
Жайсыз аяқталатын панкреатит, әдетте, кішкентай жастағы балаларда немесе ауыр ұстамалары, неврологиялық бұзылулары бар немесе эпилепсияға қарсы бірнеше дәрімен емдеуден өтетін пациенттерде білінді.
Егер панкреатит бауыр жеткіліксіздігімен қатар пайда болса, өліммен аяқталу қаупі артады.
Іштің қатты ауыруы немесе асқазан-ішек жолы тарапынан жүрек айну, құсу және/немесе анорексия сияқты белгілер пайда болған жағдайда панкреатитті диагностикалау қарастырылу керек, ал ұйқы безі ферменттерінің белсенділігі жоғарылаған пациенттерде емдеуді тоқтату және қажетті баламалы емдеу шараларын қабылдау керек.
Суицидтік ойлар және мінез-құлық
Суицидтік ойлау мен мінез-құлық бірнеше көрсетілім бойынша эпилепсияға қарсы дәрілермен емделген пациенттер арасында білінді. Эпилепсияға қарсы дәрілерді зерттеу туралы қолда бар деректер де суицидтік ойлау мен мінез-құлықтың пайда болу қаупінің аздап артуын көрсетті. Осы қауіптің себептері белгісіз, ал қолжетімді деректер вальпроатты қолдану кезіндегі жоғары қауіпті жоққа шығару мүмкіндігін бермейді. Демек, пациенттер суицидтік ойлар мен мінез-құлықтың пайда болуы тұрғысынан мұқият қадағалауда болуы тиіс және тиісті емдеу қарастырылуы тиіс. Пациенттер (және олардың қамқоршылары) суицидтік ойлау мен мінез-құлық пайда болған жағдайда дәрігерге қаралуы тиіс екенінен хабардар болуы керек.
Белгілі немесе болжамды митохондриялық аурулары бар пациенттер
Вальпроат митохондриялық ДНҚ мутациясынан туындаған негізгі митохондриялық аурулардың, сондай-ақ POLG митохондриялық ферменті γ-полимеразаны кодтайтын ядролық генінің клиникалық белгілерін туындатуы немесе нашарлатуы мүмкін.
Атап айтқанда, POLG геніндегі мутациялар тудырған тұқым қуалайтын нейрометаболизмдік синдромдары, мысалы, Альперс-Гуттенлохер синдромы бар пациенттерде вальпроат түрткі болған бауырдың жедел жеткіліксіздігінің және онымен байланысты өліммен аяқталу жағдайлары жиірек тіркелді.
Отбасылық анамнезінде POLG болған немесе басқа да бұзылулар арасында түсініксіз энцефалопатия, рефрактерлік эпилепсия (фокальді, миоклонустық), бастапқы қарап тексеру кезіндегі эпилепсиялық статус, даму кідірісін, психомоторлық регрессия, аксондық сенсомоторлық нейропатия, миопатия, мишық атаксиясын, офтальмоплегия немесе желке аурасымен күрделі бас сақинасын қоса, POLG-мен байланысты бұзылуларының болжамды симптомдары бар пациенттерде POLG-мен байланысты бұзылулардан күмәндану керек.
POLG мутациясына тест өткізу осындай бұзылуларды диагностикалық бағалауға арналған ағымдағы клиникалық практикаға сәйкес орындалуы тиіс.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары және ангионевроздық ісінуВальпроатпен емдеуге байланысты Стивенс-Джонсон синдромы (SJS), уытты эпидермалық некролиз (TEN), эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен бірге дәрілік аса жоғары сезімталдық синдромы (DRESS-синдром), көп пішінді эритема сияқты терінің ауыр жағымсыз реакцияларының (SCARs) жағдайлары, сондай-ақ ангионевроздық ісінудің дамуы хабарланды. Пациенттер терінің күрделі көріністерінің белгілері мен симптомдары туралы мағлұматтануы тиіс және олар мұқият қадағалауда болуы тиіс. Терінің ауыр жағымсыз реакцияларының немесе ангионевроздық ісіну белгілері пайда болғанда шұғыл тексеруден өтіп, егер терінің ауыр жағымсыз реакциялары немесе ангионевроздық ісіну диагнозы расталса, емдеуді тоқтату қажет.
Арнайы сақтандырулар
Емдеуді бастар алдында бауырдың функционалдық сынамаларын тексеру және оны, әсіресе, қауіп тобына кіретін пациенттерге қатысты алғашқы 6 ай бойы мезгіл-мезгіл орындау керек.
Эпилепсияға қарсы көптеген дәрілерді қолдану кезінде болатыны сияқты, қандай да бір клиникалық белгілерсіз, әсіресе, емдеудің басында трансаминазалар белсендігінің оқшауланған, өткінші және орташа жоғарылауын байқауға болатынын атап өту керек.
Бұл жағдайда зертханалық зерттеулерді кең ауқымда (протромбин уақытын қоса) жүргізуге кеңес беріледі; қажет болған жағдайда дозаларын түзетуді қарастыруға болады, ал қажет болса, талдауларды қайталау керек.
Емдеу басталар алдында, одан кейін 15 күн өткен соң және емдеудің соңында, сондай-ақ хирургиялық араласу алдында және өздігінен болатын гематомалар немесе қан кету дамыған жағдайда қан талдауларын (жалпы қан талдауы, тромбоциттер санын, қан кету уақытын және ұю параметрлерін анықтауды қоса) орындау ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қандағы айналымда болатын вальпрой қышқылы концентрацияларының жоғарылауын есепке алу керек, осыған байланысты, дозасын тиісті үлгіде төмендету керек.
Карбамид циклының (мочевина циклы) ферменттік жеткіліксіздігі және гипераммонемия даму қаупі
Аталған дәрілік препарат мочевинаның түзілу циклы ферменттерінің тапшылығы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді. Мочевина түзілу циклы ферменттерінің тапшылығына күмән болса, вальпроат қолдану кезінде гипераммонемия даму қаупіне орай, емдеу алдында метаболизмдік зерттеулер жүргізу керек. Осындай пациенттер арасында мелшиюмен немесе комаға түсумен гипераммониемия дамыған бірнеше жағдай болды.
Гипокарнитинемия даму қаупі
Вальпроатты қолдану гипокарнитинемия симптомдарының туындауына немесе нашарлауына түрткі болуы мүмкін, бұл гипераммонемия дамуына және соның салдарынан гипераммонемиялық энцефалопатияға алып келуі мүмкін. Гепатоуыттылық, гипогликемия, миопатия (оның ішінде кардиомиопатия), рабдомиолиз, Фанкони синдромы сияқты басқа симптомдар, негізінен, гипокарнитинемияны немесе бұрын болған гипокарнитинемияны дамытатын қауіп факторлары бар пациенттерде байқалды. Вальпроатпен емдеу кезінде симптоматикалық гипокарнитинемияның даму қаупі жоғары:
-карнитинмен байланысты митохондриялық бұзылуларды қоса, метаболизмдік бұзылулар;
-карнитиннің тамақпен түсуінің бұзылулары;
-10 жасқа толмағандар;
-пивалатпен конъюгацияланған препараттарды немесе эпилепсияға қарсы басқа дәрілерді бір мезгілде қолдану.
Пациенттерге атаксия, сананың бұзылуы, құсу сияқты гипераммонемияның кез келген симптомдары туралы дереу дәрігерге баяндау қажеттілігі ескертілу керек. Гипокарнитинемия симптомдары пайда болғанда карнитинді қосымша тағайындау мәселесін қарастыру керек.
Карнитиннің анықталған бастапқы жүйелік тапшылығы және түзетілген гипокарнитинемия бар пациенттерде вальпроаттарды қолдану егер вальпроаттармен емдеудің пайдасы осы пациенттер үшін қауіптен асып кеткен және баламалы ем болмаған жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл пациенттерде гипокарнитинемия қайталануы тұрғысынан мұқият мониторинг өткізу керек.
II типті карнитинпальмитоилтрансфераза (КПТ) жеткіліксіздігі болатын пациенттерге вальпроаттарды қабылдау кезінде рабдомиолиздің жоғарырақ даму қаупі ескертілуі тиіс. Осындай пациенттер үшін карнитинді қосымша тағайындау мәселесін қарастыру керек.
Осы дәрілік затты пайдалану кезінде иммундық бұзылулар тек айрықша жағдайларда ғана білінсе де, диссеминацияланған қызыл жегісі бар пациенттерде пайда және қауіп арақатынасын бағалау керек.
Пациенттерге емнің басында дене салмағының арту қаупі ескертілуі тиіс, әрі қауіпті барынша азайту үшін тиісті шаралар қабылдануы тиіс.
Вальпроат организмнен, негізінен, несеппен ішінара кетондық денелер түрінде шығарылатындықтан, қант диабеті бар пациенттерде кетонды денелер экскрециясына тест жалған-оң нәтижелер беруі мүмкін.
Депакин® Хроно препаратымен бүкіл емдеу барысында алкоголь тұтыну ұсынылмайды.
Балалар
3 жасқа толмаған балаларға осы топтағы пациенттерде емнің басталуына дейін бауырдың зақымдануы немесе панкреатиттің даму қаупіне қатысты ықтималды пайдасын бағалаудан кейін вальпроатпен монотерапия ұсынылады.
3 жасқа толмаған балаларға, гепатоуыттылық қаупіне және қан кету қаупіне орай, салицилаттарды бір мезгілде тағайындаудан аулақ болу керек.
Анамнезінде бауырдың және асқазан-ішек жолының түсініксіз бұзылулары (анорексия, құсу, жедел цитолиз көріністері), летаргия немесе кома көріністері, ақыл-ой кемістігі аталатын балаларға немесе отбасылық анамнезде неонатальді немесе балалардың өлімге ұшырауы болған жағдайда вальпроатпен кез келген емдеу басталғанша аш қарын қандағы және ас ішуден кейінгі аммиак концентрациясын анықтауға арналған талдауларды қоса, метаболизмдік зерттеулер жүргізу қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пациенттерге, әсіресе, көлік құралдары мен механизмдерді басқаратындарға, әсіресе, құрысуға қарсы ем немесе Депакин® Хроно препаратының ұйқышылдықты күшейтуге қабілетті басқа препараттармен біріктірілімі жағдайында ұйқышылдықтың туындау қауіптілігі туралы ескерту керек.