Ескертулер
Жүктіліктің алдын алу бағдарламасы Вальпроат жоғары тератогендік потенциалға ие, ал құрсақ ішінде вальпроат әсеріне ұшыраған балаларда туа біткен ақаулар дамуы мен жүйке-психикалық дамудың бұзылуы қаупі жоғары. ДЕПАКИН® ХРОНО препараты келесі жағдайларда қарсы көрсетілімде: Эпилепсияны емдеуде: жүктілік, қолайлы баламалы емдеу әдістері болмаған жағдайларды қоспағанда және вальпрой қышқылын қабылдаумен байланысты қауіптер туралы пациенттерді толық хабардар еткеннен кейін ғана; қыздарда және ұрпақ өрбіту потенциалы бар әйелдерде қолдану, жүктілікке жол бермеу жөніндегі Бағдарлама шарттары орындалатын жағдайларды қоспағанда. Биполярлық бұзылыстарды емдеуде және профилактикасында: жүктілік; ұрпақ өрбіту потенциалы бар әйелдерде қолдану, жүктілікке жол бермеу жөніндегі Бағдарлама шарттары орындалатын жағдайларды қоспағанда. Жүктіліктің алдын алу бойынша бағдарламаның шарттары Емдеуші дәрігер мыналарға көз жеткізуі тиіс: әр жағдайда пациент-әйелмен ақылдасу арқылы жеке жағдайларда жай-жапсар дара бағаланды, оны үйретуге кепілдікпен, ем нұсқаларын талқылаумен және пациент әйелдің қауіпті ұғынуы мен осы қауіпті ең аз етуге қажетті шараларды қамтамасыз ету; барлық пациент-әйелдер үшін жүктілік ықтималдығы бағаланады; пациент-әйел құрсақ ішінде вальпрой қышқылының әсеріне ұшыраған балаларда бұл қауіптің шамасын қоса, туа біткен ақаулар дамуы мен неврологиялық дамудың бұзылуы қаупі болатынын түсінеді және растайды; пациент-әйел қажет болғанда ем бастар алдында және ем кезінде жүктілікті анықтайтын тест өту қажеттігін түсінеді; пациент контрацепция бойынша кеңес алады және пациент вальпроатпен барлық емдеу барысында үзіліссіз тиімді контрацепцияны (толық ақпарат алу үшін осы ескертудің «Контрацепция» бөл. қара) сақтауға қабілетті; пациент-әйел эпилепсияны немесе биполярлық бұзылыстарды емдеуде тәжірибесі бар маманның ұдайы қайта қарауы қажеттігін (ең азы жыл сайын) түсінеді; пациент-әйел жүктілікті жоспарлағаннан кейін дереу ұрықтануға дейін және контрацепция пайдалануды тоқтатқанға дейін баламалы ем нұсқасын ақылдасу және мезгілінде ауысуды қамтамасыз ету үшін өзінің дәрігерімен кеңесу қажеттігін түсінеді; пациент-әйел жүкті болған жағдайда жедел түрде дәрігерге қаралу керегін түсінеді; пациент-әйел пациентке арналған нұсқау алды; пациент-әйел өзінің вальпроат қолдануға байланысты (Қауіптермен жыл сайын танысу түрі) қауіпті және қажетті сақтық шараларын түсінгенін растайды. Осы шарттар қазіргі уақытта, препаратты тағайындаған дәрігер жүктілік қаупінің жоқ екенін растауға дәлелді себептер бар деп есептейтін жағдайларды қоспағанда, жыныстық қатынасқа түспейтін әйелдерге де қатысты. Емдеуші дәрігер мынаған көз жеткізуі тиіс: пациенттің картасы вальпроаттың әр тағайындалуымен және пациенттің оның мазмұнын түсінетіндігімен қамтамасыз етіледі; пациенттерге өз қалауы бойынша вальпроатпен емдеуді тоқтатпауға және жоспарлы немесе күдікті жүктілік жағдайында дереу маманға жүгінуге кеңес беріледі. Қыздар Емдеуші дәрігер мынаған көз жеткізуі тиіс: қыздың ата-анасы/қамқоршысы вальпроат қабылдайтын қызда менархе басталғаннан кейін дереу маманға қаралу керегін түсінеді. менархе басталған қыздың ата-анасы/қамқоршысы құрсақ ішінде вальпроат әсеріне ұшыраған балаларда бұл қауіптің шамасын қоса, туа біткен ақаулар дамуы мен неврологиялық дамудың бұзылуы қаупі болатыны туралы толық ақпарат алған; менархе басталған пациент қыздарда вальпроатпен ем қажеттігі жыл сайын қайта бағаланады және баламалы ем нұсқалары қаралады. Егер вальпроат емнің жалғыз дұрыс нұсқасы болса тиімді контрацепция және Жүктілікті алдын алу бойынша бағдарламаның барлық басқа шарттарын пайдалану қажеттігін ақылдасу керек. Емдеуші дәрігер қыздарды кәмелетке жеткенге дейін альтернвтивті емге ауыстыру үшін барлық мүмкіндігін пайдалануы тиіс. Жүктілікті анықтайтын тест Вальпроатпен емдеуді бастар алдында жүктілікті анықтап алу керек. Жүктілік кезінде алдын ала көздеусіз қолдануға жол бермес үшін, ұрпақ өрбіту потенциалы бар әйелдерде денсаулық сақтау саласының маманы жүктілікті тексеру тестісінің (жүктілікті анықтау үшін плазма пайдаланылатын тест) теріс нәтижесін растамаса, вальпроатпен емдеуді бастауға болмайды. Контрацепция Вальпроат тағайындалатын бала туу потенциалы бар әйелдер вальпроатпен емнің барлық кезеңі бойына үздіксіз тиімді контрацепция пайдалануы тиіс. Бұл пациент әйелдерге жүктілікті болдырмау бойынша толық ақпарат берілуі тиіс және оларды егер олар тиімді контрацепция пайдаланбаса контрацепция мәселесі бойынша кеңес алуға жіберу керек. Контрацепцияның ең кемі бір тиімді әдісін (дұрысы автономды формасын, жатырішілік спираль немесе имплантат сияқты) немесе бөгегіш әдісін қоса, екі бір-бірін толықтыратын әдісін пайдалану керек. Контрацепцияның әдісін таңдағанда әр жағдайда жеке-дара істің мән-жайы пациент әйелмен талқылау арқылы бағалануы тиіс, бұл оның қатысуына және таңдалған шараның сақталғанына кепілдік береді. Тіпті аменореяда пациент әйелдер контрацепцияның тиімділігі бойынша барлық кеңесті орындауы тиіс. Дәрігердің емді жыл сайын қайта қарауы Емдеуші дәрігер вальпроаттың пациент әйелге ең қолайлы ем болып табылатынын кемінде жылына бір рет қайта қарауы тиіс. Емдеуші дәрігер жыл сайынғы қауіптермен танысу формасын жыл сайын қайта қараудың басында және барысында талқылауы тиіс және пациент әйелдің оның ішіндегісін түсінгеніне көз жеткізуі тиіс. Жүктілікті жоспарлау Эпилепсия кезінде, егер әйел жүктілікті жоспарлап жүрсе, эпилепсияны емдеу тәжірибесі бар маман вальпроатпен емдеуге қайта бағалау жүргізуі және емдеудің баламалы нұсқаларын қарастыруы тиіс. Барлық мүмкіндікті тиісінше баламалы емге ұрықтануға дейін және контрацепция пайдалануды тоқтатқанға дейін ауысу үшін пайдалануға тырысу керек. Егер ауысу мүмкін болмаса, әйел отбасын жоспарлауына қатысты негізді шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін вальпроаттың болашақ сәби (туа біткен ақаулардың қаупін және олардың баланың физикалық және психикалық дамуына әсерін қоса) үшін қауіптеріне қатысты қосымша кеңес алуы тиіс. Биполярлық бұзылыстар кезінде, егер пациент әйел жүктілікті жоспарлап жүрсе, биполярлық бұзылыстарды емдеу тәжірибесі бар маманмен кеңесу қажет және вальпроатпен емделуді тоқтатып, қажет болса, ұрықтануға дейін және контрацепцияны тоқтатқанға дейін баламалы емге (дәрі-дәрмектік немесе дәрі-дәрмектік емес) ауысу керек. Жүктілік кезінде Егер вальпроат қабылдап жүрген әйел жүкті болып қалса, оны вальпроатпен емдеуді қайта қарастыру және баламалы нұсқаларын қарастыру үшін дереу маманға жолдау қажет. Вальпроат қолданып жүрген жүкті пациент әйелдер мен олардың жұптарын вальпроат әсеріне ұшырайтын жүктілікке қатысты бағалау және кеңес алу үшін, тератологияда тәжірибесі бар маманға жолдау керек. Білім беру материалдары Денсаулық сақтау саласының мамандарына және пациент әйелдерге жүктілік кезінде вальпроат әсерінен сақтануға көмектесу мақсатында, вальпроаттың тератогенділігі мен фетоуыттылығы туралы сақтандыру шараларын күшейту үшін тіркеу куәлігінің ұстаушысы білім беру материалдарын ұсынады және вальпроатты ұрпақ өрбіту потенциалы бар әйелдерде қолдануға қатысты нұсқаулар және Жүктіліктің алдын алу бағдарламасы жөнінде толық мәліметтер береді. Пациентке арналған нұсқау және пациент картасын бала туу потенциалы бар вальпроат қолданатын барлық әйелдерге беру керек. Жыл сайын қауіптермен танысу нысанын пайдалану керек, ол егер әйел жүктілікті жоспарлап жүрсе немесе жүкті болса және вальпроатпен емнің әрбір жыл сайынғы қайта қаралуы барысында, емдеу басталған уақытта тиісті түрде толтырылуы және қол қойылуы тиіс.
ДЕПАКИН® ХРОНО препаратының құрсақішілік әсер етуі кезінде туындайтын ауыр туа біткен даму ақаулары және жүйке-психикалық дамудың бұзылулары
Деректер, вальпроатты қолданудың ауыр туа біткен даму ақауларының жоғары қаупімен (вальпроаттың құрсақішілік әсеріне ұшыраған балаларда жиілігі 11% жуық) байланысты екенін көрсетеді.
Бұдан бөлек, вальпроатпен монотерапия кезінде құрсақішілік вальпроаттың әсеріне ұшыраған балаларда жүйке-психикалық даму бұзылуының пайда болу қаупі жоғары (жиілігі 30-40%).
Ұрпақ өрбіту потенциалы бар еркектерде вальпроаттарды қолдану
Ретроспективті бақылау зерттеуінің деректері ламотриджинмен немесе леветирацетаммен ем қабылдаған ер адамдардан туған балалармен салыстырғанда, ұрықтануға дейін және/немесе кезінде вальпроаттармен ем қабылдаған ерлерден туған балаларда жүйке-психикалық дамудың бұзылу қаупінің жоғарылауын көрсетеді. Ұрықтанудан үш айдан көп вальпроат қабылдауды тоқтатқан ер адамдардан туған балалар үшін қауіп (вальпроат әсерінсіз толық сперматогенезді қамтамасыз ету үшін) белгісіз.
Зерттеудің шектеулеріне қарамастан, сақтық шарасы ретінде препаратты тағайындайтын дәрігер ер пациенттерге осы потенциалды жоғары қауіп пен қажетті профилактика шаралары туралы хабарлауы тиіс. Сондай-ақ, пациентпен контрацепцияның тиімді әдістерін, соның ішінде серіктес үшін, вальпроаттармен емдеу кезінде және емдеуді тоқтатқаннан кейін үш ай ішінде қолдану қажеттілігі талқылануы керек. Еркек пациенттерге мыналар туралы хабарлау керек:
• емдеу кезінде және вальпроаттармен емдеуді тоқтатқаннан кейін 3 ай ішінде сперма доноры болмауы керек;
• егер еркек ұрықтандыруды жоспарласа, контрацепцияны тоқтатқанға дейін емдеудің альтернативті нұсқаларын талқылау үшін дәрігермен кеңесу керек;
• еркек пен оның серіктесі жүктілік кезінде әкесінің вальпроатпен емделуі аясында немесе оны тоқтатқаннан кейін үш ай ішінде бағалау және кеңес беру үшін дереу емдеуші дәрігермен кеңесу керек.
Еркек пациенттерге эпилепсияны немесе биполярлық бұзылысты емдеу тәжірибесі бар (емді бағалау үшін) маманға үнемі (жылына кемінде бір рет) бару қажеттілігі туралы хабарлау керек. Жылына кемінде бір рет емдеуші дәрігер вальпроаттар таңдау терапиясы болып табылатындығын бағалауы керек. Бұл келу кезінде маман пациенттің қауіптерді білетініне және вальпроаттарды қабылдау кезінде қажетті сақтық шараларын түсінетініне көз жеткізуі тиіс. Вальпроаттарды қабылдайтын ұрпақ өрбіту потенциалы бар барлық еркектерге пациентке арналған нұсқаудың өзекті нұсқасы ұсынылуы тиіс. Пациентке арналған нұсқауды алуды растауды қамтитын қауіптермен танысудың жыл сайынғы нысанына емделу басталған сәтте және дәрігердің жыл сайынғы қайта бағалауы кезінде пациент қол қоюы тиіс. Медицина қызметкерлері мен еркек пациенттер үшін білім беру материалдары қолжетімді. Пациенттің картасы вальпроат тағайындалған сайын беріледі.
Жүйелі қызыл жегі бар пациенттер
Натрий вальпроаты иммунологиялық бұзылуларды өте сирек тудыратынына қарамастан, жүйелі қызыл жегі бар пациенттерде вальпроаттарды қабылдау басталғанға дейін «пайда-қауіп» арақатынасын бағалау керек.
Бауыр функциясының ауыр бұзылулары
Даму шарттары
Вальпроат қабылдаған пациенттерде, кейде өліммен аяқталатын бауырдың ауыр зақымдану жағдайлары байқалды. Жоғары қауіп тобы –эпилепсияның ауыр түрі бар нәрестелер мен 3 жастан кіші балалар, атап айтқанда мидың зақымдануымен, бастапқы жүйелік карнитин тапшылығы, мочевина түзілу циклінің бұзылуы, POLG мутациясы сияқты митохондриялық бұзылуларды қоса, ақыл-ой кемістігімен және/немесе шығу тегі генетикалық дегенеративті немесе метаболизмдік аурулармен байланысты. Атап айтқанда, құрамында каннабидиол бар эпилепсияға қарсы препараттардың біріктірілімі тағайындалған жағдайда қауіп жоғары. 3 жастан асқан пациенттерде бұл жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігі елеулі төмендейді және жасына қарай біртіндеп төмендейді. Көп жағдайда бауыр функциясының бұзылуы емдеудің алғашқы 6 айында, әдетте 2 және 12 апта аралығында байқалады.
Назар аудару керек белгілер
Ерте диагностика, ең алдымен, клиникалық және зертханалық мониторингке негізделген. Сондай-ақ, манифестацияның екі типін ескеру керек, әдетте кенеттен басталады, олар сарғаюдан бұрын болуы мүмкін, әсіресе қауіп тобындағы пациенттерде:
• Жалпы спецификалық емес белгілер:
• ұйқышылдық, шаршау, немқұрайлылық, сананың бұзылуы және шатасуы, қозу, атипті қозғалыстар, физикалық дімкәстік, астения;
• анорексия, жүрек айнуы, кейде көп реттік құсумен және іштің ауыруымен қатар жүретін, қызба;
• гематомалар, мұрыннан қан кету;
• шоғырланған немесе жайылған ісіну.
• Басқа белгілер:
• эпилепсиялық құрысулардың қайталануы, жиілеуі немесе ауырлығының күшеюі.
Пациентке (немесе пациент бала болса, оның туыстарына) мұндай симптомдар пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы хабарлау керек. Пациентті дереу тексеру керек, оның ішінде клиникалық тексеру және бауыр функциясына зертханалық зерттеулер жүргізу керек. Клиникалық симптомдар пайда болғаннан кейін көп ұзамай бауыр функциясының қалыпты көрсеткіштерінде өлімге әкелетін жағдайлар туралы хабарланды. Осылайша, қалыпты мәндер шегінде зертханалық зерттеулердің нәтижелері бауыр функциясы бұзылуының клиникалық симптомдары бар пациентте бауырдың зақымдануын жоққа шығармайды.
Вальпроатпен емдеуді бастағанға дейін пациенттің және оның отбасы мүшелерінің анамнезін зат алмасудың бұзылулары, бауыр, ұйқы безі аурулары және қан ұюының бұзылуы жағдайларына мұқият зерделеу қажет. Бауыр функциясын зерттеу емді бастағанға дейін, содан кейін емдеудің алғашқы 6 айында, әсіресе қауіп тобындағы пациенттерде жүйелі түрде жүргізілуі керек.
Айта кету керек, трансаминазалар белсенділігінің оқшауланған және өтпелі жоғарылауы клиникалық белгілерсіз, әсіресе емнің басында жиі байқалады. Бұл жағдайда неғұрлым толық зертханалық тексеруден өту ұсынылады (төменде қараңыз), дозаны қайта қарастыру және анықталған көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты зертханалық талдауларды қайталау мүмкін.
Кәдімгі зерттеулерден басқа, едәуір ақпараттық организмдегі ақуыз синтезін, атап айтқанда протромбин уақытын көрсететін зерттеулер болып табылады. Протромбиннің патологиялық төмен концентрациясы расталған жағдайда, әсіресе басқа патологиялық көрсеткіштерге байланысты (фибриноген деңгейінің және коагуляция факторларының елеулі төмендеуі, билирубин мен трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы) ДЕПАКИН® ХРОНО препаратымен емдеуді дереу тоқтату қажет.
Каннабидиолды бір мезгілде қолдану
Вальпроат пен каннабидиолды бір мезгілде қабылдайтын пациенттер сарысулық трансаминазалар белсенділігі мен жалпы билирубин деңгейіне біріктірілген ем басталғаннан кейін 2 аптадан, 1 айдан, 2 айдан, 3 айдан және 6 айдан кейін, сондай-ақ 6 айдан кейін немесе клиникалық көрсетілімдер болған кезде талдау жүргізуі тиіс.
Панкреатит
Балаларда да, ересектерде де, кейде өліммен аяқталатын ауыр панкреатиттің жекелеген жағдайлары байқалды. Бұл қауіп әсіресе жас балаларда жоғары және пациенттің жасы ұлғайған сайын төмендейді.
Ауыр эпилепсиясы, жүйке-психикалық бұзылулары бар пациенттер немесе эпилепсияға қарсы препараттармен біріктірілген емді қабылдайтын адамдар қауіп тобында болуы мүмкін.
Панкреатит жағдайлары туралы емдеуді бастағаннан кейін көп ұзамай, сонымен қатар бірнеше жыл вальпроатпен емдеуден кейін хабарланды. Егер панкреатит бауыр жеткіліксіздігі аясында дамыса, онда өліммен аяқталу жағдайларының пайда болу қаупі елеулі артады.
Пациентке (немесе пациент бала болса, оның туыстарына) іштің қатты ауыруы және басқа да спецификалық емес симптомдар (жүрек айну, тәбеттің болмауы, анорексия және/немесе құсу) пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы хабарлау керек. Ұйқы безінің ферменттерінің белсенділігін өлшеуді және тиісті қосымша тесттерді қамтитын жедел медициналық тексеру қажет. Панкреатит дамыған жағдайда вальпроатты қабылдауды дереу тоқтату және клиникалық көрініске сәйкес негізгі ауруды емдеуді бастау керек.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR) және ангионевроздық ісіну
Стивенс – Джонсон синдромы (SJS), уытты эпидермалық некролиз (TEN), эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакция (DRESS), мультиформалы эритема, сондай-ақ вальпроаттарды қолданумен байланысты өлімге әкелуі мүмкін ангионевроздық ісіну сияқты ауыр тері жағымсыз реакцияларының (SCAR) жағдайлары туралы хабарланды. Пациенттерге ауыр тері реакцияларының белгілері мен симптомдары туралы хабарлау керек және кез келген ауыр тері реакцияларын мұқият бақылау керек. Қызба немесе лимфаденопатия сияқты аса жоғары сезімталдықтың алғашқы белгілері терінің өзгеруі болмаған кезде пайда болуы мүмкін екенін ескеру маңызды. SCAR немесе ангионевроздық ісіну белгілері пайда болған жағдайда, SCAR немесе ангионевроздық ісіну диагнозы расталса, дереу дәрігермен кеңесіп, вальпроатпен емдеуді тоқтату керек.
Балаларда қолдану
Үш жасқа дейінгі балаларда вальпроатты тек монотерапия түрінде қолдану ұсынылады. Осы жас тобындағы пациенттер емді бауырдың зақымдануының немесе панкреатиттің дамуының клиникалық пайдасы мен қаупін салыстырғаннан кейін ғана бастауы керек.
Сақтық шарасы ретінде, гепатоуыттылықтың жоғары даму қаупіне орай, барлық балаларда салицилаттарды бір мезгілде тағайындамау керек. Интеркуррентті ауру кезінде ашығу вальпроат қабылдайтын балаларда бауырдың зақымдану қаупін арттырады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қандағы бос вальпрой қышқылының жоғары концентрацияларын ескеріп, тиісінше дозаны азайту керек.
Зертханалық талдаулар
Препаратты тағайындағанға дейін, емдеу басталғаннан кейін 3 және 6 айдан соң, кез келген хирургиялық араласуды жүргізер алдында, әсіресе егер препараттың тәуліктік дозасы дене салмағы 30 мг/кг-ден жоғары болса, сондай-ақ гематома немесе өздігінен қан кету пайда болған жағдайда қан талдауын (тромбоциттер құрамын анықтаумен, қан кету уақытын, фибриноген концентрациясын, ішінара белсендірілген тромбопластин уақытын (ІБТУ), VIII қан ұю факторының концентрациясын және онымен байланысты факторларды бағалаумен жалпы қан талдауы) жүргізу ұсынылады.
Мочевина түзілу циклының бұзылулары және гипераммониемия қаупі
Мочевина циклі ферментінің тапшылығына күдік болған жағдайда, вальпроат қабылдаған кезде гипераммонемияның даму қаупіне байланысты емдеуді бастағанға дейін метаболизмдік зерттеулер жүргізу керек.
Дене салмағының жоғарылауы
Емдеуді бастар алдында пациентке дене салмағының жоғарылау қаупі туралы хабарлау керек. Бұл әсерді азайту үшін тиісті шаралар қабылдау қажет.
Гипокарнитинемияның даму қаупі
Вальпроаттар қандағы және тіндердегі карнитин концентрациясын төмендетуі мүмкін, бұл май қышқылдарының бета-тотығу үдерісі және мочевинаның митохондриялық циклін қоса, митохондриялық метаболизмнің бұзылуына әкеледі.
Вальпроатты қолдану гипокарнитинемияның пайда болуын бастауы немесе нашарлатуы мүмкін, бұл гипераммонемияның дамуына және нәтижесінде гипераммонемиялық энцефалопатияға әкелуі мүмкін. Гепатоуыттылық, гипокетоздық гипогликемия, миопатия, кардиомиопатия, рабдомиолиз және/немесе Фанкони синдромы сияқты басқа симптомдар негізінен гипокарнитинемияның және/немесе бұрыннан бар гипокарнитинемияның даму қаупі бар пациенттерде байқалды.
Вальпроатпен емдеу кезінде төмендегі жағдайларда симптоматикалық гипокарнитинемияның даму қаупі жоғарылайды:
• метаболизмдік бұзылулар, оған қоса карнитинмен байланысты митохондриялық бұзылулар;
• тамақпен карнитин келіп түсуінің бұзылуы;
• 10 жасқа толмаған;
• пивалатпен конъюгацияланған препараттарды немесе басқа эпилепсияға қарсы препараттарды бір мезгілде қолдану.
Пациенттерге әрі қарай тексеру жүргізу үшін атаксия, сананың бұзылуы, құсу, бас ауыруы, тремор/астериксис сияқты гипераммонемияның кез келген симптомдары туралы дереу дәрігерге хабарлау қажеттілігі туралы ескерту керек. Гипокарнитинемия симптомдары пайда болған кезде карнитинді қосымша тағайындау туралы ойлану керек. Мұндай жағдайларда қандағы карнитин деңгейі міндетті түрде төмендемейді. Бұл жағдайларда гипокарнитинемияны анықтау үшін қосымша тексеру қажет болуы мүмкін.
Карнитиннің бастапқы жүйелі тапшылығы және түзетілген гипокарнитинемиясы бар пациенттерде вальпроатты қолдану вальпроатпен емдеудің пайдасы осы пациенттер үшін қауіптен асып кеткен және альтернативті ем болмаған жағдайда ғана мүмкін болады.
Салдарлы жүйелі гипокарнитинемиясы бар пациенттерде вальпроатты қолдану гипокарнитинемияны түзеткеннен кейін барынша сақтықпен мүмкін болады. Бұл пациенттерде гипокарнитинемияның қайталануын мұқият бақылау керек.
Бұрыннан бар ІІ типті карнитин пальмитоилтрансфераза (КПТ) жеткіліксіздігі бар пациенттерге вальпроат қабылдаған кезде рабдомиолиздің даму қаупі едәуір жоғары екендігі туралы ескертілуі тиіс. Мұндай пациенттерде карнитинді қосымша тағайындау туралы мәселені қарастыру керек.
Құрамында эстроген бар препараттар
Вальпроат гормональді контрацептивтер тиімділігін төмендетпейді. Алайда, құрамында эстроген бар препараттар, атап айтқанда құрамында эстроген бар гормоналды контрацептивтер вальпроат клиренсін жоғарылатуы мүмкін, бұл қан сарысуындағы вальпроат концентрациясының төмендеуіне және оның тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Препаратты тағайындайтын дәрігерлер құрамында эстроген бар препараттарды қабылдаудың басында немесе тоқтатқан жағдайда клиникалық жауап (құрысуды және көңіл-күйді бақылау) бақылануы тиіс. Қандағы вальпроат деңгейін бақылау қажет.
Суицидтік ойлар мен мінез-құлық
Суицидтік ойлар және мінез-құлық бірнеше көрсетілім бойынша эпилепсияға қарсы дәрілер қабылдаған пациенттер арасында байқалды. Эпилепсияға қарсы дәрілердің рандомизацияланған плацебо-бақыланатын зерттеулер барысында алынған деректердің мета-талдауы суицидтік ойлар мен мінез-құлық пайда болу қаупінің елеусіз жоғарылағанын көрсетті. Бұл әсердің механизмі белгісіз. Осыған байланысты суицидтік ойлар мен мінез-құлықтарды уақтылы анықтау және тиісті емді тағайындау үшін пациенттердің жай-күйін бақылау керек. Пациенттерге (және оларға күтім жасайтын адамдарға) суицидтік ойлар немесе мінез-құлық белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керектігін ескерту керек.
Ұзақ мерзімді емдеудің сүйек тіні метаболизміне әсері
Остеопения немесе остеопороздың болуы туралы куәландыруы мүмкін, сүйек тінінің минералды тығыздығының төмендеу жағдайлары туралы хабарланды. Мұндай жағдайларда вальпрой қышқылымен ұзақ емделетін пациенттерде патологиялық сынулар пайда болуы мүмкін. Вальпрой қышқылының сүйек метаболизміне әсер ету механизмі белгісіз.
Карбапенемдер
ДЕПАКИН® ХРОНО мен карбапенемдерді бірге қабылдау ұсынылмайды.
Белгілі немесе болжамды митохондриялық аурулары бар пациенттер
Вальпроат митохондриялық ДНҚ, сондай-ақ, митохондриялық гамма полимераза ферментін (POLG) кодтайтын ядролық ген мутацияларынан болатын негізгі митохондриялық аурулардың клиникалық белгілерін өршітуі немесе нашарлатуы мүмкін. Атап айтқанда, POLG геніндегі мутациялардан туындаған тұқым қуалайтын нейрометаболизм синдромдары, мысалы, Альперс-Гуттенлохер синдромы бар пациенттерде вальпроат индукциялаған бауырдың жедел жеткіліксіздігі мен бауыр ауруларынан болатын өлім жағдайлары жиірек тіркелген. POLG байланысты бұзылулар отбасылық анамнезінде осындай бұзылулардың жағдайлары немесе осындай бұзылулардың бар екендігін көрсететін симптомдары бар пациенттерде күдіктену керек, оның ішінде (бірақ төмендегілермен шектелмейді): шығу тегі анықталмаған энцефалопатия, рефрактерлі эпилепсия (ошақты, миоклонустық), эпилепсиялық статус, дамуда артта қалу, психомоторлы функциялардың регрессиясы, аксональді сенсомоторлы нейропатия, миопатия, мишық атаксиясы, офтальмоплегия немесе желке аурасымен асқынған бас сақинасы. Митохондриялық аурулармен байланысты мутациялардың, соның ішінде POLG геніндегі мутациялардың болуын зерттеу осындай бұзылуларды диагностикалық бағалаудың ағымдағы клиникалық тәжірибесіне сәйкес жүргізілуі керек.
Құрысудың нашарлауы
Эпилепсияға қарсы басқа препараттарды қолдану кезіндегідей, вальпроатты қабылдау жай-күйді жақсарту орнына құрысу ұстамалары (эпилепсиялық статус дамуын қоса) жиілігі мен ауырлығының қайтымды артуына немесе құрысулардың жаңа түрлерінің пайда болуына әкелуі мүмкін. Ұстамалар күшейген жағдайда пациенттер дереу емдеуші дәрігермен кеңесу керек.
Алкоголь
ДЕПАКИН® Хроно препаратымен емдеудің барлық кезеңі ішінде алкоголь қабылдауға болмайды.
Натрий
Бұл дәрілік препараттың құрамында 300 мг таблеткаға 28,3 мг натрий бар. Бұл ДДҰ ұсынған ересектер үшін натрий тұтынудың ең жоғары күндік мөлшері болып табылатын 2 г-ның 1,4%-ына баламалы.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ДЕПАКИН® ХРОНО препараты ықтимал жағымсыз реакцияларға байланысты көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етеді.
Пациентке, әсіресе, біріктірілген құрысуға қарсы ем немесе бензодиазепиндермен біріктіріп емдеу жағдайында ұйқышылдықтың пайда болу қауіптілігі туралы ескерту керек.