Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Крем
Дозасы
2%
Саудалық атауы
ДЕРМАЗОЛ®
Әсер етуші зат
Кетоконазол
Мақсаты
Терінің және тырнақтың сезімтал микроорганизмдер туындатқан зеңдік зақымдануларын емдеуде
Өндіруші
Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г кремнің құрамында
белсенді зат - кетоконазол 20 мг,
қосымша заттар: пропиленгликоль, цетостеарил спирті, цетомакрогол 1000, жұмсақ ақ парафин, сұйық ақшыл парафин, динатрий эдетаты, полисорбат 80, сусыз натрий сульфиті, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті біртекті крем.
Терінің және тырнақтың сезімтал микроорганизмдер туындатқан зеңдік зақымдануларын емдеуде
- тегіс тері дерматомикозында
- білезік және табан эпидермофитиясында
- шап эпидермофитиясында
- тері кандидозында
- кебек тәрізді теміреткіде
- себореялық дерматитте
Әдетте кетоконазол бар крем қышуға тез әсер етеді, ол әдетте дерматофит және ашытқы инфекцияларында, сондай-ақ Malassezia spp қатысуымен байланысты тері ауруларында байқалады. Бұл симптоматикалық жақсару емдеудің алғашқы белгілері пайда болғанға дейін байқалады.
Имидазолдиоксоланның синтетикалық туындысы кетоконазолдың Trichophyton spp., Epidermophyton floccosum және Microsporum spp. сияқты дерматофиттерге қарсы, Malassezia spp. және Candida spp қоса ашытқыға қарсы зеңге қарсы күшті әсері бар. Malassezia spp.-ге әсері, әсіресе айқын.
250 пациенттің қатысуымен жүргізілген зерттеу 2% кетоконазол кремін 7 күн ішінде күніне екі рет қолдану 1% клотримазол кремімен салыстырғанда 4 апта бойы аяқ (спортшы табаны) саусақтары арасының зақымдануымен байқалатын белдемелі теміреткісі бар пациенттерде тиімділігін көрсетті. Тиімділіктің бастапқы нүктесі 4 аптадан кейін КОН микроскопиялық зерттеудің теріс нәтижесі болды. 2% кетоконазолмен емдеу 1% клотримазолмен жүргізілетін 4 апталық емге баламалы тиімділікті көрсетті. 8 аптадан кейін кетоконазол кремімен емдеуден кейін қайталану белгілері болған жоқ.
Дозалау режимі
Тері кандидозында, тері дерматомикозында, қол мен аяқтың эпидермофитиясында, шап эпидермофитиясында және кебек тәрізді теміреткіде ДЕРМАЗОЛ® кремін терінің зақымданған бетіне күніне 1 рет жағу ұсынылады.
Себореялық дерматитте ДЕРМАЗОЛ® кремін аурудың ауырлығына байланысты зақымданған жерге күніне 1 немесе 2 рет жағады. Емдеуді аурудың барлық симптомдары жоғалғаннан кейін бірнеше күн бойы немесе микологиялық зерттеудің теріс нәтижелерін алғанға дейін жалғастыру қажет. Егер 4 апта емдегеннен соң жақсаруы байқалмаса, диагнозды қайта қарау керек.
Табан дерматофитиясының әдеттегі емдеу курсы 2-6 апта (шап эпидермофитиясы - 2-4 апта), кандидамикозда - 2-3 апта, кебек тәрізді теміреткіде - 2-3 апта.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны түзету қажет емес
Енгізу әдісі мен жолы
Теріге жергілікті қолдану үшін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Жиі
• тері ашығандай сезіну
• жаққан жердегі эритема, жаққан жердің қышуы
Жиі емес
• жоғары сезімталдық, буллезді бөртпе, жанаспалы дерматит, бөртпе, қабыршақтану, жабысқақтық, қан кету, жайсыздық, терінің құрғауы, қабыну, тітіркену, парестезия жаққан жердегі реакциялар
Белгісіз
• есекжем
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
ДЕРМАЗОЛ® кремі тек сыртқа қолданылады.
ДЕРМАЗОЛ® кремін офтальмологиялық практикада қолдануға болмайды.
Жергілікті кортикостероидтармен ұзақ емдеуді тоқтатқаннан кейін тоқтату синдромын болдырмау үшін таңертең жергілікті кортикостероидтарды және кешке ДЕРМАЗОЛ® кремін қолдануды жалғастыру ұсынылады, содан соң 2-3 апта бойы біртіндеп стероидтармен емді тоқтату керек.
Қосымша заттар
ДЕРМАЗОЛ® препаратының қосымша заттарының құрамында терінің жергілікті реакцияларын (жанаспалы дерматиттер мен терінің тітіркенуін) тудыруы мүмкін пропиленгликоль, стеарил спирті бар.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кетоконазол көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
ДЕРМАЗОЛ® кремі тері арқылы сіңбейді, жүктілік және лактация кезінде байқалатын ықтимал жағымсыз әсерлері туралы деректер жеткіліксіз. Сондықтан жүктілік және лактация кезеңінде сақтықпен қолдану керек
Кремді жергілікті глюкокортикостероидтармен (ГКС) бір мезгілде немесе оларды ұзақ қолданғаннан кейін бірден қолданғанда ГКС таңертең (қажет болған жағдайда біртіндеп тоқтата отырып), ал ДЕРМАЗОЛ® кремін кешке қолданған жөн.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.