Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
Белсенді зат - микрондалған диосмин, 1000 мг,
қосымша заттар: поливинил спирті, натрий
кроскармеллозасы, тальк,
сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы,
магний стеараты,
үлбірлі қабықтың құрамы: опадрай II 85F82874 сары (поливинил спирті,
титанның қостотығы (Е171), макрогол, тальк, темірдің сары тотығы (E172)
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ұзынша екі беті дөңес, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жағында сындыруға арналған сызығы бар таблеткалар.
- аяқтың веналық-лимфа жеткіліксіздігін (күш салу, аяқтағы ауырлық, ауыру, ісіну, балтыр бұлшықеттерінің құрысуы) емдеу
- геморроидальді веналардың аурулары. Геморроидальді аурумен байланысты симптомдардың асқынуын емдеу
Әсер ету механизмі
Венатонустық қасиеттері
Веналардың кеңеюіне бейімділігін төмендетеді және веналық іркілуді азайтады.
Микроциркуляцияға әсері
Капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді және олардың кедергісін арттырады. Простагландиндердің синтезіне ықпал ете отырып, қабынуға қарсы әсер етеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Дәрілік заттың фармакологиялық әсері бақыланатын, салыстырмалы жасырын клиникалық зерттеулерде, ал белсенді заттың веналық гемодинамикаға әсері - объективті және сандық зерттеулермен көрсетілді.
Веналық тонусқа әсері
Препарат веналардың тонусын арттырады; сондықтан ол веналық сыйымдылықты, созылғыштықты және қанның іркілуін азайтады. Тензометриялық плетизмографияның көмегімен веналық сыйымдылығын өлшеу арқылы көрсетілген веналық тонустың жоғарылауы; веналық іркілістің төмендеуі.
Лимфа жүйесіне әсері
Препарат интерстициальді кеңістіктің дренажын жақсарта отырып және лимфа ағынын арттыра отырып, лимфа жүйесінің жұмысын ынталандырады. 1 г диосмині қабылдау лимфа капиллярларының диаметрін және лимфаішілік қысымды күнделікті төмендетеді, сондай-ақ ойық жарасыз ауыр созылмалы веналық жеткіліксіздігі бар науқастарда қызмет ететін лимфалық капиллярлардың санын арттырады.
Микроциркуляцияға әсері
Бақыланатын салыстырмалы жасырын клиникалық зерттеулер диосмин мен плацебоның арасындағы статистикалық елеулі айырмашылықты көрсетті. Капиллярлардың сынғыштығы бар пациенттерде диосминмен емдеу капиллярлардың резистенттілігін арттырды және клиникалық көріністерін азайтты.
Капиллярлар өткізгіштігінің төмендеуі плацебомен салыстырғанда күніне 1 г диосминді пероральді қабылдағаннан кейін де байқалды.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Салыстырмалы жасырын, плацебо бақыланатын клиникалық зерттеу дамыған созылмалы веналар ауруының белгілері мен симптомдарын емдеу кезінде және жедел геморройлық ауруды емдеу кезінде дәрілік заттың емдік белсенділігін көрсетеді.
Дозалау режимі
Ересектер:
• Аяқтың созылмалы веналық жеткіліксіздігі кезінде: күніне 1 таблеткадан, таңертең тамақтану кезінде.
• Геморрой симптомдарының асқынуы: тамақтану кезінде күніне үш рет 1 таблеткадан, 4 күн бойы; осыдан кейін күніне екі рет 1 таблеткадан, тағы 3 күн бойы.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Аяқ веналарының лимфовеналық жеткіліксіздігі
Егер аурудың симптомдары нашарласа немесе 6 апта емдеуден кейін жақсармаса, пациент дәрігерге жүгіну қажет.
Дегенмен, егер дәрігер басқа мақсатты бағытталған емдеуді қолдануды қажет деп санамаса, пациент Десмивен® Ультраны едәуір ұзақ кезең бойы қабылдауды жалғастыруы мүмкін.
Геморрой симптомдарының асқынуы
Емдеу курсы 7 күнді құрайды. Егер аурудың симптомдары жақсармаса немесе 7 күн емдеуден кейін нашарласа, пациентке дәрігерге жүгіну керек. Десмивен® Ультрамен өзін-өзі емдеу 7 күн бойы жалғасуы мүмкін – егер бұл кезең ішінде симптомдар жоғалмаса, пациентке емдеуші дәрігерге жүгіну керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Қажет болған жағдайда, дәрілік затты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
- препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
- бала емізу кезеңінде
Жиі
- жүрек айнуы, құсу, диарея, диспепсия
Жиі емес
- колит
Сирек
- бас ауыруы, бас айналу, дімкәстік
- бөртпе, қышыну, есекжем
Белгісіз
- іштің ауыруы
- аллергиялық реакциялармен байланысты беттің, еріннің және қабақтың оқшауланған ісінуі, Квинке ісінуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Геморроидальді симптомдар асқынған кезде осы дәрілік затты қолдану анальді ауруларды емдеуге бағытталған басқа, едәуір спецификалық дәрілік заттарды қолдануды алмастырмайды. Емдеу тек қысқа уақыт кезеңінде жалғастырылуы тиіс. Симптоматика сақталған немесе күшейген кезде проктологтың кеңесіне жүгіну және емді қарастыру қажет.
Созылмалы веналық жеткіліксіздікті емдеу кезінде ең жақсы әсерге өмір салтының талапқа сай шараларының көмегімен қол жеткізіледі. Күн сәулесін қабылдаудан, ұзақ уақыт бойы тұрудан немесе артық салмақтан аулақ болу керек. Жаяу серуендеу және талапқа сай компрессиялық шұлықтар қан айналымын жақсартуы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Бұл дәрінің құрамында үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаға 1 ммольден кем натрий (23 мг) бар, яғни құрамында натрий жоқ дерлік.
Педиатрияда қолдану
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек және/немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде немесе егде жастағы пациенттерде дозалауға зерттеу жүргізілген жоқ. Қолда бар деректер негізінде пациенттердің осы топтары үшін ешқандай спецификалық қауіп белгіленген жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлікті басқару және басқа механизмдермен жұмыс істеу кезіндегі реакция жылдамдығына ықпал етпейді.
Жүктілік кезінде диосминді қолдану туралы клиникалық деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер диосминнің аздаған мөлшері плацента арқылы өтетінін көрсетті; дегенмен, мұндай деректер жүктілікке және шарананың/эмбрионның дамуына қандай да бір тікелей немесе жанама жағымсыз әсерді растамайды.
Сақтық шарасы ретінде жүктілік кезінде препаратты қолданудан аулақ болу керек.
Диосминнің емшек сүтіне енуі туралы деректер жоқ. Дәрілік затты бала емізетін әйелдерге қолдану ұсынылмайды.
Кейбір деректер диосмин дені сау еріктілерде Р450 цитохромы ферменттері арқылы метаболизмдік үдерістерге тежеуші әсер ететіні және осылайша, бір мезгілде қабылданатын кейбір басқа дәрілік заттардың (диклофенак, метронидазол) фармакокинетикасын өзгертуі мүмкін екендігі туралы куәландырады.
Адреналин мен норадреналиннің тамыр тарылтатын әсерінің күшеюі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.