Жиі
• абдоминальді ауыру
• астения/әлсіздік, тұмау тәрізді симптомдар
• бас айналу, бас ауыру
• бронх түйілуі
• жүректің жиі соғуы, аритмия
• артериялық гипертензия
• ісіну/сұйықтық іркілісі
• іш қату, метеоризм, гастрит, қыжылдау/қыжыл рефлюксі, диарея, диспепсия, эпигастрий аумағында жайсыздық сезіну, жүрек айну, құсу, эзофагит, ауыз қуысындағы ойық жара
• альвеолярлы остеит
• АЛТ деңгейінің жоғарылауы, АСТ деңгейінің жоғарылауы
• экхимоз
• Жиі емес
• дәм сезудің бұрмалануы, ұйқысыздық, парестезия/гипестезия, ұйқышылдық
• үрейлену, өз күшіне күмәнданумен байланысты депрессия, ақыл-ой айқындығының төмендеуі; елестеулер, анық көрмеу, конъюнктивит
• құлақтың шыңылдауы, вертиго
• жүрекшелер фибрилляциясы, тахикардия, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, ЭКГ-дағы спецификалық емес өзгерістер, стенокардия, миокард инфарктісі
• гиперемия, ми қан айналымының жедел бұзылуы, транзиторлы церебральді ишемиялық ұстама, гипертензиялық криз, васкулит
• кеуденің ауырсынуы
• жөтел, диспноэ, мұрыннан қан кету
• гастроэнтерит, жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының инфекциясы
• іштің желденуі, ішектің перистальтика сипатының өзгеруі, ауыз кеберсуі, гастродуоденальді ойық жаралар, пептидтік ойық жаралар, гастроинтестинальді перфорацияны қоса және қан кету, ішектің тітіркену синдромы, панкреатит
• тәбеттің артуы немесе төмендеуі, дене салмағының артуы
• протеинурия, сарысулық креатинин деңгейінің жоғарылауы, бүйрек функциясының бұзылуы, бүйрек жеткіліксіздігін қоса
• бұлшықеттердің түйілуі/бұлшықеттердің құрысуы, қаңқа-бұлшықет ауырсынуы/қимыл шектелісі, аса жоғары сезімталдық
• беттің ісінуі, қышыну, бөртпе, эритема, есекжем
• анемия (көбінесе асқазан-ішектен қан кету нәтижесінде), лейкопения, тромбоцитопения
• қандағы мочевина азоты деңгейінің жоғарылауы, креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы, гиперкалиемия, несеп қышқылы деңгейінің артуы Сирек
• сананың шатасуы, мазасыздық
• гепатит, бауыр жеткіліксіздігі, сарғаю
• ангиоэдема/анафилаксиялық/анафилактоидтық реакциялар, шокты қоса, – Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, орныққан дәрілік эритема
• қанда натрий деңгейінің төмендеуі
ҚҚСП қолдану аясында мынадай елеулі жағымсыз әсерлер туралы хабарланды және эторикоксибке қатысты жоққа шығаруға болмайды: интерстициялық нефрит пен нефроздық синдромды қоса алғанда, нефроуыттылық.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz