Бүйрек функциясы.
Деферазироксты қолдану қан сарысуы креатининінің бастапқы деңгейі жасына сәйкес келетін қалып шегіндегі пациенттерде ғана зерттелді.
Клиникалық сынақтар кезінде пациенттердің шамамен 36%-да қан сарысуы креатинині деңгейінің ≥ 2 бірізді жағдайларда 33% дозаға тәуелді жоғарылауы туындады, кейде қалыптың жоғарғы шегінен асады. Қан сарысуы креатининінің көтерілуі білінген пациенттердің үштен екі шамасы дозаны түзетусіз 33%-дан төмен деңгейге оралды. Қалған үштен бір бөлігінде қан сарысуы креатининінің жоғарылауы дәрілік зат дозасын төмендетуге немесе оны қолдануды тоқтатуға әрдайым жауап бермейді. Кейбір жағдайларда дозаны төмендетуден кейін сарысу креатинині мәндерінің тұрақтануы байқалды.
Бүйректің жедел жеткіліксіздігі жағдайлары дәрілік заттың қолданылуын зерттеуде тіркелді. Кейбір жағдайларда бүйрек функциясының нашарлауы бүйрек жеткіліксіздігіне әкелді, бұл уақытша немесе тұрақты диализді талап етті.
Қан сарысуының креатинині деңгейінің көтерілу себептері анықталмаған. Бүйрек функциясын бәсеңдететін дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде, әрі дәрілік заттың жоғары дозаларын алатын және/немесе трансфузия жиілігі төмен (< 7 мл/кг/ай эритроцитарлық масса немесе < 2 бірлік/ай ересектер үшін) пациенттерде қан сарысуы креатининін бақылауға ерекше көңіл бөлу керек. Клиникалық сынақтар үдерісінде 30 мг/кг дейін дозаны арттырудан кейін бүйрек тарапынан жағымсыз құбылыстардың көбеюі байқалмаса да, деферазироксты үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар түрінде 21 мг/кг-ден көбірек дозада қолданy кезінде бүйрек тарапынан жағымсыз құбылыстардың арту қаупінің мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.
Емнің басталуына дейін екі рет және емдеу басталуынан кейін қайталап қан сарысуы креатининін бағалау ұсынылады. Қан сарысуы креатининін, креатинин клиренсін (ересектерде Кокрофт-Голт немесе MDRD формулалары бойынша есептелген) және/немесе қан плазмасындағы цистатин C деңгейін деферазирокспен ем басталғанша, емдеудің алғашқы айының ішінде немесе емді өзгерткенде аптасына 1 рет, ал одан кейін айына бір рет бақылап отыру керек.
Анамнезінде бүйрек аурулары бар пациенттер және бүйрек функциясын бәсеңдететін дәрілік заттар қабылдап жүрген пациенттер асқынуларға өте бейім. Диарея немесе құсу туындаған пациенттерде талапқа сай гидратацияны демеу керек.
Зерттеулер үдерісінде деферазирокспен емдеу аясында метаболизмдік ацидоз дамыған жағдайлар мәлімделді.
Осы пациенттердің көпшілігінде бүйрек функциясының бұзылулары, бүйрек тубулопатиясы (Фанкони синдромы), диарея немесе қышқыл-сілті тепе-теңдігінің бұзылуы болатын жай-күйлер байқалды. Пациенттердің осы тобында клиникалық көрсетілімдерге сәйкес қышқыл-сілті тепе-теңдігі көрсеткіштерін бақылап отыру керек. Метаболизмдік ацидоз білінетін пациенттерде деферазирокспен емді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек. Деферазирокс қабылдаған пациенттерде, гиперамонемиялық энцефалопатия жағдайларындағы сана өзгерістерімен байланысты бүйрек тубулопатиясының ауыр түрлері (Фанкони синдромы сияқты) және бүйрек жеткіліксіздігінің жағдайлары хабарланды. Деферазирокспен ем кезінде психикалық жай-күйінің түсініксіз өзгерістері дамыған пациенттерде гиперамонемиялық энцефалопатияны ескеру және аммиак деңгейін өзгерту ұсынылады.
Қан сарысуы креатинині — Креатинин клиренсі
Ем басталар алдында — 2 рет — және — 1 рет
Қарсы көрсетілімді — < 60 мл/м
Бақылау
Ем басталуынан немесе дозаны өзгертуден кейінгі алғашқы ай (препаратты ауыстыруды қоса) — апта сайын — және — апта сайын
Әріқарай — ай сайын — және — ай сайын
Тәуліктік дозаны 7 мг/кг/тәулікке төмендету (үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар). Егер төменде көрсетілген бүйрек параметрлері бірізді екі тексеру кезінде байқалса және басқа себептермен байланысты болмауы мүмкін болса.
Ересектер — емдеуге дейінгі орташа мәнінен > 33% жоғары — және — < LLN* төмендеуі (< 90 мл/мин)
Дозаны төмендетуден кейін емдеуді тоқтату, егер
Ересектер — Емдеуге дейінгі орташа мәнінен > 33% жоғары күйде қалады — және/ немесе — < LLN* төмендеуі (< 90 мл/мин)
Бүйрек функциясын бақылау үшін дозаны түзету және емдеуді тоқтату.
* LLN: қалыптың төменгі шегі.
Емдеуді жеке клиникалық жағдаяттарға қарай жаңғыртуға болады.
Дозаны төмендетуді немесе емдеуді тоқтата тұруды бүйректік тубулярлы функция маркерлерінің деңгейінде ауытқулар туындағанда және/немесе клиникалық көрсетілімдерге сәйкес қарастыруға болады:
• протеинурия (тест емнің басталуына дейін және әріқарай – ай сайын өткізілу керек);
• қант диабетінен зардап шегіп жүрмеген пациенттерде, әрі қан сарысуындағы калий, фосфат, магний немесе ураттардың төмен деңгейлерінде, фосфатурия, аминоацидурия кезіндегі глюкозурия (қажет болса, бақылау).
Бүйрек тубулопатиясы деферазирокспен ем қабылдаған бета-талассемия бар пациенттерде білінеді.
Пациенттер нефролог маманға жолдануы тиіс, ал одан әрі арнайы мамандандырылған зерттеулерді (мысалы, бүйрек биопсиясы) қарастыруға болады, егер, дозаны азайтуға және препаратты қабылдауды үзуге қарамастан:
• қан сарысуында креатинин деңгейі едәуір жоғары күйде қалcа
• бүйрек функциясының басқа көрсеткіштерінің тұрақты ауытқулары
(мысалы, протеинурия, Фанкони синдромы) болса.
Бауыр функциясы.
Деферазирокс қолданған пациенттерде бауыр сынамалары көрсеткіштерінің жоғарылауы байқалды. Бауыр жеткіліксіздігінің, кейде өліммен аяқталған жағдайлары мәлімделді. Деферазирокс қабылдаған пациенттерде гиперамонемиялық энцефалопатия жағдайларындағы сана өзгерістерімен байланысты ауыр түрлері туындауы мүмкін. Деферазирокспен ем кезінде психикалық жай-күйінің түсініксіз өзгерістері дамыған пациенттерде гиперамонемиялық энцефалопатияны ескеруге және аммиак деңгейін өзгертуге кеңес беріледі. Сусыздануы (диарея немесе құсу) болатын пациенттерде сай гидратация сақталуын қамқорлау керек. Бауыр жеткіліксіздігі жөніндегі хабарламалардың көпшілігі айқын аурулары, оның ішінде бұрыннан келе жатқан бауыр циррозы, С гепатиті, көп ағзалық жеткіліксіздігі бар пациенттерге қатысты болды. Алайда, деферазирокстың ықпал ететін немесе нашарлататын фактор ретіндегі рөлін жоққа шығаруға болмайды.
Трансаминазалар, билирубин және сілтіілі фосфатаза деңгейлерін емдеудің басталуына дейін, алғашқы ай ішінде әр 2 апта сайын және одан әрі айына 1 рет тексеру ұсынылады. Басқа себептер есебіне жатқызуға болмайтын сарысудағы трансаминазалар деңгейінің орнықты және үдемелі көтерілуінде деферазирокс қабылдауды тоқтату керек. Бауыр функциясына талдаулар нәтижелерінің ауытқу себептерін анықтаудан кейін немесе олар қалыпты деңгейге оралғанда деферазирокспен төменірек дозада емдеуді қалпына келтіріп, одан кейін оны біртіндеп арттыру мүмкіндігін қарастыруға болады.
Деферазирокс бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы) пациенттерге ұсынылмайды.
Қауіпсіздікті бақылау жөніндегі ұсынымдар.
Көрсеткіш — Жиілік
Қан сарысуы креатинині — Ем басталуына дейін екі рет. Емнің алғашқы айының ішінде және дозаны өзгертуден кейінгі алғашқы ай ішінде апта сайын (препаратты ауыстыруды қоса). Одан кейін ай сайын.
Креатинин клиренсі және/немесе қан плазмасындағы C цистатин деңгейі — Ем басталуына дейін. Емнің алғашқы айының ішінде және дозаны өзгертуден кейінгі алғашқы ай ішінде апта сайын (препаратты ауыстыруды қоса). Одан кейін ай сайын.
Протеинурия — Ем басталуына дейін. Одан кейін ай сайын.
Бүйрек тубулярлы функциясының басқа маркерлері (мысалы, диабетпен және қан сарысуындағы калий, фосфаттар, магний немесе ураттардың төмен деңгейлерімен байланыссыз глюкозурия, фосфатурия, аминоацидурия). — Қажет болса.
Қан сарысуындағы трансаминазалар, билирубин және сілтілі фосфатаза деңгейлері — Ем басталуына дейін. Емнің алғашқы айының ішінде әр 2 апта сайын. Одан кейін ай сайын.
Есту мен көруді тексеру — Ем басталуына дейін. Одан кейін жыл сайын.
Дене салмағы, бой өсу және жыныстық даму — Ем басталуына дейін.
Өмір ұзақтығының қысқа болуы (мысалы, қауіптілігі жоғары миелодисплазиялық синдромдар) болжанатын пациенттерде, әсіресе, қатарлас аурулар жағымсыз құбылыстар қаупін арттыруы мүмкін болғанда деферазирокс препаратының пайдасы шектеулі болуы мүмкін және оларды қауіп пайдасынан асып кетуі мүмкін. Cоның салдарынан, пациенттерге деферазирокс қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттерге жағымсыз реакциялардың (атап айтқанда, диарея) өте жоғары жиілігімен байланысты дәрілік затты абайлап қолдану керек.
Асқазан-ішек жолы.
Деферазирокс қабылдаған пациенттерде асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлімінен қан кету және ойық жаралар тіркелген. Кейбір пациенттерде көптеген ойық жаралар байқалды. Асқазан-ішек жолының тесілуімен асқынған ойық жаралар жөнінде мәлімделді. Сонымен қатар, өлімге ұшырататын асқазан-ішектен қан кету жөнінде, әсіресе, гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдері бар және/немесе тромбоциттер саны төмен егде жастағы пациенттерде хабарланды. Дәрігерлер пациенттерді деферазирокспен ем кезінде асқазан-ішек ойық жаралары және қан кету белгілері мен симптомдары туралы және егер асқазан-ішек жолы тарапынан күрделі жағымсыз құбылыстарға күмән болса, деферазирокс қабылдауды дер мезгілінде тоқтату және қосымша тексеруге және емдеуге кірісу қажеттілігі жөнінде хабардар етуі тиіс. Асқазан-ішек жолы тарапынан ойық жара және қан кету болған жағдайда деферазирокс қабылдауды тоқтату және қосымша тексеру мен емдеуді шұғыл бастау керек. Деферазироксты ульцерогенді қуаты белгілі дәрілік заттармен (ҚҚСП, кортикостероидтар немесе пероральді бисфосфонаттар сияқты) бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге, сондай-ақ антикоагулянттар қабылдап жүрген пациенттерге және тромбоциттер саны 50 000/мм3 мөлшерінен төмен (50×109/л) пациенттерге сақ болу керек.
Тері тарапынан бұзылулар.
Деферазироксты қолдану кезінде теріде бөртпе пайда болуы мүмкін. Көпшілік жағдайларда бөрту өздігінен басылады. Егер бөртуге байланысты емдеу тоқтатылса, бөртпе кеткеннен кейін емді төменірек дозада қалпына келтіруге, ал одан кейін оны біртіндеп арттыруға болады. Ауыр жағдайларда осы жаңғыртуды пероральді стероидтарды қысқа мерзімде қабылдаумен біріктіріп жүргізуге болады. Стивенс-Джонсон синдромын (SJS), уытты эпидермалық некролиз (TEN) және эозинофилиямен және өмірге қатер төндіруі немесе өліммен аяқталуға соқтыруы мүмкін жүйелік көріністермен (DRESS) қатар жүретін жағымсыз реакцияны қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR) хабарланды. Егер терінің ауыр жағымсыз реакцияларының пайда болуына күмән болса, дәрілік затты қолдануды дереу тоқтату және қайта бастамау керек. Дәрілік затты тағайындағанда пациенттерді мұқият бақылап отыру керек болатын терінің ауыр реакциялары симптомдары туралы хабардар ету керек.
Жоғары сезімталдық реакциялары.
Деферазирокс қабылдаған пациенттерде, көбінесе емдеудің алғашқы айының ішінде аса жоғары сезімталдықтың күрделі реакцияларының (анафилаксия және ангионевроздық ісіну сияқты) жағдайлары тіркелді. Осындай реакциялар туындағанда дәрілік затты тоқтату және дәрі-дәрмекпен емдеуді тағайындау керек. Анафилаксиялық шок туындау қаупіне орай, аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалған пациенттерге деферазирокс қолдануды жаңғыртуға болмайды.
Көру және есту мүшелері.
Есту (естудің төмендеуі) және көру (көз бұршағының бұлыңғырлануы) қабілеті бұзылған жағдайлар тіркелді. Емдеу басталар алдында және бірдей аралықтар (әр 12 ай) сайын есту және көру қабілетін тексертуге (фундоскопияны қоса) кеңес беріледі. Емдеу кезіндегі бұзылулар анықталғанда дозаны азайту немесе емдеуді тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.
Қан тарапынан бұзылулар.
Деферазирокс қабылдаған пациенттерде лейкопения, тромбоцитопения немесе панцитопения (немесе осы бұзылулардың өршуі) және анемияның өршуі жөнінде хабарламалар болды. Осы пациенттердің көпшілігінде сүйек кемігі жеткіліксіздігімен жиі байланысты ағымдағы гематологиялық бұзылулар болды. Алайда, осы дәрілік заттың ықпал етуші немесе ауырлатушы рөлін жоққа шығаруға болмайды. Этиологиясы белгісіз цитопения туындаған пациенттерге емдеуді тоқтату қарастырылу керек.
Басқа да факторлар.
Пациенттің емге реакциясын бағалау және артық дозалануды болдырмау үшін қан сарысуында ферритинді ай сайын бақылау ұсынылады. Жоғары дозалармен емделген кезеңдерде және қан сарысуындағы ферритин деңгейі нысаналы диапазонға жуықтағанда дозаны азайту немесе бүйрек, бауыр функциясын және қан сарысуындағы ферритин деңгейін мұқият қадағалау ұсынылады. Егер қан сарысуындағы ферритин деңгейі 500 мкг/л мөлшерінен төмен (темірмен трансфузиялық шамадан тыс қанығу кезінде) немесе 300 мкг/л мөлшерінен төмен (трансфузияларға байланыссыз талассемия синдромдарында) тұрақты құлдыраса, емдеуді тоқтату мәселесін қарастыру керек.
Қан сарысуындағы креатинин, қан сарысуындағы ферритин және қан сарысуындағы трансаминазалар тестілерінің нәтижелерін тіркеу және үрдісін анықтау бойынша жүйелі бағалап отыру керек. Қорытындыларды пациент карточкасына да түсіру керек.
Жүрек дисфункциясы – темірдің ауыр артық жүктемесінің белгілі асқынуы. Деферазирокспен ұзақ уақыт емдеу кезінде темірдің ауыр артық жүктемесі бар пациенттерде жүрек функциясын тексеру керек.
Қосымша заттар
Индигокармин
Деферазирокс-Виста дәрілік препаратының құрамында балаларға арналған дәрілік препараттарда қолдануға тыйым салынған индигокармин бар.
Лактоза
Деферазирокс-Виста дәрілік препаратының құрамында лактоза бар. Аталған дәрілік препарат тұқым қуалайтын галактоза, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғаларға қарсы көрсетілімді.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Деферазирокс-Виста препаратын қабылдау балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қарсы көрсетілімді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Деферазирокс-Виста көлік құралдарын басқару және басқа механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне мардымсыз әсер етеді.
Қолайсыз әсерін, бас айналуын сезінетін пациенттер көлік жүргізуден және басқа механизмдермен жұмыс істеуден бас тартуы тиіс.