Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
0.1 г
Саудалық атауы
Диазолин
Әсер етуші зат
Мебгидролин
Мақсаты
Маусымдық және аллергиялық риниттің профилактикасында және емдеуде
Өндіруші
"Фармак"
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат -100% затқа шаққанда мебгидролин - 0,1г,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, повидон, сахароза, кальций стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалпақ беттікпен сызығы және ойығы бар ақ немесе ақ дерлік түсті дөңгелек пішінді таблеткалар.
• маусымдық және аллергиялық риниттің профилактикасында және емдеуде
• поллинозда
• есекжемде
• тағамдық және дәрілік аллергияда
• терінің қышуымен бірге жүретін дерматоздар (экзема, нейродермит)
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Мебгидролин антигистаминдік препараттарға жатады, гистаминнің Hl-рецепторларының блокаторы болып табылады. Мебгидролин бронхтардың, ішектің тегіс бұлшықеттеріне қатысты гистаминнің спазмогендік әсерін, сондай-ақ оның қантамырлардың өткізгіштігіне ықпалын бәсеңдетеді. Бірінші буынды антигистаминдік препараттардан (димедрол, супрастин) айырмашылығы – айқындылығы азырақ тыныштандыратын және ұйықтататын әсері бар. Әлсіз білінетін м-холинблокаторлық және жансыздандырғыш қасиеттері бар.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға - тәулігіне 1-2 рет 100-200 мг-ден.
Ересектер үшін ең жоғары дозалар: бір реттік – 300 мг, тәуліктік - 600 мг.
6-12 жастағы балаларға - тәулігіне 1-3 рет 50 мг-ден.
Енгізу әдісі мен жолы
Диазолинді тамақтан кейін, ішке тағайындайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгініңіз.
• мебгидролинге және/немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
• асқыну кезеңінде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы
• ас қорыту жолының қабыну аурулары
• пилоростеноз
• қуық асты безінің гиперплазиясы
• жабық бұрышты глаукома
• эпилепсия
• жүрек ырғағының бұзылуы (ваголитикалық әсерге ие бола отырып, AV -өткізгіштігін жақсарта алады және қарыншалық аритмияның дамуына ықпал етеді)
• жүктілік және лактация кезеңі
• 6 жасқа дейінгі балалар
• тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарда
Белгісіз:
• асқазан-ішек жолының шырышты қабығының тітіркенуі, олар кейде диспепсиялық құбылыстармен (қыжыл, жүректің айнуы, эпигастрий аймағының ауыруы) білінеді;
• бас айналу, парестезиялар, қатты қажығыштық, ұйқышылдық, көздің көруінің көмескіленуі, реакция шапшаңдығының баяулауы, тремор, үрейленгіштік (түнде), ашушаңдық;
• ауыз ішінің құрғауы, несептің бөлініп шығуының бұзылуы, аллергиялық реакциялар.
Өте сирек гранулоцитопения және агранулоцитоз дамуы мүмкін.
Балаларда кейде әдеттен тыс реакциялар байқалады: қатты қозғыштық, тремор, ұйқының бұзылуы.
Жекелеген жағдайларда тіркеуден кейінгі кезеңдерде келесі жағымсыз реакциялар білінді: бас ауыру, қышыну, бөртпелер, есекжем, Квинке ісінуі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препаратпен артық дозаланған кезде тиісті бөлімде айтылған жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупі жоғарылайды. Бұл жағдайда препаратты тоқтатады, қажет болғанда жалпы уытсыздандыру шаралары (асқазанды шаю, қарқындатылған диурез), симптоматикалық ем жүргізіледі.
Диазолинді бауыр және/немесе бүйрек қызметінің ауыр жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен тағайындайды (доза түзетілуі және қабылдау арасындағы аралықтардың ұзаруы мүмкін).
Диазолин препаратымен емдеу кезінде алкоголь ішімдіктерін және құрамында этанол бар дәрілерді қолдануға болмайды.
Арнайы ескертулер
Препарат құрамында лактоза бар, сондықтан галактозаға жақпаушылықтың сирек тұқым қуалайтын түрлері бар, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Егер Сізде кейбір қанттардың жақпаушылығы анықталған болса бұл препаратты қабылдаудан бұрын дәрігерден кеңес алыңыз.
Педиатрияда қолдану
6 жастан асқан балаларға препаратты колдануға болады.
Жүктілік
Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде препаратты қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолданғанда автокөлікті басқаруға және зейін қоюды қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға болмайды.
Диазолин ұйықтатқыш, тыныштандыратын және орталық жүйке жүйесінің қызметін тежейтін басқа да препараттардың, сондай-ақ алкогольдің әсерін күшейтеді.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.