Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Драже
Дозасы
0.05 г
Саудалық атауы
Диазолин
Әсер етуші зат
Мебгидролин
Мақсаты
Маусымдық және аллергиялық риниттің профилактикасы және емінде
Өндіруші
АО Фармак
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір драженің құрамында
белсенді зат - 100% құрғақ затқа шаққанда мебгидролин - 0,05 г немесе 0,1 г;
қосымша заттар: сахароза, крахмал патокасы, тальк, сары балауыз, күнбағыс майы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті драже. Көлденең кесіндісінен екі қабат көрінеді. Драже шар тәрізді пішінде болуы керек.
• маусымдық және аллергиялық риниттің профилактикасы және емінде
• поллинозда
• есекжемде
• тағамдық және дәрі дәрмектік аллергияда
• жәндіктердің шағуынан кейін болатын тері реакцияларында
• терінің қышуымен бірге жүретін дерматоздар (экзема, нейродермит)
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Әсер ету механизмі
Мебгидролин антигистаминдік препараттарға жатады, гистаминнің Hl-рецепторларының блокаторы болып табылады. Мебгидролин бронхтардың, ішектің тегіс бұлшықеттеріне қатысты гистаминнің спазмогендік әсерін, сондай-ақ оның қантамырлардың өткізгіштігіне ықпалын бәсеңдетеді. Бірінші буынды антигистаминдік препараттардан (димедрол, супрастин) айырмашылығы – айқындылығы азырақ тыныштандыратын және ұйықтататын әсері бар. Әлсіз білінетін м-холиноблокаторлық және ауырсынуды басатын қасиеттері бар.
Дозалау режимі
Ересектерге және 12 жастан бастап балаларға күніне 1-2 рет 0,1 – 0,2 г.
Ересектерге арналган ең жоғары дозалары: бір реттік – 0,3 г, тәуліктік – 0,6 г.
5-12 жастағы балаларға күніне 1-3 рет 0,05 г тағайындайды.
3-5 жастағы балаларға - күніне 1-2 рет 0,05 г.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Препарат 3 жастан асқан балаларға қолданылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Диазолин тамақтан кейін, ішке тағайындалады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігердің немесе фармацевттің кеңесіне жүгініңіз.
• мебгидролинге және/немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• өршу кезеңінде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы
• ас қорыту жолдарының қабыну аурулары
• пилоростеноз
• қуық асты безінің гиперплазиясы
• жабық бұрышты глаукома
• эпилепсия
• жүрек ырғағының бұзылуы
• жүктілік және лактация кезеңі
• 3 жасқа дейінгі балалар (0,05 г доза үшін)
• 12 жасқа дейінгі балалар (0,1 г доза үшін)
Белгісіз:
• асқазан-ішек жолы шырышты қабығының тітіркенуі, олар кейде диспепсиялық құбылыстармен (қыжыл, жүрек айнуы, эпигастрий аймағының ауыруы) білінеді;
• бас айналу, парестезиялар, қатты қажу, ұйқышылдық, көздің көруінің көмескіленуі, реакция шапшаңдығының баяулауы, тремор, үрейлену (түнде);
• ауыздың құрғауы, несеп шығарудың бұзылуы, аллергиялық реакциялар. Өте сирек гранулоцитопения және агранулоцитоз туындауы мүмкін.
Балаларда кейде парадоксальді реакциялар байқалады: қатты қозу, тремор, ұйқының бұзылуы, ашушаңдық.
Жекелеген жағдайларда тіркеуден кейінгі кезеңдерде келесі жағымсыз реакциялар білінді: бас ауыруы, қышыну, бөртулер, есекжем, Квинке ісінуі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препаратпен артық дозаланған кезде тиісті бөлімде айтылған жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупі жоғарылайды. Бұл жағдайда препаратты тоқтатады, қажет болғанда жалпы уытсыздандыру шаралары (асқазанды шаю, қарқынды диурез), симптоматикалық ем жүргізіледі.
Диазолинді бауыр және/немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен тағайындайды (доза түзетілуі және қабылдау арасындағы аралықтары ұзаруы мүмкін). Диазолин препаратымен емдеу кезінде алкоголь ішімдіктерін және құрамында этанол бар дәрілерді қолдануға болмайды.
Егер Сізде кейбір қанттардың жақпаушылығы анықталған болса бұл препаратты қабылдаудан бұрын дәрігерден кеңес алыңыз.
Жүктілік
Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде препаратты қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолданғанда автокөлікті басқаруға және зейін қоюды қажет ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысу ұсынылмайды.
Диазолин ұйықтататын, тыныштандыратын және орталық жүйке жүйесін тежейтін басқа да препараттардың, сондай-ақ алкогольдің әсерін күшейтеді.
Сақтау мерзімі
42 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.