ДИКЛОСЕЙФ® препаратын жеңіл және орташа дәрежеде бауыр функциясы бұзылған пациенттерде, сондай-ақ бауыр порфириясы бар пациенттерде қолданғанда ерекше сақ болу керек, өйткені препарат порфирия ұстамаларына түрткі болуы мүмкін.
Препаратты бронх демікпесі, маусымдық аллергиялық ринит, мұрын қуысының шырышты қабығының ісінуі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, тыныс алу жолдарының созылмалы инфекциялық аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Гемостаз жүйесінің ақаулары бар пациенттерде ДИКЛОСЕЙФ® препаратын сақтықпен қолданған жөн.
ДИКЛОСЕЙФ® препаратын егде жастағы пациенттерде қолданғанда сақ болу керек. Бұл әсіресе әлсіреген немесе дене салмағы төмен егде жастағы адамдар үшін өзекті – осы санаттағы пациенттерде препаратты ең төменгі тиімді дозада қолдану ұсынылады.
Арнайы сақтандырулар
Жағымсыз әсерлерді симптомдарға бақылау жүргізу үшін қажетті өте аз ықтимал мерзім ішінде тиімді ең төмен дозаны қолдану арқылы барынша азайтуға болады.
Препаратты, қандай да болсын синергиялық пайдасының жоқтығына және қосымша жағымсыз әсерлердің даму ықтималдығына байланысты, циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса, жүйелік ҚҚСД-мен бірге қолдануға жол бермеген жөн.
Егде жастағы пациенттерге препаратты тағайындағанда, негізгі медициналық көрсеткіштеріне байланысты, сақтық танытқан жөн. Атап айтқанда, денсаулығы нашар егде жастағы пациенттер және дене салмағының көрсеткіштері төмен науқастар үшін тиімді ең төмен дозаларды қолдану ұсынылады.
Басқа ҚҚСД қолданған кездегідей, диклофенактың алдын ала экспозициясынсыз, аллергиялық реакциялар да, соның ішінде анафилаксиялық/анафилактоидтық реакциялар да туындауы мүмкін.
Басқа да ҚҚСД сияқты, диклофенак өзінің фармакодинамикалық қасиеттеріне байланысты, инфекциялардың белгілерін және симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Ас қорыту жүйесіне ықпалы:
Асқазан-ішек анастомозының дәрменсіздігі
Диклофенакты қоса, ҚҚСД қолдану асқазан-ішек операциясынан кейін диклофенакты қолданғанда асқазан-ішек анастомозы дәрменсіздігінің даму қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін, осыған байланысты мұқият медициналық бақылау және операциядан кейінгі кезеңде сақтық ұсынылады.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары Коунис синдромының, миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін күрделі аллергиялық реакцияның дамуына әкелуі мүмкін. Мұндай реакциялардың симптомдары диклофенакқа аллергиялық реакцияға байланысты пайда болатын кеудедегі ауырсынуды қамтуы мүмкін.
Диклофенакті қоса, барлық ҚҚСД қолданған кездегі сияқты, алдын ала ескертетін симптомдары бар, немесе онсыз, емдеу үдерісінің кез келген уақытында өліммен аяқталуы және байқалуы мүмкін, сондай-ақ анамнезінде асқазан-ішек жолы тарапынан күрделі құбылыстар болған жағдайда, асқазан-ішектік қан кетулер (қан құсу, мелена), ойық жараның түзілу немесе тесілу жағдайлары тіркелді. Бұл құбылыстардың, әдеттегідей, егде жастағыларда өте күрделі зардаптары болуы мүмкін. Егер диклофенак қабылдап жүрген пациенттерде асқазан-ішектік қан кетулер немесе ойық жаралардың түзілуі байқалса, препаратты қолдануды тоқтату қажет.
Диклофенакты қоса, барлық ҚҚСД қолданған кездегі сияқты, мұқият медициналық бақылау қажет болып табылады: диклофенакты асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылуларды айғақтайтын симптомдары бар, немесе анамнезінде асқазанның немесе ішектің ойық жарасы, қан кетулер немесе тесілу бар пациенттерге тағайындағанда аса сақтық танытқан жөн. Диклофенакты қоса, ҚҚСД дозасын арттырған кезде, сондай-ақ анамнезінде ойық жарасы, әсіресе қан кетулер немесе тесілулер түріндегі асқынулар бар пациенттерде асқазан-ішектік қан кетулер, ойық жаралардың немесе тесілулердің пайда болу қаупі жоғары болады.
Егде жастағы пациенттерде ҚҚСД қолданған жағдайда өліммен аяқталуы мүмкін асқазан-ішектік қан кетулер және тесілулер сияқты жағымсыз реакциялар жиілігі жоғары.
Анамнезінде ойық жарасы бар, әсіресе қан кетулер немесе тесілулер түріндегі асқынулары бар пациенттерде, және егде жастағы пациенттерде ас қорыту жүйесіне уытты әсер ету қаупін төмендету үшін, емдеуді тиімді ең төмен дозалардан бастайды және мұны сақтайды.
Осындай пациенттер, сондай-ақ құрамында ацетилсалицил қышқылының (АСҚ/аспирин) төмен дозалары бар дәрілік заттарды немесе ас қорыту жүйесіне жағымсыз әсер ету қаупін арттыруы мүмкін басқа да дәрілік заттарды қатар қолданғанда қорғағыш дәрілік заттарды (мысалы, мизопростолды немесе протонды сорғы тежегіштерін) қолданып, біріктірілген ем жүргізу мәселесін қарастырған жөн.
Анамнезінде асқазан-ішектік уыттылығы бар, әсіресе егде жастағы пациенттер әдеттен тыс кез келген абдоминальді симптомдарды (әсіресе ас қорыту жолдарындағы қан кетулер жөнінде) мәлімдеуі тиіс.
Сақтандырулар сондай-ақ ойық жараның немесе қан кетулердің даму қаупін арттыруы мүмкін жүйелік кортикостероидтар, антикоагулянттар (мысалы, варфарин), серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер немесе тромбозға қарсы дәрілер (мысалы, ацетилсалицил қышқылы) сияқты препараттарды қатар қабылдап жүрген науқастар үшін де керек.
Ойық жаралы колиті немесе Крон ауруы бар пациенттерге де сақтық және мұқият медициналық бақылау қажет, өйткені бұл аурулар өршуі мүмкін.
Бауырға ықпалы:
ДИКЛОСЕЙФ® препаратын бауыр функциясы бұзылған пациенттерге тағайындаған кезде мұқият мониторинг жүргізу қажет, өйткені мұндай пациенттердің жағдайы нашарлауы мүмкін.
Диклофенакті қоса, басқа да ҚҚСД қолданған кездегі сияқты, бір және одан көбірек бауыр энзимдерінің деңгейі жоғарылауы мүмкін. Диклофенак препаратымен ұзақ мерзімдік емдеу кезінде сақтық шаралары ретінде бауыр функциясын ұдайы бақылап отыруды тағайындайды. Бауыр функциясының бұзылуы сақталғанда және үдегенде немесе бауыр ауруларының белгілері немесе басқа да симптомдар (мысалы, эозинофилия, бөртпелер және т.б.) туындағанда препарат қабылдауды тоқтату қажет. Диклофенакты қолдану аясында гепатит продромальді құбылыстарсыз дамуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.
Егер диклофенакты, ұстамаға түрткі болуы мүмкін болғандықтан, бауырлық порфириясы бар пациенттерге қолданса, алдын ала сақтандырулар қажет.
Бүйрекке ықпалы:
Диклофенакты қоса, ҚҚСД-мен емдегенде сұйықтықтың іркілуі және ісінулер жөнінде мәлімделгендіктен, анамнезінде жүрек немесе бүйрек функциясы бұзылулары, артериялық гипертензиясы бар науқастарға, егде жастағы науқастарға, диуретиктермен немесе бүйрек функциясына елеулі ықпал ететін препараттармен емді қатар қабылдап жүрген науқастарға, және кез келген себептен, мысалы, күрделі хирургиялық араласымға дейін немесе одан кейін, жасушадан тыс сұйықтық көлемі едәуір төмендеген пациенттерге аса мұқият көңіл бөлген жөн. Мұндай жағдайларда сақтандыру шаралары ретінде бүйрек функциясына мониторинг жүргізу ұсынылады. Емдеуді тоқтату әдетте емдеудің алдындағы жағдайға оралуына себеп болады.
Теріге әсері:
ҚҚСД, соның ішінде диклофенакты қолданумен байланысты, эксфолиативті дерматитті, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермальді некролизді қоса, тері тарапынан күрделі реакциялар (олардың кейбіреулері өліммен аяқталды) өте сирек тіркелді. Сірә, осы реакциялар дамуының ең жоғары қаупі емдеу курсының басында, көптеген жағдайларда емдеудің алғашқы айы ішінде байқалады. Тері бөртпелері, шырышты қабықтардың зақымданулары немесе жоғары сезімталдықтың кез келген басқа да белгілері алғаш пайда болған кезде ДИКЛОСЕЙФ® препаратын қолдануды тоқтату қажет.
Жүйелік қызыл жегі (ЖҚЖ) және дәнекер тінінің аралас аурулары:
ЖҚЖ және дәнекер тіннің аралас аурулары бар пациенттерде асептикалық менингиттің даму қаупі жоғарылағаны байқалуы мүмкін.
Жүрек-қантамырлық және цереброваскулярлық әсерлер:
Кардиоваскулярлық құбылыстар қаупінің елеулі факторлары (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу) бар пациенттерге мұқият баға берілгеннен кейін ғана диклофенак тағайындауға болады. Диклофенактың кардиоваскулярлық қаупі дозаның және емдеу ұзақтығының артуымен ұлғаюы мүмкін болуына байланысты, оны мүмкіндігінше қысқалау кезеңде және тиімді ең төмен дозада қолдану қажет. Симптомдарды және емдеуге жауапты жеңілдету үшін диклофенакты қолданғанда оның пациентке қажеттілігін мезгіл-мезгіл қайта тексерген жөн.
Анамнезінде артериялық гипертензиясы және/немесе жүрек функциясының ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі іркілісті жеткіліксіздігі бр пациенттер үшін тиісті мониторинг жүргізу және нұсқау беру қажет болып табылады, өйткені диклофенакты қоса, ҚҚСД қолданумен байланысты сұйықтықтың іркілу және ісіну жағдайлары тіркелген.
Клиникалық зерттеу деректері және эпидемиологиялық деректер диклофенакты қолдану, әсіресе жоғары дозаларда (тәулігіне 150 мг) және ұзақ уақыт бойы қолдану артериялық тромбоздық жайттардың (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) даму қаупінің ұлғаюымен байланысты болуы мүмкін екенін растайды.
Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, жүрек функциясының іркілісті жеткіліксіздігі, жүректің тұрақты ишемиялық ауруы, шеткері артериялардың аурулары және/немесе цереброваскулярлық ауруы бар пациенттерге диклофенакты тағайындау, бұған мұқият баға берілгеннен кейін ғана, ұсынылады.
Гематологиялық көрсеткіштерге ықпалы:
Басқа да ҚҚСД сияқты, препаратты ұзақ уақыт қолданғанда қан талдауына мониторинг жүргізу ұсынылады. Диклофенак тромбоциттердің агрегациясын уақытша бәсеңдетуі мүмкін. Гемостаздың бұзылулары, геморрагиялық диатезі немесе гематологиялық бұзылулары бар науқастарды мұқият бақылаған жөн.
Анамнездегі демікпе:
Бронх демікпесі, маусымдық аллергиялық риниті бар науқастарда, мұрынның шырышты қабығының ісінуі (мұрын полиптері), өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары немесе тыныс алу жолдарының созылмалы инфекциялары (әсіресе аллергиялық, ринитке ұқсас симптомдарымен байланысты) бар пациенттерде, басқаларға қарағанда, демікпеге ұқсас ҚҚСД-ға реакциялар (анальгетиктер жағымсыздығы /аналгезиялық демікпе деп аталатын), Квинке ісінуі немесе есекжем пайда болады. Осыған байланысты мұндай науқастарға арнайы алдын алу шаралары (шұғыл жәрдем көрсетуге дайындық) ұсынылады. Бұл сондай-ақ басқа заттарға тері реакцияларымен, қышынумен немесе есекжеммен көрініс беретін аллергиясы бар науқастарға қатысты.
Простагландинсинтетаза белсенділігін басатын басқа да дәрілік препараттар сияқты, натрий диклофенагы және басқа да ҚҚСД бронх демікпесінен зардап шегіп жүрген пациенттерде, немесе анамнезінде бронх демікпесі бар пациенттерде бронхтың түйілуін өршітуі мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ҚҚСП-пен емдеу кезінде көру қабілетінің бұзылулары, бас айналу, вертиго, ұйқышылдық, ОЖЖ тарапынан бұзылулар, әлсіздік немесе қажығыштық туындайтын пациенттер көлік құралдарын басқармағаны немесе басқа да механизмдермен жұмыс жасамағаны жөн.