Жағымсыз реакциялар — Жағымсыз құбылыстардың жиілігі мен симптомдары
жиі (≥1/100-ден < 1/10 дейін) — жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100 дейін) — сирек (≥1/10000 < 1/1000 дейін) — өте сирек (< 1/10000) — белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Инфекциялар — инъекция орнындағы абсцесс
Қан және лимфа жүйесінің аурулары — тромбоцитопения, лейкопения, анемия (гемолиздік және аплазиялық анемияны қоса), агранулоцитоз
Иммундық жүйенің аурулары — аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық және анафилактоидты реакциялар (гипотензия мен шокты қоса) — ангионевроздық ісіну (бет ісінуін қоса)
Психикалық аурулар — бағдардан адасу, депрессия, ұйқысыздық, шым-шытырық түстер, ашушаңдық, психоздық бұзылыстар
Жүйке жүйесінің аурулары — бас ауыруы, айналуы. — ұйқышылдық — парестезия, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, құрысулар, мазасыздық, тремор, асептикалық менингит, дисгевзия, ми қан айналымының бұзылуы
Көз аурулары — көру қабілетінің бұзылуы, көрудің бұлыңғырлануы, диплопия
Құлақ және лабиринт аурулары — бас айналу — құлақтағы шуыл, есту қабілетінің төмендеуі
Жүрек ауруы — миокард инфарктісі, жүрек жеткіліксіздігі, жүректің жиі соғуы, кеуденің ауыруы* — Кунис синдромы
Қантамыр аурулары — гипертония — васкулит
Тыныс алу, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзаларының аурулары — демікпе (ентігуді қоса) — пневмонит
Асқазан-ішек жолдарының аурулары — жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, диспепсия, метеоризм, тәбеттің төмендеуі — гастрит, асқазан-ішектен қан кету, қан құсу, геморрагиялық диарея, мелена, асқазан-ішек жолының ойық жарасы (қан кетумен немесе онсыз, перитонитке әкелуі мүмкін асқазан-ішек жолдарының стенозы немесе тесілуі) — колит (геморрагиялық колит, ишемиялық колит және ойық жаралы колиттің немесе Крон ауруының асқынуын қоса), іш қату, стоматит, глоссит, өңештің бұзылысы, ішек диафрагмасы ауруы, панкреатит
Бауыр және өт шығару жолдарының аурулары — трансаминазалар белсенділігінің артуы — гепатит, сарғаю, бауыр функциясының бұзылуы — фульминантты гепатит, бауыр некрозы, бауыр жеткіліксіздігі
Тері және тері асты шелінің аурулары — тері бөртпесі — есекжем — буллезді дерматит, экзема, эритема, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы (жедел уытты эпидермолиз), эксфолиативті дерматит, алопеция, фотосенсибилизация, пурпура, Генох-Шенлейн пурпурасы, қышыну — эозинофилия және жүйелік симптомдармен дәрілік бөртпе (DRESS). Дөңгелек немесе сопақ пішінді терінің қызаруы мен ісінуін, күлдіреуіктердің түзілуін және қышынуды (тұрақты дәрілік бөртпе) қамтуы мүмкін терінің аллергиялық реакциясы. Сондай-ақ, зақымданған жерлерде жазылғаннан кейін де сақталуы мүмкін терінің қараюы байқалуы мүмкін. Тұрақты дәрілік бөртпе, егер дәрі қайтадан пайдаланылса, әдетте сол жерде (жерлерде) қайталанады.
Бүйрек және несеп шығару жолдарының аурулары — сұйықтықтың іркілуі, ісіну — бүйректің жедел зақымдануы (жедел бүйрек жеткіліксіздігі), гематурия, протеинурия, тубуло-интерстициальді нефрит, нефроздық синдром, бүйрек папиллярлық некрозы
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы жағдайлар — инъекция орнындағы реакциялар, инъекция орнындағы ауыру, инъекция орнындағы қатаю — ісіну, инъекция орнындағы некроз
* Жиілік жоғары дозада (күніне 150 мг) ұзақ мерзімді емдеу деректерін көрсетеді.
Бақыланатын клиникалық зерттеулердің мета-талдауы және фармако-эпидемиологиялық деректер диклофенакты, әсіресе жоғары дозаларда (күніне 150 мг) және ұзақ уақыт қолданғанда қолдану артериялық тромбоэмболиялық оқиғалардың (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Егер сіз төмендегіні байқасаңыз, дереу дәрігерге хабарлаңыз:
Ауыру, қызару, ісіну, қатты түйін, ойық жаралар және инъекция орнындағы көгерулерді қоса, инъекция орнындағы реакциялар. Бұл көріністер терінің және инъекция орнының айналасындағы тіндердің қараюына және өлуіне дейін үдеуі мүмкін, олар тыртық түзумен жазылады және олар Николау синдромы ретінде белгілі.
Егер сіз төменде атап көрсетілген күрделі жағымсыз әсерлердің қандай да бірін байқасаңыз, Диклофармды пайдалануды тоқтатыңыз және дереу дәрігерге хабарласыңыз - сізге шұғыл медициналық көмек қажет болуы мүмкін:
- терідегі күрделі аллергиялық реакция, оған үлкен қызыл және/немесе күңгірт дақтар, терінің ісінуі, күлдіреуіктер және қышыну (дәрілік препараттан туындаған жайылған буллезді бөртпе) кіруі мүмкін.
Маркетингтен кейінгі жағымсыз әсерлер
Келесі жағымсыз реакциялар диклофенакты қолданудың маркетингтен кейінгі тәжірибесіне негізделген. Бұл белгісіз мөлшердегі халық тобының ерікті мәлімдемелері болғандықтан, олардың жиілігін сенімді бағалау мүмкін емес, сондықтан олар «белгісіз» санатына жатады.
Жағымсыз реакциялар — Жағымсыз құбылыстардың жиілігі мен симптомдары
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы жағдайлар — тері тамырларының дәрі-дәрмектік эмболиясы (Николау синдромы)
Жеке жағымсыз әсерлердің сипаттамасы
Көруге әсері — көрудің бұлыңғырлануы және диплопия сияқты көрудің бұзылулары ҚҚСП классының әсері болып табылады және әдетте емді тоқтатқаннан кейін қайтымды болады. Көру бұзылуларының ықтимал механизмі простагландин мен басқа да ұқсас заттардың синтезін тежеу болып табылады, бұл тор қабықтағы артериялық қысымның реттелуін өзгертіп, көрудің ықтимал өзгерісіне әкелуі мүмкін. Егер ұқсас симптомдар диклофенакпен емдеу кезінде пайда болса, басқа себептерді жоққа шығару үшін офтальмологиялық тексеру жүргізу қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz