Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Гель для наружного применения
Дозасы
5 %
Саудалық атауы
Диклофарм
Әсер етуші зат
Диклофенак
Мақсаты
Сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың зақымдануларында, мысалы, соғылулар, шығып кетулер, созылулар, спорттық жаттығулардан немесе жазатайым оқиғадан туындаған…
Өндіруші
ВЕТПРОМ АД
Ел
Болгария
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 г гель құрамында
белсенді зат- натрий диклофенагы 1.0 г,
қосымша заттар: карбомер, 96 % этил спирті, изопропил спирті, троламин, метилпарагидроксибензоат, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Біртекті түссіз мөлдір гель.
Шығару түрі және қаптамасы
30 г немесе 50 г препараттан ішкі жағы лакпен жабылған, сыртқы беткейі литографияланған, жарғақшасы мен нығыздайтын сақинасы және бұрандалы полиэтилен қақпақшасы бар алюминий сықпаға салынған.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
ДП ересектер мен 12 жастан асқан балаларда қолдануға көрсетілген.
Ауырсынуды, қабынуды және ісінуді сыртқа емдеуге арналған:
- сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың зақымдануларында, мысалы, соғылулар, шығып кетулер, созылулар, спорттық жаттығулардан немесе жазатайым оқиғадан туындаған арқадағы созылулардан және ауырсынудан;
- тендинит («теннисшіның шынтақ»), иық-қол синдромы, бурсит, периартропатия сияқты жұмсақ тіндердің ревматизмнің оқшауланған түрлерінде;
- саусақ немесе тізе буындары сияқты теріге жақын орналасқан шағын және орташа буындардың остеоартритін симптоматикалық емдеу үшін.
Әсер ету механизмі
Диклофенак - айқын ауыруды басатын, қабынуға қарсы және қызуды басатын қасиеттері бар стероидты емес қабынуға қарсы препарат (ҚҚСП).
Простагландин биосинтезінің расталған диклофенакпен тежелуі оның әсер ету механизмінің маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.
Фармакодинамикалық әсерлер
Циклооксигеназа ферментін бәсеңдету арқылы, диклофенак қабыну, ауыру және гипертермия үдерістерінде маңызды рөл атқаратын простагландиндердің әсерін жояды немесе азайтады. Теріге жаққан кезде диклофенак қабынған тіндерге тікелей қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер етеді.
Дозалау режимі
Препарат тек қана сыртқа қолдануға арналған.
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар препаратты тәулігіне 3-4 рет қабыну ошағының/жарақаттанған жердің үстіндегі терісіне,теріге аздап ысқылай отырып, жұқа қабатпен жағады.
Препараттың қажетті мөлшері ауыру аймағының мөлшеріне байланысты. Препараттың бір реттік дозасы - 2-4 г (көлемі бойынша сәйкесінше шие немесе жаңғақ мөлшерімен салыстыруға болады) ауданы 400-800 см2 аймақты өңдеуге жеткілікті. Егер қол ауыру орналасқа аймақ болып табылмаса, онда препаратты қолданғаннан кейін оларды жуу керек.
Енгізу әдісі және жолы
Гель сыртқа қолданылады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы көрсетілімдерге және байқалатын әсерге байланысты. Препаратты дәрігердің ұсынысынсыз 14 күннен артық қолданбаған жөн. Егер 7 күннен кейін емдік әсер байқалмаса немесе жағдай нашарласа, дәрігерге жүгіну керек. Диклофарм препаратын ең тиімді дозаларда ең қысқа курста қолдану керек.
- диклофенакқа, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа қабынуға қарсы стероид емес дәрілік затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- ацетилсалицил қышқылы немесе ибупрофен сияқты басқа стероид емес қабынуға қарсы препараттар демікпе ұстамаларын, ангионевроздық ісінуді, есекжемді немесе жедел ринитті тудыратын пациенттерде
- ашық жаралар, терінің және шырышты қабықтың қабынуы немесе инфекциясы кезінде
- жүктіліктің үшінші триместрі
- 12 жасқа дейінгі балалар
(Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100--ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥1/10000 < 1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Тері және тері асты тіндері тарапынан
Жиі
- эритема, дерматит (соның ішінде жанаспалы дерматит), экзема, тері бөртпесі, терінің қышынуы
Сирек
- буллезді дерматит
Өте сирек
- фотосенсибилизация реакциялары, пустулезді бөртпелер.
Иммундық жүйе тарапынан
Өте сирек
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (есекжемді қоса), ангионевроздық ісіну
Тыныс алу жүйесі мен кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан
Өте сирек
- тұншығу ұстамалары, бронх түйілуі
Диклофарм 1% гель құрамында аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін (мүмкін кешеуілдеген) қосымша зат ретінде метилпарагидроксибензоат бар.
Диклофенакты ішке қабылдаған кезді салыстырғанда, диклофенакты жергілікті қолданғанда жүйелік жағымсыз әсерлердің туындау ықтималдығы өте төмен.
Егер гельді дененің үлкен бөліктеріне және ұзақ уақыт бойы қолданылса, онда жүйелік жағымсыз әсерлердің пайда болуын жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайларда диклофенактың пероральді түрлері туралы ақпаратты ескеру қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Гельді жергілікті қолданғанда жүйенің абсорбциясының төмендігіне байланысты артық дозалану ықтималдығы аз.
Симптомдары: кездейсоқ ішке қабылдаған кезде жүйелік жағымсыз реакциялар дамуы мүмкін.
Емі: асқазанды шаю, құсу индукциясы, белсендірілген көмірді қабылдау, симптоматикалық ем. Гемодиализ диклофенактың қан плазмасы (шамамен 99%) ақуыздарымен байланысуының жоғары дәрежесіне байланысты тиімсіз.
Өнімді сынған теріге, тері жараларына немесе ашық зақымдарға емес, тек бүтін теріге жағу керек. Препарат көзге және шырышты қабықтарға түспеуі керек. Ішке қабылдауға болмайды. Егер препаратты қолданғаннан кейін тері бөртпесі пайда болса, емдеуді дереу тоқтату керек.
Герметикалық окклюзиялық таңғыштармен қолдануға болмайды.
Егер Диклофарм 1% гельді үлкен беткейлерде және ұсынылғаннан ұзақ уақыт пайдаланылса, онда жүйелік жағымсыз әсерлердің пайда болуын толығымен жоққа шығару мүмкін емес. Мұндай жағдайларда диклофенактың ауыз арқылы қабылданатын түрлеріне қатысты өнім туралы ақпаратпен танысу керек.
Арнайы сақтандырулар
Қосымша заттар
Диклофарм 1 % гель құрамында алкоголь (этанол 96% және изопропил спирті) бар, соған байланысты ашық жаралар мен жарақаттарға жағуға болмайды. Көзбен және шырышты қабықпен жанасуына жол беруге болмайды.
Диклофарм 1% гель құрамында аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін (мүмкін кешеуілдеген) қосымша зат ретінде метилпарагидроксибензоат бар.
Педиатрияда қолдану
12 жасқа дейінгі балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі, осыған байланысты бұл дәрілік затты қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын, механизмдерді басқару және зейін шоғырлануды қажет ететін басқа да қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне әсер етпейді.
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізетін болсаңыз, жүкті болып қаламын деп ойласаңыз немесе балалы болуды жоспарласаңыз, бұл дәріні қабылдамас бұрын дәрігеріңізден немесе фармацевттен кеңес алыңыз.
Егер сіз жүктіліктің соңғы 3 айында болсаңыз, Диклофармды пайдаланбаңыз. Жүктіліктің алғашқы 6 айында Диклофармды нақты қажеттіліксіз және сіздің дәрігеріңіздің ұсынымдарынсыз пайдаланбаған жөн. Егер сізге осы кезеңде емдеуді қажет етсеңіз, ең төменгі дозаны мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде пайдалану керек.
Диклофенактың пероральді түрлері (мысалы, таблеткалар) сіздің болашақ балаңызда жағымсыз әсерлерді туындатуы мүмкін. Диклофармды теріде немесе ауыз қуысында гель түрінде пайдаланған кезде сондай қауіптің бар-жоғары белгісіз.
Гель түріндегі диклофенактың емшек сүтіне енуі туралы деректердің болмауына байланысты препаратты бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды. Егер препаратты қолдану қажет болса, оны сүт бездерінің терісіне немесе терінің үлкен беткейіне жақпаған жөн және ұзақ уақыт қолдануға болмайды.
Егер сіз басқа дәрілерді қабылдап жүрсеңіз, жақында қабылдасаңыз немесе қабылдайтын болсаңыз, дәрігерге хабарлаңыз.
Диклофенакты жергілікті қолданғанда өзара әрекеттесуі белгісіз.
Осыған қарамастан, ҚҚСП тобының бірден астам дәрілік затын, ЦОГ-2 селективті тежегіштерін қоса, бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Диклофенакты ацетилсалицил қышқылымен немесе кортикостероидтармен бір мезгілде қолдану асқазан-ішек жолы тарапынан асқынудың пайда болуының қаупін арттырады, дегенмен жергілікті қолданғанда мұндай өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар олардың әсерін төмендете отырып, артериялық қысымды төмендететін дәрілермен өзара әрекеттесуі мүмкін, дегенмен жергілікті қолданғанда мұндай өзара әрекеттесу ықтималдығы өте аз.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Сықпаны ашқаннан кейін сақтау мерзімі 1 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.