Синергиялық әсердің қандай-да бір дәлелдердің болмауына және ықтимал аддитивтік жағымсыз әсерлерге байланысты, Диклофенакты ЦОГ-2 селективті тежегіштері секілді жүйелі ҚҚСП-пен бір мезгілде қолдануды болдырмау керек.
Егде жастағы пациенттерге қатысты сақ болу қажет. Дене салмағы аз, әлсіреген, егде жастағы пациенттерге ең төменгі тиімді дозаны қолдану ұсынылады.
Басқа да ҚҚСП-пен болғандағыдай секілді, алдында препарат қолданылмаса да, аллергиялық реакциялар, соның ішінде, анафилаксиялық / анафилактоидтық реакциялар байқалуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық реакциялары Коунис синдромының дамуына, миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін елеулі аллергиялық реакцияның дамуына әкелуі мүмкін. Мұндай реакциялардың симптомдары диклофенакқа аллергиялық реакцияға байланысты туындайтын кеуде ауыруын қамтуы мүмкін.
Өзінің фармакодинамикалық қасиеттерінің арқасында диклофенак, басқа да ҚҚСП секілді, инфекция белгілері мен симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Асқазан-ішек әсерлері
Диклофенакты қоса, барлық ҚҚСП қолданғанда өлімге соқтыруы мүмкін және хабаршы симптомдары немесе алдындағы анемнезінде АІЖ тарапынан басқа күрделі құбылыстар болған немесе болмаған кезде емдеу үдерісінде кез келген сәтте туындауы мүмкін асқазан-ішектен қан кетулер (қан құсу, мелена жағдайлары), ойық жаралар, перфорация немесе тесілу жағдайлары тіркелген. Әдетте, бұл құбылыстардың салдары егде жастағы пациенттерде күрделі болады. Егер диклофенак қабылдап жүрген адамдарда, асқазан-ішектен қан кету құбылыстары немесе ойық жараның түзілгені байқалса, препаратты қолдануды тоқтату қажет.
Ас қорыту жолы тарапынан болатын бұзылуларды білдіретін симптомдары бар немесе анамнезінде асқазанның немесе ішектің ойық жарасы, қан кету немесе перфорациясы бар пациенттер үшін медициналық бақылау міндетті болып табылады. АІЖ-да қан кету, ойық жара немесе перфорацияның туындау қаупі диклофенакты қоса, ҚҚСП дозасын арттырумен жоғарылай түседі және анамнезінде ойық жарасы бар науқастарда, әсіресе, қан кету немесе перфорацияның асқынған түрі кезінде артады.
Егде жастағы пациенттерде ҚҚСП қолданғанда, әсіресе, асқазан-ішектен қан кетуге мен өлімге соқтыруы мүмкін перфорацияға қатысты жағымсыз реакциялар жиілігінің жоғарылағаны байқалады.
Осындай пациенттер үшін, сондай-ақ, құрамында АСҚ/аспириннің төмен дозалары бар дәрілік заттардың (немесе АІЖ-ге жағымсыз әсер ету қаупін арттыруы ықтимал басқа дәрілік заттарды) қатарлас қолдануды қажет ететін пациенттер үшін, қорғағыш заттарды (мысалы, протондық помпа тежегіштері немесе мизопростол) пайдаланумен біріктірілген емді қолдану туралы мәселені қарастыру керек.
Анамнезінде асқазан-ішектік уыттылығы бар, әсіресе, егде жастағы пациенттер әдеттен тыс кез келген абдоминальді симптомдар (әсіресе, АІЖ-ден қан кету) туралы хабарлауға тиіс. Сонымен қатар, ойық жара немесе қан кетулер қаупін арттыруы мүмкін жүйелі кортикостероидтар, антикоагулянттар (мысалы, варфарин), тромбоцитке қарсы дәрілер (мысалы, ацетилсалицил қышқылы) немесе серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері секілді дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдайтын науқастар үшін де сақтық таныту керек.
Ауру симптомдарының өршу ықтималдығына байланысты ойық жаралы колиті немесе Крон ауруы бар пациенттерге де медициналық бақылау мен сақтық қажет болады.
Диклофенакты қоса, ҚҚСД қолдану асқазан-ішек операциясынан кейін диклофенакты қолданған кезде асқазан-ішек анастомозы жетілмеуінің жоғары қаупімен байланысты болуы мүмкін, осыған байланысты мұқият медициналық бақылауды жүргізіп, операциядан кейінгі кезеңде сақ болу ұсынылады.
Бауыр әсерлері
Диклофенакты жағдайларының нашарлау ықтималдығына байланысты бауыр функциясы бұзылған пациенттерге тағайындағанда мұқият медициналық бақылауды жүргізу қажет. Диклофенакты қоса, басқа ҚҚСП қолданғандағыдай бауырдың бір немесе бірнеше ферменттерінің мәнісі жоғарылауы мүмкін. Диклофенакпен ұзақ уақыт емдеу кезінде сақтандыру шарасы ретінде, бауыр функциясын тұрақты мониторингтеу ұсынылады. Егер бауыр функциясының бұзылуы сақтала беретін болса немесе нашарлай түссе және клиникалық белгілер немесе симптомдар бауырдың үдемелі ауруларымен байланысты болуы мүмкін болса, немесе, басқа көріністер (мысалы эозинофилия, бөртпе) пайда болса, Диклофенак-Тева препаратын қолдануды тоқтату керек. Гепатит секілді аурулар ағымы, продромальді симптомдарсыз өтуі мүмкін. Ұстаманың болу ықтималдығына байланысты Диклофенак-Тева препаратын бауыр порфириясы бар пациенттер қолданғанда сақтық таныту қажет.
Бүйрек әсерлері
Диклофенакты қоса, ҚҚСП емдеу кезінде, сұйықтықтың іркілулері мен ісіну жағдайлары тіркелгендіктен, ерекше назарды жүрек немесе бүйрек функциясының бұзылулары, анамнезінде АГ бар пациенттерге, егде жастағы адамдарға, диуретиктермен немесе бүйрек функциясына әсер ететін препараттармен қатарлас ем қабылдап жүрген пациенттерге, сондай-ақ, кез келген себепке байланысты, мысалы, күрделі хирургиялық араласымға дейін немесе кейін жасушадан тыс сұйықтық көлемі елеулі түрде азайған пациенттерге аудару керек. Бұндай жағдайларда, сақтандыру шарасы ретінде бүйрек функциясын мониторингтеу ұсынылады. Емді тоқтату, әдетте, емдеу алдындағы жағдайға қайта оралуға алып келеді.
Тері әсерлері
Өте сирек жағдайларда ҚҚСП, соның ішінде, Диклофенак-Тева препаратын қолдануға байланысты тері тарапынан эксфолиативтік дерматит, Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермалық некролизді қоса, күрделі реакциялар тіркелген (олардың кейбіреулері өлімге соқтырған).. Пациенттерде осындай реакциялардың дамуының жоғары қаупі емдеу курсының басында байқалады: реакцияның пайда болуы көп жағдайда, емдеудің 1-ші айында білінеді. Диклофенак-Тева препаратын қолдануды тері бөртпелері, шырышты қабықтардың зақымданулары алғаш пайда болғанда немесе жоғары сезімталдықтың кез келген басқа белгілері пайда болғанда тоқтату керек.
Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) және дәнекер тіндердің аралас аурулары: ЖҚЖ және дәнекер тіндердің аралас аурулары бар пациенттерде асептикалық менингит дамуының жоғары қаупі байқалуы мүмкін.
Жүрек-қантамыр жүйесіне және цереброваскулярлық әсерлері: Жүрек-қантамыр құбылыстарының (мысалы, гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу) қауіп факторлары жоғары пациенттерді диклофенакпен емдеу кезінде сақтық таныту керек. Жүрек-қантамыр бұзылуларының даму қаупі диклофенак дозасы мен қабылдау ұзақтығының артуымен жоғарылай түседі, сондықтан, ең қысқа уақыт аралығына ең төмен тиімді дозаны тағайындау керек. Пациенттің симптомдарды жеңілдету қажеттілігі мен емдеуге жауабын кезең-кезеңімен қайта қарастыру қажет.
Артериялық гипертензиясы және/немесе жүректің жеңіл немесе орташа іркілісті жеткіліксіздігі бар пациентерге диклофенакты қоса, ҚҚСП қолдануға қатысты сұйықтықтың іркілуі мен ісінулер жағдайларының тіркелуіне байланысты сәйкесінше мониторингті жүргізу және ұсынымдарды беру қажет. Диклофенакты, әсіресе, жоғары дозаларда (тәулігіне 150 мг) және ұзақ уақыт емдеуде қолдану, тромбоздық құбылыстар (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) дамуының жоғары қаупімен байланысты болуы мүмкін екендігі хабарланған.
Бақыланбайтын АГ, жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесіндегі жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, анықталған ЖИА, шеткері артериялардың аурулары және/немесе цереброваскулярлық ауруы бар пациенттерге диклофенакты тек, мұқият бағалаудан кейін ғана тағайындау керек.
Гематологиялық әсерлері: осы препаратты және басқа ҚҚСП секілді дәрілерді ұзақ уақыт қолданғанда, қанның толық талдауына мониторингтеу ұсынылады. Диклофенак-Тева тромбоциттер агрегациясын қайтымды бәсеңдете алады. Гемостаз бұзылған, геморрагиялық диатезі немесе гематологиялық бұзылулары бар пациенттерді мұқият бақылау қажет.
Анамнездегі демікпе: Бронх демікпесі, маусымдық аллергиялық риниті, мұрынның шырышты қабығының ісінуі (мысалы, мұрын полиптері), өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) немесе тыныс алу жолдарының созылмалы инфекциялары бар (аллергиялық ринитпен байланысты) пациенттерде ҚҚСП-қа байланысты демікпенің өршуі (анальгетиктерді көтере алмаушылық/анальгиндік демікпе деп аталатын), Квинке ісінуі, есекжем секілді реакциялар жиі туындайды. Осыған байланысты, осындай пациенттерге қатысты арнайы сақтандыру шаралары (шұғыл көмек көрсетуге дайындық) ұсынылады. Бұл басқа заттарға бөртпе, қышыну, есекжем секілді аллергиялық реакциялары бар пациенттерге де қатысты.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезеңінде психикалық және қимыл реакцияларының жыдамдығы төмендеуі мүмкін, сондықтан көлік және басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан бас тарту қажет.