Арнайы сақтандырулар
Төменде тізбеленген жай-күйлердің немесе қауіп факторларының кез келгені білінгенде ДИМИА препаратын қолданудың негізділігін әйелмен талқылап алу керек.
Осы жай-күйлер немесе қауіп факторларының кез келгені нашарлаған немесе алғаш туындаған жағдайда әйелге өз емдеуші дәрігерімен хабарласуға және онымен ДИМИА препаратын қабылдауды тоқтату мүмкіндігін талқылауға кеңес беріледі.
Болжанатын немесе анықталған вена немесе артерия тромбоэмболиясы жағдайында, БГК қабылдауды тоқтату қажет. Антикоагулянттық ем басталған жағдайда антикоагулянттық емнің (кумариндердің) тератогенді әсерінен сақтану үшін талапқа сай баламалы контрацепцияны бастау керек.
Қан айналымы жүйесінің бұзылулары.
Вена тромбоэмболиясының (ВТЭ) туындау қаупі
БКК қолдану, оларды қабылдайтын пациенттерде, аталған препараттарды қабылдамағандармен салыстырғанда, ВТЭ қаупін арттырады. Құрамында левоноргестрел, норгестимат немесе норэтистерон бар препараттар ең аз ВТЭ қаупімен астасқан. Басқа препараттарда, ДИМИА сияқты, екі есе жоғары қауіп болады. ВТЭ қаупі ең аз тізімге кірмейтін препаратты қолдану шешімі әйелмен сұхбаттасудан соң ғана қабылдану керек. ДИМИА препаратын қабылдау кезіндегі ВТЭ қаупін, оған өзінде бар қауіп факторларының қандай ықпалын тигізетінін және ең көп ВТЭ даму қаупінің препаратты қолданған алғашқы жылы болатынын оның түсінгеніне көз жеткізу қажет. Бұдан бөлек, біріктірілген гормональді контрацептивтер қабылдауды 4 апта және одан көп уақыт үзілістен соң жаңғыртқанда қауіптің артуы баяндалатын деректер бар.
Жылына ВТЭ жүкті емес және біріктірілген гормональді контрацептивтер қабылдамайтын 10 000 әйелдің шамамен 2-де дамиды. Алайда, әйелдегі жеке қауіп өзінде болатын қауіп факторларын ескергенде едәyір жоғары болуы мүмкін (төменнен қараңыз).
Бағалау бойынша¹, құрамында дроспиренон бар БГК қолданатын 10000 әйелдің 9-12-сінде жыл ішінде ВТЭ дамыды (құрамында левоноргестрел бар БГК пайдаланатын шамамен 62 әйелмен салыстырғанда).
Екі жағдайда да жыл ішіндегі ВТЭ саны жүктілік кезінде немесе босанудан кейінгі кезеңде күтілетін санынан аз болып шығады.
ВТЭ 12% жағдайда өліммен аяқталуы мүмкін.
1 Осындай жиілік мәндері құрамында левоноргестрел бар БГК арналған осындайлармен салыстырғанда, әртүрлі препараттар үшін салыстырмалы қауіптерін пайдалана отырып, эпидемиологиялық зерттеулердің деректер жиынтығын талдау жолымен алынды.
2 Пайдаланбаумен салыстырғанда, құрамында левоноргестрел бар БГК үшін салыстырмалы қаупіне негізделген 10000 әйел-жылдың 5 7 диапазон медианасы шамамен 2,3 - 3,6 құрайды.
Жылына 10000 әйелде болатын ВТЭ жағдайларының саны
Құрамында дроспиренон бар БГК (9 - 12 жағдай)Құрамында дроспиренон бар БГК (9 - 12 жағдай)Құрамында левоноргестрел бар БГК (5 - 7 жағдай)Құрамында левоноргестрел бар БГК (5 - 7 жағдай)БГК қолданбайтындар (2 жағдай)БГК қолданбайтындар (2 жағдай) ВТЭ жағдай саны ВТЭ жағдай саны Құрамында дроспиренон бар БГК (9 - 12 жағдай) Құрамында дроспиренон бар БГК (9 - 12 жағдай) Құрамында левоноргестрел бар БГК (5 - 7 жағдай) Құрамында левоноргестрел бар БГК (5 - 7 жағдай) БГК қолданбайтындар (2 жағдай) БГК қолданбайтындар (2 жағдай) ВТЭ жағдай саны ВТЭ жағдай саны
Өте сирек жағдайларда БГК қабылдайтын пациент әйелдерде басқа тамырлардың (мысалы, бауыр, мезентериальді, бүйрек немесе ретинальді веналар мен артериялар) тромбоздары туралы хабарланды.
ВТЭ дамуының қауіп факторлары
БГК қолдану кезінде вена тромбоэмболиясы асқынуларының даму қаупі қосымша қауіп факторлары, атап айтқанда, көптеген қауіп факторлары бар әйелдерде едәуір артуы мүмкін (кестені қараңыз).
ДИМИА препараты пациент әйелдің вена тромбозы дамитын жоғары қауіп тобына түсуіне себеп болатын көптеген қауіп факторлары бар әйелдерге қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Әйелдегі қауіп факторы біреуден көп болса, жеке факторларының қарапайым қосындысы кезіндегіден көп дәрежеде қауіп артатын жағдай қалыптасуы мүмкін: ондай жағдайда жалпы ВТЭ даму қаупін ескеру керек. Егер бағалау кезінде пайда-қауіп арақатынасы қолайсыз болса, БКГ тағайындаудан бас тарту керек («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Кесте: ВТЭ дамуының қауіп факторлары
Қауіп факторы — Ескертпе
Семіру (дене салмағы индексі 30 кг/м2 шамасынан асып кетеді) — ДСИ артуымен қауіп едәуір арта түседі. Басқа қауіп факторлары болған кезде де ескеру өте маңызды.
Ұзаққа созылатын иммобилизация, ауқымды операциялық араласу, аяқ немесе жамбас аумағындағы кез келген операциялық араласулар, нейрохирургиялық операциялар немесе ауқымды жарақаттанулар Ескертпе: ұзақтығы 4 сағаттан асатын әуеде ұшуларды қоса, уақытша иммобилизация, әсіресе, қосымша қауіп факторлары бар әйелдерде ВТЭ дамуының қауіп факторы болуы да мүмкін — Осындай оқиғаларда бұласыр/таблетка/сақина қолдануды тоқтату (жоспарлы операциялық араласу жағдайында – кем дегенде төрт апта бұрын) және оны қимылдау қабілеті толық қалыпқа келген соң екі апта өткенше жаңғыртпауға кеңес беріледі. Қалаусыз жүктіліктен сақтану үшін басқа контрацепция әдісіне жүгінеді. Егер ДИМИА препаратын қабылдау ертерек тоқтатылмаған жағдайда, тромбозға қарсы ем жүргізу мүмкіндігі қарастырылады.
Күрделі отбасылық анамнез (жақын туыстарда - ағасы, әпкесі, ата-анасының әсіресе едәуір жас кезінде, яғни 50 жасқа дейінгі вена тромбоэмболиясы жағдайлары). — Егер тұқым қуалайтын бейімділік туралы күдік туындаса, әйел кез келген БГК пайдалану шешімінің қабылдануына дейін кеңес алу үшін маманға жолдануы тиіс
ВТЭ-мен астасқан кез келген патологиялар — Онкологиялық ауру, жүйелі қызыл жегі, гемолиздік-уремиялық синдром, ішектің созылмалы қабыну ауруы (Крон ауруы немесе ойық жаралы колит) және орақша пішіндес-жасушалы анемия
Жасы — Әсіресе, 35 жастан соң
Вена тромбозының дамуында немесе үдеуінде веналардың варикозды кеңеюі мен беткейлік веналар тромбофлебитінің атқаруы мүмкін рөлі туралы ортақ пікір жоқ.
Жүктілік кезінде және босанудан кейінгі кезеңнің, әсіресе, алғашқы 6 аптасында тромбоэмболияның жоғары даму қаупін ескеру керек («Фертильділік, жүктілік және бала емізу» 4.6 бөлімін қараңыз).
ВТЭ симптомдары (терең веналар тромбозы және өкпе артериясының тромбоэмболиясы)
Әйелдер симптомдар туындаған жағдайда өздерінің шұғыл медициналық жәрдемге жүгінуі және БГК қолданып жүргені жөнінде медициналық қызметкерге мәлімдеуі керек екенінен хабарланған болуы тиіс.
Терең веналар тромбозы (ТВТ) симптомдары өзінде қамтуы мүмкін:
• Аяқтың және/немесе өкшенің бір жақты ісінуі немесе аяқ венасының бойлай ісінуі;
• Тік тұрған күйде немесе жүрген кезде ғана білінетін аяқтың ауыруы немесе ауырсынуы;
• Зақымданған аяқ температурасының көтерілуі; аяқ терісінің қызаруы немесе түсінің өзгеруі.
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ӨАТЭ) симптомдары өзінде қамтуы мүмкін:
• Күрт басталған себепсіз ентігу немесе жиі демалу;
• Айқын себепсіз кенеттен жөтелу, қан аралас болуы мүмкін;
• Кеуденің қатты ауыруы;
• Айқын жайсыздану немесе бас айналу;
• Жүректің жиі немесе ырғақсыз соғуы.
Келтірілген симптомдардың кейбірі (мысалы, ентігу, жөтел) спецификалық емес және кеңінен таралған немесе ауырлығы аз патологиялар (мысалы, тыныс жолдарының инфекциялық аурулары) ретінде қате қабылдануы мүмкін.
Тамырлар бітелісінің басқа да белгілері өзінде аяқ-қолдың кенеттен ауыруын, ісінуін және әлсіз білінетін цианозын қамтуы мүмкін.
Көз тамырларының бітелуі дамыған жағдайда симптомдар анық көрмеуден (ауыру түйсіктерінсіз) көрмей қалуға дейін (үдеп кеткенде) өзгеріп отыруы мүмкін. Жекелеген жағдайларда көрмей қалу бірден дерлік дамуы мүмкін.
Артерия тромбоэмболиясының (АТЭ) даму қаупі
Эпидемиологиялық зерттеулер нәтижелері БГК қолданылуын артерия тромбоэмболиясының (миокард инфарктісі) жоғары даму қаупімен немесе ми қан айналымының бұзылуымен (мысалы, ми қан айналымының транзиторлы бұзылуы, инсульт) байланыстыру мүмкіндігін береді. Артерия тромбоэмболиясының жағдайлары өліммен аяқталуы мүмкін.
АТЭ дамуының қауіп факторлары
БГК қолдану кезінде артерия тромбоэмболиясы асқынуларының немесе ми қан айналымы бұзылуларының даму қаупі қауіп факторлары бар әйелдерде арта түседі (кестені қараңыз). ДИМИА препараты пациент әйелдің артерия тромбозы дамуының жоғары қауіп тобына түсуіне себеп болатын АТЭ дамуының бір күрделі қауіп факторы немесе көптеген қауіп факторлары бар әйелдерге қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Әйелдегі қауіп факторы біреуден көп болса, жеке факторлардың қарапайым қосындысы кезіндегіден көп дәрежеде қауіп артатын жағдай қалыптасуы мүмкін: ондай жағдайда жалпы қауіпті ескеру керек. Егер бағалау кезінде пайда-қауіп арақатынасы қолайсыз болса, БКГ тағайындаудан бас тарту керек («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз).
Кесте: АТЭ дамуының қауіп факторлары
Қауіп факторы — Ескертпе
Жас шамасы — Әсіресе, 35 жастан соң
Шылым шегу — БГК қолданғысы келетін әйелдерге шылым шегуден бас тартуға кеңес беріледі. Темекі тартуын қоймаған 35 жастан асқан әйелдерге табанды түрде контрацепцияның басқа әдістерін таңдау ұсынылады.
Артериялық гипертензия
Семіздік (дене салмағы индексі 30 кг/м2 асып кетеді) — ДСИ артуымен қауіп едәуір арта түседі. Бұл қосымша қауіп факторлары бар әйелдер үшін ерекше маңызды.
Күрделі отбасылық анамнез (жақын туыстарда - ағасы, әпкесі, ата-анасының әсіресе едәуір жас кезінде, яғни 50 жасқа дейінгі артериялық тромбоэмболия жағдайлары). — Егер тұқым қуалайтын бейімділік туралы күдік туындаса, әйел кез келген БГК пайдалану шешімінің қабылдануына дейін кеңес алу үшін маманға жолдануы тиіс.
Бас сақинасы — БГК қолдану кезіндегі бас сақинасы жиілігінің немесе ауырлық дәрежесінің артуы (ми қан айналымы бұзылуының хабаршысы болуы мүмкін) препаратты дереу тоқтатуға себеп болуы мүмкін.
Қолайсыз тамыр құбылыстарымен астасқан кез келген жай-күйлер. — Қант диабеті, гипергомоцистеинемия, жүрек ақауы және жүрекшелер фибрилляциясы, дислипопротеинемия және жүйелі қызыл жегі.
АТЭ симптомдары
Әйелдер симптомдар туындаған жағдайда өздерінің шұғыл медициналық жәрдемге жүгінуі және БГК қолданып жүргені жөнінде медициналық қызметкерге мәлімдеуі керек екенінен хабарланған болуы тиіс.
Ми қан айналымының бұзылу симптомдары өзінде қамтуы мүмкін:
• Бет, қол немесе аяқтың, әсіресе, дененің бір жағынан кенеттен әлсіреуі немесе ұйып қалуы;
• Жүру кезінде кенеттен болатын қиындықтар, бас айналу, тепе-теңдіктен немесе қозғалыс үйлесімінен айрылу;
• Кенеттен туындаған сана шатасуы, сөйлеудің немесе сөз түсінудің бұзылуы;
• Бір немесе екі көздің көру қабілетінің кенеттен бұзылуы;
• Белгілі себептерсіз кенеттен болатын, айқын білінетін немесе ұзаққа созылатын бас ауыру;
• Құрысулармен немесе онсыз санадан айрылу немесе естен тану.
Симптомдардың уақытша сипаты транзиторлы ишемиялық шабуылдың (ТИШ) болжануына мүмкіндік береді.
Миокард инфарктісі (МИ) симптомдары өзінде қамтуы мүмкін:
• Кеуде, қолдағы немесе төс артындағы ауыру, жайсыздық, қысым, ауырлық, қысылу мен толып кетуді сезіну;
• Арқаға, төменгі жақсүйекке, тамаққа, қолға, асқазанға берілетін жайсыздық;
• Қатты толып кетуді сезіну, ас қорытудың бұзылуы немесе тұншығу;
• Тершеңдік, жүрек айну, құсу немесе бас айналу;
• Әлсіздіктің шегіне жеткен дәрежесі, үрейлену немесе ентігу;
• Жүректің жиі немесе ырғақсыз соғуы.
Ісіктер
Кейбір эпидемиологиялық зерттеулерде ұзақ уақыт БІК қабылдау кезінде (< 5 жыл) жатыр мойны обырының жоғары даму қаупі хабарланды. Алайда осы бақылаудың жыныстық мінез-құлықпен және басқа факторлармен, мысалы, адам папилломасы вирусы (АПВ) инфекциясын жұқтырумен қандай дәрежеде байланысты екеніне қатысты қарама-қайшылықтар сақталады.
54 эпидемиологиялық зерттеу деректерін метаталдау нәтижелеріне сай, ұзақ уақыт БІК қабылдау кезінде БІК қабылдау аясында әйелдерде сүт безі обырының салыстырмалы даму қаупінің сәл жоғарылауы (СҚ=1,24) болады. БІК қабылдауды тоқтатудан кейін 10 жыл ішінде жоғары қауіп біртіндеп жоғалады. Сүт безінің обыры 40 жасқа дейінгі әйелдерде сирек кездесетіндіктен, тұрақты БІК қабылдайтын және қабылдауды таяуда бастаған пациент әйелдерде диагностикаланған сүт безінің обыры жағдайларының қосымша саны сүт безі обырының жиынтық даму қаупіне қатысты онша емес. Бұл зерттеулерде себеп-салдарлы байланысу дәлелі берілмеген. Байқалған қауіптің жоғарылау ерекшеліктері БІК қабылдайтын пациент әйелдерде сүт безінің обырын ертерек диагностикалау, БІК биологиялық әсерлері немесе екі фактордың да бірігу себебінен болуы мүмкін. Бір кездері БІК қабылдаған пациент әйелдерде сүт безінің обырлы ісіктері, ешқашан БІК қабылдамаған әйелдерге қарағанда, әдетте клиникалық тұрғыда өршуі аз сипатта болды.
Сирек жағдайларда БІК қабылдаған әйелдерде бауырдың қатерсіз, ал одан да сирек қатерлі ісіктері білінді. Жекелеген жағдайларда осындай ісіктер өмірге қатерлі құрсақішілік қан кетулерге әкелді. БІК қабылдайтын әйелдерде іштің жоғарғы тұсының қатты ауыруы, бауырдың үлкеюі немесе құрсақішілік қан кету белгілері болған жағдайда дифференциялық диагностика шеңберінде бауыр ісігін қарастыру керек.
Жоғары дозаланған БІК (0,05 мг этинилэстрадиол) қабылдау эндометриоидты обырдың және аналық бездер обырының даму қаупін төмендетеді. Осы бақылауды төмен дозаланған БІК үшін қолдану мүмкіндігі растауды талап етеді.
Басқа жай-күйлер
Жабырқау көңіл-күй және депрессия гормональді контрацептивтер қолдану кезіндегі белгілі жағымсыз реакциялар болып табылады (4.8 бөлімін қараңыз). Депрессия күрделі бұзылыс болуы мүмкін және суицидтік мінез-құлықтың және суицидтің белгілі қауіп факторы болып табылады. Әйелдерге көңіл-күй өзгерістері және депрессиялық симптомдар білінген жағдайда, оның ішінде емдеу басталған соң тез арада өз дәрігеріне хабарласуға кеңес беру керек.
Осы препараттың прогестиндік компоненті – калийді бөгеуге қабілетті альдостерон антагонисі. Көпшілік жағдайларда қан сарысуында калий мөлшерінің көбеюі күтілмейді. Алайда клиникалық зерттеуде ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар жекелеген пациенттерде калий жинақтаушы дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану аясында қан сарысуында калий мөлшері дроспиренон қолдану кезінде көбейген, бірақ мардымсыз. Осылайша, емдеуге дейін, әсіресе, калий жинақтаушы дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану аясында қан сарысуында калий мөлшерінің мәндері қалыптың жоғары шегінде болған және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде алғашқы қабылдау циклында қан сарысуында калий мөлшерін бақылап отыру ұсынылады. «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін де қараңыз.
БІК қабылдау кезінде гипертриглицеридемиясы немесе отбасылық гипертриглицеридемия анамнезі бар әйелдерде панкреатиттің жоғары даму қаупінің болуы мүмкін екенін ескеру керек.
БІК қабылдайтын көп әйелде артериялық қысымның аздап көтерілуі болса да, клиникалық мәнді жоғарылауы сирек білінді. Осындай сирек жағдайларда ғана БІК қолдануды дереу тоқтатуға болады. Егер БІК қабылдау кезінде артериялық гипертензиясы бар әйелдерде артериялық қысым мәндері тұрақты түрде жоғары болса немесе едәуір өсуінде гипотензиялық емге жауап ретінде төмендемесе, БІК тоқтатылуы тиіс. Келесі жай-күйлердің: холестазбен байланысты сарғаю және/немесе қышыну; өт қалтасында тас түзілуі; порфирия; жүйелі қызыл жегі; гемолиздік-уремиялық синдром, Сиденгам хореясы, жүктілік кезіндегі герпес; отосклероз себебінен естімей қалудың дамуы немесе жүктілік кезінде үдеуі және БІК қабылдау туралы хабарланды (алайда, БІК қабылдаумен байланысы сенімді түрде дәлелденбеген).
Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуі бар әйелдерде экзогенді эстрогендер ангионевроздық ісіну симптомдарын индукциялауы немесе күшейтуі мүмкін.
Бауыр функциясының жедел немесе созылмалы бұзылуларында бауыр функциясының көрсеткіштері қалпына оралғанша БІК тоқтату қажет болуы мүмкін. Бұрын жүктілік кезінде немесе соның алдында жыныстық стероидты гормондар қабылдау кезінде туындаған холестаздық сарғаюдың және/немесе холестазбен байланысты қышынудың қайталануы БІК қабылдаудың тоқтатылуын талап етеді.
БІК шеткері инсулинге төзімділікке және глюкозаға төзімділікке ықпал етуі мүмкін болса да, төмен дозаланған БІК (құрамында <0,05 мг этинилэстрадиол бар) қабылдайтын қант диабеті бар пациент әйелдерде емдік режимді өзгерту қажеттілігінің пайдасы көзделетін деректер жоқ. Дегенмен де, қант диабеті бар әйелдер, әсіресе, БІК қабылдаудың ерте сатысында мұқият қадағалануы тиіс.
БІК қабылдау аясында эндогенді депрессия, эпилепсия, Крон ауруы және ойық жаралы колиттің үдеуі хабарланды.
Кейде хлоазма (әсіресе, анамнезінде жүктілік кезіндегі хлоазмасы болған әйелдерде) дамуы мүмкін. Хлоазмаға бейімділігі бар пациент әйелдер БІК қабылдау кезінде күн сәулелерінің және ультракүлгінді сәулелену әсерінен сақтануы керек.
Медициналық тексеру/кеңес
ДИМИА препаратын қолданудың басталуына немесе қайта тағайындалуына дейін мұқият анамнез (отбасылық анамнезді қоса) жинап, жүктіліктің бар-жоғын анықтау керек. Қарсы көрсетілімдері («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз) мен айрықша нұсқауларын және сақтану шараларын («Арнайы сақтандырулар» бөлімін қараңыз) жетекшілікке ала отырып, артериялық қысымды өлшеу, дене бойын тексеруден өткізу керек. Әйелдің назарын, басқа БГК-мен салыстырғанда, ДИМИА препаратын қолданудан болатын қауіпті қоса, вена және артерия тромбозының туындау қаупіне, ВТЭ және АТЭ симптомдарына, сондай-ақ анықталған қауіп факторларына және тромбоздың дамуына күдік туындаған жағдайда қолданылатын әрекеттерге аудару маңызды.
Әйел пациентке арналған ақпараты бар аңдатпа-парақшаны мұқият оқып шығып, онда берілген кеңестерді қадағалауы қажет. Тексерулердің жиілігі мен түрі әзірленген практикалық нұсқауларға негізделіп, олар әрбір нақты әйелге икемделуі тиіс.
Әйелге гормональді контрацептивтердің АИТВ инфекциясынан (ЖИТС) және жыныс жолымен берілетін басқа аурулардан қорғамайтынын ескерту керек.
Тиімділіктің төмендеуі
БІК тиімділігі белсенді таблеткалар қабылдауды өткізіп алған жағдайда («Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар» бөлімін қараңыз) белсенді таблеткаларды қабылдау кезеңінде асқазан-ішек жолы тарапынан болатын бұзылыстарда («Асқазан-ішек бұзылыстары жағдайында берілетін кеңестер» бөлімін қараңыз) немесе басқа дәрілік препараттарды қатарлас қолданғанда («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).
Оралымды бақылаудың төмендеуі
БІК қабылдау аясында, әсіресе, қолданудың алғашқы айларының ішінде жүйесіз қан кетулер (жағынды қанды бөліністер немесе «құйылған» қан кетулер) болуы мүмкін. Сол себепті кез келген жүйесіз қан кетулерді бағалау шамамен үш оралымнан тұратын дағдылану кезеңінен кейін ғана маңызды болады.
Егер жүйесіз қан кетулер алдыңғы жүйелі оралымдардан кейін қайталанса немесе дамыса, қатерлі жаңа түзілімдердің немесе жүктіліктің бар-жоғын анықтау үшін тиісті диагностикалық іс-шаралар өткізумен гормональді емес себептерін жоққа шығарған жөн. Ол шараларда диагностикалық қырнап тазалауды қамтуға болады.
Кейбір әйелдерде «тоқтатудан» болатын қан кету плацебо таблеткалар қабылдау кезінде дамымауы мүмкін. Егер БІК «Дозалану режимі» бөлімінде баяндалған көрсетілімдерге сай қабылданса, әйелдің жүкті болу ықтималдығы аз. Дегенмен де, егер «тоқтату» қан кетуінің бірінші болмауына дейін БІК нұсқаулыққа сәйкес қабылданбаса немесе қатарынан екі рет «тоқтату» қан кетуі болмаса, БІК қабылдаудың жалғасуына дейін жүктіліктің бар-жоғы анықталуы тиіс.
АЛТ белсенділігінің жоғарылауы
С гепатиті вирусының инфекциясы себепті омбитасвир/паритапревир /ритонавир және дасабувирді рибавиринмен немесе онсыз қабылдаған пациент әйелдердің қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулер барысында трансаминаза белсенділігінің (АЛТ) қалыптың жоғары шегімен (ҚЖШ) салыстырғанда 5 еседен астам жоғарылауы құрамында этинилэстрадиол бар препараттарды, мысалы, біріктірілген гормональді контрацептивтер (БГК) қабылдаған әйелдерде едәуір жиі білінді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімдерін қараңыз).
Балалар
Препарат құрамында белгілі бір бояғыштар болуына байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілімді («Дәрілік препарат құрамы» бөлімін қараңыз). ДИМИА препараты менархе басталуынан кейін ғана көрсетілімді. Біріктірілген ішуге арналған контрацептивтердің қауіпсіздігі мен тиімділігі ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдерде зерттелді.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету зерттеулері жүргізілмеген. БІК қабылдайтын әйелдер арасында көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне БІК әсері білінбеді.