Симптомдарды бақылау үшін қажетті ең қысқа уақыт кезеңі ішінде ең төменгі тиімді дозаны пайдаланумен жағымсыз әсерлерін барынша азайтуға болады.
Қандай да бір синергиялық пайдасының болмауына және қосымша жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігіне байланысты циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін қоса, жүйелі ҚҚСП бар ДИНАПАР AQ препаратын қолданудан аулақ болу керек.
Егде жастағы адамдарға препаратты тағайындау кезінде сақ болу керек. Егде жастағы әлсіреген немесе дене салмағының көрсеткіштері төмен адамдар үшін ең төмен тиімді дозаларды қолдану ұсынылады.
Осының алдында диклофенак қолданбастан, басқа ҚҚСП қолдану кезіндегі сияқты анафилаксиялық/анафилактоидтық реакцияларды қоса, диклофенакты қолдану кезінде сирек жағдайларда аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық реакциялары миокард инфарктісіне соқтыруы ықтимал ауыр аллергиялық реакция – Коунис синдромының дамуына да әкелуі ықтимал. Осындай реакциялар симптомдары диклофенакқа аллергиялық реакциямен байланысты туындайтын кеуденің ауыруын қамтуы мүмкін.
Инфекция симптомдарын бүркемелеу
Басқа да ҚҚСП сияқты, диклофенак фармакодинамикалық қасиеттерімен байланысты инфекция белгілері мен симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Бұлшықет әлсіздігіне, бұлшықеттердің салдануына, терінің гипестезия, терінің дәрі-дәрмектік эмболиясы (embol ia cutis medicamentosa, Николау синдромы) және инъекция орнындағы некрозға әкелуі мүмкін инъекция орнындағы жағымсыз құбылыстарды болдырмау үшін бұлшықет ішіне енгізу жөніндегі нұсқаулықтар қатаң қадағалануы тиіс.
Асқазан-ішек жолы тарапынан әсерлері
Диклофенакты қоса, барлық ҚҚСП қолданылуы кезінде өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін асқазан-ішектен қан кетуі (гематемезис, мелена), ойық жаралану немесе тесілу тіркелген және сондай-ақ, анамнезінде АІЖ күрделі аурулары болғанда емдеу кезінде кез келген уақытта симптомдармен немесе оларсыз туындауы мүмкін. Әдетте, олардың егде жастағы адамдар үшін өте күрделі зардаптары болуы мүмкін. Егер диклофенак қабылдайтын пациенттерде асқазан-ішек қан кетуі немесе ойық жарасы туындаса, препаратты тоқтату керек.
Диклофенакты қоса, барлық ҚҚСП жағдайындағы сияқты, мұқият медициналық бақылау қажет және асқазан-ішек жолы функциясының бұзылуын көрсететін симптомдары бар немесе анамнезінде асқазан немесе ішектің ойық жарасының, қан кетуінің немесе тесілуінің болуы жорамалданатын пациенттерге диклофенак тағайындалғанда ерекше сақтық таныту керек. Диклофенакты қоса, ҚҚСП дозаларын арттырғанда, сонымен қатар, анамнезінде ойық жара ауруы бар пациенттерде, әсіресе, егер ол қан кетумен немесе тесілумен асқынып кетсе, АІЖ қан кетуінің, ойық жарасының немесе тесілуінің қаупі артады.
Егде жастағы адамдарда ҚҚСП жағымсыз реакцияларының, әсіресе, өліммен аяқталуға әкелуі мүмкін асқазан-ішектен қан кетуі және тесілуінің жиілігі жоғары болады.
Анамнезінде ойық жара ауруы бар пациенттерде, әсіресе, егер ол қан кетумен немесе тесілумен асқынып кеткенде, сондай-ақ егде жастағы адамдарда АІЖ үшін уыттылық қаупін төмендету үшін емдеуді ең төмен тиімді дозада бастау және сол мөлшерде сақтау керек.
Протекторлық препараттармен (мысалы, мизопростол немесе протонды помпа тежегіштерімен) біріктірілген ем осы пациенттер үшін, сондай-ақ құрамындағы ацетилсалицил қышқылының дозасы төмен дәрілік заттарды (АСҚ/аспирин немесе осыған ұқсас асқазан-ішек қаупін арттыруға қабілетті дәрілік заттар) бір мезгілде қолдану қажет болатын пациенттер үшін қарастырылуы тиіс.
Анамнезінде АІЖ уыттылығы бар пациенттер, әсіресе, егде жастағылар кез келген әдеттен тыс абдоминальді симптомдары (әсіресе, АІЖ қан кетуі) туралы хабарлауы тиіс.
Жүйелі кортикостероидтар, варфарин сияқты антикоагулянттар, серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер (СКҚСТ) немесе ацетилсалицил қышқылы сияқты антитромбоцитарлық агенттер сияқты ойық жаралардың түзілуін немесе қан кету қаупін арттыруы мүмкін қатарлас препараттар қабылдайтын пациенттерге сақтықпен тағайындау ұсынылады.
Ойық жаралы колиті немесе Крон ауруы бар пациенттерде мұқият медициналық бақылау және сақтық таныту керек, өйткені осы аурулардың өршуі басталып кетуі мүмкін.
Диклофенакты қоса, ҚҚСП қолдану асқазан-ішек жолына жасалған операциядан кейін диклофенак қолдану кезінде асқазан-ішек анастомозы қабілетсіздігінің (яғни, сіңіріп өткізуінің) даму қаупінің жоғарлауымен байланысты болуы мүмкін, осыған орай, мұқият медициналық бақылау және операциядан кейінгі кезеңде сақтану ұсынылады.
Егер пациентке ДИНАПАР AQ тағайындалған жағдайда, егер таяуда асқазанға немесе ішек жолына операция жасалған немесе жоспарланған болса, диклофенак кейде операциядан кейін АІЖ жараларының жазылуын нашарлатуы мүмкін болғандықтан, ол препаратты қабылдаудың басталуына дейін дәрігерге хабарлауы тиіс.
Бауырға әсері
ДИНАПАР AQ бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге тағайындалған жағдайда, ондай науқастар жай-күйінің өршуі мүмкін болғандықтан, мұқият медициналық бақылау қажет.
Басқа ҚҚСП қолдану кезіндегідей, бір және одан көп бауыр ферменттерінің деңгейі артуы мүмкін. Диклофенак препаратымен (таблеткалармен немесе суппозиторийлермен) ұзақ уақыт емделу кезінде бауыр функциясына жүйелі бақылау тағайындалады. Егер бауыр функциясының бұзылулары сақталса немесе нашарласа, сондай-ақ егер бауырдың үдемелі ауруларымен байланысты симптомдар немесе басқа көріністер (мысалы, эозинофилия, бөртпе) байқалса, диклофенак қолдануды тоқтату керек. Гепатит сияқты аурулардың ағымы продромальді симптомдарсыз өтуі мүмкін.
Диклофенак бауыр порфириясы бар пациенттерде қолданылған жағдайда, ауру өршуінің басталу ықтималдығына орай, сақтық қажет.
Бүйрекке әсері
ҚҚСП емі кезінде ісінумен және/немесе артериялық гипертензиямен сұйықтық іркілісі туралы хабарланды. Сондықтан жүрек немесе бүйрек функциясының бұзылуымен (оның ішінде гиповолемия, нефроздық синдром, жегілік нефропатия және декомпенсацияланған бауыр циррозы аясындағы функционалдық бүйрек жеткіліксіздігімен) анамнезінде артериялық гипертензиясы бар науқастарға, егде жастағы науқастарға, диуретиктермен немесе бүйрек функциясына елеулі ықпал ететін препараттармен ем қабылдайтын науқастарға және кез келген себеппен, мысалы, ауқымды хирургиялық араласуға дейін немесе одан кейін жасушадан тыс сұйықтық көлемінің едәуір төмендеуі болатын пациенттерге бүйрек функциясына мониторинг жүргізу ұсынылады. Осындай жағдайларда бүйрек функциясына мониторинг өткізу диклофенак қолдану кезіндегі сақтану шарасы ретінде ұсынылады. Емді тоқтату, әдетте, емдеуге дейінгі жай-күйге дейін қалыпқа келумен қатар жүреді.
Тері реакциялары
Диклофенак қабылдаудан туындаған эксфолиативті дерматит, Стивенс - Джонсон синдромын (SJS), уытты эпидермалық некролизді (TEN) және жайылған буллезді бөртпені қоса, кейбіреуі өліммен аяқталуға соқтыратын терінің ауыр реакциялары туралы өте сирек хабарланды. Пациенттер осы реакциялардың дамуының көбірек қаупіне шамасы емнің ерте сатыларында ұшырайды, әрі көп жағдайларда олар емнің бірінші айында білінеді. Тері бөртпесінің, шырышты қабықтың зақымдануының алғашқы пайда болуында немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа белгілерінде ДИНАПАР AQ қабылдауды тоқтату керек.
Инъекция орнындағы реакцияларДиклофенакты бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін инъекция орнындағы некроз, терінің дәрі-дәрмектік эмболиясы (embol ia cutis medicamentosa), сондай-ақ Николау синдромы ретінде белгілі (атап айтқанда, тері астына байқаусызда енгізгенде), тіркелген дәрілік эритема және жайылған буллезді тіркелген дәрілік эритеманы қоса, инъекция орнындағы реакциялар туралы хабарланған. ДИНАПАР AQ бұлшықет ішіне енгізген кезде инені және инъекция техникасын дұрыс таңдауды орындау керек.
Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) және дәнекер тіннің аралас аурулары:
ЖҚЖ және дәнекер тіннің аралас бұзылулары бар пациенттерде асептикалық менингиттің даму қаупі жоғары болуы мүмкін.
Жүрек-қантамырлық және цереброваскулярлық әсерлері:
Анамнезінде артериялық гипертензиясы бар және жүректің іркілісті жеткіліксіздігі (NYHA-I) бар пациенттер үшін тиісті мониторинг пен ұсынымдар қажет, өйткені, диклофенакты қоса, ҚҚСП емімен байланысты сұйықтық іркілісі мен ісіну тіркелді.
Клиникалық зерттеулер мен эпидемиологиялық деректер диклофенакты, әсіресе, жоғары дозаларда (күнделікті 150 мг) қолданумен байланысты және ұзақ емделу кезінде артериялық тромбоздар (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) жағдайларының жоғары даму қаупін бірдей көрсетеді.
Жүректің іркілісті жеткіліксіздігі бар пациенттер (NYHA-I) немесе жүрек-қан тамырлары оқиғаларының (мысалы, гипертония, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу) елеулі қауіп факторлары бар пациенттер, егер емдеу 4 аптадан көп уақытқа созылса, тек мұқият қарастырудан кейін және 100 мг/күнге дейінгі дозаларда ғана диклофенакпен емделуі тиіс.
Диклофенактың жүрек-қантамырлық қауіптері дозаны және әсер ету ұзақтығын арттырумен жоғарылауы мүмкін болғандықтан, мүмкіндігінше, барынша қысқа ұзақтықта және ең төмен тиімді тәуліктік дозасын пайдалану керек. Пациенттің симптомдарды жеңілдету және емге жауап беру қажеттілігін, әсіресе ем кезеңі 4 аптадан көп уақытқа созылса, мезгіл-мезгіл қайта қарау керек.
Пациенттер сақтандыру белгілерінсіз туындауы мүмкін, мысалы, кеуденің ауыруы, ентігу, әлсіздік, анық сөйлемеу сияқты артериялық тромбоздар ауыр жағдайларының белгілері мен симптомдарына көңіл бөлу керек. Пациенттерге жоғарыда аталған симптомдар пайда болғанда медициналық көмекке шұғыл жүгіну керектігі туралы нұсқау берілуі тиіс!
ҚҚСП бүйректік әсерлері ісінулермен болатын сұйықтық іркілуін және/немесе артериялық қысымның көтерілуін қамтиды. Сондықтан диклофенак жүрек функциясының бұзылулары және сұйықтықтың іркілуіне бейімдейтін басқа жай-күйлері бар пациенттерде сақтықпен қолданылуы керек. Диуретиктер немесе ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерін (АӨФ, сондай-ақ гиповолемияның жоғары қаупінде) бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде де сақтық шарасын қадағалау керек.
Гематологиялық әсерлері
Басқа да ҚҚСП сияқты, диклофенакпен ұзақ уақыт емделу кезінде қан көрсеткіштерін бақылап отыру ұсынылады.
Диклофенак тромбоциттер агрегациясын қайтымды тежеуі мүмкін. Гемостаз ақаулары, геморрагиялық диатез немесе гематологиялық бұзылулары бар пациенттер мұқият қадағалауда болуы тиіс.
Анемия су іркілуі немесе эритропоэзге әсер ету нәтижесінде туындауы мүмкін. Демек, егер анемия симптомдары анықталса, гемоглобин мен гематокрит деңгейін бақылап отыру ұсынылады. Гиперкалиемия диабеті бар немесе калий жинақтаушы препараттарды да қабылдайтын пациенттерде туындауы мүмкін.
Анамнезде демікпенің болуы
Демікпесі, маусымдық аллергиялық ринит, мұрын шырышты қабығының ісінуі (яғни, мұрын полиптері), өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары немесе тыныс жолдарының созылмалы инфекциялары бар (әсіресе, егер олар аллергиялық ринит симптомдарымен байланысты болса) пациенттерде демікпенің өршуі (анальгетиктер жағымсыздығы/анальгетиктік демікпе деп аталатын), Квинке ісінуі немесе есекжем сияқты ҚҚСП реакциялары басқа пациенттердегіден жиірек кездеседі. Сондықтан осындай пациенттерде айрықша сақтандыру шаралары (шұғыл көмек көрсетуге дайындық) ұсынылады. Бұл басқа заттарға аллергиядан зардап шегіп жүрген, мысалы, тері реакциялары, қышыну немесе есекжем бар пациенттерге де қолданылады.
Простагландинсинтетаза белсенділігін тежейтін басқа да препараттар сияқты, натрий диклофенагы мен басқа ҚҚСП, егер олар бронх демікпесінен зардап шегетін немесе анамнезінде бронх демікпесі бар пациенттерге тағайындалса, бронх түйілуін тудыруы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттардың әсерлері
ДИНАПАР AQ препаратының құрамына ауыр аллергиялық реакциялар мен бронх түйілуін тудыруы мүмкін 3,5 мг сусыз натрий сульфиті сияқты қосымша заттар кіреді, сондықтан осы компонентке аллергиялық реакциясы бар адамдарға ДИНАПАР AQ қабылдауға болмайды.
Алкоголь
ДИНАПАР AQ препаратын қолданатын пациенттерге алкоголь тұтынудан бас тарту қажет.
Педиатрияда қолдану
ДИНАПАР AQ 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ДИНАПАР AQ препаратымен емделу кезінде көру қабілетінің бұзылулары, бас айналу, ұйқышылдық немесе орталық жүйке жүйесі тарапынан басқа бұзылулары байқалатын пациенттер көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан бас тартуы тиіс.