Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутриполостного и наружного применения
Дозасы
10 мг/мл
Саудалық атауы
Диоксидин®
Әсер етуші зат
Антисептики и дезинфицирующие препараты другие
Мақсаты
Диоксидин ® препараты ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген
Өндіруші
АО Новосибхимфарм
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Препараттың бір дозасының құрамында:
1 мл Диоксидин® препаратының құрамында:
белсенді зат: гидроксиметилхиноксалиндиоксид (диоксидин) - 10.0 мг;
қосымша зат: инъекцияға арналған су - 1 мл дейін
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір жасыл-сарғыштау сұйықтық.
Диоксидин ® препараты ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген.
Басқа химиотерапиялық препараттардың тиімсіздігімен немесе олардың нашар төзімділігімен сезімтал микрофлорадан туындаған іріңді бактериялық инфекциялар.
Қуыс ішіне енгізу
• кеуде және құрсақ қуыстарының іріңді процестер, іріңді плевритте, плевра эмпиемасында, өкпе абцестерінде, перитониттерде, циститтерде, терең іріңді қуыстары бар жараларда (жұмсақ тіндер абсцестерінде, жамбас шел қабатының флегмоналарында, операциядан кейінгі несеп және өт шығару жолдарының жараларында, іріңді маститте және т. б.)
• қуықты катетеризациялаудан кейінгі инфекциялық асқынулардың профилактикасында.
Сыртқа қолдану
• орналасуы әртүрлі беткейлік және терең жаралар, ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар мен трофикалық ойық жараларда, жұмсақ тіндер флегмоналары, инфекция жұқтырған күйікте, остеомиелит кезіндегі іріңді жараларда.
Егер жақсару болмаса немесе 7 күннен кейін денсаулығыңыз нашарласа, дәрігерге қаралу керек.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Әсер ету механизмі
Бактерияға қарсы әсер ету ауқымы кең хиноксалин туындылары тобындағы препарат, Proteus vulgaris, Pseudomonas aeruginosa, Klebsiella pneumoniae, Escherichia coli, Shigella dysenteria, Shigella flexneri, Shigella boydii, Shigella sonnei, Salmonella spp., Staphylococcus spp., Streptococcus spp., патогенді анаэробтар (Clostridium perfringens) туғызған инфекцияларда химиялық емдік белсенділікке ие, антибиотиктерді қоса, басқа химиялық препараттарға төзімді бактериялар штаммдарына әсер етеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Бактериялардың дәрілік төзімділігі дамуы мүмкін. Күйікке шалынған және іріңді-некроздық жараларды өңдеу жара бетінің едәуір жылдам тазаруына ықпал етеді, жараның репарациялық регенерациясын және шеттерінің эпителийленуін едәуір жылдамдатады және жарақат үдерісінің ағымына жағымды әсер етеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Клиникалық зерттеулерде алынған маңызды деректер жоқ.
Балалар
Клиникалық зерттеулерде алынған маңызды деректер жоқ.
Дозалау режимі
Қуыс ішіне енгізу.
Іріңді қуысқа оның мөлшеріне байланысты тәулігіне 10-нан 50 мл-ге дейін 1% (0,1-0,5 г) Диоксидиннің® ерітіндісі енгізіледі. Диоксидиннің® ерітіндісі қуысқа катетер, дренажды түтік немесе шприц арқылы енгізіледі. Қуысқа енгізуге арналған ең жоғары тәуліктік доза - 70 мл 1% ерітінді (0,7 г).
Сыртқа қолдану.
Диоксидиннің® 0,1-1% ерітінділері қолданылады. 0,1-0,2% ерітінді алу үшін препараттың ампуладағы ерітіндісін қажетті концентрациясына дейін стерильді натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісімен немесе инъекцияға арналған сумен сұйылтады. Беткейлік инфекциялық іріңді жараларды емдеу үшін жараға Диоксидиннің® 0,5-1% ерітіндісінде суланған сүрткілер салынады Терең жараларды өңдегеннен кейін Диоксидиннің® 1% ерітіндісінде суланған тампондар бос салынады, ал дренаж түтігі болған кезде қуысқа 20-дан 100 мл-ге дейін препараттың 0,5% ерітіндісі енгізіледі.
Остеомиелит кезінде терең іріңді жараларды емдеу үшін (қолдың, табанның жаралары) ванна түрінде препараттың 0,5% ерітіндісі қолданылады немесе кейіннен Диоксидиннің® 1% ерітіндісімен таңу арқылы препараттың ерітіндісімен жараны арнайы емдеу жүргізіледі. Ең жоғары тәуліктік доза - 2,5 г. Диоксидиннің® 0,1-0,5% ерітіндісі түрінде операциялық араласудан кейін инфекцияның алдын алу және емдеу үшін пайдалануға болады.
Егде жастағы адамдарда қолданғанда бүйрек функциясының жасқа байланысты төмендеуін ескеру керек, ол препарат дозасын азайтуды талап етуі мүмкін.
Енгізу әдісі мен жолы
Диоксидин® препаратын стационар жағдайында, дәрігердің қатаң бақылауымен тек ересектерге тағайындалады.
Сыртқа, қуыс ішіне қолданылады.
Инфекциялық аурулардың ауыр түрлерінде немесе басқа бактерияға қарсы препараттар тиімсіз болған кезде ғана тағайындайды.
Емдеу курсын бастар алдында препараттың төзімділігіне сынама жасайды, ол үшін 10 мл 1% ерітіндіні инфекциялық ошақ-қуысқа енгізеді. Жағымсыз құбылыстар (бас айналу, қалтырау, дене температурасының жоғарылауы және т.б.) 3-6 сағат ішінде болмаса, курстық емдеуді бастайды. Жағымсыз реакциялардың алғашқы белгілері пайда болғанда енгізуді тоқтатады. Диоксидин® 1% ерітіндісін төмен температурада сақтау кезінде ерітіндінің тұрақсыздығына байланысты вена ішіне енгізу үшін қолдануға болмайды.
Диоксидиннің® ерітіндісі бар ампулаларда сақтау процесінде (15°С-ден төмен температурада) кристалдары шөккен жағдайда, ампулаларды қайнап тұрған су моншасында кристалдары толық ерігенге дейін (мөлдір ерітінді) сілки отырып қыздырып ерітеді. Егер 36-38°C дейін салқындаған кезде кристалдар қайтадан түспесе, препарат қолдануға жарамды.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Қуыс ішіне енгізу.
Препаратты қуысқа әдетте күніне бір рет енгізеді. Көрсеткіштер бойынша тәуліктік дозаны екі қабылдауда енгізуге болады. Жақсы төзімділік жағдайында препаратты күн сайын енгізуге болады.
Сыртқа қолдану.
Остеомиелит кезінде терең іріңді жараларды емдеу үшін (қол білезігі, табан жаралары) жараны 15-20 минут ішінде препараттың ерітіндісімен арнайы емдеу жүргізіледі (осы кезеңде жараға ерітінді енгізу), содан кейін таңғыштар салынады.
Операциялық араласымнан кейін инфекцияның профилактикасында және емдеу үшін көрсеткіштер бойынша (остеомиелитпен ауыратын науқастар) және жақсы төзімділік жағдайында емдеуді күнделікті жүргізуге болады
Емдеу ұзақтығы
Қуыс ішіне енгізу.
Жақсы төзімділік жағдайында препаратты 3 апта бойы немесе одан да көп уақытқа енгізуге болады. Қажет болғанда емдеу курсын 1-1,5 айдан кейін қайталайды.
Сыртқа қолдану.
Остеомиелитет (қол білезігі, табан жаралары) терең іріңді жараларды емдеу үшін - 3 аптаға дейін.
Операциялық араласымнан кейін инфекцияның профилактикасында және емдеу үшін - 1,5 - 2 ай.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Жекелеген дозаларды өткізіп алған жағдайда препараттың қос дозасын қабылдауға болмайды.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Осы уақытқа дейін тоқтату симптомдары туралы хабарланған жоқ.
• Диоксидинге аса жоғары сезімталдық;
• Бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігіне (оның ішінде анамнезде);
• Жүктілік және бала емізу кезеңі;
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Қуыс ішіне енгізгенде:
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар:
Белгісіз
• бас ауыруы
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар:
Сирек
• анафилаксиялық шок
Белгісіз
• аллергиялық реакциялар
• фотосенсибилизациялаушы әсері (күн сәулесінің әсер етуінен денеде пигментті дақтардың пайда болуы)
Бұлшықет, қаңқа және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар:
Белгісіз
• бұлшықеттердің құрысып жиырылуы
Асқазан-ішек бұзылулары:
Белгісіз
• жүрек айнуы
• құсу
• іштің ауыруы
• диарея
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар:
Белгісіз
• қалтырау
• дене температурасының жоғарылауы.
Сыртқа қолдануда:
Тері және теріасты шелі тарапынан бұзылулар:
Белгісіз
• жара маңындағы дерматит
• қышыну
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Диоксидин® артық дозаланғанда бүйрек үсті безінің жедел жеткіліксіздігі (артериялық қысымның төмендеуі, бради- немесе тахикардия, жүрек ырғағының бұзылуы, жүрек айну, құсу, диарея, метеоризм, іштің ауыруы, мәңгіру, елестеулер, парестезия, бұлшықет құрысулары, кома) дамуы мүмкін, бұл препаратты дереу тоқтатуды және тиісті гормондық орын басу емін қажет етеді.
Дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу түрлері
Препаратқа жоғары сезімталдық кезінде Диоксидин® препаратын антигистаминдік препараттармен немесе кальций препараттарымен бір мезгілде қолданады.
Дәрілік препараттың әсеріне әсер етуі мүмкін өзара әрекеттесу түрлері (алкогольмен, темекімен, тамақпен)
Дәрілік препараттың әсеріне әсер етуі мүмкін өзара әрекеттесу түрлері (алкогольмен, темекімен, тамақпен) жоқ.
Көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықтимал әсері туралы мәліметтер
Емдеу кезеңінде көлік құралдарын жүргізу және зейіннің жоғары шоғырлануын және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін басқа да қауіпті қызмет түрлерімен айналысу кезінде сақ болу қажет.
Арнайы ескертулер
Диоксидин® препаратын тек инфекциялық аурулардың ауыр түрлерінде немесе бактерияға қарсы басқа препараттар, соның ішінде ІІ-ІV буын цефалоспориндері, фторхинолондар, карбапенемдер тиімсіз болған кезде ғана тағайындайды.
Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде сақтықпен қолданылады, дозаны азайтады.
Пигментті дақтар пайда болған кезде дозаны енгізу ұзақтығын 1,5-2 сағатқа дейін ұзартады, дозаны төмендетеді, антигистаминді препараттар тағайындайды немесе Диоксидинді® препаратын оқтатады.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 15-тен 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.