Дозалау режимі
Жалпы анестезияны индукциялау
Ересектер
Жүргізілген немесе жүрізілмеген премедикациясы бар пациенттерге анестезияның клиникалық белгілері пайда болғанға дейін клиникалық жауапты ескере отырып, Дипрофол® 1 % препаратының дозасын титрлеу (ересек пациентке болюстік инъекция немесе инфузия түрінде шамамен 4 мл [40 мг] әрбір 10 секунд сайын енгізу) ұсынылады. 55 жасқа дейінгі ересек пациенттердің көпшілігі үшін жалпы Дипрофол® 1 % препаратының 1,5–2,5 мг/кг дозасын енгізу жеткілікті. Жалпы қажетті дозаны енгізу жылдамдығын төмендету арқылы азайтуға болады (2-5 мл/мин [20-50 мг/мин]). 55 жастан асқан адамдар үшін жалпы анестезияға қол жеткізу дозасы аз. Америкалық анестезиологтар қоғамының (ASA) қауіпті бағалау жүйесі бойынша III және IV балдық бағасы бар пациенттерге енгізу жылдамдығы төмен препаратты қолдану керек (әр 10 секунд сайын шамамен 2 мл [20 мг]).
Егде жастағы адамдар
Егде жастағы адамдар анестезияны индукциялау үшін Дипрофол® 1 % препаратының аз дозасын енгізуді талап етеді. Дозаны азайту кезінде пациенттің денсаулығы мен жасын ескеру керек. Азайтылған дозаны аз жылдамдықпен енгізген және клиникалық жауапты ескере отырып титрлеген жөн.
Педиатриялық популяция
1 айға дейінгі балаларға анестезияны индукциялау үшін Дипрофол® 1 % препаратын қолдану ұсынылмайды.
1 айдан асқан балаларға анестезияны индукциялау үшін Дипрофол® 1 % препаратының дозасын анестезияның клиникалық белгілері пайда болғанға дейін баяу титрлеу керек. Дозаны жасына және/немесе дене салмағына сәйкес таңдаған жөн. 8 жастан асқан пациенттердің көпшілігі үшін шамамен 2,5 мг/кг дене салмағына Дипрофол® 1 % препаратының дозасын енгізу анестезия индукциясы үшін жеткілікті болып табылады. Жас балаларға, әсіресе 1 айдан 3 жасқа дейін, жоғары дозаларды (дене салмағының 2,5–4 мг/кг) енгізу қажет болуы мүмкін. ASA бойынша III және IV балдық бағасы бар пациенттерге аз дозаларды қолдану ұсынылады.
«Diprifusor» МКИ жүйесінің көмегімен Дипрофол® 1 % препаратын енгізу балаларда жалпы анестезияны индукциялау үшін ұсынылмайды.
Жалпы анестезияны демеу
Ересектер
Анестезияны демеуді наркоздың тиісті тереңдігін ұстап тұру үшін үздіксіз инфузия немесе қайталанатын болюсті инъекция түрінде Дипрофол® 1 % препаратын енгізу арқылы қамтамасыз етуге болады. Наркоздан шығу әдетте тез жүреді, сондықтан процедураның соңына дейін Дипрофол® 1 % препаратын енгізуді жалғастыру керек.
Үздіксіз инфузия
Енгізудің қажетті жылдамдығы әртүрлі пациенттерде айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін, алайда 4-12 мг/кг/сағ диапазонындағы мәндер әдетте анестезияның қажетті тереңдігін сақтау үшін жеткілікті.
Қайталанатын болюсті инъекциялар
Қайталанатын болюсті инъекциялар кезінде клиникалық қажеттілікті ескере отырып, 25 мг-ден (2,5 мл) 50 мг-ге (5,0 мл) дейін біртіндеп өсетін дозаларды енгізген жөн.
Егде жастағы адамдар
Дипрофол® 1 % препаратын қолданғанда анестезияны демеу үшін енгізу жылдамдығын немесе мақсатты концентрациясын төмендету керек. ASA бойынша III және IV балдық бағалауы бар пациенттер дозаны және енгізу жылдамдығын одан да көп азайтуды талап етеді. Егде жастағы адамдарға дәрілік затты жылдам болюстік енгізуден (бір рет және қайталап) аулақ болу керек, өйткені бұл жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелері функциясының бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін.
Педиатриялық популяция
1 айға дейінгі балаларға анестезияны демеу үшін Дипрофол® 1% қолдану ұсынылмайды.
1 айдан асқан балаларда анестезияны демеуді наркоздың қажетті тереңдігін сақтау үшін Дипрофол® 1% препаратын инфузия немесе қайталанатын болюстік инъекция түрінде енгізумен қамтамасыз етуге болады. Енгізудің қажетті жылдамдығы әртүрлі пациенттерде айтарлықтай өзгеруі мүмкін, алайда 9-15 мг/кг/сағ диапазонындағы мәні әдетте анестезияның қажетті тереңдігіне жету үшін жеткілікті. Жас балаларға, әсіресе 1 айдан 3 жасқа дейін, жоғары дозаларды енгізу қажет болуы мүмкін. ASA бойынша III және IV балдық бағасы бар пациенттерге аз дозаларды қолдану ұсынылады.
«Diprifusor» МКИ жүйесінің көмегімен Дипрофол® 1% препаратын енгізу балаларда жалпы анестезияны сақтау үшін ұсынылмайды.
Қарқынды терапия бөлімшесіндегі пациенттерді седациялау
Ересектер
Қарқынды терапия бөлімшесіндегі пациенттерге седация жүргізу үшін үздіксіз инфузия жолымен Дипрофол® 1% енгізу керек. Инфузия жылдамдығын седацияның қажетті тереңдігіне қарай айқындаған жөн. Пациенттердің көпшілігінде седацияның жеткілікті тереңдігіне 0,3–4,0 мг/кг/сағ дозасын қолданғанда қол жеткізуге болады.
Дипрофол® 1 % қарқынды терапия бөлімшесіндегі 16 жасқа дейінгі пациенттерді седациялау үшін қолдануға болмайды.
«Diprifusor» МКИ жүйесінің көмегімен Дипрофол® 1 % препаратын енгізу қарқынды терапия бөлімшесіндегі пациенттерді седациялау үшін ұсынылмайды.
Дипрофол® 1% препаратын 5% декстроза ерітіндісімен сұйылтуға болады (1-кестені қараңыз).
Дипрофол® 1 % препаратын қолдану кезінде майдың шамадан тыс жүктелуінің ерекше қаупі бар пациенттерге қан липидтерінің концентрациясына мониторинг жүргізу ұсынылады. Егер мониторинг нәтижелері организмнен майларды шығарудың бұзылуын көрсетсе, Дипрофол® 1 % препаратын енгізуді тиісінше түзету керек. Егер пациентке құрамында липидтер бар басқа ерітінділер вена ішіне енгізілсе, дозаны инфузия кезінде организмге түсетін майлардың мөлшерін ескере отырып, Дипрофол® 1 % препараты дәрілік түрінің компоненттері ретінде азайту керек; 1,0 мл Дипрофол® 1 % препаратының құрамында шамамен 0,1 г май бар.
Егер седация ұзақтығы 3 тәуліктен асса, липидтер концентрациясының мониторингін барлық пациенттерде жүргізген жөн.
Егде жастағы адамдар
Дипрофол® 1 % препаратын седация үшін қолданғанда инфузия жылдамдығын төмендету керек. ASA бойынша III және IV балдық бағалауы бар пациенттер дозаны және енгізу жылдамдығын одан да көп азайтуды талап етеді. Егде жастағы адамдарға дәрілік затты жылдам болюстік енгізуден (бір рет және қайталап) аулақ болу керек, өйткені бұл жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелері функциясының бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін.
Педиатриялық популяция
Дипрофол® 1 % препаратын қарқынды терапия бөлімшесінде өкпені жасанды желдету жүргізілетін < 16 жастағы балаларға седация жүргізу үшін қолдануға болмайды.
Диагностикалық және хирургиялық емшараларды жүргізу алдындағы седация
Ересектер
Диагностикалық және хирургиялық емшараларды жүргізу кезінде қажетті седацияны қамтамасыз ету үшін енгізу жылдамдығын жеке таңдау және клиникалық жауапты ескере отырып, дозаны титрлеу керек. Көптеген пациенттерде седация индукциясына дәрілік затты 1-5 минут ішінде 0,5–1,0 мг/кг дозада енгізген кезде қол жеткізуге болады.
Седацияны ұстап тұру инфузия түрінде енгізілетін Дипрофол® 1 % препаратының дозасын седацияның қажетті тереңдігіне дейін титрлеумен қамтамасыз етіледі, пациенттердің көпшілігі үшін сағатына 1,5–4,5 мг/кг енгізу жеткілікті. Инфузиядан басқа, егер седация тереңдігін жылдам арттыру қажет болса, 10-20 мг болюсті енгізу мүмкін. ASA бойынша III және IV балдық бағасы бар пациенттерге енгізу жылдамдығы мен дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.
«Diprifusor» МКИ жүйесінің көмегімен Дипрофол® 1 % препаратын енгізу диагностикалық және хирургиялық емшаралар алдында седация жүргізу үшін ұсынылмайды.
Егде жастағы адамдар
Дипрофол® 1 % препаратын седация үшін қолданғанда енгізу жылдамдығын немесе мақсатты концентрациясын төмендету керек. ASA бойынша III және IV балдық бағалауы бар пациенттер дозаны және енгізу жылдамдығын одан да көп азайтуды талап етеді. Егде жастағы адамдарға дәрілік затты жылдам болюстік енгізуден (бір рет және қайталап) аулақ болу керек, өйткені бұл жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелері функциясының бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін.
Педиатриялық популяция
1 айға дейінгі балаларға диагностикалық және хирургиялық емшаралар жүргізу кезінде Дипрофол® 1 % препаратын қолдану ұсынылмайды.
1 айдан асқан балаларға дозаны және енгізу жылдамдығын седацияның қажетті тереңдігіне және клиникалық жауапқа сәйкес таңдаған жөн. Көптеген балаларда седация индукциясына дене салмағының 1-2 мг/кг дозада Дипрофол® 1 % препаратын енгізу арқылы қол жеткізуге болады. Седацияны ұстап тұруға инфузия кезінде седацияның қажетті тереңдігін алғанға дейін дозаларын титрлеу арқылы қол жеткізуге болады. Пациенттердің көпшілігіне сағатына 1,5–9,0 мг/кг доза жеткілікті. Инфузияны, егер седация тереңдігін жылдам арттыру қажет болса, дене салмағына 1 мг/кг дейінгі дозаларды болюстік енгізумен толықтыруға болады.
ASA бойынша III және IV балдық бағасы бар пациенттерге дозаны азайту қажет болуы мүмкін.
Енгізу әдісі мен жолы
Дипрофол® 1 % анальгезиялық белсенділікті анықтамайды, сондықтан әдетте қосымша ауыруды басатын дәрілерді қатар енгізу қажеттілігі туындайды.
Дипрофол® 1 % шыны контейнерлерден, пластик шприцтерден, Дипрофол® 1 % препаратының алдын ала толтырылған шприцтерінен немесе ПВХ инфузиялық қаптарынан немесе шыны инфузиялық құтылардан 5% декстроза ерітіндісімен (вена ішіне инфузия үшін) сұйылтылмаған инфузиялар үшін қолдануға болады. 5-ке 1 (1 мл-ге 2 мг пропофол) аспауы тиіс сұйылтуларды тікелей енгізер алдында асептикалық жағдайларда орындау және сұйылтылған эмульсияны дайындалғаннан кейін 6 сағат ішінде қолдану керек.
Сұйылтылған Дипрофол® 1% препаратын қолданғанда сұйылту процесі кезінде инфузиялық қаптан алынған декстроза ерітіндісінің 5% көлемін Дипрофол® 1% препаратының эмульсиясымен толық алмастыру ұсынылады. (1-кестені қараңыз).
Сұйылтуды инфузияны бақылаудың әртүрлі құралдарын қолдана отырып жүргізуге болады, бірақ инфузияға арналған жиынтықты ғана қолдану сұйылтылған Дипрофол® 1 % препаратының үлкен көлемінің кездейсоқ бақыланбайтын инфузиясының қаупін жоққа шығармайды. Инфузиялық желіге бюретка, тамшы санауыш немесе волюметриялық помпаны қосу керек. Бақыланбайтын инфузия қаупін бюреткадағы Дипрофол® 1% препаратының ең жоғары көлемін анықтау кезінде назарға алған жөн.
Сұйылтылмаған препаратты анестезияны демеу үшін қолданғанда инфузия жылдамдығын бақылау үшін шприцті немесе волюметриялық инфузиялық помпа сияқты жабдықты әрдайым қолдану ұсынылады.
Дипрофол® 1 % препаратын осындай ерітінділерді инфузиялау орнының алдында орналасқан Y-тәрізді қосқыш арқылы енгізуге болады:
• венаішілік инфузияға арналған декстрозаның 5% ерітіндісі;
• вена ішіне инфузияға арналған 0,9% натрий хлориді ерітіндісі;
• вена ішіне инфузияға арналған 0,18% натрий хлориді ерітіндісі бар 4% декстроза ерітіндісі.
Алдын ала толтырылған шыны шприц бір рет қолданылатын пластик шприцтерге қарағанда үйкеліске аз қарсылыққа ие және қолдануға ыңғайлы. Сондықтан, егер Дипрофол® 1 % препаратын алдын ала толтырылған шприцті қолдана отырып енгізсе, шприц пен пациент арасындағы инфузиялық желіні бақылаусыз ашық қалдыруға болмайды.
Алдын ала толтырылған шприцті шприцті инфузиялық помпамен қолданған кезде олардың тиісті үйлесімділігіне көз жеткізу керек. Сорғының дизайны сифон әсерінің алдын алуды көздеуі тиіс, ал окклюзия сигналы 1000 мм с.б. асатын мәнге орнатылуы тиіс екендігіне ерекше назар аудару керек. Әртүрлі шприцтерді пайдалануға мүмкіндік беретін бағдарламаланған сорғыны немесе оның баламасын қолданған кезде Дипрофол® 1% препаратымен алдын ала толтырылған шприцті қолданған кезде «B-D» 50/60 мл «PLASTIKPAK» опциясын ғана таңдау керек.
Дипрофол® 1 % препаратын альфентанилмен, көлемі 20:1-ден 50:1-ге дейінгі арақатынаста 500 мкг/мл альфентанил бар инъекцияға арналған ерітіндімен алдын ала араластыруға болады. Қоспаларды стерильділік шарттарын сақтай отырып дайындау және дайындағаннан кейін 6 сағат ішінде қолдану керек.
Ауыруды азайту үшін Дипрофол® 1 % препаратын инъекцияға арналған лидокаин ерітіндісімен (0,5% немесе 1 %, консерванттарсыз) араластыруға болады (1-кестені қараңыз).
Мақсатты концентрациямен инфузия: «Diprifusor» МКИ жүйесінің көмегімен ересектерге Дипрофол® 1 % препаратын енгізу
«Diprifusor» МКИ жүйесінің көмегімен Дипрофол® 1 % препаратын енгізу индукциямен және ересектерде жалпы анестезияны демеумен шектеледі. ҚТБ седация, диагностикалық және хирургиялық емшаралар жүргізу алдында седация жүргізу кезінде немесе балаларға қолдану ұсынылмайды.
Дипрофол® 1 % препаратын МКИ түрінде «Diprifusor» МКИ бағдарламалық қамтамасыз етумен «Diprifusor» МКИ жүйесін қолдану арқылы ғана енгізуге болады. Мұндай жүйелер Дипрофол® 1% немесе 2% препаратымен алдын ала толтырылған электронды таңбаланған шприцтермен ғана жұмыс істейтін болады. «Diprifusor» МКИ жүйесі пропофолдың танылған концентрациясы үшін инфузия жылдамдығын автоматты түрде белгілейді. Пайдаланушылар инфузиялық помпаны қолдану жөніндегі нұсқаулықпен, МКИ жүйесінің көмегімен Дипрофол® 1 % препаратын енгізу және шприцтерді тану жүйесімен тиісінше жұмыс істеу қағидаларымен танысуы тиіс.
«Diprifusor» МКИ жүйесі анестезиологқа қандағы пропофолдың мақсатты (көзделген) концентрациясын белгілеу және өзгерту арқылы қажетті индукция жылдамдығы мен анестезия тереңдігіне қол жеткізуге және бақылауға мүмкіндік береді. «Diprifusor» МКИ кейбір жүйелері үшін әсерге байланысты енгізудің балама режимі қолжетімді, бірақ оның қауіпсіздігі мен тиімділігі әлі анықталған жоқ.
«Diprifusor» МКИ жүйесі пациенттің қанындағы нөлге тең пропофолдың бастапқы концентрациясын анықтайды. Сондықтан пациентке алдын ала пропофолды енгізген жағдайда «Diprifusor» МКИ жүйесін қолданған кезде бастапқы мақсатты аз концентрацияны таңдау қажеттілігі туындауы мүмкін. Сондай-ақ, помпа өшірілгеннен кейін «Diprifusor» МКИ жүйесінің жұмысын дереу жаңарту ұсынылмайды.
Төменде пропофолдың мақсатты концентрациясы бойынша ұсынымдар берілген. Пациенттерде пропофолдың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының өзгергіштігін ескере отырып, премедикация жүргізілген немесе жүргізілмеген жағдайда наркоздың қажетті тереңдігіне қол жеткізу үшін клиникалық жауапты ескере отырып, пропофолдың мақсатты концентрациясын титрлеу керек.
Индукция және жалпы анестезияны демеу
55 жасқа дейінгі ересек пациенттерде анестезияға әдетте 4-8 мкг/мл пропофолдың мақсатты концентрациясы кезінде қол жеткізуге болады. Премедикация жүргізілген пациенттерге 4 мкг/мл және премедикациясыз 6 мкг/мл бастапқы мақсатты концентрацияны қолдану ұсынылады. Берілген мақсатты концентрациядағы индукция уақыты әдетте 60-120 секундты құрайды. Жоғары жылдамдық анестезияның ертерек индукциясына қол жеткізуге мүмкіндік береді, бірақ жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелері функциясының айқын тежелуімен байланысты болуы мүмкін. 55 жастан асқан және/немесе ASA бойынша III және IV балдық бағасы бар пациенттерге неғұрлым төмен бастапқы мақсатты концентрацияны қолдану керек. Содан кейін анестезияның біртіндеп индукциясына қол жеткізу үшін мақсатты концентрацияны минутына 0,5–1,0 мкг/мл-ден біртіндеп арттыруға болады.
Әдетте қосымша анальгезия жүргізу қажет болады. Бұл жағдайда анестезияны демеу үшін мақсатты концентрацияның төмендеу дәрежесі бірге енгізілетін анальгетиктердің дозасына байланысты болады. 3-6 мкг/мл диапазонындағы пропофолдың мақсатты концентрациясы әдетте жеткілікті анестезияны қамтамасыз етеді.
Оянған кезде пропофолдың күтілетін концентрациясы әдетте 1,0-2,0 мкг/мл құрайды, бұл көрсеткішке анестезияны ұстап тұру кезінде енгізілген анальгетиктердің дозасы әсер етеді.
1-кесте
Дипрофол® 1 % препаратын басқа дәрілік заттармен немесе инфузияға арналған ерітінділермен сұйылту және бірге енгізу.
Бірге енгізу тәсілі — Қосымша зат немесе еріткіш — Дайындау — Алдын алу шаралары
Алдын ала араластыру — Венаішілік инфузияға арналған декстрозаның 5% ерітіндісі — Дипрофол® 1% препаратының 1 бөлігін вена ішіне инфузияға арналған 5% декстроза ерітіндісінің 1-4 бөлігімен ПВХ инфузиялық қапшығында немесе шыны инфузиялық құтыда араластырыңыз. ПВХ инфузиялық қапшығында сұйылту кезінде қапшықтың толық болуы ұсынылады, ал сұйылту инфузия үшін ерітіндінің белгілі бір көлемін Дипрофол® 1% препаратының тиісті көлемімен ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. — Асептикалық жағдайда тікелей енгізер алдында дайындаңыз. Қоспа 6 сағатқа дейінгі кезеңде тұрақты.
Инъекцияға арналған лидокаин гидрохлоридінің ерітіндісі (0,5% немесе 1%, консерванттарсыз) — Дипрофол® 1% препаратының 20 бөлігін инъекцияға арналған 0,5% немесе 1% лидокаин гидрохлориді ерітіндісінің 1 бөлігімен араластырыңыз — Қоспаны асептикалық жағдайда тікелей енгізер алдында дайындаңыз. Тек индукция үшін қолданыңыз.
Инъекцияға арналған альфентанил ерітіндісі (500 мкг/мл) — Дипрофол® 1% препаратын инъекцияға арналған альфентанил ерітіндісімен 20:1-ден 50:1-ге дейінгі көлем арақатынасында араластырыңыз — Қоспаны асептикалық жағдайда дайындаңыз; дайындағаннан кейін 6 сағат ішінде қолданыңыз.
Y-тәрізді қосқыш арқылы бірге енгізу — Венаішілік инфузияға арналған декстрозаның 5% ерітіндісі — Y-тәрізді қосқыш арқылы бірге енгізу — Y-тәрізді қосқышты тікелей енгізу орнының алдына қойыңыз.
Вена ішіне инфузияға арналған 0,9% натрий хлориді ерітіндісі — Жоғарыда көрсетілгендей — Жоғарыда көрсетілгендей.
Вена ішіне инфузияға арналған 0,18% натрий хлориді ерітіндісі бар 4% декстроза ерітіндісі — Жоғарыда көрсетілгендей — Жоғарыда көрсетілгендей.
Балалар
Жаңа туған нәрестелерге Дипрофол® 1% қолдану ұсынылмайды, өйткені дәрілік затты пациенттердің осы тобына қолдану толық зерттелмеген. Фармакокинетика деректері жаңа туған нәрестелерде дәрілік заттың клиренсі айтарлықтай төмендегенін және пациенттер арасында өте үлкен ауытқушылыққа ие екенін көрсетеді. Үлкен балаларға ұсынылған дозаларды енгізу салыстырмалы түрде артық дозалануға және жүрек-қантамыр жүйесі функциясының ауыр бәсеңдеуінің дамуына әкелуі мүмкін.
Дипрофол® 2 % препаратын қолдану шағын көлемді титрлеудің күрделілігіне байланысты < 3 жастағы балаларға ұсынылмайды.
Қарқынды терапия бөлімшесіндегі седация үшін пропофолды 16 жасқа дейінгі пациенттерге қолдануға болмайды, өйткені осы жас тобындағы седация үшін пропофолдың қауіпсіздігі мен тиімділігі белгісіз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігердің кеңесіне жүгініңіз.