Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Гель для наружного применения
Саудалық атауы
Дип Рилиф
Әсер етуші зат
Прочие
Мақсаты
Бұлшықет және буын ауыруын, байламдардың созылуы, соғылулар, спорттық жарақаттар кезінде жергілікті симптоматикалық емдеуде
Өндіруші
Ментолатум Компани Лимитед
Ел
Великобритания
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г гельдің құрамында
белсенді заттар: ибупрофен, 50 мг,
левоментол, 30 мг,
қосымша заттар: тазартылған су, денатурацияланған этанол 96%, пропиленгликоль, диизопропаноламин, карбомер.
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ментол иісі бар, көрінетін бөлшектерсіз, түссізден сарғыш түске дейінгі мөлдір гель.
Дәрілік препарат ересектерде, егде жастағы адамдарда және 12 жастан асқан балаларда қолдануға арналған:
- бұлшықет және буын ауыруын, байламдардың созылуы, соғылулар, спорттық жарақаттар кезінде жергілікті симптоматикалық емдеуде;
- ревматизм кезіндегі ауыру синдромын кешенді емдеуде.
ATХ коды М02AX10.
Ибупрофен, фенилпропион қышқылының туындысы, простагландинсинтетазасының тежегісі болып табылады және сыртқы қолданғанда анальгетикалық және қабынуға қарсы әсер етеді.
Левоментол теріге жағылған кезде қантамырларын тарылтады, бұл суықты сезіну мен ауырсынуды басатын әсер береді. Ментолдың әсері терінің жүйке ұштарында көрінеді, аздап алаңдататын әсер етеді, бұл бұлшықеттердің, сіңірлердің және буындардың зақымдануы кезінде ауырсынуды жеңілдетеді.
Су-спиртті негіздің арқасында гель теріге жағылған кезде тыныштандыратын және тез салқындататын әсерге ие.
Дозалау режимі
Препаратты әр қолданған кезде 1-4 см гель жағу керек. Толық сіңгенше жеңіл қозғалыстармен ысқылап, ауырған аймаққа жұқа қабат жағу керек. Шаншу сезімі болу мүмкін.
Ұсынылғаннан артық гель қолданбау керек.
Гельді қолданғаннан кейін, қолыңызды дереу жуу керек, егер олар емдеу объектісі болмаса.
Қолданғаннан кейін қалпақшаны мықтап бұраңыз.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Әр қолдану арасында кемінде 4 сағат аралықты сақтай отырып, тәулігіне 3 реттен асырмай жағу керек.
Емдеу ұзақтығы
Егер емдеу басталғаннан кейін екі аптадан кейін ауырсыну немесе ісіну сақталса, дәрігерге қаралу керек.
Егер терінің қатты тітіркенуі немесе басқа жағымсыз әсерлер пайда болса, қолдануды тоқтату керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Өткізіп алған дозаны анықтағаннан кейін бірден жағыңыз. Қолдану кезінде гельді кем дегенде 4 сағаттық аралықты сақтай отырып, тәулігіне 3 реттен асырмай қолдану керек екенін есте сақтау керек.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- аспиринге немесе басқа ҚҚСД-ға аса жоғары сезімталдық, оның ішінде ішке қабылдаған кезде
- ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСД қабылдаудан туындаған бронх демікпесі, ринит немесе есекжем
- тері жабыны бүтіндігінің бұзылуында
- терінің инфекцияланған зақымданулары
- терінің бір аймағында жергілікті қолдануға арналған басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану
- жүктіліктің үшінші триместрі
Жиі
- тері тарапынан бұзылулары: бөртпе, қышыну, есекжем, терінің құрғауы, қызару, ашытып күйдіру сезімі, жанаспалы дерматит.
Өте сирек
- іштің ауыруы, диспепсия, бүйрек жеткіліксіздігі.
Белгісіз
- препаратты қолдану орнындағы күйіктер;
- фотосезімталдық.
Ибупрофенмен байланысты аса жоғары сезімталдық реакциялары:
- спецификалық емес аллергиялық және анафилаксиялық реакциялар;
- тыныс алу жолы тарапынан болатын жоғары сезімталдық реакциялары: демікпе, демікпенің өршуі, бронх демікпесімен немесе дәрілік затты пайдаланған сәтте аллергиялық аурулармен ауырып жүрген немесе анамнезінде осы аурулар бар пациенттерде туындауы мүмкін бронх түйілуі және ентігу;
- тері жабындары тарапынан болатын әртүрлі бұзылулар: бөртпе, қышыну, есекжем, пурпура, ангионевроздық ісіну, сиректеу буллезді дерматоздар (эпидермалық некролиз, мультиморфты эритема).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Гельдің көп мөлшерін кездейсоқ сығып алған кезде, артық мөлшерін сүрткімен алып тастау керек. Жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз.
Ибупрофенге байланысты симптомдар: жүрек айну, бас ауыруы, ұйқышылдық, артериялық гипотензия.
Емі: симптоматикалық.
Балаларда қолдану
Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көз бен шырышты қабықтарға түсуіне жол бермеу керек.
Препаратты қабынған немесе зақымдалған теріге тигізбеу керек. Бөртпе немесе тітіркену пайда болған кезде, дәрілік препаратты қолдануды тоқтату керек. Гельді қолданғаннан кейін окклюзиялық (ауа өткізбейтін) таңғышты қолдануға болмайды.
Алғаш рет қолданған кезде препаратты алдымен кішкене аймаққа жағу керек.
Ішке қолданған кезде ибупрофен бұрыннан бар бүйрек жеткіліксіздігін нашарлатуы немесе ойық жара ауруының өршуіне әкелуі мүмкін. Анамнезінде бүйрек функциясы бұзылған немесе белсенді түрдегі пептидтік ойық жарасы бар пациенттерге Дип Рилиф дәрілік препаратын қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.
Препаратты қолданғаннан кейін, қолды, егер ол емдеу объектісі болмаса, жуу керек.
Жағымсыз әсерлерді емдеудің ең жоғары қысқа мерзімінде ең жоғары тиімді дозаны қолдану арқылы азайтуға болады.
Гельді жұтып қойған жағдайда, дәрігерге немесе жақын жердегі шұғыл медициналық көмек бөлімшесіне жүгіну керек.
Егер дәрілік препаратты қолдану кезінде қандай да бір жағымсыз реакциялар пайда болса, жағдай жақсармаса немесе жағдай нашарласа, дәрігерге жүгіну керек.
Осы препаратты циклооксигеназа/простагландин синтезінің басқа тежегіштері сияқты қолдану фертильділікке әсер етуі мүмкін, дегенмен жергілікті қолдануға арналған ҚҚСД үшін, пероральді дәрілік заттардан салыстырғанда, мұндай ықтималдығы төмен. Жүктіліктің басталуымен проблемалары бар әйелдерге немесе бедеулікке тексерілген әйелдерге Дип Рилифті қолдану ұсынылмайды.
Арнайы ескертулер
Дип Рилиф құрамында теріні тітіркендіретін пропиленгликоль бар.
Бинттердің, бұласырлардың және басқа таңғыштардың астына жағуға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік кезінде немесе жүктілікке күдік болған кезде дәрігермен кеңесу керек. Егер жүктілік мерзімі 6 айдан асса, Дип Рилиф қолдануға болмайды.
Ибупрофен емшек сүтіне аз мөлшерде бөлінуі мүмкін, емшек еметін баланың денсаулығына қандай да бір теріс әсері болмауы мүмкін. Теріге қолданылатын ибупрофенді бала емізу кезінде қолдануға болады. Алайда, гельдің екінші белсенді заты левоментолдың емшек сүтіне бөлінуі туралы жеткілікті ақпарат жоқ.
Осылайша, жеткілікті деректер болмағандықтан, бала емізу кезінде Дип Рилиф қолдану ұсынылмайды.
Өзара әрекеттесу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.
Ацетилсалицил қышқылымен немесе басқа ҚҚСД-мен бірге қолдану жағымсыз реакциялардың жиілігінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Жүйелік сіңудің төмендігіне байланысты пероральді қолданылатын ҚҚСД-ға тән өзара әрекеттесу күтілмейді.
Балалар
Өзара әрекеттесу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.