Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Крем
Саудалық атауы
Дип Хит
Әсер етуші зат
Препараты для местного применения при суставной и мышечной боли другие
Мақсаты
Симптоматикалық емдеу үшін: арқаның ауыруын қоса, бұлшықет ауырулары мен сіресулерін, ишиалгия, люмбаго, фиброзитті
Өндіруші
Ментолатум Компани Лимитед
Ел
Великобритания
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г кремнің құрамында
белсенді заттар: 12.80 г метилсалицилат, 5.91 г рацемиялық ментол, 1.97 г эвкалипт майы, 1.47 г терпентин майы;
қосымша заттар: сұйық парафин, ланолин, цетостеарил спирті, натрий цетостеарилсульфаты, пропиленгликоль, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ментол мен метилсалицилат иісі бар ақ түсті крем.
Симптоматикалық емдеу үшін:
- арқаның ауыруын қоса, бұлшықет ауырулары мен сіресулерін;
- ишиалгия, люмбаго, фиброзитті;
- ревматизмдік ауыруларды;
- соғылуларды, сіңірлердің созылулары мен үсулерін, оның ішінде жеңіл спорттық жарақаттардан туындағанды қоса
Тірек-қимыл жүйесі. Буындар мен бұлшықеттердің ауырсынуына жергілікті препараттар. Буын және бұлшықет ауыруы кезінде жергілікті қолдануға арналған басқа препараттар.
АТХ коды: М02АХ.
Метилсалицитат ауырсынуды жеңілдету үшін қолданылатын аспиринге ұқсас дәрі болып табылады.
Терпентин майы мен эвкалипт майы тітіркендіргіш ретінде әрекет етеді. Ментол жергілікті қолданғанда анальгезияны қамтамасыз етеді.
Дозалау режимі
Ересектер мен 5 жастан асқан балаларға арналған.
Жергілікті қолдану үшін.
Кремнің жұқа қабатын жеңіл массаж жасау қозғалысымен ауырған жерге тәулігіне 2-3 рет жағу керек.
Физикалық жаттығуларға дейін және кейін пайдалануға болады.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- аспиринге, ибупрофенге, әсіресе анамнезіндегі демікпемен байланысты басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдық (ішке қабылдауға арналған препараттарды қоса)
Өте сирек
- күйіктер, күлдіреуіктер;
- жергілікті тері реакциялары: қызару, ашыту сезімі, бөртпе, байланыс дерматиті.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Ұсыныстарға сәйкес қолданған кезде артық дозалану екіталай.
Симптомдары: Терінің ауқымды жеріне қолданған кезде немесе кездейсоқ ішке пайдаланған жағдайда, препарат сіңірілген мөлшеріне байланысты жүйелі жағымсыз әсер туғызуы мүмкін.
Емі: Демеуші және симптоматикалық.
Дәрі-дәрмекті қалай қолдану керектігі туралы дәрігерден кеңес алу бойынша ұсыныстар
- 5 жасқа дейінгі балаларға;
таңғыштар, бұласырлар және басқа таңғыштар астына
жағуға болмайды
- қолданар алдында дәрігерге қаралу керек:
жүктілік кезінде немесе лактация кезеңінде
бронх демікпесі болған кезде
тұрақты негізде кез келген басқа препаратты қолданған кезде;
- көзге және көз айналасына, сондай-ақ басқа да сезімтал жерлерге тигізбеу;
• тек теріге жағу керек, ішке қабылдауға арналмаған.
Арнайы ескертулер
Бронхт демікпесі бар пациенттерге препаратты абайлап қолдану талап етіледі, өйткені салицилаттар бронхтың түйілуін қоздыруы мүмкін.
Өзара әрекеттесу кезінде салицилаттар антикоагулянттар мен антиагреганттардың әсерін арттыра алады.
Кез келген компоненттерге немесе аспирин, ибупрофен немесе басқа ҚҚСП сияқты ауырсынуды басатын дәрілерге аллергиялық реакциялар болса, қолдануға болмайды.
Жүктілік, бала емізу кезінде, астматикалық жағдайларда немесе басқа дәрілік препараттарды қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.
Препарат сыртқа қолдану үшін арналған, тек зақымдалған теріге жағуға болмайды.
Көзге және терінің сезімтал жерлеріне тигізбеуге тырысу керек.
Қолданар алдында терінің аздаған жеріне алдымен реакцияға тексеріп алу керек.
Қолданылған жағдайда, ыстық ауа-райында немесе су процедураларын қабылдағаннан кейін сезімтал теріге жайсыздық сезінуі мүмкін.
Окклюзиондық таңғыштармен қолдануға болмайды. Препаратты қолданғаннан кейін қолды жуу керек.
Тері жабындарының шектен тыс тітіркенген жағдайларында қолдануды тоқтату керек. Егер симптомдар сақталса, дәрігерден кеңес алу керек.
Препаратты 5 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Барлық дәрілік препараттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Темекі шегу немесе отқа жақындау кезінде қатты күйіп қалу қаупі бар. Препаратпен байланыста болған мата (киім, төсек-орын, таңғыштар және т.б.) оңай тұтанғыш және ауыр өрт қаупі болып табылады. Киім мен төсек-орындарды жуу жинақталған өнімнің мөлшерін азайтуы мүмкін, бірақ оны толығымен жоймайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Препаратты жүктілік кезінде және бала емізу кезінде оны қолдану қажет деп саналмайынша қолдануға болмайды.
Салицилаттарды сыртқы қолдану үшін артық қолданған кезде кумарин антикоагулянттары мен тромбоциттерге қарсы препараттардың әсері күшеюі мүмкін. Сондықтан кумарин антикоагулянттарын немесе антитромбоцитарлық препараттарды, аспиринді қоса қолданатын пациенттерге осы дәріні тағайындағанда сақтық шараларын қадағалау қажет.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
• 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
• Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Препараты для местного применения при суставной и мышечной боли другие · Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.