Егер Сізде төменде көрсетілген жағдайлардың/аурулардың қандай-да біреуі бар болса, препаратты қабылдауды бастағанға дейін емдеуші дәрігермен кеңесіңіз:
қолқа стенозы, гипертрофиялық обструктциялық кардиомиопатия, митральді стеноз, бүйрек артерияларының екіжақты стенозы, жалғыз бүйрек артериясының стенозы, бүйрек трансплантациясынан кейінгі жағдай, бүйрек жеткіліксіздігі (КК 30 мл/минуттан аз), бастапқы гиперальдостеронизм, артериялық гипотензия, сүйек кеміктік қан түзілуінің бәсеңдеуі, иммуносупрессивтік ем, аллопуринолды немесе прокаинамидті бір мезгілде қолдану, немесе аталған асқындырушы факторлардың біріктірілімі (нейтропения мен агранулоцитоздың даму қаупі), гипонатриемия (тұзы аз немесе тұзсыз диета ұстап жүрген пациенттерде артериялық гипотензияның даму қаупінің жоғарылығы), гиповолемиялық жай-күйлер (соның ішінде, диарея, құсу), дәнекер тіннің жүйелі аурулары (соның ішінде, жүйелі қызыл жегі, склеродермия), қант диабеті, подагра, гиперурикемия, гиперкалиемия, жүректің ишемиялық ауруы, цереброваскулярлық аурулар (соның ішінде, ми қанайналымының жеткіліксіздігі), жүректің созылмалы жеткіліксіздігі, жоғары ағынды, өткізгіштігі жоғары (AN69) диализ жарғақшалары пайдаланылатын гемодиализ, жас егделігі (65 жастан асқан), калий жинақтаушы диуретиктермен, калий препараттарымен, құрамында калий бар ас тұзының алмастырғыштарымен бір мезгілде қолдану, литий препараттарымен бір мезгілде қолдану, аллергологиялық анамнездің ауырлығы, жарғаққанаттылардың уынан алынған аллергенмен десенсибилизациялаудың бір мезгілде жүргізілуі, декстран сульфатын пайдаланумен тығыздығы төмен липопротеиндер аферезі (ТТЛП-аферезі) емшарасының бір мезгілде жүргізілуі, ауқымды хирургиялық араласымдар кезінде немесе жалпы анестезия жүргізу кезінде қолданылуы, қара нәсілді пациенттерде қолданылуы.
Арнайы ескертулер
Симптоматикалық гипотензия
Симптоматикалық гипотензия асқынбаған артериялық гипертензиясы бар пациенттерде сирек туындайды. Лизиноприлді қолдану аясындағы артериялық гипертензиясы бар пациенттерде гиповолемия аясында, мысалы, диуретиктерді қолданғанда, диетада ас тұзы шектелгенде, диализ жүргізгенде, диарея немесе құсу кезінде, немесе ренинге тәуелді айқын гипертензия болған жағдайда, артериялық гипотензияның туындау ықтималдығы зор. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, бүйректің қатарлас жеткіліксіздігі бар-жоқтығына қарамастан, симптоматикалық гипотензияның дамығаны байқалған. Симптоматикалық гипотензия дамуы жүректің ауырырақ жеткіліксіздігі бар, ілмектік диуретиктердің жоғарырақ дозалары пайдаланылатын, гипонатриемиясы немесе бүйрек функциясының жетіліксіздігі бар пациенттерде ықтималырақ. Симптоматикалық гипотензияның даму қаупі жоғары пациенттерде емдеудің басында немесе дозасын түзеткен кезде жағдайын мұқият бақылау қажет. Бұл жүректің ишемиялық ауруы немесе цереброваскулярлық аурулары бар, артериялық қысымның тым айқын төмендеуі миокард инфарктісіне немесе ми қанайналымының бұзылуына алып келуі мүмкін пациенттерге де қатысты.
Артериялық гипотензия туындаған жағдайда, пациентті көлденеңінен жатқызу керек, қажет болған жағдайда, натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісін вена ішіне құю ұсынылады. Өтпелі артериялық гипотензия, әдетте, препаратпен ары қарай емдеу үшін қарсы көрсетілім емес; ары қарай емдеу, әдетте, гиповолемияны түзетудің нәтижесінде артериялық қысымның толық қалпына келуінен кейін асқынуларсыз жүреді.
Жүрек жеткіліксіздігі бар және артериялық қысымы қалыпты немесе төмен кейбір пациенттерде лизиноприлді қолданғанда жүйелі артериялық қысым қосымша төмендеуі мүмкін. Бұл әсері күтілетін жағдай және емдеуді тоқтатуға себеп емес. Егер гипотензия клиникалық көріністерге әкеп соқтырса, онда Диротон препаратының дозасын төмендету немесе оны тоқтату көрсетілуі мүмкін.
Жедел миокард инфарктісі кезіндегі артериялық гипотензия
Жедел миокард инфарктісі дамыған жағдайда вазодилататорларды қолдану гемодинамика жағдайын едәуір нашарлатуы мүмкін (мысалы, егер систолалық артериялық қысым 100 мм сн. бағ. немесе одан төмен құраса, немесе кардиогендік шок жағдайында) пациенттерге лизиноприлді тағайындауға болмайды. Миокард инфарктісінен кейінгі алғашқы 3 күн ішінде, егер систолалық артериялық қысым 120 мм сн. бағ. немесе одан төмен құраса, дозасын төмендету қажет. Егер систолалық артериялық қысым 100 мм сн. бағ. немесе одан төмен құраса, демеуші дозаларын 5 мг дейін немесе уақытша 2.5 мг дейін төмендету керек. Тұрақты артериялық гипотензия (систолалық АҚ 1 сағаттан артық уақыт бойы 90 мм сн. бағ. төмен), жағдайында лизиноприлді тоқтатқан дұрыс.
Қолқа және митральді клапан стенозы / гипертрофиялық кардиомиопатия
АӨФ басқа тежегіштерін қолданғандағы сияқты, митральді клапан стенозы мен сол жақ қарыншаның шығар жолының обструкциясы бар пациенттерде, мысалы, қолқа клапанының стенозы немесе гипертрофиялық кардиомиопатия кезінде лизиноприлді сақтықпен қолдану керек.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек функциясының бұзылуы (КК <80 мл/мин) кезінде, лизиноприлдің бастапқы дозасы КК байланысты, ал содан соң пациенттің емге клиникалық жауабына байланысты таңдалуы тиіс. Қан сарысуындағы калий мөлшері мен креатинин концентрациясын дағдылы бақылау, ондай пациенттерді емдеудің стандартты медициналық тәжірибесінің бір бөлігі болып табылады.
Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде АӨФ тежегіштерін тағайындағаннан кейінгі артериялық гипотензия бүйрек функциясының ары қарай нашарлауына алып келуі мүмкін. Ондай жағдайда, бүйректің жедел, әдетте, қайтымды жеткіліксіздігі дамығаны туралы хабарланды.
Бүйрек артериясының екіжақты стенозы немесе жалғыз бүйрек артериясының стенозы бар, АӨФ тежегіштерін қабылдаған кейбір пациенттерде, қандағы мочевина мен қан сарысуындағы креатининнің әдетте, емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды жоғарылауы білінді. Мұндай әсерінің туындау ықтималдығы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде зор. Қатарлас реноваскулярлық гипертензия болған жағдайда, ауыр артериялық гипотензия мен бүйрек жеткіліксіздігі қаупі жоғарылай түседі. Ондай пациенттерде емдеуді мұқият медициналық қадағалаумен, төмен дозаларын пайдалана отырып, және дозасын абайлап титрлей отырып бастау керек. Диуретиктер бұл жағдайды ушықтыруы мүмкін болғандықтан, лизиноприлмен емдеудің алғашқы апталары ішінде оларды тоқтату және бүйрек функциясын бақылау керек.
Артериялық гипертензиясы бар, бүйрек қантамырларының қандай-да бір қатарлас аурулары жоқ кейбір пациенттерде, әсіресе, лизиноприл мен диуретикті бір мезгілде қолданғанда, қан сарысуындағы мочевина мен креатинин концентрациясының, әдетте, елеусіз және қысқамерзімді жоғарылағаны білінген. Мұндай әсерінің байқалу ықтималдығы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде зор. Диуретиктің және/немесе лизиноприлдің дозасын төмендету және/немесе тоқтату қажет болуы мүмкін.
Бүйрек функциясының сарысудағы 177 мкмоль/л артық креатинин концентрациясы ретінде анықталатын бұзылуы бар және/немесе протеинурия 24 сағатта 500 мг асатын пациенттерде жедел миокард инфарктісі кезінде лизиноприлмен емдеуді бастамаған дұрыс. Емдеу кезінде бүйрек функциясының бұзылуы (сарысудағы креатинин концентрациясы 265 мкмоль/л жоғары немесе бастапқы деңгейімен салыстырғанда екі есе жоғары) туындаған жағдайда, дәрігер лизиноприлді тоқтату мүмкіндігін қарастыруы тиіс.
Аса жоғары сезімталдық/ангионевроздық ісіну
Сирек жағдайларда, лизиноприлді қоса, ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерін қолданғанда, беттің, аяқ-қолдың, еріннің, тілдің, дауыс саңылауының және/немесе көмейдің ангионевроздық ісінуі дамығаны туралы хабарланған. Ісіну емдеудің кез келген сәтінде дамуы мүмкін. Ондай жағдайда лизиноприлді дереу тоқтату қажет, пациент сәйкесінше ем қабылдауы және симптоматикасы толықтай басылғанға дейін стационарда медициналық қадағалауда болуы тиіс. Тіпті ісіну, тыныс алу функцияларының қатарлас бұзылуынсыз, тек тіл аймағында ғана пайда болған жағдайда да, пациентті ұзақ уақыт қадағалау қажет болуы мүмкін, өйткені антигистаминдік препараттармен және кортикостероидтармен емдеу жеткіліксіз болуы мүмкін.
Аса сирек жағдайларда, көмейдің немесе тілдің ангионевроздық ісінуі дамуымен байланысты өлім жағдайлары туралы мәлімденген. Тіл, дауыс саңылауы немесе көмей қамтылған пациенттерде, әсіресе, анамнезінде тыныс жолдары аймағына жүргізілген хирургиялық араласым болған жағдайда, тыныс жолдарының обструкциясы қаупі жоғары. Ондай жағдайларда, адреналинді енгізуді және/немесе тыныс жолдарының өткізгіштігін демеп тұруды қамтуы мүмкін шұғыл емдеу көрсетілген. Пациент симптомдары толықтай және тұрақты түрде басылғанға дейін қатаң медициналық қадағалауда болуы тиіс.
Ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштері, басқа нәсілді пациенттердегіге қарағанда, қара нәсілді пациенттерде ангионевроздық ісінуді жиі туғызады.
Бұрын АӨФ тежегіштерімен емдеумен байланыссыз ангионевроздық ісіну білінген пациенттерде АӨФ тежегішін қабылдағанда, ангионевроздық ісінудің даму қаупі зор болуы мүмкін.
Ангионевроздық ісінудің даму қаупінің жоғарылайтындығына байланысты, АӨФ тежегіштерін құрамында сакубитрил бар препараттармен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Құрамында сакубитрил бар препараттың алғашқы дозасы лизиноприлдің соңғы дозасынан кейін 36 сағаттан ерте қабылданбауы тиіс. Лизиноприлмен емдеуді сакубитрилдің/валсартанның соңғы дозасын қабылдағаннан кейін 36 сағаттан ерте бастамау керек.
АӨФ тежегіштерін рацекадотрилом, ингибиторами mTOR (мысалы, сиролимус, эверолимус, темсиролимус), сондай-ақ, вилдаглиптинмен бір мезгілде қабылдау ангионевроздық ісінудің (мысалы, тыныс алу жеткіліксіздігімен немесе онсыз, тыныс жолдарының немесе тілдің ісінуінің) даму қаупін арттыруы мүмкін. АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде рацекадотрилмен, mTOR тежегіштерімен, сондай-ақ, вилдаглиптинмен емдеуді сақтықпен бастау керек.
Гемодиализ жүргізілетін пациенттердегі анафилактоидтық реакциялар
Жоғары ағынды, өткізгіштігі жоғары (мысалы, AN69) диализ жарғақшаларын пайдаланып гемодиализ жүргізілетін және АӨФ тежегішін бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттердегі анафилактоидтық реакциялар туралы хабарланған. Ондай пациенттерде диализ жарғақшасының басқа түрінің немесе басқа класты гипотензиялық препараттың пайдаланылуына көңіл бөлу керек.
Тығыздығы төмен липопротеиндер аферезі (ТТЛП) кезіндегі анафилактоидтық реакциялар
Сирек жағдайларда, АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде, декстран сульфатын қолданып ТТЛП аферезін жүргізу кезінде өмірге қауіп төндіретін анафилактоидтық реакциялар дамуы мүмкін. Егер әрбір аферез жүргізудің алдында АӨФ тежегішін қабылдау уақытша тоқтатылса, ондай реакциялардың алдын алуға мүмкіндік болған.
Десенсибилизация
Десенсибилизациялау (мысалы, жәндіктердің уы) кезінде, АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде тұрақты анафилактоидтық реакциялар байқалады. Және осы пациенттерде АӨФ тежегіштерімен емдеуді уақытша тоқтата тұрған жағдайда, аталған реакциялардың пайда болуына жол бермеуге мүмкіндік болған, алайда олар осы препараттарды байқаусызда қабылдаған жағдайда, қайтадан пайда болған.
Бауыр жеткіліксіздігі
Аса сирек жағдайларда, АӨФ тежегіштерімен емдеу аясында холестаздық сарғаюдан басталған және фульминанттық некрозға дейін үдеген және (кейде) өлімге соқтырған синдром дамыған. Бұл синдромның даму механизмі зерттелмеген. Сарғаю белгілері пайда болған немесе «бауыр» ферменттерінің белсенділігі едәуір жоғарылаған жағдайда, лизиноприлмен емдеуді тоқтату керек, пациенттер тиісінше медициналық қадағалауда болуы тиіс.
Нейтропения/агранулоцитоз
АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде нейтропения/агранулоцитоз, тромбоцитопения және анемия дамығаны туралы хабарланған. Бүйрек функциясы қалыпты, басқа ауырлататын факторларсыз пациенттерде нейтропения сирек дамиды. Нейтропения мен агранулоцитоз АӨФ тежегіштерімен емдеуді тоқтатқаннан кейін жойылған. Лизиноприлді дәнекер тіндердің жүйелі аурулары бар пациенттерде, сондай-ақ, иммуносупрессивтік ем, аллопуринол немесе прокаинамидті қабылдап жүрген немесе осы асқындыратын факторлар біріккен пациенттерде әсіресе, егер бүйрек функциясының бұзылуы да бар болса, аса сақтықпен қолдану керек. Ондай пациенттердің кейбіреулерінде ауыр инфекциялар дамыған, олар кей жағдайларда антибиотиктермен қарқынды емдеуге жауап бермеген. Егер лизиноприл ондай пациенттерде қолданылса, онда лейкоциттер мөлшерін жүйелі түрде бақылау ұсынылады; бұдан өзге, пациенттерге кез келген инфекция белгілері туралы хабарлау қажеттілігін түсіндіру керек.
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы
АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді қатарлас қолдану артериялық гипотензия, гиперкалиемия және бүйрек функциясының төмендеуі (бүйректің жедел жеткіліксіздігін қоса) қаупін арттыратыны туралы деректер алынды. АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді біріктіріп қолданудың есебінен РААЖ қосарлы блокадасы осы себепті ұсынылмайды.
Егер қосарлы блокада аса қажет болса, онда ондай емді дәрігердің қадағалауымен, бүйрек функциясын, электролиттер мөлшері мен артериялық қысымды жиі бақылай отырып жүргізу керек. Диабеттік нефропатиясы бар пациенттерде АӨФ тежегіштерімен және ангиотензин II рецепторларының блокаторларымен біріктірілген емді қолданбау керек.
Нәсіл
Ангиотензинөзгертуші фермент тежегіштері басқа нәсілді пациенттердегіге қарағанда, қара нәсілді пациенттерде ангионевроздық ісінуді жиірек туғызады.
АӨФ басқа тежегіштерімен жағдайдағы сияқты, басқа нәсілді пациенттердегіге қарағанда, қара нәсілді пациенттерде лизиноприлдің артериялық қысымды төмендетуге қатысты тиімділігі аздау болуы мүмкін, бұған қара нәсілді, артериялық гипертензиядан зардап шегіп жүрген пациенттерде ренин деңгейі төмен жағдайлар жиілігінің жоғарылығы түрткі болуы ықтимал.
Жөтел
АӨФ тежегіштерімен емдеу кезеңінде жөтел туындағаны туралы хабарланды. Жөтел, әдетте, құрғақ, тұрақты болған, және препаратты тоқтатқаннан кейін тыйылған. Жөтелдің дифференциалдық диагностикасы кезінде АӨФ тежегіштері индукциялайтын жөтелдің болуы мүмкіндігін ескеру керек.
Хирургиялық араласым/анестезия
Ауқымды операциялық араласым жүргізілетін пациенттерде немесе артериялық гипотензияға алып келетін препараттармен жалпы анестезия кезінде, лизиноприл рениннің компенсаторлық лықсуынан кейін ангиотензин II түзілуін бөгеуі мүмкін. Егер жоғарыда келтірілген механизмнің нәтижесінде артериялық гипотензия дамыса, айналымдағы қан көлемін арттыра отырып түзету жүргізуге болады.
Гиперкалиемия
АӨФ тежегіштері қан сарысуындағы калий мөлшерінің жоғарылауын туғызуы мүмкін, өйткені олар альдостеронның босап шығуын бөгейді. Әдетте, ондай әсері бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде клиникалық тұрғыдан елеусіз. Дегенмен, бүйрек функциясының бұзылулары, 2 типті қант диабеті бар пациенттерде немесе немесе құрамында калий бар тағамдық қоспаларды (соның ішінде, құрамында калий бар тұз алмастырғыштар), калий жигнақтаушы диуретиктер (мысалы, спиронолактон, триамтерен немесе амилорид) қабылдап жүрген пациенттерде, сондай-ақ, қан сарысуындағы калий мөлшерінің жоғарылауын туғызуға қабілетті басқа препараттарды (мысалы, гепарин, триметоприм немесе біріктірілген ко-тримаксазол препараты, сонымен қатар, триметоприм/сульфаметоксазол деген атаумен де белгілі, және, әсіресе, альдостерон, антагонистері немесе ангиотензин рецепторларының блокаторлары) қабылдап жүрген пациенттерде, гиперкалиемия байқалуы мүмкін. Калий жинақтайтын диуретиктер мен ангиотензин рецепторының блокаторлары АӨФ тежегіштерін қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс. Жоғарыда көрсетілген препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда, қан сарысуындағы калий мөлшері мен бүйрек функциясына жүйелі түрде бақылау жүргізу керек.
Қант диабеті бар пациенттер
Қант диабеті бар, гипогликемиялық препараттарды ішке қабылдап жүрген немесе инсулинді қабылдап жүрген пациенттерде, АӨФ тежегішімен емдеудің алғашқы айы ішінде гликемияны мұқият бақылауды жүзеге асыру керек.
Литий препараттары
Әдетте, литий препараттары мен лизиноприлді бір мезгілде қабылау ұсынылмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Клиникалық зерттеулерде препараттың тиімділігінің немесе қауіпсіздігінің жас шамасымен байланысты өзгерістері білінген жоқ. Егер егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы төмендеген болса, онда бастапқы дозасын КК ескере отырып таңдау керек. Келесіде дозасын артериялық қысымның өзгеруіне байланысты түзету қажет.
Бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттер
Жуырда бүйрек трансплантациясын бастан өткреген пациенттерде Диротон препаратын қолдану тәжірибесі жоқ. Осы себепті, ондай пациенттерде Диротон препаратын қолдану ұсынылмайды.
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты 6 жастан асқан, артериялық гипертензиясы бар балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөніндегі деректер шектеулі, алайда, басқа көрсетілімдер кезінде қолдану тәжірибесі жоқ. Лизиноприлді балаларда басқа көрсетілімдер бойынша емес, тек артериялық гипертензияны емдеу үшін ғана қолдану ұсынылады.
Лизиноприлді 6 жасқа толмаған балаларда немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар (шумақтық сүзіліс жылдамдығы (ШСЖ) дене беткейінің ауданына <30 мл/мин/1,73 м2) балаларда қолданбаған дұрыс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқарғанда немесе механизмдермен жұмыс істегенде бас айналуының немесе шаршаудың дамуы мүмкіндігін ескеру керек.