Еркектерде
Жергілікті таралған немесе метастаздық гормонға тәуелді қуық асты безінің обырымен ауыратын науқастар, әдетте, осы жас тобында жиі кездесетін басқа да аурулары бар егде жастағы адамдар болғандықтан, клиникалық сынақтарға енгізілген пациенттердің 90%-дан астамында әртүрлі жағымсыз әсерлер байқалды, олардың себеп-салдарлық байланысын жиі бағалау қиын болды. Басқа ГнРГ агонистерімен емдеу кезінде немесе хирургиялық кастрациядан кейін трипторелинмен емдеуге байланысты жиі байқалатын жағымсыз әсерлер оның күтілетін фармакологиялық әсерінің салдары болды. Бұл әсерлерге ысынуды және либидоның төмендеуі кірді. Иммуноаллергиялық реакцияларды (сирек) және инъекция орнындағы реакцияларды (<5%) қоспағанда, барлық жағымсыз әсерлер тестостерон деңгейінің өзгеруімен байланысты.
Трипторелинмен емдеуге байланысты болуы мүмкін келесі жағымсыз әсерлер туралы хабарланды. Бұл әсерлердің көпшілігі биохимиялық немесе хирургиялық кастрациямен байланысты екені белгілі.
Осы жағымсыз реакциялардың жиілігі былайша жіктеледі: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100, < 1/10); жиі емес (≥ 1/1000, < 1/100), сирек (≥ 1/10000, < 1/1000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректерден анықтау мүмкін емес).
Инфекциялық және паразиттік аурулар
Сирек
- ринофарингит
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі
- анемия
Жиі емес
- тромбоцитоз
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Жиі
- аса жоғары сезімталдық
Сирек
- анафилаксиялық реакция
Жиілігі белгісіз
- анафилаксиялық шок
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар
Жиі емес
- анорексия
- қант диабеті
- подагра
- гиперлипидемия
– тәбеттің артуы
Психиканың бұзылуы
Өте жиі
- либидоның төмендеуі
Жиі
- депрессия*
- либидо болмауы
- көңіл-күйдің өзгеруі*
Жиі емес
- ұйқысыздық
- ашушаңдық
Сирек
- сананың шатасуы
- белсенділіктің төмендеуі
- эйфория
Жиілігі белгісіз
- үрей сезімі
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі
- аяқ парестезиясы
Жиі
- бас айналуы
- бас ауыруы
Жиі емес
- парестезия
Сирек
- жадының нашарлауы
Көру мүшелері тарапынан бұзылулар
Жиі емес
- көру қабілетінің бұзылуы
Сирек
- көздегі қалыптан тыс сезімдер
- көру бұзылыстары
Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар
- гипофиз апоплексиясы**
Есту мүшелері тарапынан бұзылулар және лабиринтті бұзылулар
Жиі емес
- құлақтың шыңылдауы
- бас айналуы
Жүрек тарапынан бұзылулар:
Жиі емес
- жүрек қағуының жиілеуі
Жиілігі белгісіз
- QT аралығының ұзаруы
Қантамырлар тарапынан бұзылулар
Өте жиі
- ысыну
Жиі
- гипертензия
Сирек
- гипотензия
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар
Жиі емес
- ентігу
- мұрыннан қан кету
Сирек
- ортопноэ
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Жиі
- ауыздың құрғауы
- жүрек айнуы
Жиі емес
- іштің ауыруы
- іш қату
- диарея
- құсу
Сирек
- іштің кебуі
- дисгевзия (дәм сезудің бұзылысы)
- метеоризм
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Өте жиі
- гипергидроз
Жиі емес
- акне
- алопеция
- эритема
- қышыну
- бөртпе
- есекжем
Сирек
- буллезді бөртпе
- пурпура
Жиілігі белгісіз
- ангионевроздық ісіну
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар
Өте жиі
- арқаның ауыруы
Жиі
- қаңқа-бұлшықет ауыруы
- аяқ-қолдың ауыруы
Жиі емес
- артралгия
- сүйектің ауыруы
- бұлшықет құрысуы
- бұлшықет әлсіздігі
- миалгия
Сирек
- буындардың қимыл қозғалысының шектелуі
- буындардың домбығуы
- қаңқа-бұлшықеттің қимыл қозғалысының шектелуі
- остеоартрит
Бүйрек және несеп шығару жолы тарапынан бұзылулар
Жиі емес
- никтурия
- несеп іркілісі
Жиілігі белгісіз
- несеп ұстамау
Жыныс мүшесі және сүт бездері тарапынан бұзылыстар
Өте жиі
- эректильді дисфункция (эякуляцияның болмауын, эякуляцияның бұзылуын қоса)
Жиі
- жамбас ауыруы
Жиі емес
- гинекомастия
- сүт бездері аумағының ауыруы
- аталық без атрофиясы
- тестикулярлық ауырсыну
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар
Өте жиі
- астения
Жиі
- инъекция енгізілген орындағы реакция (эритеманы, қабынуды және ауыруды қоса)
- ісіну
Жиі емес
- летаргия
- шеткері ісіну
- ауыру
- дірілдеу
- ұйқышылдық
Сирек
- кеудедегі ауыру
- дистазия
- тұмау тәрізді синдром
- пирексия
Жиілігі белгісіз
- дімкәстік
Зертханалық және аспаптық зерттеулер
Жиі
- дене салмағының артуы
Жиі емес
- аланин-аминотрансферазаның жоғарылауы
- аспартат-аминотрансферазаның жоғарылауы
- қан креатининінің жоғарылауы
- қан қысымының жоғарылауы
- қан мочевинасының жоғарылауы
- гамма-глутамилтрансферазаның жоғарылауы
- дене салмағының төмендеуі
Сирек
- сілтілік қан фосфатазасының жоғарылауы
* ГнРГ барлық агонистері үшін жалпы жиілік.
** Гипофиз аденомасы бар пациенттерде бастапқы енгізуден кейін хабарланды.
Трипторелин босап шығуы баяу препараттың алғашқы инъекциясынан кейін алғашқы апта ішінде қан ағынындағы тестостерон мөлшерінің уақытша жоғарылауын туындатады. Осының салдарынан науқастардың аздаған бөлігінде (≤5 %) қуық асты безі обырының симптомдары мен белгілерінің уақытша нашарлауы («өршу» әсері) байқалуы мүмкін, бұл әдетте несеп шығару симптомдарының күшеюінде (2 %) және метастаздық ауыруда (5%) көрінеді. Бұл жағдайларды симптоматикалық емдеу керек. Бұл симптомдар уақытша болып табылады және әдетте бір-екі аптадан соң өтеді.
Ауру симптомдарының жекелеген асқыну жағдайлары: уретра бітелісі, немесе жұлын метастаздарымен компрессиясы дамуы байқалды. Сондықтан омыртқаның метастаздық зақымдануы бар және/немесе жоғарғы немесе төменгі несеп шығару жолдарының бітелісі бар пациенттерді емдеудің алғашқы бірнеше аптасы бойына өте мұқият бақылау жүргізілуі қажет.
Қуық асты безі обырын емдеу үшін ГнРГ агонистерін қолдану сүйек массасы жоғалуына алып келуі мүмкін, бұл остеопороздың және сүйектің сыну қаупінің артуының себебі болуы мүмкін.
ГнРГ аналогтарымен емделген науқастарда лимфоцит мөлшерінің жоғарылағаны анықталды. Бұл салдарлық лимфоцитоз ГнРГ индукцияланған кастрациямен байланысты болуы мүмкін және жыныстық гормондардың айырша безінің инволюциясына қатысатынын көрсетеді.
Сәулелік еммен біріктіріп ГнРГ аналогымен ұзақ емделіп жүрген пациенттерде, әсіресе, сәулелік еммен байланысты асқазан-ішек жолы тарапынан көптеген жағымсыз әсерлер болуы мүмкін.
Әйелдерде
Ең көп таралған жағымсыз әсерлер (≥ 10% пациентте) эстроген деңгейінің төмендеуі нәтижесі болып табылады. Оларға бас ауыруы, либидоның төмендеуі, ұйқының бұзылуы, көңіл-күйдің бұзылуы, диспареуния, дисменорея, генитальді қан кету, аналық без гиперстимуляциясы синдромы, аналық без гипертрофиясы, жамбас маңының ауыруы, вульвовагинальді құрғақтық, гипергидроз, қан кернеулері және астения.
Трипторелинмен емдеуге байланысты болуы мүмкін келесі жағымсыз әсерлер туралы хабарланды. Бұл әсерлердің көпшілігі биохимиялық немесе хирургиялық кастрациямен байланысты екені белгілі.
Бұл жағымсыз реакцияларды жиілігі төмендегідей жіктеуге болады: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), жиілігі белгісіз (қолда бар деректермен анықтау мүмкін емес).
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Жиі
- аса жоғары сезімталдық
Жиілігі белгісіз
- анафилаксиялық шок
Зат алмасу мен тамақтанудың бұзылуы
Жиі емес
- тәбеттің төмендеуі
- сұйықтықтың іркілісі
Психика бұзылулары:
Өте жиі
- ұйқының бұзылуы (оның ішінде ұйқысыздық)
- көңіл-күйдің бұзылуы
- либидоның төмендеуі
Жиі
- депрессия*
- ашушаңдық
Жиі емес
- эмоциялық лабильділік
- үрейлілік
- депрессия**
- бағдардан адасу
Жиілігі белгісіз
- сананың шатасуы
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі
- бас ауыруы
Жиі
- бас айналуы
Жиі емес
- дисгевзия
- гипестезия
- естен тану
- жадының нашарлауы
- зейіннің бұзылуы
- парестезия
- тремор
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес
- көздің құрғауы
- көрудің нашарлауы
Жиілігі белгісіз
- көрудің бұзылысы
Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар
гипофиз апоплексиясы
Есту мүшесі тарапынан бұзылулар және лабиринтті бұзылулар
Жиі емес
- бас айналуы
Жүрек тарапынан бұзылулары
Жиі емес
- жүректің жиі қағуы
Қантамырлар тарапынан бұзылулар
Өте жиі
- ысыну
Жиілігі белгісіз
- гипертензия
Тыныс алу жүйесі, кеуде қаңқасы және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар
Жиі емес
- ентігу
- мұрыннан қан кету
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар:
Жиі
- жүрек айнуы
- іштегі жайсыздық
- іштің ауыруы
Жиі емес
- іштің кебуі
- диарея
- құсу
- ауыздың құрғауы
- метеоризм
- ауыз қуысының ойық жарасы
- құсу
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Өте жиі
- акне
- гипергидроз
- себорея
Жиі емес
- алопеция
- терінің құрғауы
- гирсутизм
- тырнақтың сынғыштығы
- қышыну
- бөртпе
Жиілігі белгісіз
- ангионевроздық ісіну
- есекжем
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар
Жиі
- артралгия
- бұлшықет түйілуі
- аяқ-қолдың ауыруы
Жиі емес
- арқаның ауыруы
- миалгия
Жиілігі белгісіз
- бұлшықет әлсіздігі
Жыныс мүшесі және сүт бездері тарапынан бұзылыстар
Өте жиі
- мастопатия
- диспареуния
- жыныс жолынан қан кету (қынаптан қан кетуді, тоқтатудан болатын қан кетуді қоса)
- аналық бездердің гипертрофиясы
- аналық бездердің гиперстимуляциясы синдромы
- жамбас ауыруы
- вульвовагинальді құрғақтық
Жиі
- кеудедегі ауырсыну
Жиі емес
- жыныстық қатынас кезінде қан кету
- қуық жарығы
- етеккір оралымының бұзылуы (дисменореяны, метроррагияны және меноррагияны қоса)
- аналық без кистасы
- қынап бөліністері
Жиілігі белгісіз
- аменорея
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар
Өте жиі
- астения
Жиі
- инъекция орнындағы реакция (ауыруды, ісінуді, эритеманы және қабынуды қоса алғанда)
- шеткері ісіну
Жиілігі белгісіз
- қызба
- дімкәстік
Зертханалық және аспаптық деректер
Жиі
- дене салмағының артуы
Жиі емес
- дене салмағының төмендеуі
Жиілігі белгісіз
- қанда сілтілік фосфатазасының ұлғаюы
- қан қысымының жоғарылауы.
* Ұзақ емдегенде. ГнРГ барлық агонистері үшін жалпы жиілік.
** Қысқа мерзімді емдеу кезінде. ГнРГ барлық агонистері үшін жалпы жиілік.
*** Гипофиз аденомасы бар пациенттерде бастапқы енгізуден кейін хабарланды.
Емдеудің басында эндометриоз симптомдары, жамбас ауруы және дисменореяны қоса, өте жиі (10 %) өршуі мүмкін, бұл плазмадағы эстрадиол құрамының бастапқы өтпелі арту кезеңімен астасқан. Бұл симптомдар уақытша және әдетте бір немесе екі аптадан кейін жоғалады.
Бірінші инъекциядан кейін бір ай ішінде меноррагияны, метроррагияны қоса алғанда, жыныс жолынан қан кету дамуы мүмкін.
ГнРГ аналогтарын ұзақ уақыт қолдану сүйек массасының төмендеуіне әкелуі мүмкін, бұл остеопороздың қауіп факторы болып табылады.
Балаларда
Бұл жағымсыз реакцияларды жиілігі төмендегідей жіктеуге болады: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), жиілігі белгісіз (қолда бар деректермен анықтау мүмкін емес).
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Жиі:
- аса жоғары сезімталдық
- жиілігі белгісіз:
- анафилаксиялық шок
Зат алмасу мен тамақтанудың бұзылуы
Жиі емес:
- семіздік
Психиканың бұзылуы
Жиі емес:
- көңіл-күйдің өзгеруі
- жиілігі белгісіз:
- аффективтік лабильділік
- депрессия
- күйгелектік
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі:
- бас ауыруы
Жиілігі белгісіз:
- идиопатиялық бассүйекішілік гипертензия (мидың жалған ісігі)
Көру мүшелері тарапынан бұзылулар
Жиі емес:
- көру қабілетінің бұзылуы
- жиілігі белгісіз:
- көрудің бұзылысы
Қантамырлар тарапынан бұзылулар
Өте жиі:
- «ысыну»
- жиілігі белгісіз:
- артериялық қысымның жоғарылауы
Тыныс алу жүйесі, кеуде қаңқасы және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар
Жиі емес:
- мұрыннан қан кету
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Жиі:
- іштің ауыруы
Жиі емес:
- құсу
- іш қату
- жүрек айнуы
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Жиі:
- акне
- жиі емес:
- қышыну
- бөртпе
- есекжем
Жиілігі белгісіз:
- ангионевроздық ісіну
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар
Жиі емес:
- мойын ауыруы
- жиілігі белгісіз:
- миалгия
Жыныс мүшелері және сүт бездері тарапынан бұзылыстар
Өте жиі:
- қынаптан қан кету
- тоқтатудан болатын қан кету
- жатырдан қан кету
- қынаптан бөліністері
- қан жағылу
Жиі емес:
- сүт бездеріндегі ауыру
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар
Жиі:
- инъекция орнындағы реакция (ауыруды, ісінуді, эритеманы және қабынуды қоса алғанда)
Жиі емес:
- дімкәстік
Зертханалық және аспаптық деректер
Жиі:
- дене салмағының артуы
Жиілігі белгісіз:
- қандағы пролактиннің жоғарылауы
- қан қысымының жоғарылауы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz