Әсер ету механизмі
Трипторелин табиғи ГнРГ (гонадотропин - рилизинг гормон) аналогы - синтетикалық декапептид болып табылады.
Адамдар мен жануарларда жүргізілген зерттеулер трипторелиннің ұзақ уақыт қолданудың қысқа бастапқы стимуляциялау кезеңінен кейін гонадотропиндер секрециясын тежеу әсерін көрсетіп, одан кейін тестикулалар мен аналық бездер функциясын бәсеңдетеді.
Әріқарай жануарларға жүргізілген зерттеулер басқа да әсер ету механизмінің шеткері рецепторлардың ГнРГ сезімталдығын төмендету жолымен жыныс бездеріне тікелей ықпалы болатынын жорамалдау мүмкіндігін береді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Қуық асты безінің обыры бар пациенттер
Бастапқы кезеңде трипторелин қолдану лютеиндеуші гормон (ЛГ) және фолликула стимуляциялаушы гормон (ФСГ) концентрациясының уақытша жоғарылауына, сондай-ақ қан плазмасындағы тестостерон концентрациясының жоғарылауына (аурудың кенеттен асқынуы - «өршу») әкелуі мүмкін. Трипторелинді ұзақ уақыт қолданғанда ем басталған соң шамамен 2-3 аптада ЛГ және ФСГ концентрациясы төмендейді, бұл қан плазмасында тестостеронның хирургиялық кастрациядан кейінгі күйіне сәйкес келетін көрсеткіштерге дейін төмендеуіне әкеледі.
Емдеу функционалдық және объективті симптомдарды жақсартуы мүмкін.
Жергілікті таралған қуық асты безінің обыры бар пациенттерде бірнеше рандомизацияланған ұзақ мерзімді клиникалық зерттеу, бір ғана сәуле емімен салыстырғанда, сәулемен емдеумен біріктірілген андрогендер депривациясы емінің артықшылық дәлелдерін ұсынды (RTOG 85-31, RTOG 86-10, EORTC 22863, D’Amico et al., JAMA, 2008).
Жергілікті таралған қуық асты безінің обыры бар 970 пациенттің қатысуымен қысқа мерзімді андрогенді депривациямен (6 ай, n = 483) байланысты сәулемен ем ұзақ мерзімді андрогенді депривациямен (3 жыл, n = 487) байланысты сәулемен емдеуден кем түскен-түспегенін анықтау мақсатында III фазаның рандомизацияланған зерттеуі (негізінен T2c-T4 патологиялық аймақтық түйінді ауруымен T1C-ден T2B дейінгі кейбір пациенттерге) жүргізілді. ГнРГ агонисті трипторелин (62,2%) немесе басқа ГнРГ агонистері (37,8%) болды және зерттеу агонист типі бойынша одан әрі стратификацияланбады.
Оның үстіне, 5 жылға қарай жалпы өлім көрсеткіші «кысқа мерзімді гормонмен емдеу» және «ұзақ мерзімді гормонмен емдеу» топтарында 19,0% және 15,2% құрады, салыстырмалы қауіп, тиісінше, 1,42 (Cl-sided 95, 71% = 1,79; 95,71% Cl = [1.09; 1.85], әртүрлі емдеу топтары арасындағы кем түспейтін тиімділік үшін p = 0.65 және алынған айырмашылықтар нәтижелері бойынша тест үшін р = 0,0082). Нақты простатаға қатысты 5-жылдық өлім көрсеткіші «кысқа мерзімді гормонмен емдеу» және «ұзақ мерзімді гормонмен емдеу» топтарында 4,78% және 3,2% құрады, салыстырмалы қауіп, тиісінше, 1,71 (95% [1.14-тен 2.57 дейін], p = 0,002). QLQ-C30 пайдалану кезіндегі жалпы өмір сапасы екі топ арасында елеулі өзгешеленбеді (P = 0,37).
Трипторелин қосалқы тобында алынған нәтижелер бойынша талдау, жалпы өлім көрсеткішіне қатысты қысқа мерзімді емдеумен салыстырғанда, қосымша ұзақ мерзімді емдеуді де көрсетеді (салыстырмалы қауіп 1.28; 95.71% Сl = [0.89; 1.84], алынған деректер және емдеу топтары арасындағы айырма бойынша тест үшін, тиісінше, р = 0,38 және р = 0,08).
Қаупі жоғары простатаның жергілікті обырына көрсетілім үшін деректер ГнРГ аналогтарымен біріктірілген сәулемен емдеудің жарияланған зерттеулеріне негізделген. Жарияланған бес зерттеудің (EORTC 22863, RTOG 85-31, RTOG 92-02, RTOG 86-10 және D'Amico et al., JAMA, 2008) клиникалық деректері талданды, олардың бәрі ГнРГ аналогтарының сәулелі еммен біріктірілімінің артықшылығын көріністеді. Жарияланған зерттеулерде жергілікті таралған қуық асты безі обырының және шоғырланған қуық асты безі обырының көрсетілімдері бойынша тиісті зерттелген қауымдарды нақты жіктеу мүмкін болмады.
Қуық асты безі обырын кастрациялауға метастаздық төзімді пациенттерде клиникалық зерттеулер трипторелин сияқты ГнРГ аналогтарына андрогендер биосинтезінің тежегіші - абиратерон ацетатын немесе андрогендер рецепторларының тежегіші - энзалутамидті қосудың пайдалы екенін көрсетті.
Орталық мезгілінен бұрын жыныстық жетілу
Екі жыныста да гипофиздік гонадотропты аса жоғары белсенділіктің бәсеңдеуі эстрадиол немесе тестостерон секрециясының супрессиясы, ЛГ шыңының төмендеуі және өсудің сүйек жасына арақатынасының жақсаруы түрінде көрініс береді.
Гонадалардың бастапқы стимуляциялануы жыныс жолдарынан жеңіл қан кетуге себеп болуы мүмкін, медроксипрогестерон немесе ципротерон ацетатын тағайындаумен оның алдын алуға болады.
Эндометриоз
Трипторелинмен үздіксіз емдеу эстрадиол секрециясын бәсеңдетеді, ал бұл эндометрийдің эктопиялық тінінің тыныштығына ықпал етеді.
Әйел бедеулігі
Трипторелинмен үздіксіз емдеу гонадотропин (ФСГ және ЛГ) секрециясын тежейді. Сондықтан емдеу ЛГ интеркуррентті эндогенді шыңының бәсеңдеуін қамтамасыз етіп, фолликулогенез сапасын арттыруға және фолликулалық іріктеуді күшейтуге мүмкіндік береді.
Жатыр фибромиомасы
Жүргізілген зерттеулер кейбір жатыр фибромиомалары көлемінің жүйелі және күрт айқын төмендеуін көрсетті. Аталған төмендеу емдеудің үшінші айы барысында барынша екпінді болады.
Трипторелинмен емдеу бірінші ай емделуден кейін пациенттердің көпшілігінде аменорея тудырады. Бұл меноррагия және/немесе метроррагия нәтижесінде туындайтын анемияның болжамды дамуын түзетуге мүмкінлік береді.
Сүт безінің обыры
Клиникалық зерттеулер трипторелинмен ем жүргізілген ерте сатыдағы сүт безінің гормонға тәуелді обырына шалдыққан әйелдерде жүргізілді, онда аналық бездер эстрогендердің басты көзі болып табылатын эстрадиол секрециясын бәсеңдетеді. Дені сау әйелдердегі және эндометриоз бар пациент әйелдерде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін негізге алсақ, трипторелин әсеріне енгізуден кейін 3-4 апта өткен соң жетуге болады.
Ерте сатыдағы сүт безінің гормонға тәуелді обырымен менопауза алдында жүрген пациент әйелдерде жүргізілген 3 фазаның екі (SOFT және TEXT) зерттеуінде тамоксифенмен (Т) немесе ароматаза тежегіштерімен (эксеместан – Е) біріктірілімде аналық бездер функциясын (OFS) бәсеңдетудің 5-жылдық артықшылығы зерттелді.
Трипторелин овариальді супрессияға (SOFT зерттеуінде рандомизацияланған пациенттердің 91%-ы, ал TEXT зерттеуінде 100%) жету үшін пайдаланылатын негізгі емдеу болды. SOFT зерттеуіндегі қалған пациенттердің 9%-на екі жақты овариоэктомия немесе аналық бездерді билатеральді сәулелеу жүргізілді.
SOFT зерттеуінің нәтижелері
SOFT зерттеуінің дизайнында ерте сатыдағы сүт безінің гормонға тәуелді обырымен менопауза алдындағы пациент әйелдерді адьювантты емдеу ретінде тамоксифенмен (Т) біріктірілімде овариальді супрессияны (OFS) қосу тиімділігі туралы сауалға жауап беру көзделді.
Жалпы жиынтығы, 3047 пациент әйел (T+OFS емін алып жүрген 1015 пациент әйел, Т монотерапиясымен 1018 пациент әйел және Е+ OFS емімен 1014 пациент әйел) талданды.
Қадағалаудың медианалық тексеруінде 67 айда (5.6 жыл) T+OFS біріктірілімімен емдеу көрсеткіш үшін қауіптілікті едәуір төмендетті. Т монотерапиясымен (КР = 0.83; 95% СА, 0.66 - 1.04; p = 0.10) салыстырғанда, ауру белгілерінсіз (DFS) тіршілік қабілеті бар. Күтілетін DFS 5-жылдық жазғы кезеңі Т монотерапиясында болған пациенттердегі 84.7%-ға қарама-қарсы (95% СА, 82.2% - 86.9%) T+OFS емін қабылдаған пациенттерде 86.6% (95% СА, 84.2% - 88.7%) болды.
Алайда, Кокс көп факторлы регрессиялық моделін қолданумен ковариатаға түзету жасалған соң T+OFS біріктірілімімен емделген пациенттерге, тек Т тағайындалған пациенттермен салыстырғанда, DFS көрсеткішіне тән қауіптілікті едәуір қысқартудың сәті түскені, ал төмендеудің 22%-ға теңескені (КР = 0.78; 95% СА, 0.62 - 0.98; p = 0.03) анықталды.
T+OFS емінде болған пациенттер, Т монотерапиясында болған пациенттермен салыстырғанда, сүт безі обырының асқыну қауіптілігінің мардымсыз төмендеуін көрсетті (КР = 0.81; 95% СА, 0.63 - 1.03; p = 0.09). Сүт безі обырының белгілерінсіз (BCFI) күтілетін 5-жылдық жазғы аралық, Т монотерапиясы жүргізілген пациенттер үшін 86.4%-ға қарама-қарсы (95% СА, 84.0% - 88.5%), T+OFS емін қабылдаған пациенттер үшін 88.4% (95% СА, 86.1% - 90.3%) болды.
Алайда, Кокс көп факторлы регрессиялық моделін қолданумен ковариатаға түзету жасалған соң T+OFS біріктірілімімен емделген пациенттерге, тек Т тағайындалған пациенттермен салыстырғанда, BCFI көрсеткішіне тән қауіптілікті едәуір қысқартудың сәті түскені, ал төмендеудің 25%-ға теңескені (КР = 0.75; 95% СА, 0.59 - 0.96; p = 0.02) анықталды.
Адьювантты химиялық ем алған пациенттерде қолайлы нәтижелер жиілігінің абсолютті алуандығы жоғары болды. Бес жылдық кезеңде DFS көрсеткіші T + OFS емінде жүрген пациенттерде 80.7%, ал T монотерапиясында жүрген пациенттерде 77.1% (КР = 0.82; 95% СА, 0.64 - 1.07) болды, яғни, қолайлы нәтижелер жиілігінің әртүрлілігі T+OFS емін қабылдаған пациенттер үшін 3.6% жоғары болды.
Әсіресе, OFS қосудың артықшылығы 40 жасқа толмаған пациенттердің қосалқы тобына жасалған ретроспективті талдауда 5 жылдық DFS үшін айқын болды (КР = 0.74; 95% СА, 0.53, 1.03), Т монотерапиясымен салыстырғанда, T+OFS емінде жүрген пациенттер үшін абсолютті артықшылығы 4.4% болды.
SOFT зерттеуінде E+OFS біріктірілімін қабылдаған пациенттерде, T монотерапиясымен салыстырғанда, DFS үшін қауіптілігінің статистикалық мәнді төмендеуі болды (КР = 0.68; 95% СА, 0.53 - 0.86). Күтілетін DFS 5-жылдық жазғы кезеңі, Т монотерапиясында болған пациенттердегі 84.7%-ға қарама-қарсы (95% СА, 82.2% - 86.9%) Е+OFS емін қабылдаған пациенттерде 89.0% (95% СА, 86.8% - 90.9%) болды.
E+OFS біріктірілімін қабылдаған пациенттерде, T монотерапиясымен салыстырғанда, сүт безі обырының асқыну қауіптілігінің статистикалық мәнді төмендеуі болды (КР = 0.64; 95% СА, 0.49 - 0.83). Күтілетін BCFI 5-жылдық жазғы кезеңі, Т монотерапиясында болған пациенттердегі 86.4%-ға қарама-қарсы (95% СА, 84.0% - 88.5%) Е+OFS емін қабылдаған пациенттерде 90.9% (95% СА, 88.9% - 92.6%) болды.
E+OFS біріктірілімін қабылдаған пациенттерде, T монотерапиясымен салыстырғанда, дистантты қайталанудың статистикалық мәнді төмендеуі болды (КР = 0.71; 95% СА, 0.52 - 0.96). DRFI қайталану белгілерінсіз күтілетін 5-жылдық аралық, Т монотерапиясында болған пациенттердегі 90.7%-ға қарама қарсы (95% СА, 88.6% - 92.4%) Е+OFS қабылдаған пациенттерде 93.0% (95% СА, 91.2% - 94.5%) болды.
Адьювантты химиялық ем алған пациенттерде қолайлы нәтижелер жиілігінің абсолютті алуандығы жоғары болды. Адьювантты химиялық ем алған пациенттердегі бес жылдық кезеңде DFS көрсеткіші Е+OFS біріктірілімінде 83.8%, ал Т монотерапиясында болған пациенттерде 77.1% болды (КР = 0.70; 95% СА, 0.53-0.92), яғни, қолайлы нәтижелер жиілігінің әртүрлі сипаты Е+OFS емінде жүрген пациенттерде 6.7% жоғары болды.
Осының алдында химиялық ем жүргізілген пациенттердегі DFS көрсеткішінің Каплан-Мейер диаграммасы
SOFT зерттеуіндегі емнің үш түрінде химиялық ем алған пациенттерде қайталануының өте жоғары даму қаупі болды: 40 жасқа дейін 49.3%, лимфа түйіндеріндегі метастаздармен 56.9%, сүт безі ісігінің > 2 см көлемімен 47.0% және 3 сатыдағы ісікпен 33.7%.
SOFT және TEXT зерттеулерінің жинақталған нәтижелері
TEXT зерттеуінің бастапқы мақсаты, SOFT және TEXT зерттеулеріндегі пациент әйелдердің бәрін қоса, T+OFS емінде жүрген пациент әйелдермен салыстырғанда, OFS емін қабылдаған пациент әйелдерде ароматаза тежегішінің (эксеместан) рөлін бағалау болды. Жалпы жиынтығы, 4690 пациент әйел: E+OFS емімен 2346 пациент әйел және T+OFS емімен 2344 пациент әйел талдаудан өтті.
Қадағалау мақсатындағы медианалық тексеруде 68 айда (5.7 жыл) емдеу Е+OFS біріктірілімінде, T+OFS емімен салыстырғанда, DFS үшін қауіптілігін статистикалық мәнді төмендетті (КР = 0.72; 95% СА, 0.60 - 0.86; p = 0.0002). Күтілетін DFS 5-жылдық жазғы кезеңі T+OFS емінде жүрген пациенттер үшін 87.3%-ға қарама қарсы (95% СА, 85.7% - 88.7%) Е+OFS емін қабылдаған пациенттерде 91.1% (95% СА, 89.7% - 92.3%) болды.
OFS+E vs OFS +T емі жүргізілген пациенттердегі DFS көрсеткішінің
Каплан-Мейер диаграммасы
E+OFS біріктірілімін қабылдаған пациенттерде, T+OFS емі жүргізілген пациенттермен салыстырғанда, сүт безі обырының асқыну қауіптілігінің статистикалық мәнді төмендеуі болды (КР = 0.66; 95% СА, 0.55 - 0.80; р < 0.0001). Күтілетін BCFI 5-жылдық кезеңі, Т+OFS емін қабылдаған пациенттердегі 88.8%-ға қарама-қарсы (95% СА, 87.3% - 90.1%) Е+OFS емін қабылдаған пациенттерде 92.8% дейін (95% СА, 91.6% - 93.9%) жақсарды.