Дәрілік препаратқа толеранттылық
Бензодиазепиндерді және бензодиазепин тәріздес заттарды бірнеше апта бойы қолданғанда, белгілі бір дозада қолданғанына қарамастан, седативтік немесе ұйықтататын әсер біртіндеп азаюы мүмкін.
Тәуелділік
Зопиклонды қолдану нашақорлықтың және/немесе физикалық және психикалық тәуелділікке әкелуі мүмкін.
Дәрілік тәуелділік қаупі дозаның жоғарылауымен және емдеу ұзақтығымен артады. Психикасының бұзылуы және/немесе алкогольдік, дәрілік тәуелділігі немесе анамнезінде тыйым салынған заттарды қабылдауы бар пациенттерде теріс пайдалану және тәуелділік қаупі жоғары. Зопиклонды бұрыннан бар немесе анамнезінде алкогольдік, дәрілік тәуелділігі бар, сондай-ақ тыйым салынған заттарға тәуелділігі бар пациенттерге аса сақтықпен тағайындау керек.
Дәріге тәуелділік препаратты емдік дозаларда пайдаланған кезде және/немесе спецификалық қауіп факторларынсыз туындауы мүмкін. Препаратты емдік дозаларда қабылдағанда зопиклонға тәуелділіктің даму жағдайлары өте сирек кездеседі.
Физикалық тәуелділік пайда болған кезде емдеуді күрт тоқтату бас ауыруы, бұлшықет ауыруы, қатты мазасыздық, ширығу, ажитация, естің шатасуы және ашушаңдық сияқты абстиненция симптомдарымен қатар жүреді. Ауыр жағдайларда келесі симптомдар пайда болуы мүмкін: қоршаған ортаны сезінудің бұзылуы, өзін өзі танымау, гиперакузия, аяқтың шаншуы және ұюы, жарыққа, шу мен физикалық жанасуға аса жоғары сезімталдық, елестеулер және эпилепсиялық ұстамалар. Тоқтату симптомдары емдеуді аяқтағаннан кейін бірнеше күн ішінде көрініс беруі мүмкін. Қысқа әсерлі бензодиазепиндерді қолданған кезде, әсіресе үлкен дозаларда, абстиненция симптомдары тіпті екі дозаны қабылдау арасында кезеңде көрініс беруі мүмкін.
Үрейлі бұзылыстарда немесе ұйқы бұзылғанда бірнеше бензодиазепиндерді бір мезгілде қолдану дәріге тәуелділіктің даму қаупін арттыруы мүмкін. Препаратты шамадан тыс пайдаланудың жекелеген жағдайлары сипатталған.
Рикошетті ұйқысыздық
Бұл транзиторлық синдром бензодиазепиндермен немесе олардың туындыларымен емдеудің бастапқы себебі болған ұйқысыздықтың өршуі (рикошет феномені) түрінде көрінуі мүмкін.
Психомоторлы функцияның бұзылуы
Барлық седативтік/ұйықтататын дәрілер сияқты, зопиклон орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) бәсеңдеткіш әсер беретін препарат болып табылады. Психомоторлы функцияның бұзылуы препаратты қабылдағаннан кейін бірнеше сағат ішінде пайда болуы мүмкін.
Көлік құралын басқаруды қоса, психомоторлы функциялардың пайда болу қаупі келесі жағдайларда жоғарылайды:
• зейін қоюды қажет ететін әрекеттерді жасар алдында дәрілік затты 12 сағатқа жеткізбей қолдану;
• препараттың ұсынылған дозадан асып кетуі;
• ОЖЖ бәсеңдететін әсер беретін басқа препараттармен, алкогольмен, тыйым салынған заттармен немесе қандағы зопиклон концентрациясын арттыратын басқа препараттармен бірге қолдану.
Зопиклонды қабылдағаннан кейін, әсіресе оны қабылдағаннан кейінгі алғашқы 12 сағат ішінде пациенттер толық зейін қоюды немесе механизмдермен жұмыс істеу немесе көлік құралдарын басқару сияқты психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан бас тартуы қажет.
Амнезия
Антероградтық амнезия препаратты қолданғаннан кейін бірнеше сағат ішінде туындауы мүмкін. Қауіпті төмендету мақсатында пациент таблетканы тура ұйқыға жатар алдында немесе төсекте қабылдауы керек, және үзіліссіз бірнеше сағат (7-8 сағат) ұйықтау барынша ең жоғары жағымды жағдай болып табылатындығына көз жеткізген жөн.
Мінез-құлықтың бұзылуы
Кейбір пациенттерде бензодиазепиндер және олардың туындылары сананың бұзылу синдромын, мінез-құлықтың бұзылуын және жадының әртүрлі дәрежеде бұзылыстарын туындатуы мүмкін, мұндайда мыналар дамуы мүмкін:
• ұйқысыздықтың өршуі, түнгі қорқыныштар, ажитация, күйгелектік
• сандырақтау, елестеулер, сананың шатасуы және ониризм, психоз тәріздес симптомдар
• импульсивтілікті бақылауды жоғалту
• эйфория, ашушаңдық
• антероградтық амнезия
• иланғыштық
Бұл синдром пациент және басқа да адамдар үшін потенциалды қауіпті келесі факторлармен қатар жүруі мүмкін:
• пациент үшін аномальді мінез-құлық
• аутоозбырлық немесе басқа адамдарға озбырлық, әсіресе егер отбасы мүшелері немесе достары науқастың қалаған ісін жасауға кедергі жасауға әрекеттенсе
• кейіннен ұмытып қалатын автоматты іс-әрекеттер
Мұндай симптомдарда препаратпен емдеуді тоқтату қажет етіледі.
Сомнамбулизм және онымен байланысты мінез-құлық
Зопиклонмен ем қабылдап жүрген пациенттерде ұйқы күйінде автомобильді басқару (яғни ұйықтататын-седативтік дәрілерді қабылдағаннан кейін толық оянбаған күйінде көлік құралын басқару) сияқты күрделі мінез-құлық байқалды, кейіннен ол мұны есіне түсіре алмайды.
Сомнамбулизммен байланысты мінез-құлық бұзылулары зопиклонмен емдік дозадағы монотерапияда, алкогольді бір мезгілде пайдаланғанда және ОЖЖ дәрілерді қабылдаған кезде туындауы мүмкін болса да, осындай мінез-құлықтың туындау қаупі ұсынылған ең жоғары дозадан асып кететін зопиклонды қолданған кездегідей артады.
Сомнамбулизммен байланысты бұзылыстар дамыған пациенттерге зопиклонды қабылдауды тоқтату ұсынылады, өйткені бұл науқастардың өзі және олардың айналасындағылар үшін қауіпті болуы мүмкін.
Дәрілік заттың жиналып қалу қаупі
Бензодиазепиндер және олардың туындылары (кез келген басқа препарат сияқты) организмде шамамен 5 жартылай шығарылу кезеңіне тең уақыт бойы қалады.
Егде жастағы пациенттерде және бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар науқастарда жартылай шығарылу кезеңі едәуір ұлғаюы мүмкін. Дозаларды қайталап қолданғаннан кейін зопиклон немесе оның метаболиттері тепе-тең жағдайға анағұрлым кешірек және өте жоғары деңгейге жетеді. Препараттың тиімділігіне және қауіпсіздігіне тепе-тең жағдайға жеткеннен кейін баға беріледі. Препараттың дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Зопиклонның клиникалық зерттеулері бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде жинақталуын анықтамады.
Апиындармен бірге қолдану қаупі
Бензодиазепиндерді және басқа седативті-ұйықтататын дәрілерді, зопиклонды қоса алғанда, апиындармен бірге қабылдау седацияға, тыныс алудың ауырлауына, комаға және өлімге әкелуі мүмкін. Осы қауіптерді назарға ала отырып, апиындар мен бензодиазепиндерді бірге тағайындау емдеудің баламалы әдістері қолданылмайтын пациенттерде ғана мүмкін болады.
Егер зопиклон мен апиындарды бір мезгілде тағайындау туралы шешім қабылданса, ең аз тиімді дозаларды қолдану керек және бір мезгілде қолдану ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс. Пациенттер тыныс алудың ауырлауы мен седацияның қандай да бір белгілерін анықтау үшін мұқият бақылауда болуы тиіс.
Егде жастағы пациенттер
Бензодиазепиндер мен олардың туындыларын егде жастағы пациенттерде седативтік және/немесе миорелаксациялық әсер ету қаупіне байланысты сақтықпен қолдану керек, бұл пациенттердің осы санаты үшін жиі ауыр зардаптары бар құлауға себеп болуы мүмкін, сондай-ақ мінез-құлық бұзылыстарының туындау жиілігінің жоғарылауына байланысты.
Қолданған кездегі ерекше сақтық шаралары
Маскүнемдігі анамнезінде көрсетілген немесе дәрілік препараттарға немесе басқа заттарға тәуелділігі бар пациенттерге препаратты қолдағанда аса сақтық таныту ұсынылады. Барлық жағдайларда ұйықтататын дәрілерді тағайындау алдында пациенттің ұйқысыздығына жүйелі түрде баға беру және аурудың негізгі себептеріне қатысты әрекет ету қажет.
Ұйқысыздық негізгі физикалық немесе психикалық бұзылыстардың себебі болуы мүмкін. Егер қысқа емдеу кезеңі ішінде ұйқысыздық сақталса немесе нашарласа, клиникалық диагнозды қайта қарау керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы ұйқысыздық түріне байланысты әрбір пациент үшін нақты белгіленуі тиіс.
Суицид – депрессия – негізгі депрессиялық эпизод
Кейбір эпидемиологиялық зерттеулер депрессиясы бар немесе онсыз, бензодиазепиндер мен басқа да ұйықтататын дәрілерді, соның ішінде зопиклонды қабылдаған пациенттерде суицидтік ойлар, суицид пен суицид әрекеттері жағдайларының жоғары жиілігін көрсетті. Алайда себеп-салдарлық байланыс анықталмаған.
Ұйқысыздық депрессия симптомы болуы мүмкін, сондықтан тиісті ем тағайындау қажет. Егер ұйқысыздық сақталса, пациентті қайта тексеріп, клиникалық диагнозды қайта қарау керек.
Ауыр депрессиялық эпизоды бар пациенттерге, тұрақты немесе жоғарылаған суицид қаупімен қатар жүретін депрессияның әрі қарай дамуы мүмкін болғандықтан, бензодиазепиндер және олардың туындылары монотерапия түрінде тағайындалмауы тиіс. Суицид қаупін ескеріп осы топқа жататын пациенттерге, байқамай артық дозалану қаупін барынша ең төменге азайту үшін зопиклон таблеткаларының (препарат рецепт арқылы босатылады) өте аз мөлшерін тағайындау керек.
Емдеуді біртіндеп алып тастау
Пациенттерге емдеу үдерісін біртіндеп қалай тоқтату керектігі жөнінде нақты нұсқау берілуі тиіс.
Дозаны біртіндеп азайту қажеттілігіне қосымша ретінде, емдеуді тоқтатудан, тіпті біртіндеп тоқтатудан туындаған абстиненция симптомдарының бірі ретінде потенциалды түрде пайда болуы мүмкін ұйқысыздық қаупін барынша ең төменге азайтуға мәлімет беру үшін, бұзылудың қайталану қаупі (рикошет феномені) туралы пациенттерге алдын ала ескертілуі тиіс.
Пациенттер препарат дозасын біртіндеп төмендету кезінде жайсыздықтың көрініс беруі мүмкін екендігі жөнінде хабардар болуы тиіс.
Арнайы ескертулер
Тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бензодиазепиндердің және олардың туындыларының тыныс алу орталығын бәсеңдететін әсеріне, оларды тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі бар (әсіресе пациентті қарқынды емдеу бөліміне ауыстыруды қажет ететін тыныс алудың декомпенсациясының алдын ала ескертілетін белгілері болуы мүмкін үрейлену және ажитация пайда болғанда) пациенттерге тағайындағанда назар аударылуы тиіс.
Егде жастағы пациенттер және бүйрек жеткіліксіздігі
Ұзақ қолданудан кейін зопиклонның жиналып қалуы байқалған жоқ. Дегенмен сақтық шаралары ретінде препараттың әдеттегі ұсынылатын дозасын екі есе қысқарту ұсынылады.
Лактоза
Добросон® құрамында лактоза бар. Сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лопар лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге бұл препаратты қабылдамаған жөн.
Педиатрияда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде зопиклонның қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған. Сондықтан зопиклонды осы популяцияда қолдануға ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зопиклон көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне елеулі әсер етуі мүмкін. Көлік құралдарын басқаратын және механизмдермен жұмыс істейтін пациенттер, сондай-ақ зопиклонды басқа ұйықтататын дәрілерді қолданғанда ұйқышылдық, реакциялар жылдамдығының баяулауы, бас айналу, летаргия, көздің анық көрмеуі немесе қосарлауы, зейін қоюдың төмендеуі мүмкін екенін назарға алуы тиіс, бұл әсіресе зопиклонды қолданғаннан кейінгі алғашқы 12 сағат ішінде көлік құралын басқару қабілетінің төмендеуіне әкеледі.
Жоғарыда аталған қауіпті азайту үшін көлік құралдарын басқару, механизмдермен жұмыс істеу немесе биіктік жұмыстарын жүргізуді зопиклонды қабылдағаннан кейін 12 сағат өткен соң ұсынылады.
Көлік құралдарын басқару қабілетінің төмендеуі және рөлде ұйықтап қалу қаупі зопиклонды монотерапияда және емдік дозаларда қабылдаған кезде мүмкін болады.
Зопиклонның жағымсыз әсерінің қаупі алкогольмен немесе ОЖЖ басқа депрессанттарымен бір мезгілде қабылдағанда жоғарылайды. Зопиклон қабылдау кезінде алкогольді немесе басқа психоактивті заттарды тұтыну ұсынылмайды.