Доксорубицинмен емдеу жағымсыз әсерлерді жиі туындатады, олардың кейбіреуі айтарлықтай күрделі, бұл пациентті мұқият қадағалауды талап етеді. Жағымсыз әсерлердің жиілігі мен типі енгізу жылдамдығынп және дозаға байланысты. Сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуі – дозаны шектейтін жедел жағымсыз әсер, бірақ ол негізінен уақытша сипатта болады.
Доксоробуцин тудырған клиникалық зардаптар: сүйек кемігінің ауыр уыттылығы/гематологиялық уыттылық қызбаны, инфекциялар, сепсис/септицемия, сепсистік шок, қан кету, тіндік гипоксия немесе өлімді қамтиды.
Жүрек айну, құсу және алопеция пациенттердің бәрінде дерлік байқалады.
Интравезикулярлық енгізу келесі жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін: гематурия, қуық пен уретраның тітіркенуі, странгурия және поллакиурия. Бұл реакциялар ауырлығы, әдетте, орташа және қысқа мерзімді.
Доксорубициннің интравезикулярлы енгізілуі кейде геморрагиялық цистит тудыруы мүмкін. Бұл қуық сыйымдылығының азаюына алып келуі мүмкін.
Экстравазация ауыр флегмонаны, вена склерозын, тромбофлебит, лимфангит және жергілікті тіндер некрозын тудыруы мүмкін, ол операциялық араласуды, оның ішінде тері трансплантациясын талап етуі мүмкін.
Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жағымсыз реакциялардың жүйе-ағза жіктелісі мен олардың туындау жиілігіне сәйкес жіктелуі (Жағымсыз құбылыстар жиілігін белгілеу келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Инфекциялар және паразиттік аурулар
Өте жиі
- инфекциялар
Жиі
- сепсис
- септицемия
Жиі емес
- сепсистік шок
Қатерсіз, қатерлі және нақты анықталмаған жаңа түзілімдер
(кисталар мен полиптерді қоса)
Жиі емес
- жедел лимфоцитарлық лейкоз
- жедел миелоцитарлық лейкоз
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі
- миелосупрессия*, лейкопенияны, нейтропенияны, фебрильді нейтропенияны, панцитопенияны, тромбоцитопенияны, анемияны, гипоксияны қоса немесе тіндер некрозы*.
Жиі емес
- салдарлы лейкемия
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Сирек:
- тыныс алудың бұзылуымен қабақ және тілдің ангионевроздық ісінуі
Өте сирек
- анафилаксия
Зат алмасу мен тамақтану бұзылулары:
Өте жиі
- анорексия
Жиі
- сусыздану
Өте сирек
- гиперурикемия
Белгісіз
- ісік лизисі синдромы
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
Жиі
- конъюнктивит
Белгісіз
- кератит, көз жасының көп ағуы
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі
- кардиоуыттылық**
Жиі
- өмірге қатер төндіретін іркілісті (дилатациялық) кардиомиопатия (550 мг/м2 жиынтық доза аясында), синустық тахикардия, қарыншалық тахикардия, тахиаритмия, суправентрикулярлы және қарыншалық экстрасистолалар, брадикардия, аритмия
- сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясының симптомсыз төмендеуі
Өте сирек
- ЭКГ-дағы спецификалық емес өзгерістер (ST сегментінің өзгеруі, төмен вольтаж, ұзарған QT аралықтары)
- өмірге қатер төндіретін жекелеген аритмия жағдайлары,
- сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі, перикардит, өліммен аяқталатын перикардит-миокардит синдромы
- атриовентрикулярлық блокада, Гис шоғыры тармағының блокадасы
Тамыр жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі
- тромбофлебит
Жиі:
- қан кету, флебит
Жиі емес
- тромбоэмболия
Сирек:
- шок
Белгісіз
- қан кернеулер
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар
Сирек
- тыныс алудың бұзылуы, мұрын шырышты қабығының ісінуі, тахипноэ және ентігу, сәулелі пневмонит ****
Белгісіз
- бронх түйілуі
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Өте жиі:
- асқазан-ішек бұзылыстары***, жүрек айну, құсу, мукозит, стоматит, эзофагит, диарея
Жиі
- іштің ауыруы немесе ашытуды сезіну
Жиі емес
- асқазан-ішектен қан кету, іштің ауыруы, ауқымды қан кетулермен және ауыр инфекциялармен болатын жуан ішек некрозы
Өте сирек
- шырышты қабықтардың ойық жаралануы (ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан-ішек жолы); ауыз шырышты қабығының гиперпигментациясы
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Белгісіз
- гепатоуыттылық (кейде циррозға дейін үдейтін)
- бауыр ферменттерінің өткінші жоғарылауы
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Өте жиі:
- алопеция (дозаға тәуелді және көп жағдайда қайтымды)
- тері жабындарының қызаруы
- фотосенсибилизация
Жиі
- сәулеленген аумақтағы аса жоғары сезімталдықтың жергілікті реакциялары (бұрын сәулеленген аумақтағы жергілікті қабыну реакциясы)
- қышыну
Сирек
- есекжем
- экзантема
- тері және тырнақ гиперпигментациясы
- онихолизис
- экстравазация тері асты шелінің ауыр қабынуын, сулы бөртпелер түзілуін, тромбофлебит, лимфангит және жергілікті тіндер некрозын тудыруы мүмкін
Өте сирек
- аяқ-қолдағы эритема
- күлбіреуіктер түзілуі
- алақан-табан эритродизестезиясы синдромы
Белгісіз
- актинийлік кератоз
Қаңқа-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін тарапынан бұзылулар
Өте сирек
- жалпы бұлшықет әлсіздігі
Белгісіз
- артралгия
Несеп шығару жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі
- қабылдаудан кейін 1-2 күн өткен соң несептің қызыл түске боялуы.
Жиі:
- дизурия симптомдарымен цистит, қуық тітіркенуі, уретра тітіркенуі, полиурия, никтурия, странгурия, поллакиурия, гематурия, қуық түйілуі, некроз, геморрагиялық цистит
Өте сирек
- бүйректің жедел жеткіліксіздігі (бірлі-жарым жағдайлар), гиперурикемия және ауқымды ісік лизисінің салдары ретінде несеп қышқылының кейінгі нефропатиясы
Жалпы бұзылулар және препаратты енгізген жердегі реакциялар
Өте жиі
- ысыну, астения, қалтырау
Жиі
- енгізген жердегі реакциялар (вена бойымен жергілікті эритематозды реакциялар, ауыру, флебит, флебосклероз)
Сирек:
- бас айналу
Өте сирек
- жалпы жайсыздану
Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар:
Белгісіз
- аменорея
- олигоспермия
- азооспермия
Басқалары
Өте жиі
- СҚЛФ симптомсыз төмендеуі, аномалиялық ЭКГ, трансаминазалардың аномалиялық мәндері, салмақ артуы
Жарақаттар, улану және емшаралар асқынулары
Белгісіз
- жазылып келе жатқан сәулемен зақымдану (тері, өкпе, өңеш, асқазан-ішек жолының шырышты қабығы, жүрек), доксорубицин енгізуден кейін қайталануы мүмкін.
Маркетингтен кейінгі зерттеулерде доксорубицин қолдану кезінде төменде көрсетілген жағымсыз реакциялар анықталды. Бұл реакциялар көлемі белгісіз қауымда ерікті түрде тіркелетіндіктен, олардың жиілігін сенімді бағалау немесе препаратты қолданумен себеп-салдарлы байланысын анықтау үнемі мүмкін бола бермейді.
Жүрек тарапынан – кардиогенді шок
Тері жабындары тарапынан – тері және тырнақ гиперпигментациясы, онхолизис, бөртпе, қышыну, жарыққа сезімталдық, есекжем, акральді эритема, алақан-табан эритродизестезиясы
Асқазан-ішек жолы тарапынан – жүрек айну, мукозит, стоматит, некроздайтын колит, тифлит, асқазан эрозиясы, асқазан-ішек жолынан қан кету, гематохезия, эзофагит, анорексия, іштің ауыруы, сусыздану, диарея, ауыз қуысы шырышты қабығының гиперпигментациясы
Аса жоғары сезімталдық – анафилаксия
Зертханалық зерттеулер – аланинаминотрансфераза (АЛТ) жоғарылауы, аспартатаминотрансфераза (АСТ) жоғарылауы
Неврологиялық бұзылулар – шеткері сенсорлық және моторлы невропатия, құрысулар, кома
Көру мүшелері тарапынан – конъюнктивит, кератит, көз жасының ағуы
Тамыр бұзылулары – флебосклероз, флебит/тромбофлебит, қан кернеулер, тромбоэмболия
Басқалары – дімкәстану/астения, қызба, қалтырау, салмақ артуы
* Миелосупрессия өте күрделі болуы мүмкін дозаны шектейтін жағымсыз әсерлердің бірі болып табылады. Ол, ең алдымен, лейкоциттер санының азаюымен көрініс береді. Лейкопения сүйек кемігінің тиісті қорлары бар пациенттердің шамамен 75%-да байқалады, олар әр 21 күн сайын 60 мг/м² препарат қабылдайды. Тромбоцитопения, нейтропения және анемия жағдайлары да тіркелді, бірақ олар сонша жиі болмады. Сүйек кемігі қызметінің бәсеңдеуіне байланысты сол дәрежеде асқын инфекциялар (өте жиі) және қан кету байқалды. Миелосупрессия, әдетте, доксорубицин енгізуден кейін 10-нан 14 күнге дейін шыңына жетеді, ал көпшілік жағдайларда 21 және 28 күн арасында қысқарады. Егер тромбоцитопения немесе анемия туындаса, әдетте, олар сол уақыт кезеңінде болады, бірақ әдетте онша күрделі болмайды.
** Доксорубицин кардиоуытты болып табылады. Кардиологиялық жағымсыз әсерлер қаупі медиастинальді аумақты сәулемен емдеу кезінде және одан кейін, ықтималды кардиоуытты заттармен (мысалы, антрациклиндер, циклофосфамидтер) және егде жастағы пациенттерде (60-тан бастап және одан асқан шамада) алдын ала емдеуден кейін артады.
Доксорубициннің кардиоуытты әсерлері екі түрде болуы мүмкін:
Жедел түрі
Жедел жағымсыз әсерлер, әдетте, дозаға қарамастан, емдеу басталған соң 24-тен 48 сағатқа дейін туындайды және келесі симптомдармен сипатталады: уақытша аритмия (жиі), әсіресе, синустық тахикардия (жиі) әрі қарыншаүстілік және қарыншалық экстрасистолалар. Олар (өте сирек) ЭКГ спецификалық емес өзгерістерімен сипатталады (ST толқындарының өзгеруі, төмен вольтты тісше, QT толқындарының ұзақ аралығы).
Бұл өзгерістер, әдетте, қайтымды және олардың пайда болуы доксорубицин пайдаланылуын жалғастыруға қарсы көрсетілімді емес. Дегенмен де, доксорубицин инфузиясы кезінде немесе одан кейін бірнеше сағаттан соң өмірге қауіпті аритмия туындауы мүмкін. Жекелеген жағдайларда сол жақ қарыншаның жүрек жеткіліксіздігі, перикардит немесе өлімге соқтыратын перикардит-миокардит синдромы тіркелді.
Кеш білінетін түрі
Жағымсыз әсерлері жинақталған дозаға тәуелді ағзаға уыттылығының баяу білінетін көрінісі түрінде туындайды, әдетте, ол қайтымсыз және көбінесе өмірге қауіпті болады. Жағымсыз әсерлер ем аяқталған соң бірнеше ай ішінде сол жақ қарынша жеткіліксіздігінің белгілерімен іркілісті кардиомиопатия түрінде жиі көрініс береді. Алғаш рет кардиоуыттылық ем аяқталғаннан кейін бірнеше жылдан соң көрініс беруі мүмкін. Оның жиілігі жинақталатын жалпы дозамен бірге артады.
*** Доксорубициннің эметогенді қабілеті жоғары. Пациенттердің 80% жуығында емнің бірінші күні және кешірек мейлінше қатты жүрек айну мен құсу пайда болады.
Мұрын шырышты қабығының ісінуін, тахипноэ және ентігуді қоса, жүйелі реакциялардың бірлі-жарым жағдайлары тіркелді.
Доксорубициннің метотрексатпен және циклофосфамидтермен жүйелі біріктірілген химиялық емін зерттеуде өлім қауіпті асқынулары бар радиациялық пневмонит байқалды. Егер ентігу пайда болса, оны антрациклин тудырған кардиомиопатиялық бұзылуларға қатысты белгі ретінде қарастыру керек.
Бұдан бөлек, бірлі-жарым миастения жағдайы тіркелді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz