Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Мазь для наружного применения
Саудалық атауы
Доктор Мом® суық тиюден
Әсер етуші зат
Препараты применяемые при простудных заболеваниях другие
Мақсаты
Жедел респираторлық аурулардың симптоматикалық емінде: суық тию, бронхит және жөтелмен бірге жүретін басқа аурулар
Өндіруші
«Юник Фармасьютикал Лабораториз» (отделение фирмы «Дж. Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.»)
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
20 г жақпамайдың құрамында
белсенді заттар: левоментол 0,61 г,
камфора 1,05 г,
скипидар майы 1,11 мл,
эвкалипт майы 0,30 мл
қосымша заттар: мускат майы, тимол, жұмсақ ақ парафин
Сыртқы түрінің сипаттамасы
Өзіне тән левоментол және камфора иісі бар ақ немесе ақ дерлік түсті жартылай мөлдір жақпамай.
Жедел респираторлық аурулардың симптоматикалық емінде: суық тию, бронхит және жөтелмен бірге жүретін басқа аурулар.
Оның жергілікті тітіркендіргіш, алаңдатқыш, қабынуға қарсы және антисептикалық әсері бар. Левоментолды теріге жаққан кезде салқындату, шаншу және аздап күйдіру сезімімен қатар жүретін жүйке ұштарының тітіркенуін тудырады. Жергілікті а
уырсынуды сәл басатын және антисептикалық әсері бар.
Камфораны жергілікті қолданған кезде тітіркендіргіш әсері бар және әлсіз антисептикалық белсенділік көрсетеді.
Скипидар майы жергілікті тітіркендіргіш, алаңдатқыш әсер етеді және антисептикалық қасиеттері бар. Скипидар майының алаңдатқыш әсер көрсетуі эпидермис арқылы өту және тері рецепторын тітіркендіру нәтижесінде организмде рефлекстік өзгерісті туындата алатын қабілетінің болуымен байланысты.
Эвкалипт майын теріге жаққан кезде аздап жергілікті қабынуға қарсы антисептикалық белсенділігі бар.
Тимолды жергілікті қолданған кезде антисептикалық әсері бар.
Дозалау режимі
Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға жақпамайдың аз мөлшерін кеудеге немесе мойынға жұқалап, дұрысы қолды жуғаннан кейін, тәулігіне 1-2 рет жағады. Күніне 2 рет жағылатын дозасынан ешқашан асырмаңыз.
Жақпамайды саусағыңызбен жағыңыз. Пайдаланғаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз.
Енгізу әдісі мен жолы
Тек сыртқа қолдануға арналған! Жұтуға болмайды!
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 3 күннен аспайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Егер Сіз Доктор Мом® суық тиюден препаратын уақтылы қолдануды ұмытып кетсеңіз, бұл дозаны өткізіп жіберіп, келесі дозаны жоспарланған уақытында қолданыңыз. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі есе дозаны қолданбаңыз. Оның орнына препаратты келесі қолдану уақытын күтіңіз.
Тоқтату синдромы қаупінің болуына көрсетілім
Қатысты емес.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Дәрілік затты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда медицина қызметкерінің кеңесіне жүгініңіз.
• препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық;
• тері жабындарының зақымданулары, препарат қолданылуы мүмкін жерлерде күйікті, экземаны, дерматиттер мен терінің іріңді ауруларын қоса, тері ауруларының болуы;
• жүктілік және бала емізу;
• терпендердің болуына және олардың эпилептогендік межені төмендететін әсеріне байланысты бұл препаратты ешқашан қолданбау керек:
• 6 жасқа дейінгі балалар.
• анамнезінде құрысулары (фебрильдік немесе жоқ) немесе эпилепсиясы бар ересектер мен балаларда
Дәрілік препаратты тіркеуден кейін қолданған кезде анықталған жағымсыз реакциялар былайша жіктелді:
Өте жиі ≥1/10
Жиі ≥1/100 және <1/10
Жиі емес ≥1/1000 және <1/100
Сирек ≥1/10000 және <1/1000
Өте сирек <1/10000
Жиілігі анықталмаған жеке хабарламалар (пайда болу жиілігін қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Өте сирек
- аса жоғары сезімталдық (аллергиялық реакциялар)
- камфораның әсер етуінің салдарынан құрысулардың дамуы
- анафилаксиялық шок
- бронх түйілуі
- аллергиялық дерматит, аздап қызару, қышыну, күйдіру сезімі және бөртпе.
Симптомдар әдетте 24 сағат ішінде қайтады.
Ұсынылатыннан асатын дозаларды қолданған немесе қолдану жөніндегі нұсқауларды сақтамаған жағдайда егде жастағы адамдарда қозу мен сананың шатасуы туындауы мүмкін.
Егер Сіз жоғарыда сипатталған жағымсыз әсерлердің бірін байқасаңыз, препаратты қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралуыңыз керек!
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препаратты жаққан жерде терінің тітіркенуі, бронх түйілуі, ларингоспазм.
Емі: жақпамайдың артық мөлшерін өсімдік майына малынған дәкенің немесе қағаз сүрткінің көмегімен сүртіп тастауға болады. Бронх түйілуі немесе ларингоспазм кезінде дереу дәрігерге қаралу қажет.
Жақпамайды жұтып қойған жағдайда құсу және диарея сияқты асқазан-ішек симптомдарын туындатуы мүмкін. Жоғарыда аталған симптомдар пайда болған кезде симптоматикалық ем қажет болуы мүмкін.
Жақпамайдың едәуір мөлшерін байқаусызда жұтып қойған жағдайда жүрек айнумен, құсумен, іштің ауыруымен және бас ауыруымен, бас айналумен, ысыну ұстамаларымен/тері жабындарының қызаруымен, құрысулармен, тұншығумен және комамен қатар жүретін жедел улануды туындатуы мүмкін.
Препаратты байқаусызда жұтып қойған жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет. Құстыртпау керек.
Препаратты қолданар алдында емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
Егер аурудың симптомдары 3 күннен артық сақталса немесе жағдайдың нашарлағаны байқалса, препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу қажет.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек. Бала препаратты жұтып қойған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Доктор Мом суық тиюден жақпамайы жүктілік кезінде және контрацепцияның тиімді дәрілерін пайдаланбайтын бала туу жасындағы әйелдерге қолдану ұсынылмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Бұл препараттың құрамында жеңіл тұтанатын ұшпа заттар бар. Оны ешқашан жалынға жақындатпаңыз, қолданғаннан кейін отқа жақындамау керек.
Бұл препараттың құрамында құрысу шегін төмендететін терпен туындылары (камфора, ментол, тимол, эвкалипттің және терпентиннің эфир майлары) бар. Құрысудың даму қаупіне байланысты бұл препаратты анамнезінде құрысуы немесе эпилепсиясы бар 6 жасқа толмаған балаларға немесе пациенттерге (ересектер мен балаларға) қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Бұдан бөлек, ұсынылатыннан асатын дозаларды қолданған немесе қолдану жөніндегі нұсқауларды сақтамаған жағдайда, қозу және сананың шатасуы, әсіресе егде жастағы адамдардағы, сондай-ақ құрысулар сияқты неврологиялық әсерлер туындауы мүмкін. Ұсынылатын дозалар мен емдеу ұзақтығын сақтаңыз.
Жағымсыз әсерлердің туындау қаупін шектеу үшін дозаны және қолдану жөніндегі нұсқаулықты қатаң сақтау керек, атап айтқанда:
• жақпамайды дененің үлкен беткейіне жағуға болмайды,
• бала емізген кезде жақпамайды кеудеге жағуға болмайды,
• жақпамайды зақымдалған теріге жағуға болмайды (белсенді заттардың жүйелі өтуінің жоғарылау қаупі),
• емдеуді 3 күннен артық уақытқа жалғастыруға болмайды.
Жақпамайды көзге, мұрынның шырышты қабығына және ауыз қуысына, сондай-ақ терінің зақымданған жеріне тигізбеу керек.
Препаратты жұтуға, танауға, көзге, ауызға немесе бетке жағуға болмайды;
Тек сыртқа қолдануға арналған;
Жағатын жерге ешқашан таңғыш таңбаңыз немесе компресс баспаңыз. Жағатын жерді ешқашан жылы киіммен немесе басқа жылу көзімен жаппаңыз.
Ларингоспазм, бронх түйілуі, құрысу симптомдары пайда болған кезде пайдалануды тоқтатып, жылдам дәрігерге қаралу керек.
Арнайы сақтандырулар
Препаратты жылытуға болмайды және жылытқан күйінде қолдануға болмайды.
Егер дәрілік зат жарамсыз болып қалса немесе жарамдылық мерзімі өтіп кетсе, оны ағын суға немесе далаға тастамаңыз! Дәрілік затты пакетке салып, қоқыс тастайтын контейнерге салыңыз. Мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі!
Педиатрияда қолдану
Препаратты 6 жасқа дейінгі балаларда қолданбаңыз, өйткені Доктор Мом® суық тиюден препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі 6 жасқа дейінгі балаларда анықталмаған.
Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану
Егер Сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізіп жүрсеңіз, жүкті болып қалдым деп ойласаңыз немесе жүктілікті жоспарласаңыз, препаратты қабылдауды бастар алдында емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
Жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдану тәжірибесі жоқ болғандықтан бұл топтағыларға препаратты тағайындауға болмайды. Сәбилердің тыныс алу жолдарына әсерін болдырмау үшін бала емізетін әйелдердің кеудесіне жағуға жол берілмейді
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат аса зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындау қабілетіне әсер етпейді (көлік құралдарын басқару, қозғалыстағы механизмдерімен жұмыс істеу, диспетчердің және оператордың жұмысы).
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Басқа дәрілік препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер анықталған жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
15-тен 25 °C-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.