Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Мазь для наружного применения и ингаляций
Саудалық атауы
Доктор Тайсс Эвкалипт
Әсер етуші зат
Препараты применяемые при простудных заболеваниях другие
Мақсаты
Бронхитті қоса, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының бөлініп шығуы қиын қақырық түзілуімен және жөтелмен қатар жүретін қабыну ауруларын кешенді емдеу құрамында
Өндіруші
Др. Тайсс Натурварен ГмбХ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 г препараттың құрамында
белсенді заттар: 7,5 г эвкалипт майы,
7,5 г қарағай қылқаны майы,
5,0 г камфора (рацемиялық),
қосымша заттар: тазартылған жүгері майы; қатты май; сары ара балауызы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Эвкалипт майы мен камфораға тән иісі бар бозаң-сары түсті жартылай мөлдір гомогенді жақпамай.
Бронхитті қоса, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының бөлініп шығуы қиын қақырық түзілуімен және жөтелмен қатар жүретін қабыну ауруларын кешенді емдеу құрамында
Эвкалипт майы тыныс алу жолдарының жыпылықтайтын эпителийінің дренаждық қызметі мен қақырық бөлінуін күшейтеді. Бұдан бөлек, эвкалипт майы тегіс бұлшықеттерге әлсіз спазмолитикалық әсер етуге иеленген және сыртқа қолданған кезде жергілікті тітіркендіргіш әсер етеді. Эвкалипт препараттары стрептококктарға, стафилококктарға, күл таяқшаларына, дизентерия қоздырғыштарына, ішек таяқшаларына, кейбір вирустар мен қарапайымдарға және зеңдерге қатысты белсенді болады.
Камфора бронхосекретолитикалық және спазмолитикалық әсерге ие. Бұдан бөлек камфора майы бактерияларға - стрептококктарға, стафилококктарға және гонококктарға қарсы әсер көрсетеді. Камфора орталық жүйке жүйесін күшейтетін, респираторлық және тамыр қозғалтқыш орталықтарды көтермелейтін қасиеттерге ие.
Қарағай қылқаны майы муколитикалық және бактерияға қарсы қасиеттерге ие. Қарағай қылқаны майының бактерияға қарсы қасиеттері Staphylococcus aureus немесе Salmonella typhimurium-де байқалған. Теріге жаққанда жергілікті тітіркендіргіш әсер етеді және зеңдердің өсуін басады.
Дозалау режимі
Сыртқа. Ересектер мен 4 жастан асқан балаларға жақпамайды жұқа қабатпен арқасы мен кеуде терісіне жеңіл уқалай отырып жағып, содан кейін жағылған жердің жылуын сақтау үшін жылы мақта-матадан тоқылған сүлгімен жауып қою керек. Емшараны күніне бірнеше рет, әсіресе түнге қарай қайталайды.
Ингаляция түрінде. Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға. Ыстық ерітіндіні (1 л ыстық суда, бірақ қайнап тұрған емес, 2 шай қасық препаратты ерітеді) дайындайды және 5-10 минут бойы ингаляция жүргізеді.
Емдеу курсы – дәрігердің ұсынысы бойынша.
Қолдану тәсілі мен бағыты
Сыртқа немесе ингаляция түрінде.
- белсенді компоненттеріне немесе кез келген басқа қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- ауру тарихында құрысулар бар балалар (фебрильді немесе онсыз)
- бронх демікпесімен, көкжөтелмен, жалған қыспақпен және тыныс алу жолдарының аса жоғары сезімталдығымен астасатын тыныс алу жолдарының басқа ауруларынан зардап шегетін пациенттер, өйткені тыныс алу бронх бұлшықеттерінің түйілуін туындатуы мүмкін
- тыныс алу жолдарының инфекциялық қабыну ауруларының жедел сатыларында және жедел пневмонияда ингаляция жасауға
- препаратты тері аурулары болғанда және бөртпемен (экзантема) бірге жүретін балалар ауруларында тағайындамайды
- препаратты ашық жараларда немесе терінің зақымданған бөліктерінде, мысалы күйіктерде пайдалануға болмайды
- препаратты тек терінің зақымданбаған бөлігіне ғана жағу керек
- 4 жасқа дейінгі балаларға сыртқа
- 6 жасқа дейінгі балаларға ингаляция жасауға
Жағымсыз реакциялардың біліну жиілігі келесі түрде жіктелген:
Өте жиі (≥1/10), жиі (≥ 1/100 - <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1,000 - <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10,000 - <1/1,000 дейін), өте сирек (<1/10,000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкіндігі жоқ)
Белгісіз
- терінің және шырышты қабықтың тітіркенуі
- елестеулер
- терінің үлкен бөліктерінде сыртқа қолдану нефроуыттылық, ОЖЖ зақымдануы сияқты (мысалы, камфора қолданғаннан кейін) уыттылық симптомдарын туындатуы мүмкін.
- ентігу және экспираторлық ентігу. Соңынан апноэ болатын демікпеге ұқсас жай-күймен қатарлас жүретін бронх түйілуі рефлекс ретінде туындауы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Емдеу симптоматикалық.
Препаратты қалай қолдану керектігін түсіндіру үшін медициналық маманнан кеңес алу ұсыныстары
Қатысты емес.
Арнайы ескертулер
Көзге және шырышты қабықтарға, зақымданған теріге, бетке түсуіне жол бермеу керек. Қолданудың алдында науқастардың эвкалипт майын көтере алушылығын тексеру керек.
3-5 күннен аса жалғасатын ауруларда, демікпеде, бас ауыруында, қызбада, іріңді/қанды қақырықта немесе мұрыннан іріңді/қанды бөліністер болғанда пациенттер дәрігерге шұғыл көрінулері қажет.
Терінің жақпамаймен өңделген аймақтарына балалардың жанасуына жол бермеу қажет.
Егер сізде осы дәріні қолдану жөнінде сұрақтар туындаса, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Препаратты қолданғаннан кейін қолды жақсылап жуу керек.
Күйдіру қаупі мүмкін болғандықтан балаларды қараусыз қалдыруға болмайды!
Камфора және 1,8 цинеол нәрестелерде және 2,5 жасқа дейінгі балаларда қатты тыныс алу немесе апноэға байланысты көмейдің тарылуына әкелуі мүмкін.
Егер бала дәрілік затты кездейсоқ жұтып қойған жағдайда, кез-келген емдеуді ұсына алатын дәрігермен тез арада кеңесу қажет. Құсуды тудыруға тырыспаңыз.
Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдану
Жүктілік пен бала емізу кезеңінде қолданудың жеткілікті деректері жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару қабілетіне теріс ықпалы байқалмаған.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Эвкалипт майы бауырдың микросомальді ферменттерінің белсенділігін индукциялайды. Тиісінше басқа дәрілік препараттардың, атап айтқанда аминопирин, амфетамин және фенобарбиталдың әсері әлсіретілуі мүмкін. Ұзақ мерзімді емдегенде және терінің үлкен бөліктерінде қолданғанда белсенді заттардың теріге сіңуінен бұндай фактіні жоққа шығаруға болмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Қаптама ашылғаннан кейін жақпамайды 6 айға дейін тоңазытқышта сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.