Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Порошок для приготовления раствора для приема внутрь
Дозасы
1500 мг
Саудалық атауы
Дона®
Әсер етуші зат
Глюкозамин
Мақсаты
Тізебуынның жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі остеоартрит симптомдарын жеңілдету
Өндіруші
РОТТАФАРМ Лтд.
Ел
Ирландия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір пакеттің құрамында
белсенді зат - кристалды глюкозамин сульфаты 1884 мг (1500 мг глюкозамин сульфаты және 384 мг натрий хлоридіне баламалы),
қосымша заттар: аспартам, сусыз лимон қышқылы, макрогол 4000, сорбитол.
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті иісі жоқ кристалды ұнтақ.
Тізебуынның жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі остеоартрит симптомдарын жеңілдету.
Белсенді зат - адам организмінде болатын аминомоносахарид глюкозамин сульфатының тұзы және синовиальді сұйықтықта гиалурон қышқылының және буын шеміршегінің негізгі субстанциясы гликозаминогликандар мен протеогликандардың биосинтезі үшін сульфаттармен бірге пайдаланылады.
Глюкозамин сульфатының әсер ету механизмі – гликозаминогликандар, тиісінше, буын протеогликандарының синтезінің стимуляциясы. Бұдан басқа, глюкозамин қабынуға қарсы әсер көрсетеді, буын шеміршегінің деградация үдерісін ең бастысы оның метаболизмдік белсенділігі, интерлейкин 1β (IL-1β) белсенділігін бәсеңдетуге қабілеті есебінен баяулатады, бұл бір жағынан остеоартрит симптомдары әсеріне, екінші жағынан – буындардың құрылымдық бұзылуының іркілісіне ықпал етеді, бұны ұзақ мерзімді клиникалық зерттеулердің деректері айғақтайды.
Бастапқы in vitro және in vivo зерттеулері глюкозамин сульфатын экзогенді қабылдау остеоартритте төмендейтін протеогликандар биосинтезін стимуляциялайтынын көрсетті, глюкозаминогликан синтезі үдерісінде күкірттің бекуіне ықпал етеді және буын шеміршегіне трофикалық әсер етеді.
Одан әрі қарайғы зерттеулер глюкозамин сульфатының супероксидті радикалдар сияқты, тіндерді бұзатын заттардың түзілуін және лизосомалық ферменттердің, сондай-ақ коллагеназ және фосфолипаза А2 сияқты буын сіңірлерін бұзатын ферменттердің белсенділігін бәсеңдететінін көрсетті. Бұл қасиеттер in vivo жануарлар моделінде анықталған, оның ішінде экспертменттік остеоартриті бар, аздаған қабынуға қарсы әсеріне, ҚҚСП айырмашылығы циклооксигеназа белсенділігін тіпті бәсеңдетусіз, ықпал етеді.
Кейінірек жүргізілген зерттеулер жоғарыда аталған метаболизмдік және қабынуға қарсы әсердің остеоартрит патогенезіне ұшыраған және одан әрі қарай цитокинмен индукцияланатын гендік транскрипциямен бәсеңдетілуімен, цитокиндердің бірінің интерлейкин-1β стимуляциясына жасушаішілік дабылдардың трансдукциясын бәсеңдетуімен түсіндірілуі мүмкін деп болжауға мүмкіндік береді. Остеоартритке шалдыққан пациенттердегі плазмадағы және синовиальді сұйықтықтарда анықталған глюкозамин концентрациясындағы глюкозамин сульфаты іс жүзінде интерлейкин-1β-мен индукцияланған буын тіндеріндегі қабынуға ықпал ететін ферменттер сериялары гендерінің экспрессиясын және металлопротеаза сияқты, оның ішінде агреканаза бар, шеміршектегі проферменттердің деградациясын бәсеңдетуі мүмкін. Глюкозаминнің бұл фармакодинамикалық сипаттамасына сульфат иондарының болжамды әсері нақты анықталмаған.
Жоғарыда аталған барлық әсерлері остеоартриттің негізі болып табылатын шеміршектегі ыдырау үдерісіне және ауру сипатының симптомдарына оң ықпал етеді.
Қысқа және ұзақтығы орташа клиникалық зерттеулердің деректері глюкозамин сульфатының остеоартрит симптомдарына әсері ем басталғаннан кейін 2-3 аптадан кейін-ақ анық болатындығын көрсетті.
Клиникаға дейінгі зерттеулерді көрсеткен глюкозамин индукциялаған инсулинге төзімділіктің пайда болуы клиникалық зерттеулерде расталған жоқ.
Дозалау режимі
Ересектер және егде жастағы пациенттер: күніне 1 рет 1 пакет.
Емдеу ұзақтығы
4-12 апта немесе одан да ұзақ (қажет болса). Емді дәрігердің тағайындауы бойынша, сондай-ақ ауру қайталанғанда 2 ай аралықпен жылына 2-3 рет қайталауға болады.
Глюкозамин жедел ауырсыну синдромын емдеуге арналмаған.
Симптомдарды жеңілдету (әсіресе ауырсыну сезімін азайту) тек емнің бірнеше аптасынан кейін, ал кейбір жағдайларда тіпті ұзағырақ уақыттардан кейін ғана болуы мүмкін. Егер 2-3 ай емнен кейін симптомдардың жеңілдеуі болмаса, глюкозаминді одан әрі қолдануды қайта қарау керек.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
1500 мг глюкозамин сульфатына баламалы 1 пакет ішіндегісін бір стақан суда ерітіп, дұрысы, ас ішу кезінде қабылдау керек.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігерден кеңес алу керек.
• әсер ететін затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• фенилкетонурия, өйткені препарат құрамында фенилаланин көзі болып табылатын аспартам бар
• тұқым қуалаған фруктоза жақпаушылығында, өйткені өнім құрамында сорбитол бар
• моллюскаларға аллергиялық реакция болса, өйткені белсенді заты моллюскалардан алынады
Глюкозаминді қолданумен байланысты ең көп таралған жағымсыз реакциялар жүрек айнуы, іштің ауыруы, диспепсия, метеоризм, іш қату, диарея, бас ауыруы, шаршау және ұйқышылдық. Көрсетілген жағымсыз реакциялар, әдетте, өткінші және ауырлық дәрежесі жеңіл болып табылады.
Жиі
- іштің ауыруы, метеоризм, диспепсия, диарея, іш қату, жүрек айнуы
- бас ауыруы, ұйқышылдық
- шаршағыштық
Жиі емес
- ысынулар
- экзантема, қышыну, эритема, бөртпелер
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- құсу
- бас айналуы
- аллергиялық реакциялар (аса жоғары сезімталдық)
- сарғаю
- демікпе, демікпенің өршуі
- көру қабілетінің бұзылуы
- ангионевроздық ісіну, есекжем
- ісіну, шеткері ісіну
- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы, қантты диабетпен ауыратын пациенттерде қандағы қант мониторингіне теріс әсер етуі
Гиперхолестеринемияның жекелеген спонтанды жағдайлары туралы хабарланды, бірақ себеп-салдарлық байланыс анықталмады.
Егер осы жағымсыз әсерлердің бірі күшейсе немесе осы нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа жағымсыз әсер байқалса, дәрігерге хабарлаңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Егер Сізге компания өнімін қолданумен, оның ішінде жүктілік немесе бала емізу кезінде қолданумен немесе медициналық қателіктер, дұрыс қолданбау, шамадан тыс қолдану, артық дозалану, басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу немесе дәрілік зат пен тамақтың өзара әрекеттесуі, мақсаты бойынша қолданбау нәтижесінде немесе кәсіби және кәсіби емес қызметпен, инфекциялық агенттің күдікті берілуімен немесе тиімділіктің жоқтығымен байланысты ықпалдың салдарынан, сондай-ақ сапаның ақаулығымен астасқан қандай да бір жағымсыз реакциялар белгілі болса, бұл туралы infosafety.cis@viatris.com электронды поштасы бойынша фармакологиялық қадағалауға жауапты адамға хабарлау қажет
Артық дозалану жағдайлары белгісіз. Алайда артық дозаланған жағдайларда жағымсыз реакцияларының білінуінің күшеюі мүмкін, сондықтан су-электролиттік теңгерімді қалпына келтіруге бағытталған симптоматикалық ем жүргізілуі керек.
Арнайы сақтандырулар
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер үшін ешқандай фармакокинетикалық зерттеулер жүргізілген жоқ, бірақ клиникалық тәжірибеге сүйене отырып, егде жастағы пациенттерді емдеу кезінде дозаны түзету талап етілмейді.
Бүйрек және/немесе бауыр функциясы бұзылған пациенттерге тиісті фармакокинетикалық зерттеулердің жүргізілмеуіне байланысты дозаны түзету бойынша ұсынымдар берілмейді.
Сақтандыру шаралары
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды, өйткені мұндай пациенттер үшін препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Басқа емді талап етуі мүмкін буындардың басқа аурулары болуын жоққа шығару үшін дәрігермен кеңесу керек.
Глюкозаға төзімділігі бұзылуы бар пациенттерде қандағы глюкоза деңгейінің мониторингі керек, қажет болғанда ем бастар алдында және ем уақытында мезгіл-мезгіл инсулин қажеттілігін анықтау ұсынылады.
Қантты диабеті бар пациенттер үшін емеуді бастамас бұрын қандағы қанттың деңгейіне бақылау жүргізген дұрыс.
Жүрек-қантамырлары ауруларының белгілі қауіп факторлары бар пациенттерде қандағы липидтер деңгейін бақылау ұсынылады, өйткені кейбір жағдайларда гиперхолестеринемия глюкозамин қабылдаған пациенттерде байқалады.
Демікпесі бар пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек, өйткені мұндай пациенттер ауруларының симптомдарының өршу ықтималдығымен, глюкозаминге аллергиялық реакциялардың дамуына бейім болуы мүмкін.
Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде арнайы зерттеулер жүргізілмеген. Препараттың токсикологиялық және фармакокинетикалық бейіні оны бұндай пациенттерде қолдануды шектеуге негіз болмайды. Алайда бауыр немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде препаратты дәрігердің бақылауымен қолдану керек.
Дәрілік препараттың құрамында (1 пакет) тәуліктік дозаға 6,6 ммоль (151 мг) натрий бар, бұл ересек адам үшін ДДҰ ұсынған ең жоғары тәуліктік дозаның (2 г натрий) 7,6 %-ына баламалы. Бұны бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге немесе натрий мөлшері бақыланатын диета сақтайтын пациенттерге ескеру керек.
Бұл дәрілік препараттың құрамында әр пакетте 2,5 мг аспартам бар.
Аспартам фенилаланиннің көзі болып табылады және фенилкетонуриясы бар пациенттер үшін қауіпті болуы мүмкін.
Бұл дәрілік препараттың құрамында әр пакетте 2028,5 мг сорбитол бар. Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге осы дәрілік препаратты қабылдауға болмайды. Сорбитол асқазан-ішек жайсыздығын және шамалы іш жүргізетін әсер тудыруы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды, өйткені мұндай пациенттер үшін препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автомобильді және басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуіне қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ. Көлік құралдарын басқарғанда және зейін қоюды талап ететін жұмыстарды орындағанда сақ болу керек. Ұйқышылдық, шаршау, бас айналу, бас ауыруы немесе көру қабілетінің бұзылуы пайда болған жағдайда автокөлікті басқаруға және басқа механизмдермен жұмыс істеуге тыйым салынады.
Жүкті әйелдерге глюкозамин сульфатын қолдану туралы деректер шектеулі. Дона® препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Емшек сүтімен глюкозамин сульфатының бөлінуі туралы мәліметтер жоқ. Сондықтан бала емізген кезде глюкозаминді қолдану ұсынылмайды, себебі нәрестелер үшін қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулеріне арнайы зерттеулер жүргізілмеген. Алайда глюкозамин сульфатының физикалық-химиялық және фармакокинетикалық қасиеттері бұндай өзара әрекеттесулерінің ықтималдығы аздығы туралы айғақтайды. Бұдан басқа глюкозамин сульфаты адамның негізгі CYP450 ферменттерінің ешбірін бәсеңдетпейді және индукцияламайды. Іс жүзінде қосылыс сіңу механизмі үшін бәсекелеспейді және сіңгеннен кейін плазма ақуыздарымен байланыспайды, ал оның метаболизмі эндогендік қосылыс ретінде протеогликанға қосылады немесе цитохром ферменттері жүйесіне байланыссыз ыдырайды, басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесулерге әкелу ықтималдығы аз.
Дәрілік препараттардың глюкозаминмен ықтимал өзара әрекеттесуі туралы шектеулі деректер бар, алайда пероральді К дәруменінің антагонистерін (варфарин және аценокумарол) қолдану кезінде ХҚҚ (халықаралық қалыпқа келтірілген қатынас) көрсеткішінің ұлғаюы байқалды. Сондықтан пероральді К дәруменінің антагонистерін қабылдайтын пациенттерге глюкозаминмен емді бастау немесе тоқтату кезінде мұқият бақылау керек. Глюкозаминмен қатарлас емдеу сіңірілуді, демек, қан сарысуындағы тетрациклиндердің концентрациясын күшейтуі мүмкін. Алайда, бұл өзара әрекеттесудің клиникалық маңызы шектеулі болуы мүмкін.
Глюкозаминнің ықтимал өзара әрекеттесуі туралы шектеулі деректер ғана бар екенін ескере отырып, қан сарысуындағы ілеспе дәрілік препараттардың концентрация деңгейінің өзгеруіне кез келген түрлендірілген реакцияға ерекше назар аудару керек.
Препарат қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен (ҚҚСЕП) және глюкокортикостероидтармен үйлесімді.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.