Антацидтерді немесе антисекреторлық препараттарды бір мезгілде Допрокинмен қабылдау ұсынылмайды; біріктірілген ем кезінде оларды тамақ ішер алдында емес, тамақтан кейін қабылдау керек.
Леводопамен бір мезгілде қолдану
Домперидонмен бірге пайдаланған кезде қан плазмасындағы леводопа концентрациясы жоғарылайды (ең көбі 30-40%-ға), бірақ леводопаның дозасын түзету қажет емес деп саналады.
Домперидон метаболизміне негізінен CYP3A4 қатысады. In vitro деректері осы изоферментті айтарлықтай тежейтін препараттармен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы домперидон концентрациясы жоғарылауы мүмкін екенін көрсетеді.
Фармакодинамикалық және/немесе фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерге байланысты Допрокин препаратын басқа препараттармен біріктіріп қолданған кезде QT аралығы ұзақтығының ұлғаю қаупі артады.
Домперидонмен бірге пайдалануға болмайтын препараттар
QTc аралығын ұзартатын препараттар ("пируэт" типті тахикардияның туындау қаупі):
- IA класының аритмияға қарсы препараттары (мысалы, дизопирамид, гидрохинидин, хинидин);
- III класының аритмияға қарсы препараттары (мысалы, амиодарон, дофетилид, дронедарон, ибутилид, соталол);
- психозға қарсы кейбір дәрілер (мысалы, галоперидол, пимозид, сертиндол);
- кейбір антидепрессанттар (мысалы, циталопрам, эсциталопрам);
- кейбір антибиотиктер (мысалы, эритромицин, левофлоксацин, моксифлоксацин, спирамицин);
- зеңге қарсы кейбір дәрілер (мысалы, пентамидин, флуконазол);
- безгекке қарсы кейбір препараттар (атап айтқанда галофантрин, люмефантрин);
- ас қорытуға әсер ететін кейбір препараттар (мысалы, цизаприд, доласетрон, прукалоприд);
- кейбір антигистаминдік препараттар (мысалы, меквитазин, мизоластин);
- ісікке қарсы кейбір препараттар (мысалы, торемифен, вандетаниб, винкамин);
- басқа препараттар (мысалы, бепридил, дифеманил, метадон);
- апоморфин (домперидонды апоморфинмен біріктірілімде оларды бірге қолдану пайдасы ықтимал қауіптерден асатын жағдайларда ғана және апоморфинді біріктіріп қолдану үшін ұсынылған сақтандыру шаралары сақталған жағдайда ғана қолдануға болады (апоморфинге арналған медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз))
Күшті CYP3A4 тежегіштері (олардың QT аралығының ұзақтығына әсеріне қарамастан):
- протеаза тежегіштері (мысалы, ритонавир, саквинавир және телапревир);
- азолдар тобының жүйелі қолдануға арналған зеңге қарсы препараттары (мысалы, итраконазол, кетоконазол, позаконазол, вориконазол);
- макролидтер тобының кейбір антибиотиктері (эритромицин, кларитромицин, телитромицин).
Домперидонды бірге қолдану ұсынылмайтын препараттар
Орташа CYP3A4 тежегіштері болып табылатын препараттар (мысалы, дилтиазем, верапамил, макролидтер тобының кейбір антибиотиктері).
Домперидонды сақтықпен бірге пайдалану қажет препараттар
Брадикардия мен гипокалиемияның дамуын туындататын препараттар, сондай-ақ азитромицин және рокситромицин сияқты QT аралығының ұзақтығын арттыратын макролидтер тобының кейбір антибиотиктері (кларитромицинмен домперидонды қолдануға болмайды, себебі кларитромицин күшті CYP3A4 тежегіші болып табылады).
Жоғарыда аталған препараттар тізімі репрезентативті, бірақ толық емес.