Жағымсыз реакциялар жиілігінің параметрлері былайша анықталады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥1/100, < 1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000, < 1/100 дейін); сирек (≥ 1/10000, < 1/1000 дейін); өте сирек (< 1/10000); жиілігі белгісіз** (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Дорзоламид + тимолол біріктірілімінің келесі ықтимал жағымсыз реакциялары белгілі:
Иммундық жүйенің тарапынан: сирек - жүйелі аллергиялық реакциялар, соның ішінде ангионевроздық ісіну, есекжем, қышыну, бөртпе, анафилаксия.
Көру мүшесі тарапынан: өте жиі - көздің ашуы және түйілуі; жиі - конъюнктивалық инъекция, көру айқындығының бұзылуы, мөлдір қабықтың эрозиясы, көздің қышуы, көзден жас ағу.
Тыныс алу жолдары, кеуде қуысы ағзалары жəне көкірек ортасы тарапынан: жиі - синусит; сирек - ентігу, тыныс алу жеткіліксіздігі, ринит, бронх түйілуі.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: өте жиі - дисгевзия.
Тері және тері асты тіндері тарапынан: сирек - жанаспалы дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз.
Бүйрек және несеп шығару жолдары жағынан: жиі емес - несеп-тас ауруы.
Препарат компоненттерінің келесі ықтимал жағымсыз реакциялары белгілі:
- дорзоламид гидрохлориді:
Жүйке жүйесі тарапынан: жиі - бас ауыруы*; сирек - бас айналуы*, парестезия*.
Көру мүшесі тарапынан: жиі - қабақтың қабынуы*, қабақтың тітіркенуі*; жиі емес - иридоциклит*; сирек - тітіркенулер, оның ішінде қызару*, ауырсыну* және қабақтың қабыршақтануы*, транзиторлы миопия (препаратты тоқтатқаннан кейін өтетін), мөлдір қабықтың ісінуі*, көздің гипотониясы*, көздің хориоидальді қабығының ажырауы (хирургиялық араласымдардан кейін)*; жиілігі белгісіз - көздегі бөгде затты сезіну.
Жүрек тарапынан: жиілігі белгісіз – пальпитация, тахикардия.
Қантамырлары тарапынан: жиілігі белгісіз – гипертензия.
Тыныс алу жолдары, кеуде қуысы ағзалары жəне көкірек ортасы тарапынан: сирек - мұрыннан қан кету*; жиілігі белгісіз - диспноэ.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: жиі - жүрек айнуы*; сирек-жұтқыншақтың тітіркенуі, ауыздың құрғауы*.
Тері және тері асты тіндері тарапынан: сирек - бөртпе*.
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы бұзылулар: жиі - астения/шаршау.
- тимолол малеаты:
Иммундық жүйе тарапынан: сирек - аллергиялық реакциялар, оның ішінде ангионевроздық ісіну, есекжем, орныққан және жайылған бөртпе, анафилаксиялық реакциялар; жиілігі белгісіз - қышыну.
Зат алмасу және тамақтану жағынан: жиілігі белгісіз-гипогликемия.
Психикалық бұзылулар: жиі емес - депрессия*; сирек - ұйқысыздық*, қорқынышты түстер*, жадыны жоғалту; жиілігі белгісіз - елестеулер.
Жүйке жүйесі тарапынан: жиі - бас ауыруы*; жиі емес - бас айналуы*, естен тану*; сирек-парестезиялар*, миастения гравис симптомдарының артуы, либидоның төмендеуі*, ми қан айналымының бұзылуы*, церебральді ишемия.
Көру мүшесі тарапынан: жиі - блефаритті*, кератитті* қоса алғанда, көздің шырышты қабығы тітіркенуінің клиникалық көріністері мен симптомдары, мөлдір қабықтың сезімталдығының төмендеуі және көздің құрғауы*; жиі емес - көздің сыну қабілетінің өзгеруін қамтитын көрудің бұзылуы (бірқатар жағдайларда миотиктердің тоқтатылуына байланысты)*; сирек - птоз, диплопия, хирургиялық араласымдардан кейін көздің хориоидальді қабығының ажырауы*; жиілігі белгісіз - қышыну, көзден жас ағу, қызару, көру айқындылығының бұзылуы, мөлдір қабықтың эрозиясы.
Есту мүшесі тарапынан және лабиринтті бұзылулар: сирек- құлақтың шуылдауы*.
Жүрек тарапынан: жиі емес - брадикардия*; сирек - кеуденің ауыруы*, пальпитация*, ісіну*, аритмия*, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі*, жүректің тоқтап қалуы*, жүрек блокадасы*; жиілігі белгісіз - атриовентрикулярлық блокада, жүрек жеткіліксіздігі.
Қантамырлар тарапынан: сирек - гипотензия*, мезгіл-мезгіл ақсақтық, Рейно синдромы*, қол мен аяқ температурасының төмендеуі*.
Тыныс алу жолдары, кеуде қуысы ағзалары жəне көкірек ортасы тарапынан: жиі емес - диспноэ*; сирек – бронх түйілуі (негізінен алдыңғы бронх түйілуі патологиясы бар пациенттерде)*, тыныс алудың бұзылуы, жөтел*.
Асқазан-ішек жолы тарапынан: жиі емес - жүрек айнуы*, диспепсия*; сирек - диарея, ауыздың құрғауы*; жиілігі белгісіз - дисгевзия, іштің ауыруы, құсу.
Тері және тері асты тіндері тарапынан: сирек - алопеция*, псориаз тәрізді бөртпе немесе псориаздың өршуі*; жиілігі белгісіз - тері бөртпесі.
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан: сирек - жүйелі қызыл жегі; жиілігі белгісіз-миалгия.
Жыныс мүшелері мен сүт бездері тарапынан: сирек - Пейрони ауруы*, либидоның төмендеуі; жиілігі белгісіз-жыныстық дисфункция.
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы бұзылулар: жиі емес - астения/шаршау*.
* Бұл жағымсыз реакциялар дорзоламид + тимолол біріктірілімінің маркетингтен кейінгі зерттеулерінде байқалды.
** Қосымша жағымсыз реакциялар офтальмологиялық бета-блокаторларды қолдану кезінде байқалды және Дорзасопт препаратын қолдану кезінде туындауы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz