Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей назальный
Саудалық атауы
Доспрей®
Әсер етуші зат
Дексаметазон в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Ринит (оның ішінде инфекциялық-қабыну, этиологиясы аллергиялық)
Өндіруші
ЛеКос
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар: дексаметазон (дексаметазон натрий фосфаты түрінде) 1.00 мг, оксиметазолин гидрохлориді 0.50 мг,
қосымша заттар: бор қышқылы, бензалконий хлориді ерітіндісі 50 % (100 % затқа шаққанда), пропиленгликоль, повидон (ПВП), натрий тетрабораты рН 4.8 – 6.8 дейін, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе сарғыш ерітінді.
- ринит (оның ішінде инфекциялық-қабыну, этиологиясы аллергиялық)
- жедел ринофарингит
- жедел және созылмалы синуситтер (секрет шығуын жеңілдету үшін, оның ішінде этиологиясы аллергиялық)
Әсер ету механизмі
Дексаметазон – синтетикалық глюкокортикостероид, минералокортикоидты белсенділігі жоқ. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және десенсибилизациялаушы әсер береді. Жергілікті қолданғанда қышынуға қарсы және тамыр тарылтатын әсері бар. Эозинофилдердің қабыну медиаторларын лықсытуын, жуан жасушалар көшуін бәсеңдетеді және капиллярлар өткізгіштігін азайтады. Гиалуронидаза, коллагеназа және протеазалар белсенділігін тежейді.
Оксиметазолин – альфа-адреномиметик, имидазолин туындысы.
Мұрын қуысы және қосалқы қойнаулар шырышының веналық өріміне жылдам және ұзаққа созылатын тамыр тарылтатын әсерін қамтамасыз етеді. Патологиялық экссудацияны төмендетеді, жыпылықтайтын эпителий функциясын жақсартады. Шырышты қабықтың ісінуі қайтқаннан кейін мұрын қосалқы қойнаулары, есту түтігі аэрациясына арналған шығаратын өзекшелер ашылады және кеңейеді. Бұл мұрын қуысының дренаждық функциясын көтермелейді және бактериялар асқынулары дамуын болдырмайды.
Әсер ету ұзақтығы 10-12 сағат. Шырышты қабықты тітіркендірмейді және гиперемияны тудырмайды.
Дексаметазонмен біріктіру аллергияға қарсы әсерін қамтамасыз етеді. Препараттың құрамына кіретін пропиленгликоль және повидон (ПВП) мұрынның шырышты қабығының шамадан тыс құрғауынан қорғайды. Повидон (ПВП) қосымша қабынуға қарсы және уытсыздандырушы әсерге иеленген.
Дозалану режимі
Қолдану ұзақтығы зақымдану типіне және емдік жауабына байланысты болады.
Ересектерге әрбір мұрын қуысына күніне 2 рет 1-2 бүркуден тағайындайды.
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Енгізу әдісі және жолы
Интраназальді қолдану үшін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жабық бұрышты глаукома
- атрофиялық ринит («құрғақ» ринит - секрет бөлінбейтін мұрын жолдары шырышының қабынуы )
- моноаминооксидаза тежегіштерін және артериялық қысымның жоғарылауына ықпал ететін басқа препараттарды қабылдайтын пациенттерге қолдануға болмайды
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар
Жиі
- мұрын шырышты қабығын күйдіру немесе құрғату сезімі
- түшкіру
Жиі емес
- тахикардия, жоғары дозада ұзақ қолданған кезде қан қысымының артуы
Сирек
- бас ауыруы
- ұйқысыздық
- мұрын бітелуін сезіну
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- Иценко-Кушинг синдромы, бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі
Жүйелік жағымсыз әсерлер тек қана адреномиметиктерге жоғары сезімталдығы бар адамдарда болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Әдеттегі жергілікті қолдану режимінде артық дозалану ықтималдығы аз.
Симптомдары: елеулі артық дозалану немесе ішке қабылдау кезінде көз қарашығының тарылуы, жүрек айну, құсу, цианоз, дене температурасының жоғарылуы, тахикардия, аритмия, тамыр жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия, тыныс алу бұзылыстары, өкпенің ісінуі, ұйқышылдық, дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериялық гипотензия, тыныс алудың тоқтауы және команың дамуы, жүректің тоқтауы мүмкін.
Кездейсоқ артық дозалану кезінде препарат қолдануды тоқтатып және дереу дәрігерге қаралу керек.
Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық ем.
Ауыр жағдайларда фентоламин енгізу, интубация және жасанды тыныс алу қажет болуы мүмкін.
Артериялық гипертензия, жүрек-қантамыр аурулары, айқын атеросклероз, тахикардия, гипертиреоз, қант диабеті, феохромоцитома кезінде препаратты сақтықпен тағайындау керек.
Препаратты ұзақ және жоғары дозаларда қолданбайды, себебі бұл көзішілік қысымның жоғарылауына, препарат әсерінің әлсіреуіне, сондай-ақ мұрын шырышты қабығының атрофиясына, дәрілік ринитпен реактивті гиперемияға, мұрын эпителийі функциясының зақымдануына және бұзылуына әкелуі мүмкін.
Қарқынды емнен немесе үздіксіз ұзақ емнен кейін СҮРЗА4 тежегіштерімен (ритонавир мен кобицистатты қоса алғанда) ем қабылдап жүрген пациенттерді қоса, бейімі бар пациенттерде Иценко-Кушинг синдромы және/немесе бүйрек үсті бездерінің бәсеңдеуі туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда препаратты дереу емес, біртіндеп тоқтату керек.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда дәрілік заттың тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұсынылғаннан асатын дозада препаратты ұзақ қолданғанда жүрек-қантамыр жүйесіне жалпы әсерін жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайларда көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілеті төмендеуі мүмкін.
Препарат жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарда қолдануға арналмаған.
Препаратты басқа тамырды тарылтатын дәрілермен (енгізу тәсіліне қарамастан) бір уақытта қолданған кезде жағымсыз әсерлердің өзара күшеюі мүмкін.
Оксиметазолин жергілікті жансыздандыратын дәрілердің сіңуін баяулатады және олардың әсерін ұзартады.
Препаратпен елеулі артық дозалану кезінде трициклді антидепрессанттарды қолдану аясында артериялық қысымның жоғарылуы байқалуы мүмкін, МАО тежегіштерімен препараттардың ОЖЖ-ға әсері күшеюі ықтимал.
Дексаметазон фенитоиннің, барбитураттар және варфариннің әсерін күшейтуі мүмкін. CYP3A4 изоферментіне индукциялаушы әсерінен кальций өзекшелері блокаторлары, хинидин және эритромициннің тиімділігін төмендетеді.
М-холиноблокаторлармен (антигистаминдік препараттарды, трициклді антидепрессанттарды қоса), нитраттармен бір мезгілде тағайындау көзішілік қысым жоғарылауының дамуына ықпал етеді.
Ритонавир мен кобицистатты қоса алғанда, СҮРЗА4 тежегіштері жүйелі әсер ету деңгейін арттыруға қабілетті, бұл бүйрек үсті бездері функциясының бәсеңдеуі/Кушинг синдромы даму қаупінің ұлғаюына әкеледі («Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз). Қолайлы әсері кортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлерінің даму қаупінің жоғарылауынан асатын жағдайларды қоспағанда, осы препараттарды біріктіруден аулақ болу керек, бірақ бұл жағдайда пациент кортикостероидтардың жүйелі әсерінің туындауына мұқият бақылауда болуы тиіс.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препараттың сақтау мерзімі - 4 апта.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 15 С-ден 25 С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.