Гадотер қышқылын қолданумен байланысты жағымсыз реакциялар, әдетте, жеңіл немесе орташа қарқындылықта және қысқа мерзімді болады. Көбінесе инъекция орнында реакциялар, жүрек айну және бас ауыруы байқалады.
Клиникалық зерттеулер кезінде жүрек айнуы, бас ауыруы, инъекция орнындағы реакциялар, қалтырау, гипотензия, ұйқышылдық, бас айналу, ыстықты сезіну, күйдіріп-ашыту, бөртпелер, астения, дисгезия және гипертензия жиі байқалды, жиілігі жағынан олар жиі емес деп бағаланды (≥1/1000 – <1/100).
Маркетингтен кейінгі зерттеулерде гадотер қышқылын енгізгеннен кейін ең көп таралған жағымсыз әсерлер жүрек айну, құсу, қышыну және аса жоғары сезімталдық реакциялары болды.
Аса жоғары сезімталдық реакцияларының ішінде тері реакциялары жиі байқалды, олар оқшауланған, таралған немесе жайылған болуы мүмкін.
Бұл реакциялар көбінесе дереу пайда болады (инъекция кезінде немесе инъекция басталғаннан кейін бір сағат ішінде), кейде кідіріспен (инъекциядан кейін бір сағаттан бірнеше күнге дейін), мұндай жағдайларда терінің өзгеруімен көрінеді.
Жедел типті аса жоғары сезімталдық реакцияларына бір мезгілде немесе біртіндеп пайда болатын бір немесе одан да көп әсерлер жатады, олар көбінесе терінің, тыныс алу жүйесінің, асқазан-ішек жолының, буындардың және/немесе жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылуы болып табылады.
Әрбір симптом шок басталуының ескерту симптомы болуы мүмкін және өлімге әкелуі өте сирек.
Гадотер қышқылын қолдану кезінде НЖФ жекелеген жағдайлары тіркелді, олардың көпшілігі басқа гадолиний бар контрастты заттармен бір мезгілде енгізген пациенттерде орын алды.
Жиі емес:
• аса жоғары сезімталдық
• бас ауыруы, дисгевзия, бас айналу, ұйқышылдық, парестезия (күйдіріп-ашыту сезімін қоса)
• гипотензия, гипертензия
• жүрек айнуы, іштің ауыруы
• бөртпе
• ыстықты сезіну, суықты сезіну, астения, енгізу орнындағы реакциялар (экстравазация, ауыру, жайсыздық, ісіну, қабыну, суық)
Сирек:
• үрейлену
• естен тану алдындағы күй
• қабақтың ісінуі
• жүректің қағуы
• түшкіру
• құсу, диарея, сілекей бездерінің гиперсекрециясы
• есекжем, қышыну, гипергидроз
• кеуденің ауыруы, қалтырау
Өте сирек:
• анафилаксиялық реакция, анафилактоидты реакция
• қозу, мазасыздық
• кома, құрысулар, естен тану, тремор, паросмия
• конъюнктивит, көздің гиперемиясы, көру қабілетінің нашарлауы, жас ағудың күшеюі
• тахикардия, жүректің тоқтап қалуы, аритмия, брадикардия
• бозару, вазодилатация
• жөтел, ентігу, мұрынның бітелуі, тыныс алудың тоқтауы, бронх түйілуі, ларингоспазм, жұтқыншақтың ісінуі, тамақтың құрғауы, өкпенің ісінуі
• эритема, ангионевроздық ісіну, экзема
• бұлшықеттің түйілуі, бұлшықет әлсіздігі, арқаның ауыруы
• әлсіздік, кеудедегі жайсыздық, гипертермия, беттің ісінуі, енгізу орнындағы некроз (экстравазация кезінде), беткейлік флебит
Белгісіз:
• нефрогенді жүйелік фиброз
МРТ үшін басқа венаішілік контрастты заттарды қолданғанда келесі жағымсыз реакциялар туралы хабарланды:
Қан және лимфа жүйесі тарапынан - гемолиз
Психика тарапынан - сананың шатасуы
Көру мүшелері тарапынан - өтпелі зағиптық, көздің ауыруы
Есту мүшелері тарапынан- құлақтың шуылдауы, құлақтың ауыруы
Тыныс алу мүшелері, кеуде қуысы және көкірек ортасы тарапынан - демікпе
Асқазан-ішек жолы тарапынан - ауыздың құрғауы
Тері және теріасты шелі тарапынан - буллезді дерматит
Бүйрек және несеп шығару жүйесі тарапынан - несептің тоқтамауы, өзекшелердің жедел некрозы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі
Зерттеулер - ЭКГ-да PR аралығының ұзаруы, қандағы темірдің жоғары мөлшері, қандағы билирубиннің жоғары деңгейі, сарысулық ферритиннің жоғары деңгейі, бауырдың функционалдық тест көрсеткіштерінің өзгеруі
Балалардағы жағымсыз реакциялар
Балаларда қолдану қауіпсіздігі клиникалық және тіркеуден кейінгі зерттеулерде талданды. Гадотер қышқылының қауіпсіздік бейінінде ересектер мен балалар арасында ерекше айырмашылықтар жоқ. Жағымсыз реакциялардың көпшілігі - асқазан-ішектің симптомдары немесе аса жоғары сезімталдық белгілері.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz