Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
40 мг
Саудалық атауы
Дротаверин гидрохлориді
Әсер етуші зат
Дротаверин
Мақсаты
Өт шығару жолдары ауруларындағы тегіс бұлшықеттер түйілулері: холецистолитиаз, холангиолитиаз, холецистит, перихолицистит, холангит, папиллит
Өндіруші
Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Ел
Беларусь
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - 40 мг дротаверин гидрохлориді;
қосымша заттар: лактоза моногидраты, тальк, стеарин қышқылы, картоп крахмалы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сары немесе жасыл реңкті сары түсті, жалпақ цилиндр тәрізді, ойығы бар дөңгелек таблеткалар.
• өт шығару жолдары ауруларындағы тегіс бұлшықеттер түйілулері: холецистолитиаз, холангиолитиаз, холецистит, перихолицистит, холангит, папиллит;
• несеп шығару жолдарының тегіс бұлшықеттерінің түйілулері: нефролитиаз, уретеролитиаз, пиелит, цистит, қуық түйілулері.
Қосымша ем ретінде:
• асқазан-ішек жолдары тегіс бұлшықеттерінің түйілуінде: асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, гастрит, кардия мен асқазан қақпасының түйілуі, энтерит, колит, іш қатулармен спазмдық колит және метеоризммен тітіркенген ішек синдромы;
• бастың кернеп ауыруында;
• гинекологиялық ауруларда: дисменорея.
Изохинолин туындылары тобындағы спазмолитикалық дәрі ішкі ағзалар мен тамырлардың тегіс бұлшықеттеріне айқын босаңсытатын әсер етеді.
Әсер ету механизмі IV типті фосфодиэстераза ферментінің (ФДЭ IV) тежелуімен байланысты. ФДЭ IV тежелуі цАМФ бұзылуының тоқтауына және оның тегіс бұлшықет жасушасында жиналуына әкеледі. цАМФ концентрациясының жоғарылауы миозиннің жеңіл тізбектерінің миозинкиназасының белсенділігін жояды, бұл өз кезегінде тегіс бұлшықеттердің босаңсуына әкеледі. Миокард пен қан тамырларының тегіс бұлшықеттерінің жасушаларында цАМФ гидролизі негізінен ФДЭ III изоэнзимінің қатысуымен жүреді, бұл дротавериннің спазмолитикалық әсерінің жоғары талғамдылығын, жүрек-қантамыр жүйесіне айқын емдік әсері болмаған кезде және ауыр жүрек-қантамырлық жағымсыз құбылыстардың дамуын түсіндіреді.
Препарат жүйке және бұлшықет генезінің тегіс бұлшықеттерінің түйілулерінде тиімді. Дротаверин тамырлардың бұлшықеттеріне босаңсытатын әсер етеді, соның арқасында тіндердің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады.
Дозалау режимі
Ересектер
Ұсынылатын тәуліктік доза 120-240 мг (2-3 қабылдауға бөлінген).
Балалар
Балаларға арналған дротаверинді қолдану туралы клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ; егер дротаверинді енгізу қажет болса:
- 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар үшін: ең жоғары тәуліктік доза 80 мг болуы керек (2 қабылдауға бөлінген);
- 12 жастан асқан балалар үшін: ең жоғары тәуліктік доза 160 мг құрауы тиіс (2-4 қабылдауға бөлінген).
6 жасқа дейінгі балаларға қатысты деректер жоқ.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Қатар жүретін аурулардың нашарлауын болдырмау үшін егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде қолдануға болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігінде қолдануға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.
- дротаверинге немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі;
- жүректің ауыр жеткіліксіздігі (жүректің төмен лықсыту синдромы);
- лактация кезеңі;
- галактозаны тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы;
- 6 жасқа дейінгі балалар.
Сирек
- бас ауыруы, бас айналуы, ұйқысыздық;
- тахикардия, артериялық қысымның төмендеуі;
- жүрек айнуы, іш қату;
- аллергиялық реакциялар: ангионевроздық ісіну, есекжем, бөртпе, қышыну.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдар: жоғары дозаларда жүрекше-қарыншалық өткізгіштікті бұзады, жүрек бұлшықетінің қозғыштығын төмендетеді, жүректің тоқтауын және тыныс алу орталығының салдануын тудыруы мүмкін.
Емі: препаратты тоқтату, асқазанды шаю, туындаған бұзылуларды жоюға бағытталған симптоматикалық терапия. Спецификалық антидоты жоқ.
Коронарлық патологиясы бар және қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бар пациенттерге тағайындау кезінде сақ болу керек.
Артериялық қысымның төмендеуінде препаратты қолдану ерекше сақтықты талап етеді.
Арнайы ескертулер
Дротаверин гидрохлоридінің бір таблеткасында 53,8 мг лактоза моногидраты бар. Сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы аурулары, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы немесе глюкоза-галактозаның сіңуі бұзылған пациенттерге бұл препаратты қабылдауға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пациенттер препаратты қабылдағаннан кейін бас айналу пайда болған кезде көлік құралын немесе басқа механизмдерді басқару сияқты ықтимал қауіпті қызметтен бас тарту ұсынылатыны туралы хабардар болуы тиіс.
Пероральді ретроспективті клиникалық зерттеулер жүктілік кезеңіне, эмбриональді дамуға, босануға немесе босанғаннан кейінгі дамуға тікелей немесе жанама жағымсыз әсер етпеді. Дегенмен, жүктілік кезінде препаратты қолдану сақ болуды талап етеді.
Бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Педиатрияда қолдану
Балаларға қатысты клиникалық зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан сақтықпен қолданған жөн.
Бір мезгілде қолданған кезде дротаверин леводопаның паркинсон ауруына қарсы әсерін төмендетуі мүмкін.
Бір мезгілде қолданғанда папавериннің, бендазолдың және басқа да спазмолитиктердің (соның ішінде м-холиноблокаторлардың) әсерін күшейтеді.
Дротаверинмен бір мезгілде трициклді антидепрессанттарды, хинидинді және прокаинамидті қолданғанда гипотензивті әсері күшейеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.