Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
40 мг/2 мл
Саудалық атауы
Дротаверин
Әсер етуші зат
Дротаверин
Мақсаты
Өт шығару жолдарының аурулары кезіндегі тегіс бұлшықеттер түйілуінде: холецистолитиаз, холангиолитиаз, холецистит, перихолецистит, холангит, папиллит
Өндіруші
Химфарм
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
2 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – 40.0 мг дротаверин гидрохлориді
қосымша заттар - натрий метабисульфиті (100% затқа шаққанда), этанол 96% , инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сары-жасыл түсті мөлдір сұйықтық
• өт шығару жолдарының аурулары кезіндегі тегіс бұлшықеттер түйілуінде: холецистолитиаз, холангиолитиаз, холецистит, перихолецистит, холангит, папиллит
• несеп шығару жолдарының тегіс бұлшықеттерінің түйілуінде: нефролитиаз, уретролитиаз, пиелит, цистит, қуық тенезмі
Қосымша ем ретінде (пациент таблетка қабылдай алмайтын кезде):
• асқазан-ішек жолының тегіс бұлшықеттерінің түйілулерінде: асқазанның және он екі елі ішектің ойықжаралы ауруында, гастритте, кардия және қақпаның түйілуінде, энтерит, колит
• гинекологиялық ауруларда: дисменорея (ауырсынулы етеккір)
ATХ коды А03АD02
Әсер ету механизмі
Дротаверин изохинолиннің туындысы болып табылады, ол тегіс бұлшықетке тікелей спазмолитикалық әсер етеді. Фосфодиэстераза ферментінің тежелуі және цАМФ деңгейінің кейінгі жоғарылауы препараттың әсер ету механизмінің анықтаушы факторлары болып табылады және миозин киназасының жеңіл тізбегінің (МКЖТ) белсенділігін жою арқылы тегіс бұлшықеттердің босаңсуына алып келеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Дротаверин ФДЭ III және ФДЭ V изоферменттерін тежеместен фосфодиэстераза (ФДЭ) IV ферментін in vitro тежейді. Іс жүзінде, ФДЭ IV тегіс бұлшықеттердің жиырылу қабілетін төмендетуде маңызды рөл атқарады; осыған байланысты ФДЭ IV селективті тежеуіштері гиперкинезиялық бұзылуларды және асқазан-ішек жолдарының тегіс бұлшықеттерінің спастикалық жай-күйлерімен қатар жүретін әртүрлі ауруларды емдеуде пайдалы болуы мүмкін. ФДЭ III ферменті миокардтың және тамырлардың тегіс бұлшықеттерінің жасушаларында цАМФ гидролиздейді.
Вегетативті иннервация түріне қарамастан, дротаверин асқазан-ішек жолдарының тегіс бұлшықеттеріне, өт шығару жолдарына, несеп-жыныс жүйесі мен тамырларына бірдей әсер етеді. Тамырды кеңейтетін әсері болғандықтан дротаверин тіндердің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады.
Дротаверин PDE IV изоферментін іn vitro тежейді, бірақ PDE III және PDE V изоферменттерді емес. PDE IV тегіс бұлшықеттердің жиырылуын төмендетуге жауапты ферментке жатады, бұл PDE IV селективті тежеуіштері гипермобильділікті және асқазан-ішек жолының спастикалық жай-күйлеріне байланысты көптеген ауруларды емдеуде тиімді болуы мүмкін деп болжауға мүмкіндік береді.
Жүрек және тамырлық бұлшықеттерде цАМФ гидролизіне жауапты фермент негізінен PDE III болып табылады, бұл дротавериннің неліктен жүрек-қантамыр жүйесіне және жүрек-қантамырлық күрделі жағымсыз реакцияларға емдік әсерсіз тиімді спазмолитикалық дәрі екенін түсіндіреді.
Дозалану режимі
Ересектер: әдеттегі доза бұлшықет ішіне күніне 40-240 мг құрайды (1-3 рет
қабылдауға бөлінген).
Бүйректас немесе өттас ауруы кезінде жедел шаншуларды басу үшін: 40-80 мг вена ішіне.
Енгізу әдісі және жолы
Бұлшықет ішіне, вена ішіне
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар Симптомдары: дротавериннің артық дозасы өлімге әкелуі мүмкін қарыншааралық блокадасын және жүректің тоқтауын қоса, жүрек өткізгіштігінің және жүрек ырғағының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Емі: артық дозаланған жағдайда науқас мұқият бақылауда болуы және симптоматикалық және демеуші ем алуы тиіс, соның ішінде құсуды индукциялау және/немесе асқазанды шаю.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина
қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
• препараттың белсенді затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• натрий бисульфитіне жоғары сезімталдық
• бүйректің немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
• жүректің ауыр жеткіліксіздігі (жүректің төмен лықсу синдромы)
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге
реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
(қажет болған жағдайда)
Сирек (≥1/10 000-нан, <1/1000 дейін)
• бас ауруы, бас айналуы, ұйқысыздық
• жүрек айнуы, қатты іш қату
• жүрек соғуының жиілеуі, артериялық қысымының төмендеуі
• аллергиялық реакциялар (ангионевроздық ісіну, есекжем, бөртпе, қышыну)
• инъекция енгізілген жердегі реакциялар
Белгісіз
• өлімге әкеліп соғатын немесе өлімге әкелмейтін анафилаксиялық шок инъекция түрінде ем қабылдаған пациенттерде тіркелді
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік
препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық жәнефармацевтикалықбақылаукомитеті«Дәрілікзаттармен
медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Гипотензия кезінде препаратты қолдану жоғары сақтықпен талап етеді. Препаратты венаның ішіне енгізгенде коллапс қаупіне байланысты науқас тек жатқан күйде болуы тиіс.
Препараттың құрамына натрий метабисульфиті кіреді, ол сезімтал адамдарда, әсіресе анамнезінде бронх демікпесі немесе аллергиялық реакциялары бар адамдарда анафилаксиялық симптомдар мен бронх түйілуін қоса, аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.
Натрий метабисульфитіне сезімталдығы жоғары пациенттерге инъекцияны енгізбеу керек.
Жүктілік кезінде препаратты қолдану ерекше сақтықты талап етеді.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Балалардың қатысуымен клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдік дозаларды парентеральді, әсіресе вена ішіне тағайындаған кезде, пациенттерге олардың автокөлікті және басқа механизмдерді басқару
сияқты қауіптілігі зор әрекеттерден аулақ болуы керектігі туралы ескерту керек.
Клиникаға дейінгі зерттеулер жүктілік ағымына, эмбриондық дамуға,
босануға немесе босанғаннан кейінгі кезең ағымына тікелей немесе жанама
теріс әсерлердің қандай да бір белгілерін көрсетпеді.
Дегенмен, препаратты ана мен балаға пайда-қауіп арақатынасын мұқият таразылағаннан кейін ғана тағайындауға болады.
Дротаверинді босану кезінде қолдануға болмайды.
Клиникалық зерттеулер деректері болмағандықтан, бала емізу кезеңінде препаратты тағайындау ұсынылмайды.
Папаверин сияқты фосфодиэстераза тежеуіштері леводопаның паркинсонизмге қарсы әсерін төмендетеді.
Сондықтан дротаверинді леводопамен бір мезгілде қолданғанда тремор мен сіреспелілік күшеюі мүмкін, сақ болу қажет.
М-холиноблокаторларды қоса алғанда, басқа да спазмолитикалық дәрілермен: спазмолитикалық әсерінің өзара күшеюі.
Трициклді антидепрессанттармен, хинидинмен, прокаинамидпен бір мезгілде қолданғанда трициклді антидепрессанттардан, хинидиннен және прокаинамидтен туындайтын АҚ төмендеуі күшейеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау
керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.