Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для внутривенного и внутримышечного введения
Дозасы
20 мг/мл
Саудалық атауы
Дротаверин
Әсер етуші зат
Дротаверин
Мақсаты
Билиарлық жол ауруларымен байланысты тегіс бұлшықеттердің түйілуі: холецистолитиаз, холангиолитиаз, холецистит, перихолецистит, холангит, папиллит
Өндіруші
Открытое акционерное общество «Борисовский завод медицинских препаратов»
Ел
Беларусь
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір ампуланың ішінде:
белсенді зат - 40 мг дротаверин гидрохлориді;
қосымша заттар: натрий метабисульфиті, натрий ацетаты тригидраты, мұзды сірке қышқылы, этил спирті 96 %, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сарыдан сарғыш-жасыл түске дейінгі мөлдір сұйықтық. Сірке қышқылы иісінің болуына жол беріледі.
- билиарлық жол ауруларымен байланысты тегіс бұлшықеттердің түйілуі: холецистолитиаз, холангиолитиаз, холецистит, перихолецистит, холангит, папиллит;
- несеп шығару жолдарының тегіс бұлшықеттердің түйілуі: нефролитиаз, уретролитиаз, пиелит, цистит, қуық тенезмдері;
- гинекологиялық аурулар кезінде: дисменорея.
Қосымша ем ретінде (пациент таблетка қабылдай алмайтын жағдайда):
- асқазан-ішек жолдары тегіс бұлшықеттерінің түйілуінде: асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруында, гастритте, кардия және қақпа түйілуінде, энтеритте, колитте.
Әсер ету механизмі
Дротаверин IV фосфодиэстераза ферментін (ФДЭ IV) басу арқылы тегіс бұлшықетке спазмолитикалық әсер көрсететін изохинолин туындысы болып табылады. Фосфодиэстераза IV ферментінің тежелуі цАМФ концентрациясының жоғарылауына әкеледі, бұл миозин киназасының (MLCK) жеңіл тізбегінің белсенділігін жояды, бұл өз кезегінде тегіс бұлшықеттің босаңсуына әкеледі.
Фармакодинамикалық әсерлер
Дротаверин ФДЭ III және ФДЭ V изоэнзимдерін тежеусіз ФДЭ IV ферментін тежейді. ФДЭ IV (функционалды түрде тегіс бұлшықеттердің жиырылу қабілетін азайту үшін өте маңызды) және ФДЭ IV селективті тежегіштері гиперкинетикалық ауруларды және асқазан-ішек жолдарының түйілу жағдайымен байланысты әртүрлі жағдайларды емдеуде пайдалы болуы мүмкін.
Миокард пен тамырлардың тегіс бұлшықет жасушаларында цАМФ гидролиздейтін фермент негізінен ФДЭ III изоэнзимі болып табылады, бұл дротаверин жүрек-қантамырларының жағымсыз әсерлерінсіз және жүрек-қантамыр жүйесіне айқын әсер етпестен тиімді спазмолитик агент екенін түсіндіреді.
Дротаверин жүйке реттелуінің бұзылуынан және жүйке мен бұлшықет этиологиясының өзін-өзі реттеуінен туындаған тегіс бұлшықет түйілуінде тиімді. Вегетативті иннервацияның түріне қарамастан, дротаверин асқазан-ішек, өт, урогениталий және қантамыр жүйелеріндегі тегіс бұлшықеттерге әсер етеді.
Тамыр кеңейткіш әсерінің арқасында ол тіндердің қанайналымын жақсартады.
Дозалау режимі
Ересектер: орташа тәуліктік доза бұлшықет ішіне 40-240 мг дротаверин гидрохлоридін (тәулігіне 1-3 енгізуге бөлінген) құрайды.
Жедел шаншулар кезінде (бүйрек-тас немесе өт-тас ауруы) - 40-80 мг (2-4 мл дәрілік препарат) вена ішіне баяу.
Енгізу әдісі мен жолы
Бұлшықет ішіне, вена ішіне.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Бұл дәрілік препаратты әрдайым өзіңіздің дәрігеріңіздің нұсқауы бойынша қолданыңыз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық (әсіресе натрий метабисульфитіне);
- бауыр немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі;
- жүректің ауыр жеткіліксіздігі (жүректің төмен лықсыту синдромы);
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Сирек
- жүрек айнуы, іш қату;
- бас ауыруы, бас айналуы, ұйқысыздық;
- жүректің жиі соғуы, гипотензия;
- ангионевроздық ісінуді, есекжемді, бөртпені, қышынуды, қызбаны, қалтырауды, дене температурасының жоғарылауын, әлсіздікті қоса, аллергиялық реакциялар, әсіресе натрий метабисульфитіне сезімталдығы жоғары пациенттерде;
- инъекция енгізу орнындағы реакциялар.
Белгісіз
- инъекциялық түрін қолдану кезінде өлімге әкелетін және өлімге әкелмейтін салдары бар анафилаксиялық шок жағдайлары туралы хабарламалар болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жоғары дозаларда жүрекше-қарыншалық өткізгіштікті бұзады, жүрек бұлшықетінің қозғыштығын төмендетеді, жүректің тоқтауын және тыныс алу орталығының салдануын тудыруы мүмкін.
Емі: симптоматикалық.
Артериялық гипотензияда, коронарлық артериялардың айқын атеросклерозда, жүктілік кезеңінде сақтықпен тағайындау керек.
Дәрілік препаратты вена ішіне енгізу кезінде коллапс қаупіне байланысты пациент тек жатқан қалыпта болуы керек.
Дәрілік препарат құрамында натрий метабисульфиті бар, ол сезімтал адамдарда, әсіресе анамнезінде бронх демікпе немесе аллергиялық реакциялары бар адамдарда, анафилаксиялық симптомдар мен бронх түйілуін қоса, аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Натрий метабисульфитіне жоғары сезімталдық жағдайында дәрілік препаратты парентеральді қолданудан аулақ болу керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік препаратты парентеральді, әсіресе вена ішіне енгізгеннен кейін пациенттерге парентеральді енгізгеннен кейін 1 сағат бойы көлік құралдарын жүргізуден және физикалық және психикалық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қызметтің әлеуетті қауіпті түрлерімен айналысудан бас тарту ұсынылады.
Жүктілік кезінде дротаверинді парентеральді қолдану тератогендік және эмбриоуытты әсерлерге әкелмейді. Алайда, жүктілік кезінде препаратты тағайындағанда сақ болу керек.
Дротаверинді босану кезінде қолдануға болмайды.
Қажетті клиникалық деректердің болмауына байланысты лактация кезеңінде тағайындау ұсынылмайды.
Дротаверин леводопаның паркинсон ауруына қарсы әсерін әлсіретуі мүмкін.
Дротаверин папаверин, бендазол және басқа да спазмолитиктердің (оның ішінде М-холиноблокаторлардың) әсерін күшейтеді.
Дротаверинмен бір мезгілде трициклді антидепрессанттарды, хинидинді және прокаинамидті қолданғанда гипотензиялық әсері күшейеді.
Дротаверин морфиннің спазмогендік белсенділігін төмендетеді.
Фенобарбитал дротавериннің спазмолитикалық әсерінің айқындылығын арттырады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.