ATX коды G04CA52
Әсер ету механизмі
Дутастерид-тамсулозин препараты екі дәрілік заттың біріктірілімі түрінде болады: дутастерид – 5 α-редуктазаның қосарлы тежегіші және тамсулозин гидрохлориді – α1a және α1d-адренорецепторлар антагонисі. Аталған дәрілердің комплементтік әсер ету механизмдері бар, соның нәтижесінде симптомдардың және несеп шығару жылдамдығының тез жақсаруы, жедел несеп іркілісі (ЖНІ) қаупінің және ҚБҚГ себебімен хирургиялық операция жасау қажеттілігінің төмендеуі болады.
Дутастерид тестостеронның дигидротестостеронға (ДГT) айналуына жауап беретін 1 және 2 типті альфа-редуктазаның 5 изоферментін тежейді. ДГT – көбінесе қуық асты безінің өсуіне және ҚБҚГ дамуына жауап беретін андроген. Тамсулозин көбінесе қуық асты безі стромасының тегіс бұлшықеттерінде және қуық мойнағында α1a және α1d-адренорецепторлар белсенділігін бәсеңдетеді. Қуық асты безіндегі α1- рецепторлардың 75% жуығы α1a қосалқы типіне жатады.
Фармакодинамикалық әсерлер
Дутастеридті тамсулозинмен бір мезгілде қабылдау
Төменде берілген деректер дутастид пен тамсулозинді бір мезгілде қабылдау туралы қолда бар ақпаратты көрсетеді.
Дутастерид 0.5 мг/тәулік (n = 1623), тамсулозин 0.4 мг/тәулік (n = 1611) немесе 0.5 мг дутастеридке қоса 0.4 мг тамсулозинді (n = 1610) бірге қабылдау қуық асты безінің көлемі ≥ 30 мл және 1.5-10 нг/мл диапазонындағы ПСA мәні бар пациенттер арасында ҚБҚГ орташа және ауыр симптомдары бар ерлерде бағаланды.
Қуық асты безінің көлемі ≥ 30 мл және 1.5-10 нг/мл диапазонындағы ПСA мәні бар ҚБҚГ орташа және ауыр симптомдары бар ерлердің қатысуымен қатар топтарда жүргізілген 4 жылдық көп орталықтық, көп ұлтты, рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын зерттеуде 0.5 мг/тәулік дозада дутастеридті (n = 1623), 0.4 мг/тәулік дозада тамсулозинді (n = 1611) қолдану немесе 0.5 мг дутастеридке қоса 0.4 мг тамсулозинді (n = 1610) бір мезгілде қабылдау бағаланды. Пациенттердің 53% жуығы бұрын 5-альфа-редуктаза тежегішінің немесе альфа-адренорецепторлар антагонисінің әсеріне ұшыраған. Алғашқы 2 жыл емделу кезіндегі тиімділікті бастапқы соңғы нүктесі – өмір сапасы туралы қосымша сауалнамамен AUA-SI негізіндегі 8 тармақтан тұратын құрал –
Қуық асты безі ауруы симптомдарының халықаралық шкаласы (IPSS) бойынша өзгеру болды. Тиімділіктің екінші соңғы нүктелері 2 жыл өткен соң бағаланды және несеп ағынының ең жоғары жылдамдығын (Qmax) және қуық асты безінің көлемін қамтыды. Біріктірілімді қабылдаған топтағы IPSS нәтижелері дутастерид тобымен салыстырғанда 3 айдан бастап және тамсулозин тобымен салыстырғанда 9 айдан бастап айтарлықтай көрсеткішке жетті. Біріктірілімді қабылдаған топтағы Qmax нәтижелері, дутастерид пен тамсулозин топтарымен салыстырғанда, 6 айдан бастап айтарлықтай көрсеткішке жетті.
Дутастерид пен тамсулозин біріктірілімі осы компоненттердің әрқайсысын бөлек қолдануға қарағанда, симптомдарды тиімдірек жеңілдетеді. 2 жыл емделуден кейін біріктірілген ем тобында бастапқы мәнінен -6.2 балл құраған симптомдар шкаласы бойынша статистикалық маңызды түзетілген орташа жақсару байқалды.
Бастапқы деңгеймен салыстырғанда, несеп шығару жылдамдығының түзетілген орташа жақсаруы біріктірілген ем тобында 24 мл/сек; дутастерид тобында 1.9 мл/сек, ал тамсулозин тобында 0.9 мл/сек құрады. Бастапқы деңгеймен салыстырғанда, ҚБҚГ әсер ету индексінің (BII) түзетілген орташа жақсаруы біріктірілген ем тобында 2.1 балл; дутастерид тобында -1.7 балл, ал тамсулозин тобында -1.5 балл құрады. Несеп шығару жылдамдығының және ҚЬҚГ әсер ету индексінің байқалатын жақсаруы, монотерапияның екі тобымен де салыстырғанда, біріктірілген ем тобында статистикалық маңызды болды.
2 жыл емделуден кейін қуық асты безінің жалпы көлемінің және ауыспалы аймақ көлемінің төмендеуі біріктірілген ем тобында, тамсулозин монотерапиясымен салыстырғанда, статистикалық маңызды болды.
4 жылдық емдеуден кейінгі тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесі ЖНІ немесе ҚБҚГ-мен байланысты хирургиялық операцияның алғашқы жағдайының дамуына дейінгі уақыт болды. 4 жылдық емдеуден кейін біріктірілген ем, тамсулозин монотерапиясымен салыстырғанда, ЖНІ немесе ҚБҚГ-мен байланысты хирургиялық операциялар қаупін едәуір төмендетті (қаупінің 65.8% төмендеуі, p < 0,001 [95% CА 54.7% - 74.1%]). 4 жыл ішінде ЖHІ немесе ҚБҚГ-мен байланысты хирургиялық операциялар жағдайларының жиілігі біріктірілген ем тобында 4.2% және тамсулозин тобында 11.9% құрады (p <0.001). Дутастерид монотерапиясымен салыстырғанда, біріктірілген ем ЖНІ немесе ҚБҚГ-мен байланысты хирургиялық араласулар қаупін 19.6% төмендетті (p = 0.18 [95% CА -10.9% -41.7%]). Дутастерид тобында 4 жыл ішінде ЖHІ немесе ҚБҚГ-мен байланысты хирургиялық операциялар жағдайларының жиілігі 5.2% құрады.
4 жыл емдеуден кейін тиімділіктің екінші соңғы нүктелеріне клиникалық үдеуге дейінгі уақытты қамтыды (IPSS шкаласы бойынша ≥ 4 балл нашарлауы, ҚБҚГ-мен байланысты ЖНІ жағдайлары, несепті ұстай алмау, несеп шығару жолдарының инфекциясы (НЖИ) және бүйрек жеткіліксіздігі қамтылған жағдайлар жиынтығы); қуық асты безінің аурулары симптомдарының халықаралық шкаласының (IPSS) өзгеруі, несеп шығарудың ең жоғары жылдамдығының және қуық асты безі көлемінің өзгеруі. 4 жыл емнен кейін алынған зерттеу нәтижелері төменде берілген.
Параметр — Уақыт кезеңі — Біріктірілім — Дутастерид — Тамсулозин
ЖНІ немесе ҚБҚГ-мен байланысты хирургиялық араласу (%) — 48 ай өткеннен кейінгі жиілік — 4.2 — 5.2 — 11.9a
Клиникалық үдеу* (%) — 48 ай — 12.6 — 17.8b — 21.5a
IPSS (баллдар) — [Бастапқы деңгей] 48 ай (бастапқы деңгейден өзгеруі) — [16.6] -6.3 — [16.4] -5.3b — [16.4] -3.8a
Qmax (мл/сек) — [Бастапқы деңгей] 48 ай (бастапқы деңгейден өзгеруі) — [10.9] 2.4 — [10.6] 2.0 — [10.7] 0.7a
Қуық асты безінің көлемі (мл) — [Бастапқы деңгей] 48 ай (бастапқы деңгейден % өзгеруі) — [54.7] -27.3 — [54.6] -28.0 — [55.8] +4.6a
Қуық асты безінің ауыспалы аймағының көлемі (мл)# — [Бастапқы деңгей] 48 ай (бастапқы деңгейден % өзгеруі) — [27.7] -17.9 — [30.3] -26.5 — [30.5] 18.2a
ҚБҚГ әсер ету индексі (BII) (баллдар) — [Бастапқы деңгей] 48 ай (бастапқы деңгейден % өзгеруі) — [5.3] -2.2 — [5.3] -1.8b — [5.3] -1.2a
IPSS, 8 сұрақ (ҚБҚГ-мен байланысты денсаулық жағдайын бағалау) (баллдар) — [Бастапқы деңгей] 48 ай (бастапқы деңгейден өзгеруі) — [3.6] -1.5 — [3.6] -1.3b — [3.6] -1.1a
Бастапқы деңгей орташа мәндер түрінде болады, ал бастапқы деңгейден ауытқулар түзетілген орташа мәндер болып табылады.
* Клиникалық үдеу келесі көрсеткіштердің жиынтығы болып табылады: IPSS шкаласы бойынша ≥ 4 балл нашарлау, ҚБҚГ-мен байланысты ЖНІ жағдайлары, несепті ұстай алмау, НЖИ және бүйрек жеткіліксіздігі.
# Бағалау жеке зерттеу орталықтарында жүргізілді (рандомизацияланған пациенттердің 13%-ы).
а. Біріктірілген ем тобында 48 ай өткен соң, тамсулозин тобымен салыстырғанда, маңызды нәтижелер алынды (p < 0.001).
б. Біріктірілген ем тобында 48 ай өткен соң, дутастерид тобымен салыстырғанда, маңызды нәтижелер алынды (p < 0.001).
Дутастерид
Плацебомен салыстырғанда, дутастеридті 0.5 мг/тәулік дозада қабылдау қуық асты безінің көлемі ≥ 30 мл және ПСА көрсеткіші 1.5-10 нг/мл ҚБҚГ орташа және ауыр симптомдары бар 4325 ер адамның қатысуымен жүргізілген бастапқы тиімділігінің 2 жылдық көп орталықтық, көп ұлтты, плацебо-бақыланатын, салыстырмалы жасырын зерттеулерінде бағаланды. Одан кейін зерттеулер 4 жылға дейінгі ашық қосымша кезеңдермен жалғасты, осы орайда зерттеуде қалған пациенттердің бәрі бірдей дутастеридті сол 0.5 мг дозада алуды жалғастырды. 4 жыл өткен соң бастапқыда плацебо алған пациенттердің 37%-ы және бастапқыда дутастерид қабылдаған барлық пациенттің 40%-ы зерттеуге қатысуды жалғастырды. Зерттеудің ашық қосымша кезеңіне қатысқан 2340 пациенттің көпшілігі (71%) осының үстіне 2 жыл бойы ем қабылдады.
Клиникалық тиімділіктің ең көп маңызды параметрлері Америка урологиялық қауымдастығының симптомдар индексі (AUA-SI), несеп шығару жылдамдығының ең жоғары жылдамдығы (Qmax), жедел несеп іркілісі және ҚБҚГ-мен байланысты хирургиялық араласулар жағдайларының жиілігі болды.
AUA-SI ҚБҚГ-мен байланысты симптомдарды бағалауға арналған жеті тармақтан тұратын, ең жоғары мәні 35 балл сауалнама түрінде болады. Индекстің бастапқы орташа мәні шамамен 17 балл құрады. Алты ай, бір жыл және екі жыл емнен кейін плацебо тобында орташа жақсару, тиісінше, 2.5, 2.5 және 2.3 балл, ал Аводарт препараты тобында 3.2, 3.8 және 4.5 балл құрады. Екі топтың арасындағы айырмашылықтар статистикалық тұрғыдан маңызды болды. Салыстырмалы жасырын емнің алғашқы 2 жылының ішінде байқалған AUA-SI индексінің жақсаруы ашық қосымша зерттеу барысында тағы 2 жыл бойы сақталды.
Qmax (ең жоғары несеп шығару жылдамдығы)
Зерттеулердегі Qmax орташа бастапқы мәні шамамен 10 мл/сек құрайды (қалыпты Qmax мәні ≥15 мл/сек). Бір жыл және екі жыл емделуден кейін плацебо тобындағы несеп шығару жылдамдығы, тиісінше, 0.8 және 0.9 мл/сек, ал Аводарт препараты тобында, тиісінше, 1.7 және 2.0 мл/сек жақсарды. Екі топтың арасындағы айырмашылық 1-ден 24 айға дейінгі кезеңде статистикалық маңызды болды. Салыстырмалы жасырын емнің алғашқы 2 жылының ішінде байқалған ең жоғары несеп шығару жылдамдығының артуы ашық қосымша зерттеулер барысында тағы 2 жыл бойы сақталды.
Жедел несеп іркілісі және хирургиялық араласу
Екі жыл емделуден кейін ЖНІ жиілігі, дутастерид тобындағы 1.8%-бен салыстырғанда, плацебо тобында 4.2% құрады (қауіптің 57% төмендеуі). Осы айырмашылық статистикалық тұрғыдан маңызды және екі жыл бойы дутастерид қабылдау 42 пациентте бір ЖНІ жағдайының алдын алуға көмектеседі (95% CА 30-73).
Екі жылдық емдеуден кейін ҚБҚГ-мен байланысты хирургиялық операциялар жиілігі плацебо тобында 4.1% және дутастерид тобында 2.2% құрады (қауіптің 48% төмендеуі). Осы айырмашылық статистикалық тұрғыдан маңызды және екі жыл бойы дутастерид қабылдаудың 51 пациентке жасалатын бір хирургиялық араласуды болдырмауға көмектесетінін білдіреді (95% CА 33-109).
Шаш жабынының таралуы
ІІІ фаза зерттеулерінің бағдарламасы шеңберінде шаш жабынының таралуына дутастеридтің әсері ресми зерттелмеді, алайда, 5-альфа-редуктаза тежегіштерін қабылдау шаштың түсуін азайтуы және ерлер типіндегі таздануы (ерлердің андрогендік алопециясы) бар пациенттерде оның өсуіне ықпал етуі мүмкін.
Қалқанша без функциясы
Қалқанша без функциясы дені сау ерлердің қатысуымен бір жылға созылған зерттеуде бағаланды. Бір жылдық ем соңында бос тироксин деңгейлері өзгермеді, бірақ плацебомен салыстырғанда, тиреотропты гормон (TТГ) деңгейі болымсыз (0.4 мкХБ/мл) жоғарылады. Алайда, TТГ деңгейінің осы өзгерістері клиникалық маңызды емес болып бағаланды, өйткені TТГ деңгейлері ауытқумен болды, осы орайда TТГ диапазоны (1.4 - 1.9 мкХБ/мл) медианасы қалып шегінде қалды (0,5 - 4,0 мкХБ/мл), ал тироксин деңгейлері қалып шегінде тұрақты әрі плацебо тобында және дутастерид тобында ұқсас болды. Барлық клиникалық зерттеулер нәтижелері дутастеридтің қалқанша без функциясына кері әсер ету дәлелдерін көрсетпеді.
Сүт безінің жаңа түзілімдері
Дутастеридтің 3374 пациент/жыл әсерін қамтамасыз еткен 2 жылға созылған клиникалық зерттеулерде және препаратты тіркеу кезінде 2 жыл бойы созылған ашық қосымша зерттеуде дутастерид қабылдаған ер адамдарда сүт безі обырының 2 жағдайы және плацебо қабылдаған пациенттегі 1 жағдайы хабарланды. Дутастеридтің 17489 пациент/жыл және дутастерид пен тамсулозин біріктірілімінің 5027 пациент/жыл әсерін қамтамасыз еткен 4 жылға созылған CombAT және REDUCE клиникалық сынақтарында топтардың бір де бірінде сүт безі обырының жағдайлары хабарланбады.
Бірі АҚШ-та (n = 339 кеуде обыры және n = 6780 бақылау жағдайы), ал екіншісі Ұлыбританияның денсаулық сақтау деректерінің базасында (n = 398 кеуде обыры және n = 3930 бақылау жағдайы) жүргізілген екі эпидемиологиялық «жағдай-бақылау» зерттеуінде 5-альфа-редуктаза тежегіштерін қолданғанда ерлерде сүт безі обырының даму қаупінің артуы байқалмады (4.4 бөлімін қараңыз). Бірінші зерттеу нәтижелерінде ерлерде сүт безі обырының дамуымен оң байланыс анықталмады (≥ 1 жыл қолданумен салыстырғанда, сүт безінің обыры диагнозының қойылуына дейін < 1 жыл қолдану үшін салыстырмалы қауіп: 0.70: 95% CА 0.34, 1.45). Екінші зерттеуде 5-альфа-редуктаза тежегіштерін қолдану кезіндегі сүт безі обырының даму мүмкіндіктерін бағалау қатынасы, оларды қолданбаған топпен салыстырғанда, 1.08: 95% CА 0.62, 1.87 құрады.
Ерлерде сүт безі обырының туындауы мен дутастеридті ұзақ уақыт қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыс анықталмады.
Ерлер фертильділігіне әсері
Дутастеридті 0.5 мг тәулік/дозада қабылдаудың шәуһет сипаттамаларына әсері 18-ден 52 жасқа дейінгі дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген зерттеуде (дутастерид тобында n = 27; плацебо тобында n = 23) 52 апталық ем және одан кейінгі 24 апталық қадағалау барысында бағаланды. 52 аптада плацебо тобындағы бастапқы деңгеймен салыстыру бойынша өзгерістерді түзете отырып, дутастерид тобында сперматозоидтардың жалпы санының, сперматозоидтар көлемінің және қозғалғыштығының бастапқы деңгейден орташа азаю пайызы, тиісінше, 23%, 26% және 18% құрады. Бұл сперматозоидтар концентрациясы мен морфологиясына ықпал етпеді. Одан кейінгі 24 апталық қадағалаудан соң дутастерид тобындағы сперматозоидтардың жалпы санының орташа пайыздық өзгерісі бастапқы деңгейден 23% төмен күйде қалды. Сонымен қатар, барлық уақыт кезеңдері үшін бүкіл параметрлердің орташа мәндері қалып шегінде қалып, клиникалық мәнді өзгерістердің алдын ала белгіленген критерийлеріне сәйкес келмеді (30%), 52 апта емделуден кейін дутастерид тобындағы екі пациентте сперматозоидтар саны бастапқы деңгейден 90%-дан астам төмендеді, бірақ артынан келесі 24 апталық қадағалаудан соң ішінара қалпына келді. Ерлер фертильділігінің төмендеу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан жағымсыз құбылыстар
Дутастерид пен тамсулозин біріктірілімін қолданумен 4844 ер адам қатысқан 4 жылдық ҚБҚГ зерттеуінде (CombAT зерттеуі) «жүрек жеткіліксіздігі» құрама терминімен сипатталған жағдайлардың жиілігі, монотерапияның екі тобына: дутастерид (4/1623, 0.2%) және тамсулозинге (10/1611, 0.6%) қарағанда, біріктірілім қабылдаған топта жоғары (14/1610, 0.9%) болды.
Жеке төрт жылдық клиникалық зерттеуге (REDUCE зерттеуі) 50-ден 75 жасқа дейінгі 8231 пациент қатысып, 50-ден 60 жасқа дейін ерлер үшін 2.5 нг/мл-ден 10.0 нг/мл дейінгі диапазондағы, ал 60 жастан асқан ерлер үшін 3 нг/мл-ден 10 нг/мл дейінгі диапазондағы және ПСA бастапқы деңгейі және қуық асты безінің обырына жасалған биопсияның теріс нәтижесі болды, «жүрек жеткіліксіздігі» құрама терминімен сипатталған жағдайлар жиілігі, плацебо тобына (16/4126, 0.4%), қарағанда, тәулігіне бір рет 0.5 мг дозада дутастерид қабылдаған пациенттерде жоғары болды (30/4105, 0.7%) Осы зерттеудің ретроспективтік талдауы дутастерид және α1-адренорецепторлар антагонисін (12/1152, 1.0%) бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттертерде, α1-адренорецепторлар антагонисінсіз дутастеридті (18/2953, 0.6%), плацебо және α1-адренорецепторлар антагонисін (1/1399, < 0,1%) немесе тек плацебоны (15/2727, 0.6%) қабылдаған пациенттерге қарағанда, «жүрек жеткіліксіздігі» құрама терминімен сипатталған жағдайлар жиілігінің өте жоғары екенін көрсетті
Дутастерид қолдану кезіндегі (бақылаумен салыстырғанда) жүрек-қантамырлық жағымсыз құбылыстардың даму қауіптері бағаланған плацебо бақылауымен немесе салыстыру препаратымен жүргізілген 12 рандомизацияланған клиникалық зерттеудің (n = 18802) мета-талдауында жүрек жеткіліксіздігінің даму қаупінің бірізді статистикалық мәнді артуы анықталмады (СҚ (салыстырмалы қауіп) 1.05; 95% CА 0.71; 1.57), жедел миокард инфарктісі (СҚ 1.00; 95% CА 0.77; 1.30) немесе инсульт (СҚ 1.20; 95% CА 0.88; 1.64).
Қуық асты безінің обыры және қатерлілігі жоғары дәрежедегі ісіктер
Плацебо мен дутастерид салыстырылған төрт жылдық зерттеуге (REDUCE зерттеуі) 50-ден 75 жасқа дейінгі 8231 пациент қатысып, 50-ден 60 жасқа дейінгі ерлер үшін 2.5 нг/ мл-ден 10.0 нг/мл дейінгі диапазондағы, ал 60 жастан асқан ерлер үшін 3 нг/мл-ден 10 нг/ мл дейінгі диапазондағы ПСА бастапқы деңгейі және қуық асты безінің обырына жасалған биопсиясы теріс нәтиже берді, 6706 пациент Глисон шкаласы бойынша баллдар қосындысын анықтау үшін пункциялық биопсия (хаттама бойынша бастапқы міндетті) нәтижелеріне ие болды. Осы зерттеуде қуық асты безінің обыры 1517 пациентте диагностикаланды. Екі емдеу тобында да биопсия арқылы анықталған қуық асты безінің обыры жағдайларының көпшілігі қатері төмен ісіктерге жатқызылды (Глисон шкаласы бойынша балл қосындысы 5-6, 70%).
Глисон шкаласы бойынша 8-10 балл қосындысымен қуық асты безі обыры жағдайларының жоғары жиілігі, плацебо тобына қарағанда (n = 19, 0.6%), дутастерид тобында (n = 29, 0.9%) байқалды (p = 0.15). Емнің бірінші және екінші жылы барысында дутастерид тобында (n = 17, 0.5%) және плацебо тобында (n = 18, 0.5%) Глисон шкаласы бойынша 8-10 обыры бар пациенттер саны бірдей болды. Үшінші және төртінші жылдары Глисон шкаласы бойынша 8-10 балл қосындысымен қуық асты безінің обыры жағдайларының көпшілігі, плацебо тобына (n = 1, < 0.1%) қарағанда, дутастерид тобында (n = 12, 0.5%) диагностикаланды (p = 0.0035). Қуық асты безі обырының даму қаупі бар пациенттерде дутастеридті 4 жылдан астам қабылдаудың әсері туралы деректер жоқ. Глисон шкаласы бойынша 8-10 балл қосындысымен қуық асты безінің обыры диагнозы қойылған пациенттер пайызы зерттеудің бүкіл кезеңдері барысында (1-2 жыл, 3-4 жыл) дутастерид тобында (әр уақыт кезеңінде 0.5%) тұрақты болды, бірақ плацебо тобында Глисон шкаласы бойынша 8-10 балл қосындысымен қуық асты безінің обыры диагнозы қойылған пациенттер пайызы, 1-2 жылға қарағанда, 3-4 жылға төмен (<0.1%, тиісінше, 0.5%) болды (4.4 бөлімін қараңыз). Глисон шкаласы бойынша 7-10 балл қосындысымен обыр жағдайларының жиілік көрсеткіші бойынша айырмашылықтар болмады (p = 0.81).
REDUCE зерттеуінің шеңберінде кейіннен қадағалауға ұласқан қосымша екі жылдық зерттеуінде Глисон 8-10 индексімен қуық асты безі обырының жаңа жағдайлары анықталмады.
ҚБҚГ 4 жылдық зерттеуінде (CombAT зерттеуі) хаттамада биопсия жасау талап етілмеді, ал қуық асты безі обырының барлық диагноздары көрсетілімдер бойынша биопсияға негізделді, Глисон шкаласы бойынша 8-10 балл қосындысымен обыр жиілігі дутастерид (n = 8, 0.5%), тамсулозин (n = 11, 0.7%) және біріктірілген ем (n = 5, 0.3%) топтарында анықталды.
Әртүрлі эпидемиологиялық қауымдық төрт зерттеуде (оның екеуі 174895 адамнан тұратын жалпы қауымға, біреуі 13892 адамдық қауымға және 38058 адамдық қауымға негізделген), 5-альфа-редуктаза тежегіштерін қолданудың қатерлілігі жоғары дәрежедегі қуық асты безі обырының немесе қуық асты безі обырының туындауымен немесе жалпы өлімге ұшыраумен байланысты еместігі анықталды.
Дутастеридті қолдану мен қуық асты безінің қатері жоғары обырының арасындағы байланыс түсініксіз.
Жыныс функциясына әсері
Комбодарт препаратының жыныс функциясына әсері ҚБҚГ бар, жыныстық өмірі белсенді ерлердің қатысуымен салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеуде бағаланды (n = 243 Combodart, n = 246 плацебо). 12 ай өткен соң біріктірілген ем тобында Ерлердің сексуалдық денсаулығын бағалау сауалнамасы (MSHQ) бойынша статистикалық маңызды (p < 0.001) аса айқын төмендеу (нашарлау) байқалды. Төмендеу, негізінен, эякуляцияның және эрекцияға қатысты емес, жалпы қанағаттану деңгейін бағалаудың нашарлауымен байланысты болды. Осындай зардаптар қанағаттанушылығы 12 ай барысында, плацебомен салыстырғанда, статистикалық тұрғыдан едәуір жоғары маңызды деп бағаланған зерттеу қатысушыларының Комбодарт препаратын қабылдауына әсер етпеді (p < 0.05). Осыл зерттеуде жыныс функциясы тарапынан жағымсыз құбылыстар 12 ай емделу кезінде төмендеді және жағдайлардың жартысында ем аяқталған соң 6 ай ішінде басылды.
Дутастерид-тамсулозин біріктірілімі мен дутастерид монотерапиясының жыныс функциясы тарапынан жағымсыз құбылыстар туындататыны белгілі (4.8 бөлімін қараңыз).
CombAT және REDUCE қамтылатын басқа клиникалық зерттеулерде емді жалғастырғанда жыныс функциясы тарапынан жағымсыз құбылыстардың даму жиілігі уақыт өте келе азаяды.
Тамсулозин
Тамсулозин ең жоғары несеп шығару жылдамдығын арттырады. Қуық асты безінің және уретраның тегіс бұлшықеттер тонусын төмендету арқылы обструкцияны жеңілдетіп, сол арқылы нәжіс босату симптомдарын жақсартады. Ол қуықтың тұрақсыздануы маңызды рөл атқаратын толтыру симптомдарын да жақсартады. Босату және толтыру симптомдарына қатысты осындай әсері ұзаққа созылатын ем кезінде сақталады. Нәтижесінде хирургиялық араласу немесе катетерлендіру қажеттілігі едәуір уақыт кейінге шегеріледі.
А1-адренорецепторлар антагонистері тамырлардың жалпы шеткері кедергісін төмендету есебінен артериялық қысымды түсіруге қабілетті. Тамсулозин зерттеулерінің барысында артериялық қысымның клиникалық мәнді төмендеуі байқалмады.