Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы с модифицированным высвобождением
Дозасы
200 мг
Саудалық атауы
Дусконал Ретард
Әсер етуші зат
Мебеверин
Мақсаты
Ішек және өт шығару жолдарының функционалдық бұзылыстарымен байланысты ауыру мен жайсыздықты симптоматикалық емдеу
Өндіруші
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - мебеверин гидрохлориді пеллеттер 70% 285.71 мг (200.00 мг мебеверин гидрохлоридіне баламалы),
қосымша заттар: қант шарлары, маннит, этилцеллюлоза, гипромеллоза (HP55), микрокристалды целлюлоза, повидон К30, натрий лаурилсульфаты, цетил спирті, изопропил спирті 1, ацетон1, этанол 96% 1,
капсула құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е171), темірдің (III) қызыл тотығы (Е172).
1 Дайын өнімнің құрамына кірмейді
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өлшемі №0 күңгірт ақ түсті мөлдір емес корпусы және күңгірт қызыл-қоңыр түсті мөлдір емес қақпағы бар қатты желатинді капсулалар.
Капсулалардың ішіндегісі - ақ немесе ақ дерлік түсті сфералық пішінді пеллеттер.
• ішек және өт шығару жолдарының функционалдық бұзылыстарымен байланысты ауыру мен жайсыздықты симптоматикалық емдеу.
Әсер ету механизмі
Мебеверин асқазан-ішек жолының тегіс бұлшықетіне тікелей әсер ететін миотропты спазмолитик болып табылады. Ішектің қалыпты қозғалғыштығына әсер етпестен түйілуді жояды. Нақты әсер ету механизмі белгісіз, бірақ иондық өзекше өткізгіштігінің төмендеуі, норадреналинді кері қармау блокадасы, жергілікті анестезиялық әсер, су сіңірілуінің өзгеруі мебевериннің асқазан-ішек жолына жергілікті әсерін туындатуы мүмкін. Осы механизмдер арқылы мебеверин асқазан-ішек жолдарының тегіс бұлшықет жасушаларының тұрақты релаксациясын туындатпай, ішек моторикасын қалыпқа келтіруге әкелетін антиспастикалық әсерге ие ("гипотония" деп аталады). Жүйелік жағымсыз әсерлері жоқ. Әдеттегі антихолинергиялық әсерлер жоқ, себебі препараттың әсері вегетативті жүйке жүйесіне таралмайды. Мебевериннің әсерін папавериннің әсерімен салыстырымды, бірақ 3-5 есе анағұрлым айқын.
Дозалау режимі
Ересектер
Препаратты тәулігіне 2 рет, таңертең және кешке 1 капсуладан қабылдайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Қауіпсіздігі мен тиімділігі жөніндегі деректердің жеткіліксіздігіне байланысты препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозалау режимін зерттеу жүргізілген жоқ. Тіркеуден кейінгі зерттеулер деректері негізінде егде жастағы пациенттер үшін спецификалық қауіптер анықталған жоқ. Дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек және/немесе бауыр функциялары бұзылған пациенттерде дозалау режимін зерттеу жүргізілген жоқ. Тіркеуден кейінгі зерттеулер деректерінің негізінде бүйрек және/немесе бауыр функциялары бұзылған пациенттер үшін спецификалық қауіптер анықталған жоқ. Пациенттердің осы топтарында дозаны түзету талап етілмейді.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат ішке қабылдауға арналған.
Капсулаларды жеткілікті мөлшерде (кемінде 100 мл) су іше отырып, жұту керек. Капсулаларды шайнауға болмайды, себебі қабық белсенді заттың ұзаққа созылатын босап шығу механизмін қамтамасыз етуге арналған.
Қабылдау ұзақтығы шектелмейді.
• әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• салданған ішек
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Өте сирек
• аса жоғары сезімталдық
• қышыну, бөртпе, есекжем, ангионевроздық ісіну (негізінен беттің)
Аллергиялық реакциялар негізінен тері жабындысы тарапынан байқалды, бірақ аллергияның басқа да көріністеулері де байқалды; жеке жағдайларда - анафилаксиялық шок.
Өте сирек бас айналу, ұйқышылдық, сананың шатасуы және жүрек айну байқалды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz.
Артық дозаланғанда орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы жоғарылауы мүмкін. Мебевериннің артық дозалану жағдайында симптомдар не байқалмады немесе шамалы әрі әдетте тез қайтымды болды. Жүйке және жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан клиникалық көріністер байқалды. Спецификалық антидоты белгісіз. Симптоматикалық емдеу ұсынылады. Егер уыттану препараттың бірнеше дозасын қабылдағаннан кейін шамамен бір сағат ішінде анықталған жағдайда асқазанды шаю қажет. Сіңу деңгейін төмендету жөніндегі іс-шаралар талап етілмейді.
Препарат құрамында сахароза бар. Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға препаратты қабылдауға болмайды.
Арнайы сақтандырулар
Дусконал Ретард препаратының құрамында бір капсулаға шаққанда 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар, яғни ол "іс жүзінде натрий жоқ" дегенді білдіреді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Мебевериннің көлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсерін зерттеу жүргізілген жоқ. Препараттың көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне қандай да бір жағымсыз әсері күтілмейді.
Жүкті әйелдерде мебеверинді қолдану туралы клиникалық мәліметтер жеткіліксіз.
Препаратты жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.
Дусконал Ретард препаратын бала емізу кезеңінде қабылдауға болмайды, өйткені мебевериннің немесе оның метаболиттерінің емшек сүтіне бөлінуі туралы деректер жеткіліксіз.
Зерттеулер алкогольмен өзара әрекеттесу ықтималдылығы аз екенін көрсетеді. Бұл зерттеулердің клиникалық маңыздылығы анықталмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Тоңазытқышта сақтауға болмайды. Мұздатып қатыруға болмайды!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.